Реджеп ай
1:07
4 ай бұрын
Таңғы зікір
3:26
7 ай бұрын
Кешкі зікір 2
1:01
7 ай бұрын
Таңғы зікір 2
1:13
7 ай бұрын
Пікірлер
@zhoma-ld3vd2nt9o
@zhoma-ld3vd2nt9o Күн бұрын
Әмин
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 20 сағат бұрын
امين
@elviraeva888
@elviraeva888 17 күн бұрын
Неше рет оқылады?
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 11 күн бұрын
Өз еркіңіз де. Қанша оқысаңызда Аллаһ сауаптан жазсын!
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 11 күн бұрын
Өз қалауыңыз. Қанша оқысаңызда өз еркіңізде. 10, 100 рет оқысаңызда өзіңіз білесіз. Ниетіңіз қабыл болсын! Аллаһ сауаптан жазсын! Әмин
@elviraeva888
@elviraeva888 17 күн бұрын
Неше рет оқу керек?
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 11 күн бұрын
Өзіңіз білесіз. Көп оқысаңызда артық болмайды. Аллаһ қабыл алып , Сізге сауаптан жазсын@
@user-nv9tn1sn6q
@user-nv9tn1sn6q 18 күн бұрын
Аллах таала ыраазы болсун
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 11 күн бұрын
Әмин баршамызға разы болсын!
@user-zd4ki9pu6q
@user-zd4ki9pu6q 20 күн бұрын
Алхамдулиллях жарайсыз Алла жаныңызды Жәнеаттан қылсын бізге Пайғамбарымыздың с.ғ.с атын жазуды үйреттіңіз
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 11 күн бұрын
Әмин. Рахмет. Аллаһ баршамызға жәннатты нәсіп етсін!
@user-dp1zx9he6r
@user-dp1zx9he6r 26 күн бұрын
Аллаға шүкір
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 25 күн бұрын
الحمدلله
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 25 күн бұрын
Әлһамдуллилаһ
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 25 күн бұрын
Әмин
@user-dp1zx9he6r
@user-dp1zx9he6r 26 күн бұрын
Аллаға сансыз шүкір.
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 25 күн бұрын
Әмин
@user-fi2mw3mt4c
@user-fi2mw3mt4c Ай бұрын
Алла разы болсын
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d Ай бұрын
Әмин баршамызға разы болсын! Ютуб арнама қош келдіңіз! 🌹
@elviraeva888
@elviraeva888 17 күн бұрын
Байлықтың бәрі қайтарылады дегенді түсінбедім. Кімге қайтарылады?
@mamlakatrahmankulova1531
@mamlakatrahmankulova1531 Ай бұрын
🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d Ай бұрын
🌹🌹🌹
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d Ай бұрын
Қадір түні хайыз (етеккір), нифас күйінде қарсы алған кісі қалай өткізеді, сол жайлы айтайық: 1. Намаз оқу, ораза ұстау, Құран оқу және мешітке кіруге болмайды. 2. Бұл түнді сіз үйіңізде күтесіз. Өйткені хайыз кезінде мешітке кіруге болмайды. 3. Садақа беру. Шын ниетпен садақа беріңіз, аз да болса бере беріңіз, егер Қадір түніне түсіп қалсаңыз 83 жыл 4 айға еселенеді. 4. Истиғфар айту. Алладан кешірім сұраңыз. Арнайы Қадір түні оқылатын дұғаны көп оқыңыз: «Аллаһуммә иннәкә ғафуун тухиббул ғафуә, фағфу ғанни»,- деп жауап береді. Мағынасы: «Уә, Жаратушым! Шынында сен жарылқауды жақсы көресің. Мені жарылқай гөр». 5. Салауат айту. