«Ойламаңдар, жігіттер, Баста дәурен тұрмайды. Өтіп кеткен сұм жалған Қайтып бір мойын бұрмайды. Адам қонақ өмірге, Бір күні қолын бұлғайды. Тірліктің түбі белгісіз, Ағын бір судай зырлайды. Опасыз мына дүние Тұтқа болған кімдерге?.. Өмірдің соңы өкініш Санамен ойлап білгенге, Қадірі болмас адамның Ортаңда тірі жүргенде. Орны қалар ойсырап, Бір күні көрге кіргенде. Қызыл түлкі секілді, Уақыт сайқал алдайды. Байлықты қусаң базарлап, Түбінде саған сол қайғы. Еңбекпен еккен бәйтерек Күтімін тапсаң солмайды. Қулықпен тапқан мал - арам, Өзіңе қайыр болмайды. Мансапқа жетсең, адал бол, Қызмет ет халқыңа, Әнін тыңда, күйін ұқ, Басыңды и салтына. Қарашада қара үй тұр, Қарайлай жүр артыңа. Жолдас болма жаманмен, Көзің жетпей парқына. Өзіңді біреу мақтаса, Желігіп, оған тасыма. Бетіңе айтар адал дос, Жау деп одан жасыма. Бәрін де кейін көрерсің, Іс түскенде басыңа. Күн үшін жүрген қулардың Бірі де қалмас қасыңда. Өмір - базар қайнаған, Өмірдің тосқан таласын. Атыңды сайлап бір күні, Додаға сен де барасың. Жеңілсең де, жеңсең де, Көппенен бірге боларсың, Жалғыз шықпа сапарға, Өкініште-ау қаларсың. Қайырым түбі - даналық, Жақсылық етпе есеппен. Аулақ ұста бойыңды Әзәзіл жалған өсектен. Қара жер жұмсақ жамбасқа, Махаббат жоқ төсектен. Қорлықта өтер өмірің Қосақталып, есеппен. Пенденің көзі жалғанда Дүниеге тоймайды. Моласына бірақ та Алтыннан белгі қоймайды. Бағыңда өскен бәйтерек Күтімін тапсаң, солмайды. Арманы биік асыл ер Ұрпақтың қамын ойлайды. Мұңайма, көңілім, мұңайма, Тыныштал енді, жүрегім, Бір күні сен де тоқтарсың, Оны да жақсы білемін. Бас имей жүрген тағдырға Текті бір жанның бірі едім. Адам боп келдім өмірге, Адам боп өту - тілегім, Бәріңе соны тіледім!» pesni.guru
@СырымНусупов-з9к Жыл бұрын
Керемет
@trey9938 Жыл бұрын
Ассалаумағалейкум сөздері әдемі , осы өмірде адал болу өте қиын , Өмірден шаршаған жоқпын , Пенделерден шаршадым 😩 . Махаббат , Аладау, қолдану, адал дос өте жай кездеседі , бәрі есеп тұрған .
@НазираТилекеева-к2ю Жыл бұрын
Ағаның орындауы керемет қой.
@ГульсараДуйсенбаеваКенжебекАбд Жыл бұрын
Беу Устазым шапшы
@ЖакипжанМырзатаев2 жыл бұрын
Кеп
@СакеСаке-ж3ч2 жыл бұрын
Алла разы болсын!керемет терме.
@РахымбайТастемірұлы Жыл бұрын
Керемет. Орындау. 👍👍👍
@zhasuk01062 жыл бұрын
«Ойламаңдар, жігіттер, Баста дәурен тұрмайды. Өтіп кеткен сұм жалған Қайтып бір мойын бұрмайды. Адам қонақ өмірге, Бір күні қолын бұлғайды. Тірліктің түбі белгісіз, Ағын бір судай зырлайды. Опасыз мына дүние Тұтқа болған кімдерге?.. Өмірдің соңы өкініш Санамен ойлап білгенге, Қадірі болмас адамның Ортаңда тірі жүргенде. Орны қалар ойсырап, Бір күні көрге кіргенде. Қызыл түлкі секілді, Уақыт сайқал алдайды. Байлықты қусаң базарлап, Түбінде саған сол қайғы. Еңбекпен еккен бәйтерек Күтімін тапсаң солмайды. Қулықпен тапқан мал - арам, Өзіңе қайыр болмайды. Мансапқа жетсең, адал бол, Қызмет ет халқыңа, Әнін тыңда, күйін ұқ, Басыңды и салтына. Қарашада қара үй тұр, Қарайлай жүр артыңа. Жолдас болма жаманмен, Көзің жетпей парқына. Өзіңді біреу мақтаса, Желігіп, оған тасыма. Бетіңе айтар адал дос, Жау деп одан жасыма. Бәрін де кейін көрерсің, Іс түскенде басыңа. Күн үшін жүрген қулардың Бірі де қалмас қасыңда. Өмір - базар қайнаған, Өмірдің тосқан таласын. Атыңды сайлап бір күні, Додаға сен де барасың. Жеңілсең де, жеңсең де, Көппенен бірге боларсың, Жалғыз шықпа сапарға, Өкініште-ау қаларсың. Қайырым түбі - даналық, Жақсылық етпе есеппен. Аулақ ұста бойыңды Әзәзіл жалған өсектен. Қара жер жұмсақ жамбасқа, Махаббат жоқ төсектен. Қорлықта өтер өмірің Қосақталып, есеппен. Пенденің көзі жалғанда Дүниеге тоймайды. Моласына бірақ та Алтыннан белгі қоймайды. Бағыңда өскен бәйтерек Күтімін тапсаң, солмайды. Арманы биік асыл ер Ұрпақтың қамын ойлайды. Мұңайма, көңілім, мұңайма, Тыныштал енді, жүрегім, Бір күні сен де тоқтарсың, Оны да жақсы білемін. Бас имей жүрген тағдырға Текті бір жанның бірі едім. Адам боп келдім өмірге, Адам боп өту - тілегім, Бәріңе соны тіледім!»
@кундызайбисенгалиева-з1г2 жыл бұрын
Осы термені әкем айтатын,әкем өмірде жоқ.Әкемді сағынған кезде тындап алам
@markening.agency2 жыл бұрын
Керемет! Санамен ойлап білгенге маржан ғой
@aliya26012 жыл бұрын
Жәнібек атамыздың асыл сөзін әнменен жеткізе білген керемет орындау!👏👏👏
@Сабр-у1ы3 жыл бұрын
Алла разы болсын 👍🏼🇰🇿😍
@ДауренУтепов-о9д3 жыл бұрын
Мағынасының өзі, салмақтап ұстауға тартады
@law-consultation27433 жыл бұрын
Дауысыда өлеңде сай келіп тұр!
@Cjvjkgog3 жыл бұрын
Беу шіркін.
@janerketukanova97173 жыл бұрын
Керемет!!!!!!!!!
@Маулендуйсенов-з7щ3 жыл бұрын
Мундай Батыр анши келер келмес бизге енди тагы, оте текти онерпаз Аллах жар болсын сизге,
@verticalproject34613 жыл бұрын
Пах шіркін! Рақмет аға! Жасай беріңіз!
@МаксимусМилосердный-к7э3 жыл бұрын
Осы әнді Рамазан ағамыздан артық ешкім орындай алмас ау, керемет орындау!!!! Күнде тыңдай беруге болады!!!
@karlygashmukhambetova8371 Жыл бұрын
Қарақат өте жақсы орындайды.Стамғазиевтің орындауы да керемет.
@bakitgulmedeubaeva64993 жыл бұрын
Тындаудан еш жалыкпаймын кунде тындаймын!
@Samsung-yj4zd4 жыл бұрын
👍 керемет екен. Жақсы айтылған
@attila67184 жыл бұрын
👍👍👍👍👍👍👍
@totymombekova63834 жыл бұрын
Керемет,ЖАСА ҚАЗАҚ!!!
@АнарЖакаева-б5н4 жыл бұрын
Рамазан иним Алла саган аруакытта Биз сиякты озинди суйип тындайтын тындармандарынын мына киын заманда жанына дару болуды жаза берсин даусынмен.....Аллахым омиринди узак кылсын Казактын мандайна жазган нагыз Жарык жудызы ....
@СерикАкшалов-е8ж4 жыл бұрын
Зор
@АдилДжумабеков4 жыл бұрын
Саналы адамнын тындайтыны екен тусинип
@akhatchapizada90134 жыл бұрын
Күшті
@АзадСцндетпек4 жыл бұрын
Керемет өлең
@МейрашМукан4 жыл бұрын
казак халкынын атынан сизге коп коп рахмет Аман есен болыныздар
@jonastim57664 жыл бұрын
Назарбаевка уксайды екен
@қазақстанканал4 жыл бұрын
Ракмет жиі -де шыкпаиды екен теле арнаған жастарға сабак болсын
@СержанЕргалиев4 жыл бұрын
Қара жер жұмсақ жамбасқа,бір күні сенде Тоқтарсың,бәріңе соныау тіледім
@НуржанМусаев-й7с4 жыл бұрын
Соз жок, керемет осындай андер коп болсагой
@АйсаулеМаулекенова4 жыл бұрын
Керемет.Күнде тыңдаудан жалықпайм Рамазан ағаның әндерін.Адам боп кету тілегім.
@НурболатТаш4 жыл бұрын
просмотр аз. окынышты, осындай андерды коп тындасак болар еды. жыр толгауларды
@akon39054 жыл бұрын
👍👏
@БотакозТаттибаева5 жыл бұрын
😪
@СымбатРахметова-ф6ы5 жыл бұрын
Керемет
@user-nv5rk9cz4q5 жыл бұрын
Таска баскандаи.соз жок....
@nazakz50745 жыл бұрын
Жақсы аға мықты аитың
@seilnurlan73665 жыл бұрын
amanay erjan ulaanhus
@АйбекСериктайевич5 жыл бұрын
керемет
@СаулеХан-я7л5 жыл бұрын
Рамазан агатаи аман болыныз сиздин андериниз арбир жигитке сабак болары созсиз