Пікірлер
@user-dn2yj8zm7t
@user-dn2yj8zm7t 13 сағат бұрын
Почему по хрестоматии не читаете?
@user-rk2tm7dl7p
@user-rk2tm7dl7p 3 күн бұрын
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫРОВА АҚЫН ӘПКЕМІЗДІЕ ЖАЗҒАН ӨЛЕҢІН МАҚПАЛ ТАМАША ОРЫНДАҒАН. ТАҒЫРЫМ БАР ЕШКІМГЕ ҰҚСАМАҒАН! 😦😢
@user-ki2fn5ft1m
@user-ki2fn5ft1m 3 күн бұрын
Көз жасына малынып айтатын, әншінің өз тағдырынан сыр шертетін қандай мұңды ән еді?!
@user-me3hp8cn2x
@user-me3hp8cn2x 4 күн бұрын
Керемет ангтме рахмет
@azharabeldibova519
@azharabeldibova519 4 күн бұрын
9 РS: Ғұлама құздың басында оққа сүйенген жалғыз арқар әлі сіресіп тұр. Сауысқан, қарға, құзғындардың тұтқиыл шабуылының кесірінен мерт болған ақсұңқар құстың рухы қомданып, Хан-Тәңірінің қиясында қонақтап отыр. Жаралы арқардың қашан көз жұмары белгісіз… Қомданған қыранның күні ертең-ақ шарықтап аспанға көтерілуі айдан анық. О, Жаратушы жалғыз Тәңір-Ием, өзіңе ұқсаған жалғыздарыңды жарылқай гөр!
@azharabeldibova519
@azharabeldibova519 4 күн бұрын
8 VI Кең аула. Шексіз кеңістік. Қанатты жыр - менде бар, емеспін нөсер жауынға, найзағайға, желге зар. Кең аулама ектім мен өз қолыммен түп емен, Түп еменнің түбіне Ай туғанда түнегем. Сол емендей қасқайып тағдырыма қасарып. Сол емендей найқалып, сол емендей түнерем. Кең аулама ектім мен, алма ағашын аласа, Суармаған кешім жоқ. Ұрпақтарым алмасын үзіп-үзіп жесін деп. Кең ауламның ішінен шыңырау құдық қаздым мен, Суы көздің жасындай, іше бергім келеді, сусыным бір басылмай. Кең аулама сыйғасын, құс баулып, ат ұстадым. Көрмейін деп тірідей бұл жалғанның қыспағын. Құс болғасын қолымда, ат болғасын астымда, місе тұтпай ауламды - Шықтым дала, тас қырға. Апанынан осылай ұзап шығып жортады екі ұртын майларға - Қасқыр екеш, қасқыр да. Қолымда құс болғасын, көтерілдім ғарышқа, Кеңістігін жүлдыздар қызғанбады қорғаштап, “Ақбоз ат” пен “Көкбоз ат” кісінесті жол бастап. Кең аула, шексіз кеңістік, қанатты жыр деген сол, Онсыз менің болады жүрегім мұз, төбем сор. Сел жауса да сөнбейтін өлеңнен қойдым от жағып, Төрт құбылам жап-жарық, ортасына мені алып - Суретке түсер көп халық … Суретке түсер Алты Алаш, патша да, ханым да шарпылып жүзі жалынға.
@azharabeldibova519
@azharabeldibova519 4 күн бұрын
7 V Жалғыздықтың тозағын, тартқан жалғыз мен емес. Жалғыздар бірақ, көп емес. Ақындары Апаштың, шеттерінен қызыл шоқ, жел үрсе маздап жанады. Шабытты шақ, оқыс шақ. Қарашаңырақ Қағаны - Мырқасымұлы Нұрланжан үйренсең де от ұстап - сен де, жалғыз, дарасың. Уға, балға толтырған, жырдың күміс шарасын. Көк түріктің әуенін асқақтатқан әспеттеп, Рухына кетердей, топырақ түгіл тас көктеп. Медетбек тегі Темірхан, сен де мендей, жалғызсың. Қарға бойлы Есенбай, Дүйсенбайдың тумасы - Өлеңнің сұңғақ ағашы, Жәркеннің жалғыз ағасы - Айналаңа қарашы? Тұғырындай бүркіттің, Сен де мендей бір түпсің. Несіпбек Айттың оғлы, “Көкала үйрек” секілді - Сен де жалғыз құстайсың. Ата жырау Ақтамбердінің аузымен, Қасқалдақтың қанымен жіберейін ұшықтап, ұш, тағы да ұшып бақ. “Фариза қыз, Фариза қыз, өмірде ақындардың бәрі жалғыз”. Жалғыз, жалғыз, жалғыздарым-ай, рухани балмұздағым-ай! Балмұздағымды, жалғыздарымды жарға қамалап - Сары уайымға салғызба, Құдай! Тұз уатқан келсаптай ағарса да қастарың, ағарса да шаштарың - Жалғыздықтың дертіне шыдап бақ, замандастарым! Шыдаңдар, шыдап бақ! Шыдаңдар, шыдап бақ! Қараңғыға - шырақ сәт. Сусағанға - бұлақ сәт. Өмір бұлаң сағымдай, өмір деген бір-ақ сәт.
