Пікірлер
@-ti4yq
@-ti4yq 6 ай бұрын
4 кластар 2023-2024 оқу жылында «Математика - ғылымдар патшасы» тақырыбында ұлттық тәрбиені қалыптастыруға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Озық ойлы оқушы» интеллектуалды сайысы өтті. Мақсаты: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып, ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру және озық ойлы оқушыларды анықтау; «Озық ойлы оқушы» интеллектуалды сайысының өтілу барысы: 1-кезең Математикалық сұрақтар 2-кезең Логикалық сұрақтар 3-кезең Мақал-мәтелді жалғасын тап 4-кезең Фигураларды құрастыру 5-кезең «Кім шапшаң» Қорытындылау сайысқа қатысушыларды марапаттау. Ұйымдастырушылар: Балапанова К.Ж. Кубжанова А.У. Бекпанова А.О. Алманова А.Б.
@-ti4yq
@-ti4yq 7 ай бұрын
4 сыныптар аралығындағы математикалық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған «Математика- ғылымдар патшасы» жобасы аясында «Миллион кімге бұйырады?» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың білімі мен тапқырлығын, өнері мен ұшқырлығын, ақылдылығы мен жылдамдығын, көптің ортасына салып, бақтарын сынату, алған білімдерін пысықтау; Ойын арқылы білім беру; ойлау, ой-өрісін, логикалық қабілеттерін дамыту; Оқушыларды байқампаздыққа, шапшаң болуға, тапқырлыққа баулу. Зияткерлік байқауларға қатысуды ынталандыру және үздік нәтиже көрсеткен оқушыларды марапаттау.