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) салауатты көбірек айтыңыз, әртүрлі салауат түрлері бар: ізденіңіз, әдеттегіге қарағанда көбірек айтуға тырысыңыз. Салауатты не үшін айтамыз, қандай пайдасы бар? осы жайында ізденіңіз. 6. Дұға жасау. Арнайы осы түндер үшін дұғадарыңызды қағазға жазып дайындалыңыз. - өзіңіз үшін (ақырет, дүниелік мәселе) - жолдасыңыз үшін; - Ата-Анаңыз үшін; - балаларыңыз үшін; - ағайын-туыс үшін; - достарыңыз үшін; - мұсылмандар үшін - еліміз үшін; Барлығын ескеріп алдын-ала жазып дайындап қойыңыз, сонда ұмытпай жақсы дұға жасайсыз Алла қаласа. Дұға жасағанда хайыз болсаңызда дәрет алып, әуретіңізді жауып, құбылаға қарап: алдымен Аллаға мадақ, Пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат, кешірім сұрап, сосын негізгі дұғаңызды оқисыз, соңында қайта салауат айтып аяқтаймыз. 7. Зікір айту. "Субханаллах", "Астағфируллаһ", "Аллаху Акбар", "Алхамдулиллях" деген сияқты зікірлерді көп айту. 8. Құран оқымасаңыз да хатымға қатысып дұға жасаңыз. Инстаграмда тікелей эфирде хатым дұғасына қатысып дұға жасаңыз, Құранды оқуға болмаса да тыңдауға болады. 9. Құрандағы аят тәпсірлеріне ой жүгірту: youtube-тан кез-келген сүрені қазақша тәпсірі мен түсіндірген сенімді ақпарат көздері бар. Соны көріп өзіңізде ойланыңыз, Алланың ұлықтығын ойлаңыз. 10. Жақсылық жасауға тырысыңыз. Бұл түндегі әрбір амал 83 жылда жасағанмен бірдей болады, демек жақсы амал жасауға тырысыңыз: күліп қарау, көмектесу, сұрағанға жауап беру, біреудің мұқтаждығын өтеуге жәрдем беру, Ата-Анаға мейірім ету оларды қуанту, жолдасыңыз бен балаларыңызға мейірімді болу және т.б. Алла Тағала осы қасиетті түнді барынша берекелі сауапты істерге толы өткізіп, кешірген құлдарының қатарында болуымызды нәсіп етсін 💚
@Gulzira-bd3tq
@Gulzira-bd3tq Ай бұрын
Әумин
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d Ай бұрын
🤲🌹 Әмин
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d Ай бұрын
Алладан күнә-қателіктеріңізге кешірім сұрау дұғасы «Я, Алла! Шын мәнінде, мен өзіме аса көп зұлымдық жасадым. Күнәларды кешіретін Өзіңнен басқа ешкім жоқ. Өз жарылқауыңмен мені кешір де, маған рақым ет. Расында, Сен аса Жарылқаушы, ерекше Рахымдысың!». (Бухари, Муслим) «Аллаһуммә, инни заләмту нәфси зулмән кәсиран уә лә яғфируз-зунуубә иллә Әнтә. Фағфир ли мәғфиратән мин ъиндикә уәрхамни, иннәкә Әнтәл-Ғафурур-Рахим!» اللَّهُمَّ إِنِّي ظَلَمْتُ نَفْسِي ظُلْماً كَثِيراً، وَلاَ يَغْفِرُ الذُّنوبَ إِلاَّ أَنْتَ، فَاغْفِرْ لِي مَغْفِرَةً مِنْ عِنْدِكَ وَارْحَمْنِي، إِنَّكَ أَنْتَ الغَفورُ الرَّحيمُ Кімде-кім: «Құлшылыққа лайықты одан басқа құдай болмаған, Тірі әрі Мәңгі Жасаушы Ұлы Алладан кешірім тілеп және Оған тәубе етемін», - десе, ол тіпті ол (мемлекет басшысы бұйырған) ұрыс алаңынан қашқан болса да Алла оны кешіреді.