@azharabeldibova519
@azharabeldibova519 4 күн бұрын
6 IV Бауыры жерге тимеген, шалғысы күнге күймеген - Ақ сұңқарды жаралы сауысқан, қарға, құзғындар - Шоқып, түртіп талады. Қауырсыны желге ұшып, қос топшысы қанады. Арашалар ешкім жоқ Сұңқар маған қарады. Мен Сұңқарға қарадым, тұнжырап түндей қабағым. Қаламымның ұшымен құзғынның көзін ағыздым. Белбеуімді суырып сауысқан мен қарғаны - Сансыратып сабадым. Ақ Сұңқар құс былай деп - сабырлықпен үн қатты: “Жүрегімдей көрдің бе, қан жоса боп күн батты. Арашадан қалған жан, жан емес ол, жалған жан. Шапағат, мейірім күтпеймін мынау жалтақ жалғаннан” Сұңқар басын тасқа ұрды, Өз үкімін паш қылды. Жалғыздықтан қорықпаймын, топқа, жікке бөлінген, құм төбедей өрілген тобырлардан қорқамын. Аш бөрідей бүкеңдеп, жортсам, жалғыз жортамын. Тырналар үшар тізіліп, бұлдырық ұшар топтанып. Ал, құстардың тектісі - қырандар жалғыз самғайды. Жер мен Көкті шарлайды. Тексіз шиебөрілер оннан-бестен ұйлығып жүргенімен қампайып, Бірін-бірі аңдиды, бір-бірінен қорқады. Күн баласы Арыстан, түн перісі Сілеусін, тау серісі Барысың жалғыз-жалғыз жортады. Күйбеңдемей күй кешіп, өзіне-өзі сенеді тәкаппарлық, паңдықпен. Ығысады олардан былайғы топшыл аң біткен. Сыбыры көп болғанмен, сылдыры көп болғанмен - Жолбарыс үрікпес қамыстан. Ажалдан емес, Сұңқарша өлермін түбі намыстан. Күншіл топтан жерінген мен бір тарпаң құланмын, Күлсем жалғыз күлермін, жыласам жалғыз жылармын. Уатшы деп біреуге қол қусырып құнықпан. Құлай қалсам сүйегім табылар шыңырау құдықтан.
@azharabeldibova519
@azharabeldibova519 4 күн бұрын
5 III - Кім жалғыз бұл жалғанда?! - Қара жер жалғыз қашанда. Адамның жетпес ақылы қолдан оны жасарға. Қайран, біздің Сары-Арқа сағымнан алтын сапырған. Қайран, біздің Жетісу топырағы құт шақырған. Қайран, біздің Қарақұм дауылы тау көшірген. Қайран, біздің Атырау мұнайын қыздай ұзатып, Ел мерейін өсірген. Солай да, солай десек те, жер-судың бәрі есепте … Өлуге маған болмайды, Тағдырым шіркін, сондай-ды. Жер қалмады бұл маңда сүйегімді көмерге. Жердің бәрі сатылған. Сатылған жер қат-қабат тікенек сыммен қоршаулы. Құстар да аспан самғаған, балық та суды шарлаған - Сатылып кеткен бәрі де. Қалмағасын сүйем жер, сүйегімді көмерге - Аяқ пен қолым ұйқасып, жүрегім күмбір күй тасып - Қыл қобыздай мөңіреп жарғақ екі құлағым - Санам құстай сілкініп - айналып кеттім өлеңге, айналып кеттім өнерге. Жалғыздықтың азабын тартқан жалғыз мен бе екем: Күйші Құрманғазыға кілтсіз “Кісен аштырып” - Күңіренген Қорқытқа тірідей көр қаздырған - “Торайғырды” тағалап, ерке “Аққуға” наз қылған - Домбырам, сен де жалғызсың. Қобызым, сен де жалғызсың. Ұшқыр қиял, кемел ой, шіреніп тартқан жебедей, Дарияға салған кемедей тілім де жалғыз, ділім де. Қатыгез қатал ғасырдың тепкісіне шыдаймын. Ашынған даусым жетсе екен құлағына Құдайдың … Төбең көкті тіреген, ағашың құстай түлеген - Алатау, сен де жалғызсың. Көгілдір нілге шыланған, Күнікей қыздай сыланған - Көкшетау, сен де жалғызсың. Қазынасы қат-қабат, арулары ақ тамақ - Қаратау, сен де жалғызсың. Алтынын бұлттай көшірген, бұғысын ұлдай өсірген - Алтай, сен де, жалғызсың. Шекарасы темірден, байлығы мұнай, көмірден, Ақыны бұлттай егілген Жайыртау, сен де жалғызсың. Патшаның алтын тағындай, адамзаттың бағындай, Хан-Тәңірі, сен де жалғызсың! Таңғажайып ертектей, еңіреп туған еркектей - Тарбағатай, сен де жалғызсың. Кешір, мені, тауларым, жалғыз-жалғыз болғасын, Қосылмайды бастарың. Араласпайды тастарың … Жұтынып тұрған жұт жетеу, Құлшынып келген құт жалғыз. Ғалам шексіз әмәнда, кіндік кескен жұрт жалғыз. Жалғыздықтың азабын тартқан жалғыз мен емес, Жалғыздығын өзінің сезбеген ел, ел емес. Азия, сен де жалғызсың. Еуропа, сен де жалғызсың. Бостандық, шындық, ақиқат Сендер де мендей жалғызсың. Отан жалғыз. От жалғыз. Қайда қаңғып кетсек те. Саған келіп тоқтармыз. Барымызды жарылқап, жоғымызды жоқтармыз. Ділсіздерді тілгілеп, опасызды соттармыз.
@azharabeldibova519
@azharabeldibova519 4 күн бұрын
4 II Бұл жалғанда кім жалғыз?! Ақ борықтай Ай жалғыз, Айдан нұрлы Күн жалғыз. Жарқырап тұрған Шолпан да жалғыздығын сезінер, Таң алдында көз ілер… Жыр боп мәңгі жасарға, Абай жалғыз қашанда. Абай жалғыз болғасын, екеу емес Мағжан да. Аспанды бұлт торлайды, жауынсыз жер сорлайды. Абылай хан жалғыз болғансын, Бұхар екеу болмайды. Махамбет жалғыз құбылыс, Исатай оқыс бұрылыс. Ақжайық көздің жасындай, Қарой топырақ бір уыс… Қиял - қыран, ақыл - шың. Майдансыз қайтпас жау беті. Сен де, жалғыз батырсың. Ер Баукең Момыш әулеті. Көңілде бар көп түйткіл, айтыла бермес көбінде. Өмір жалғыз болғасын, екеу емес өлім де. Өз көзіммен көргем жоқ, себебі әлі өлгем жоқ. Тозақ та жалғыз деседі, жұмақ та жалғыз деседі. Бір қынаптың ішіне екі қылыш түнемес. Айтарым бірақ, бұл емес. … Жалғыздықтың азабын Шәкәрімдей тартқан кім? Жалғыз құдық түбінде жалғыз қурап жатқан кім? Жалғыз таудың қуысын қысы-жазы паналап, Жалғыз балға. Төрт таға. Жалғыз атын тағалап. Тобылғы сап, жез бунақ, жалғыз қамшы сабалап… Жалғыз қыстау. Жалғыз меңіреу тас үйде: Жалғыз шырақ. Жалғыз төсек. Жалғыз жастық. Жалғыз Құран. Жалғыз құман. Жалғыз шаршы жайнамаз. Бес намазын оқиды. Күңіреніп білікті ұл, Тыңдайды оны сай-сала, Орман тоғай, Тымық қыр. Жалғыз жарлы ас үйде: Жалғыз ошақ. Жалғыз қазан. Жалғыз шөміш. Жалғыз көсеу. Жалғыз табақ. Жалғыз кесе. Жалғыз қасық. Жалғыз шәугім. Бәрі-бәрі жалғыздан. Жалғыз жүрек. Жалғыз қалам. Жалғыз жан. Тас қораның сыртында: Төңкерілген ит-аяқ. Жалғыз боран. Жалғыз бөрі ұлып тұр. Емен есік күзеткен жалғыз шойын құлып-құл… Босағада мөңірейді іші қуыс тұлып құр. Ағаш науа ішінде қатып қалған тұнық су. Қатып қалған сіресіп жалғыз қайың құрық тұл. Беу, жалғыздық әлемі, беу жалғыздық әлемі. Ғұламаға ғұмырлы жарасқаның әдемі… Жалғыздықтан қорқады обыр, жемқор, Топшыл, құзғын, күшіген. Жалғыздықты - даралық, даналық деп түсінем. Тағдырлар бар сан алуан, ішінде құла, аласы. Жалғыздықтан жаралған адамзаттың баласы. Данасы мен дарасын мәрмәр тасқа қашайды ел. О, жалғыздық, жасай гөр, о, жалғыздық, жасай бер!