(Тирмизи) «Әстәғфируллаһ-әл-Азыймә әлләзи лә иләһа иллә һуәл-Хайюл-Қаййуму уә әтубу иләйһ!» أَسْتَغْفِرُ اللَّه الْعَظيمَ الَّذِي لاَ إِلَهَ إِلاَّ هُوَ الْحَيُّ القَيُوُمُ وَأَتُوبُ إِلَيه Қарыздан құтқарып, уайымыңызды кетіретін дұға. «Я, Алла! Расында, мен Саған уайым-қайғыдан, әлсіздік пен жалқаулықтан, сараңдық пен қорқақтықтан, қарыздың ауыртпалығынан әрі адамдардың жәбірлеуінен сиынамын». (Бухари) «Аллаһуммә инни әъузу бикә мин әл-һәмми, уәл-хазәни, уәл-ъажзи, уәл-кәсәли, уәл-бухли уәл-жубни, уә даләъид-дәйни, уә ғаләбәтир-рижәәл». اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْهَمِّ وَالْحَزَنِ، وَالْعَجْزِ وَالْكَسَلِ، وَالْبُخْلِ وَ الْجُبْنِ، وَضَلَعِ الدَّيْنِ وَغَلَبَةِ الرِّجَال Ауру-сырқаудан, жоқшылық пен қабір азабынан Аллаға сыйыну Я, Алла! Тәніме саулық бер! Уа, Алла! Естуіме саулық бер! Уа, Алла! Жанарыма саулық бер! Сенен басқа ешбір құдай жоқ. Уа, Алла! Мен күпірлік пен жоқшылықтан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сондай-ақ қабір азабынан Өзіңе сыйынып, пана сұраймын. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ. (Бухари, Әдәбул Муфрад) «Аллаһумма ъафини фи бәдәни, Аллаһумма ъафини фи сәмъи, Аллаһумма ъафини фи басари, лә иләһә иллә әнт. Аллаһумма инни әъузу бикә минәл-куфри уәл-фәқр, уә әъузу бикә мин ъазәбил-қабр, лә иләһә иллә әнт». اللَّهُمَّ عَافِنِي فِي بَدَنِي، اللَّهُمَّ عَافِنِي فِي سَمْعِي، اللَّهُمَّ عَافِنِي فِي بَصَرِي، لا إِلَهَ إِلا أَنْتَ، اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْكُفْرِ وَالْفَقْرِ، اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنْ عَذَابِ الْقَبْرِ، لا إِلَهَ إِلا أَنْتَ Бедеуліктен құтылуға жәрдемдесетін әрі салиқалы ұрпақ сұрау дұғасы! Раббым Маған Өз тарапыңнан бір игі ұрпақ сыйла! Анығында, Сен - тілекті Естушісің! («Әли Имран» сүресі, 38-аят) «Рабби, һәб ли мин ләдункә зурриятән тайибәтән, иннәкә сәмиъуд-дуъә». رَبِّ هَبْ لِي مِن لَّدُنكَ ذُرِّيَّةً طَيِّبَةً ۖ إِنَّكَ سَمِيعُ الدُّعَاء Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізілген: «Раббысының пендеге ең жақын болатын уақыты түннің соңғы бөлігі (мұнда түннiң соңғы үштен бiр бөлігі туралы сөз болуда). Сол сәтте Алланы зікір етушілерден бола алсаң, солардан бол!», «Пенденің Раббысына ең жақын болатын уақыты сәждеге бас қойған кезі. Осы уақытта Аллаға көп дұға етіңіздер». Яғни, дұғаларды түннің соңғы бөлігінде және сәждеде жасауға тырысайық! Алла Тағала қабыл болатын дұға нәсіп етсін! Қасиетті Қадір түні ғибадаттардың сауабы еселеніп, дұғалар қабыл болатын уақыт. Бұл түн -Алланың құлдарына берген өлшеусіз нығметі. Нұғман ибн Башир жеткізген Пайғамбарымыздың (ﷺ) : " Шын мəнінде дұға - нағыз ғибадат!" , - деген сөзі дұғаның қаншалықты маңызды екенін көрсететіндей. Әрі қарай Расулалла (ﷺ) мына аятты оқыған, жəне Раббыларың айтты: " Маған жалбарыныңдар (дұға жасаңдар) Мен сендерге жауап беремін. Шын мəнінде Маған ғибадат қылуға тəкəппарланатындар қор болған күйде тозаққа кіреді" (Ғафыр - 60). (Абу Дауд , Тирмизи). Иә, Пайғамбарымыз айтқандай: "Алланың алдында дұғадан құрметтірек (қадірлірек) еш нəрсе жоқ" (Ахмад, Тирмизи). Дұға жасауда адам баласы алдымын Раббысының жауап беретініне, тілеуінің қабыл болатынына жүрегімен сенуі тиіс. Алла Тағала: " Менің пенделерім сенен Мен туралы сұраса ақиқатында Мен оларға жақынмын, Маған дұға жасаса (тілек тілесе) жауап беремін. Ендеше, олар да Менің əмірімді орындасын. Иман келтірсін, мүмкін олар тура жолға түсер" (Бақара-186), - деді. Жалбарынып сұраған дұғаң сол мезетте қабыл бомай жатса, оған қа қаймығуға болмайды. Абу Сағид аль-Худрийден жеткен хадисте Пайғамбарымыз (ﷺ) былай дейді: "Аллаға дұға қылып жалбарынған əрбір мұсылманның тілегінде күнəлі немесе туысқандық байланысты үзетін нəрсе болмаса, Алла төмендегі үш түрлі сипаттағы жауаптың бірімен оның тілегін қабыл етеді: Ол оның тілегін тез арада қабыл етіп , сұрағанын береді немесе Ол оның тілегінің сауабын қиямет күнге қалдырады, я болмаса оның тілегіне орай тағдырында жазылған жамандықты алып тастайды". Сонда сахабалар : "Ендеше біз көп дұға қыламыз"-деді. Бұған пайғамбарымыз (ﷺ) : "Ал, Алла одан да көп береді"- деп жауап қайтарды"( Бұхари, Ахмад). Жоғарыда келтіріп өткен Құран аяттары мен хадистер дұға қылуға құштарлықты оятып, құлшынысты арттырады. Мысалы , толық иман келтірсең жəннəтқа баратының немесе жұмыс істесең табыс табатының тəрізді, неғұрлым көбірек дұға қылсаң соғұрлым өміріңнің жақсылыққа өзгеруіне ықпал етесің. Хаким Анастан келген рияуатта Пайғамбарымыз (ﷺ) былай деген:"Алла Тағала айтыпты: "(Иə) Адам баласы, сен Маған дұға қылып жалбарынуыңды жəне үміт артуыңды тоқтатпайынша , қандай күнə жасағаныңа мəн берместен , Мен сені кешіре беремін" (Ахмад)
@bahtylyumbetova2270
@bahtylyumbetova2270 2 ай бұрын
Әминь ораза қабыл болсын
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 2 ай бұрын
Әмин баршамыздан қабыл болсын!
@user-fq8nr2of1v
@user-fq8nr2of1v 3 ай бұрын
Әмин!
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 3 ай бұрын
Әмин
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 3 ай бұрын
*​​БӘРААТ ТҮНІНІҢ ҚАСИЕТІ | 1 бөлім* بسم الله الرحمن الرحيم اسلام عليكم ورحمةالله وبركاته Ассалаумағалайкум уа рахметуллахи уа баракатух. Мүбарак Рамазан айы басталар алдын Пайғамбарымыз ﷺ ол айды күтіп алу үшін қатты дайындық көретін. Әдеттегі құлшылық-ғибадатына қосымша ғибадаттарды қосатын. Әрі оны үмметіне де істеуге үндейтін. ⠀ Пайғамбарымыз ﷺ Рамазан айына дайындық ретінде Шағбанның 15 түні ғибадат қылуға, күндізін оразамен өткізуге шақырған. Ол кісі тек тілмен ғана үгіттеп қоймайтын, өзі де ораза ұстап, түнін ғибадатпен өткізіп, іс-әрекетімен ол түннің ұлықтығын ұқтыратын. Шағбан ай кіре сала Пайғамбарымздың ғибадаттары ﷺ әдеттен тысқары көп болатын. Ол жайлы Айша анамыз (р.а): ⠀ «Алла Елшісінің ﷺ басқа айларда Шағбан айындағыдай көп ораза ұстағанын көрген емеспін» (Муслим), - дейді. Пайғамбарымыздың ﷺ Шағбан айында көп ораза ұстағанын дәлел ретінде ұстанған имам Нәуәуи (р.а) бұл айда ораза ұстауды сүннет дейді. ⠀ «Шағбан айында ораза ұстау сүннет» (Әл-Мажмуғ Шархул-Муһәззәб). ⠀ Жоғарыдағы Айша анамыздың (р.а) аталған хадисі мен басқа көптеген хадистерден мәлім болатын дүние Пайғамбарымыздың ﷺ Шағбанда көп ораза ұстауы мен оны өсиет етуі Рамазан оразасына дайындық үшін. ⠀ Осы жөнінде Ашраф Әли Таһанауи (р.