@azharabeldibova519
@azharabeldibova519 4 күн бұрын
3 I Жоңғар құмын омбылап, Сары-Арқаға жеткенше - Қияметтей жол жүрдім. Өкпемді қарып ыстыққа, жүректі аяз, тоңға ұрдым. Адамша ерлік жасадым, бұралқы иттей болдырдым. Өмір сүрдім дегенім - тырағай тірлік, тірі егес. Тек өлген соң боламын құбылмалы құр елес. Алабөтен тағдырым Такламакан шөліндей жазы ыстық, қысы аяз. Қабірімнің басына сексеуіл өсер, гүл емес … Жалғыздыққа сүйенген, Мен де жалғыз арқармын. Жалғыз өлең дарыса, жүректегі тарқар мұң. Жырдың уы бойыма жайылғанда өлермін, Өзі айтады үкімін келер ұрпақ, келер күн.
@azharabeldibova519
@azharabeldibova519 4 күн бұрын
2 Жалғыз арқар. Жалғыз оқ. Жалғыз құздың басында - Селт етпейді боранға, Селк етпейді жасынға. Мұңлы қоңыр жанары бір жанады, бір өшіп, Ажалына сүйеніп, қатып қалған сіресіп. Қос өкпесі деміксе - жусан исі бұрқырап, Таңғажайып тағдырға тау тағысы тұр шыдап. Жапанда жалғыз бәйтерек, айнала дауыл боратқан. Жапырағын желге ол тонатқан. Өз діңіне сүйеніп, Шайқалса да жарықтық құламайды құрдымға - Тамыры шынжыр болаттан. Батыр Баян бабамыз ақ найзаға сүйеніп, Ел қорғаған қасқайып, Көкірегін кекті жас шайып. Киелі қара шаңырақ, сүйеніп қызыл уыққа, уыққа емес рухқа. Ана тіл ақ боз биедей оқыранып, жер тарпып, Талқандап тұсау, кісенді ілінбеген құрыққа. Ақ бесікке сүйеніп, Әлди-әлди әндетіп анамыз бөбек тербеткен. Әкем қырдың басында ақ таяққа сүйеніп, Ақтылы қой төлдеткен.
@azharabeldibova519
@azharabeldibova519 4 күн бұрын
1 Жалғыз поэмасы Қарқаралы басында жалғыз арша, Хатқа жүйрік сол қалқа, мұсылманша. (Халық өлеңі) Ғұлама таулардың тұрғыны - арқар, құлжаны кәнігі мергендер күзде, тек қана күзде аулайды. Жауынға бөртіп, шыққа шыланып піскен қара жусанды қарпытып, тасты жарып шыққан мөлдір бұлақпен шөлін басқан еркін, қамсыз хайуандар, қуатты, қоңды шіркіндер мергеннің қақ жүректен көздеп атқан тосын оғы дөп тигенде былайғы аңдардай бірден құлап түсіп, жан тәсілім етпейтін көрінеді. Қойдың құмалағындай қорғасын оқтың уы ұлы денесіне тегіс жайылып болғанша сағаттап, тәуліктеп жылжымай қарысып тұра береді екен. Мұны ежелгі аңшылар қауымы “оққа сүйенген жалғыз арқардай” деген тәмсіл арқылы еске салады. Ақынша айтсақ:
@user-gl9su1qw4r
@user-gl9su1qw4r 8 күн бұрын
Спс🥰
@AshirbekAigerim_05
@AshirbekAigerim_05 8 күн бұрын
😘
@user-jn6ib1rh2f
@user-jn6ib1rh2f 9 күн бұрын
Керемет
@user-yl5dv8bj8w
@user-yl5dv8bj8w 9 күн бұрын
Қәзірге жастарға тәрбие
@user-fs8ms7qz6f
@user-fs8ms7qz6f 9 күн бұрын
Анаңыз бар бақытты жансыз❤ керемет қайталанбайтын даусыңыз бар,қазақтың бір туар қызымыз тек аманшылық тілеймін.