а) былай дейді: «Пайғамбарымыз ﷺ Шағбанның жартысындағы оразаны Рамазанға дайындалуға үлгі болу үшін ұстаған. Меніңше бұл Шағбанадағы арнайы оразаның хикметі. Рамазандағы оразамыз қалай болар екен, оразаны қалай тұтамыз деген қауіп пен үрейді сейілту үшін Шағбанның он бесінде ауыз бекітуге үндеген. Яғни, Пайғамбарымыз ﷺ ораза ұстауы арқылы «міне, сендерде ұстап көріңдер, Рамазан оразасы қандай екендігіне көздерің жетеді» дегендей ишарат етіп тұр. Бір күндік оаразаны ұстауға көпшіліктің шамасы келеді. Толық бір күн ораза ұстаған кісіге бір айлық оразының да тура солай екендігі белгілі болады. 15-ші түнді ғибадатпен өткізіңдер деуі тарауихқа дайындалу ретінде айтылып тұрғандай. Түні бойы құлшылықта болған кісі үшін бір-екі сағаттық тарауихта тұрудың үрейі мен қаупі сейіледі. Түнді құлшылықпен өткізген кісіде тарауихта бір-екі сағат тұру жеңілірек деген пікір пайда болады. Бұл түні жасалған ғибадат мислға мислмен (ұқсас ғибадатқа ұқсас ғибадатпен) көмекетесу» (Әл-Юср мағал-Ғуср). ⠀ *Бәрат түні* ⠀ Шағбан айының 15 түні қасиетті Бәрат түні. Сөздікте «бәра» сөзі «арылу, құтылу, тазалану» деген мағыналарды қамтиды. Осы мағыналардан Бәрат (құтылу) атауы туындаған. Дәл осы түні Алла Тағаланың көптеген пенделерін тозақтан азат ететіндігі жайлы деректер болғандықтан да түн Бәрат аталған. Сонымен қатар бұл түннің Лайлатул-Мубарака (берекелі түн), Лайлатул-Рахма (Алланың ерекше рахметі жауатын түн), Лайлатул-Бараә (тозақтан құтылатын, азат болатын түн), Лайлатул-Ризқ (рызық-несібелер белгіленетін түн) деген де атаулары бар. ⠀ Бұл түнде не болады? ⠀ Айша анамыздан (р.а) риуаят етіледі, Пайғамбарымыз ﷺ: - Бұл түні нелер болатын білесің ба? - Уа, Алла Елшісі ﷺ бұл түні нелер болады?! - Ол түні Адам балаларының бұл жылда туылатындары, бұл жылы дүние салатындары жазылады. Ол түні олардың амалдары көтеріліп, рызықтары түсіріледі, - деді (Дағуатул-Кабир лил-Байһақи). ⠀ Әбу Мұса әл-Ашғариден (р.а) риуаят етіледі, Пайғамбарымыз ﷺ: «Алла Тағала Шағбанның он бесінші түні рахмет назарымен қарап, мүшрік пен кекшілден басқа барлық махлұқаттарды мағфирет етеді», - деді (Ибн Мәжа). ⠀ Әлиден (р.а) риуаят етіледі, Пайғамбарымыз ﷺ былай дейді: «Қашан Шағбанның он бесінші түні болса ол түнді сергектікпен өткізіңдер. Күндіз оразасын ұстаңдар. Өйткені, күн батысымен Алла Тағала: -Истиғфар айтушы бар ма, мағфирет етемін. Рызық сұраушы бар ма, рызықтандырамын. Бәлеге кіріптар болған бар ма, оны кіріптарлықтан шығарамын. Қане пәлен, пәлен ....?, - деп жар салады» (Ибн Мәжа). ⠀ Ибн Хаж Мәлики (х.737ж д.с) салаф-салих ғұламаларының Бәрат түні жайлы көзқарастарын келтіре былай дейді: «Алла Тағаланың құзырында Бәрат түнінің қадыр-қасиеті жоғары, берекелі түн. Салаф-салихтар ол түнді күтіп алу үшін ерекше дайындық көретін. Ал, олардың Ислам белгілері мен нышандарын құрметтегені мәлім....» (әл-Мадхал 2/292). Жалғасы бар...
@user-ix5dt4lo9u
@user-ix5dt4lo9u 3 ай бұрын
Әумин 🤲
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 3 ай бұрын
امين 🤲
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 3 ай бұрын
اسلام عليكم ورحمةالله وبركاته بسم الله الرحمن الرحيم Ал Миғраж оқиғасынан төмендегідей сабақтар аламыз: 1. Өзіне қатысы жоқ іске кіріспеу. Миғраж кезінде Жәбірейіл (оған Алланың сәлемі болсын) барлық адамзатқа дәріс беріп, Пайғамбарымызбен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ары қарай барудан бас тартып, Сидратул мунтаһада қалды. Алла елшісі Жәбірейілге: «Дос досын осы жерде тастай ма?» - дегенде: «Мен ары қарай бара алмаймын. Маған осы жерге дейін келуге рұқсат берілді», - деді. Біз қазіргі таңда өзімізге қатысы жоқ шаруаға кірісіп кете береміз. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Адамның дінінің кәміл болғаны - өзіне қатысы жоқ нәрсені тастағаны», - деген. 2. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алланың хабибі, пайғамбарлардың мырзасы. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ары қарай жолын жалғастырды. Алламен сөйлесіп: «Мен Сенен сұраушымын», - деді. Алла сұрауға рұқсат бергенде: «Ибраһимді халил қылдың, Мұсамен сөйлестің, Исаны рухыңнан жараттың, Ыдырысты ұлы бір орынға шығардың, Сүлейменге байлық бердің», - дейді. Сонда Алла Тағала: «Ибраһимді халил (досым) қылсам, Сені хабибім (сүйіктім) қылдым. Менің алдымда хабибтің дәрежесі халилдан жоғары. Мұсамен перденің артынан сөйлессем, Сенімен ешқандай пердесіз сөйлесіп жатырмын. Ыдырысты төртінші қабатқа көтерсем, Сені бұрын ешкім жетпеген, келмеген орынға әкелдім. Сенен кейін де бұл орынға ешкім келмейді. Сүлейменге ұлы патшалық берсем, Саған жерді мешіт әрі таза етіп бердім. Исаны рухымнан жаратсам, Саған есімімнен болған бір есімді бердім. Қай кезде Менің атым айтылса, Сенің есімің Менімен бірге айтылады», - деді. 3. Миғраж кеші он кезеңді қамтиды. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәдина қаласына һижрет жасағаннан кейін он жыл өмір сүрді. Осы Миғраж оқиғасындағы он кезеңді Алла елшісінің һижрадан кейінгі он жылымен ұштастырса болады. Бірінші кезең. Ең алғашқы аспан қабатында Адам Атаны (оған Алланың сәлемі болсын) кездестірді. Ол - адамзаттың жер бетіндегі ең әуелгісі. Оның балалары жер бетінде өмір сүріп, жерді гүлдендірді. Сол сияқты һижраның бірінші жылы аңсарлар да Мәдина қаласын Ислам дінімен гүлдендірді. Осы шаһарда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Ислам мемлекетінің негізін қалады. Екінші кезең. Екінші аспан қабатында Исаны (оған Алланың сәлемі болсын) көрді. Ол қиыншылықтарға қарсы күресу үшін жанына жәрдемшілер алған болатын. Сол сияқты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) да һижраның екінші жылы Аус және Хазраж тайпаларын мұсылмандарға көмектесуге шақырып, Бәдір соғысына бірге шығуын сұрады. Алла Тағала бұл жайында Құранда: «Уа, иман келтіргендер! Мәриямұлы Исаның хауарилерге: «Аллаға (шақыруда) менің жәрдемшілерім кімдер?» - деген кезде, хауарилердің «Біз Алланың жәрдемшілеріміз», - дегені сияқты сендер де (Алланың діні мен елшісінің) жәрдемшілері болыңдар», - деген («Сафф» сүресі, 14-аят). Үшінші кезең. Үшінші аспанда Жүсіпті (оған Алланың сәлемі болсын) кездестірді. Біз Жүсіптің қаншама қиыншылық пен ауыртпашылықты басынан