@FUDBLOGER-jv5en
@FUDBLOGER-jv5en 10 күн бұрын
Бірнеше бөлікке бөліп беріңішші ат қойып
@laughter7029
@laughter7029 12 күн бұрын
Окуга ерынып отыр едым кушты болдыго
@user-cz1pl5pk8b
@user-cz1pl5pk8b 12 күн бұрын
Неге толық емес?
@user-zq9tm5rj6o
@user-zq9tm5rj6o Күн бұрын
Қоее
@user-fb3fw1mh6q
@user-fb3fw1mh6q 12 күн бұрын
текст болама?
@user-me3hp8cn2x
@user-me3hp8cn2x 17 күн бұрын
Жауыздарай
@Aid-pp5ms
@Aid-pp5ms 18 күн бұрын
😍👌
@gulwatbekesova3400
@gulwatbekesova3400 19 күн бұрын
Күлейінбе жылайынба мағынасы жоқ.
@erasylkurmangali-li6hm
@erasylkurmangali-li6hm 19 күн бұрын
16:30 бөлім
@user-zw2mi7ib1y
@user-zw2mi7ib1y 19 күн бұрын
Ее 42 мектеп 7 б естіп алыңдар әдебиеттен😂😂 Нұрым
@Dooohkh
@Dooohkh 19 күн бұрын
Хуня
@user-wp5os3dt1u
@user-wp5os3dt1u 21 күн бұрын
рахмет өте жақсы 👍
@karandash9798
@karandash9798 22 күн бұрын
Рахмет
@user-om6oi2zb4i
@user-om6oi2zb4i 22 күн бұрын
керемет шыгарма екен шыны керек😮🤩
@user-dj6yx1wn3u
@user-dj6yx1wn3u 23 күн бұрын
Немене дауыс жоқ болып кете береді? Дұрыстап жазсаңыздаршы
@user-zq9pq5yk1c
@user-zq9pq5yk1c 23 күн бұрын
Бакытсыз Жамалдын басталуы секылды екен
@ayakozasipova8775
@ayakozasipova8775 24 күн бұрын
Көп рахмет ,даусыңыз құлаққа жағымды екен
@kalampyrurikbaeva7791
@kalampyrurikbaeva7791 25 күн бұрын
Рақмет. Өте көп мәлімет бергенсіз
@user-uz1jx4hg2s
@user-uz1jx4hg2s 25 күн бұрын
Мыжып жібердіңіз. Жылдамырақ оқысаңыз болар еді. 😮
@user-ox5cr8ev1m
@user-ox5cr8ev1m 26 күн бұрын
Актписа шебер оқиды
@user-uz1jx4hg2s
@user-uz1jx4hg2s 26 күн бұрын
Үзік үзік оқылды. 😮
@user-sv1pd2il4m
@user-sv1pd2il4m 27 күн бұрын
Жақсы оқиды екен
@zarrxxiis_
@zarrxxiis_ 27 күн бұрын
Музыканы катты коймау керек еды, ойымыз созге емес музыкага кетип, тусынбей калдык
@NurzhaubaiBazarov-yn7eg
@NurzhaubaiBazarov-yn7eg 28 күн бұрын
Әдемі, рахмет
@toplmgtv5803
@toplmgtv5803 Ай бұрын
Көп рахмет! Өте керемет оқып шықтыңыз, асықпай баппен.
@user-so3kn1wl6i
@user-so3kn1wl6i Ай бұрын
Рахмет ❤
@ultugankurabaeva3802
@ultugankurabaeva3802 Ай бұрын
Рахмет сізге. Өте жаксы окыйсіз.
@user-so3kn1wl6i
@user-so3kn1wl6i Ай бұрын
Рахмет
@user-so3kn1wl6i
@user-so3kn1wl6i Ай бұрын
Рахмет ❤
@user-bj7jc5by1h
@user-bj7jc5by1h Ай бұрын
Рахмет өте күшті тез түсіндім
@zhanarzhumaniazova7661
@zhanarzhumaniazova7661 Ай бұрын
Рахмет апаи❤
@user-eg7hv5hy7l
@user-eg7hv5hy7l Ай бұрын
Рахмеет улкенн😊
@meandyoourmama
@meandyoourmama Ай бұрын
Рахмет❤