өткізгенін білеміз. Бала кезінде құдыққа тасталды, жігіт жасында жала жабылып, түрмеге қамалды. Сол сияқты һижраның үшінші жылы мұсылмандарға көптеген қиындықтар келді. Соның үлкені - Ухуд соғысы. Алла Тағала Құранда: «Және (күресте) әлсіздік танытпаңдар да әрі (жеңіліске) қайғырмаңдар, сендер (бүкіл үмбеттен) үстемсіңдер, егер (шынайы) мүмин болсаңдар», - деген («Әли Имран» сүресі, 139-аят). Төртінші кезең. Төртінші аспанда Ыдырыспен (оған Алланың сәлемі болсын) кездесті. Ол қаламды ең бірінші қолданып, есептің негізін салған пайғамбар. Сол сияқты Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) һижраның төртінші жылы бірнеше елдің патшаларына хат жазып, Ислам дініне шақырды. Хаттарға сақинамен мөр басып отырды. Бесінші кезең. Бесінші аспанда Һарунды (оған Алланың сәлемі болсын) жолықтырды. Мұса оны Бани Исрайлмен тастап кеткенде, олар оған зиян тигізіп, өлтіруге әрекет жасады. Уәдені бұзып, бұзауға табынып кетті. Алла Тағала олардың тәубесін өлтірумен ғана қабыл етті. Сол сияқты һижраның бесінші жылында соғыста яһудилер ахзаб (жасақтар) келіп тұрғанда, мұсылмандарға қиянат жасады. Сол себепті, Сағд бин Муғаз оларды өлім жазасына кесті. Алтыншы кезең. Алтыншы аспанда Мұсамен (оған Алланың сәлемі болсын) жолықты. Ол Бану Исрайлдің Алланың шариғатын ұстанбағаны себепті олармен бірге жаман қылықтарына шыдап, шөлде қырық жыл адасып жүрген еді. Сол сияқты Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) да мүшіріктер озбырлық жасап, Меккеге кіргізбей ұмра жасауына рұқсат бермей қойды. Жетінші кезең. Жетінші аспанда Ибраһиммен (оған Алланың сәлемі болсын) жолықты. Ол - Харам мешітін салған, адамдарды қажылыққа шақырған пайғамбар. Сол сияқты һижраның жетінші жылы Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ұмрасын орындап, Меккеге кірді. Сегізінші кезең. Сидратул Мунтаһа. Онымен аспан әлемі аяқталады. Һижраның сегізінші жылы Мекке фатх қылынды. Тоғызыншы кезең. Қаламдардың тағдырларды жазып, сиялары кепкен кез. Сол сияқты һижраның тоғызыншы жылы Ислам күшейе түсіп, рүкіндері бекіген еді. Оныншы кезең. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алламен сөйлесті. һижраның оныншы жылы дүниеден өтіп, Алламен жолықты.
@user-jb7jb9fm4t
@user-jb7jb9fm4t 4 ай бұрын
Ассалаумағалейкум.Казакща маганасы болса Алхамдулиллах
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 3 ай бұрын
Уағалайкумассалам уа рахметуллахи уа баракатух. Описанияда жазылған толық. Видеоның астындағы
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 3 ай бұрын
Оқылуы: " Аллаһумма салли сааләтән кәәмиләтән уа сәллим сәләәмән тәәммән ъәләә сәййидинәә Мухаммадинил - ләзии тәнхәллу биһил - ъуқад, уа тәнфариджу биһил - кураб, уа туқдаа биһил - хәуәәидж уа тунәәлу биһир - рағааиб уа хуснул - хауаатим, уа йустәсқал - ғамааму биуаджһиһил - кәрим уа ъәләә әәлиһи уа сахбиһи фии кулли ләмхатин уа нәфәсин, биъәдәди кулли маълуумин ләкә". Мағынасы: " Уа, Алла! Ол арқылы түйіндер шешілетін, қайғы - қасірет келтірілетін, қажеттер өтелетін, мұрат - мақсаттар мен көркем нәтижелерге қол жеткізілетін, жарқын дидары арқылы бұлттар жауын төгетін асыл мырзамыз Мұхаммедке және оның әулетіне һәм сахабаларына әрбір қас қағымның, әрбір шыққан демнің Өзіңе белгілі санындай мөлшерде кәміл салауатың мен толықтай сәлеміңді жолдай гөр!
@user-qw7pp4yb2v
@user-qw7pp4yb2v 4 ай бұрын
АЛЬХАМДУЛИЛЛАҺ
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 4 ай бұрын
Ма ша Аллаһ. Қабыл болсын ниетіңіз!
@orazka
@orazka 4 ай бұрын
Ассалаумагалейкум. Сонда Ережеп айы 13 қаңтарда басталып, нешесіне дейін жалғасады??
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 4 ай бұрын
Уағалайкумассалам уа рахметуллахи уа баракатух. Шағбан 11 ақпанда басталады. 10 ақпан соңғы күн.
@nigarazinakhunova6479
@nigarazinakhunova6479 4 ай бұрын
здравствуйте, подскажите пожалуйста что значит Харам ай? и что делать если по причине 🩸 пропускаю именно начала месяца ражап 😭😭
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 4 ай бұрын
На самом деле число месяцев под властью Бога двенадцать. С того дня, как были сотворены земля и небо, Бог установил их такими. Четыре из них - месяцы, когда боевые действия запрещены. Не причиняйте себе вреда в эти месяцы»[1]. (Один из четырех месяцев, упомянутых в аяте, является месяцем верховенства закона, об этом сказано в достоверном хадисе: Зуль-Каад, Зуль-Хиджа, Мухаррам, верховенство закона) [1]. Здесь в упомянутом аяте «Не делайте себе зла в эти месяцы» сподвижник Абдуллах ибн Аббас (ра) комментирует так: «Не делайте зла во все месяцы. Среди них особо упоминаются четыре месяца и делают их «харамными», то есть «запрещенными» месяцами. Грехи, совершенные в эти месяцы (по сравнению с другими месяцами), больше. Можно поститься после очищения
@user-qb5qu5zt8g
@user-qb5qu5zt8g 5 ай бұрын
Рамазанға аман есен жетуімізді Алла нәсіп етсін.
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 5 ай бұрын
امين. Әмин баршамызға аман жетуді Аллаһ нәсіп етсін!
@user-qb5qu5zt8g
@user-qb5qu5zt8g 5 ай бұрын
Ұстаймын.Алланың разылығы үшін.
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 5 ай бұрын
مشاءالله. Ма ша Аллаһ! Аллаһ сізден, бізден қабыл алсын! Әмин. امين
@arai0008
@arai0008 6 ай бұрын
рахмет, Алла разы болсын 🤲
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 6 ай бұрын
Әмин баршамызға разы болсын! Аллаһ сізге де сауаптан жазсын!
@user-dh2ce1dh2w
@user-dh2ce1dh2w 6 ай бұрын
Аллаһ айбар! Аллаһ акбар! Аллаһ акбар!
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 6 ай бұрын
الله أكبر
@user-qy9hi1cz4q
@user-qy9hi1cz4q 7 ай бұрын
👍👍👍
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 7 ай бұрын
Рахмет! Аллаһ разы болсын сізге!
@user-qy9hi1cz4q
@user-qy9hi1cz4q 7 ай бұрын
@@user-cc8wk3si5d сізгеде !
@user-sm7yn1eo7o
@user-sm7yn1eo7o 7 ай бұрын
Алла разы бодсын алла улык
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 7 ай бұрын
Әмин баршамызға разы болсын! امين 🤲
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 7 ай бұрын
Аллаһ сізге де разы болсын! Сауаптан жазсын! Ин ша Аллаһ. انشاءالله
@user-sm7yn1eo7o
@user-sm7yn1eo7o 7 ай бұрын
Алладан ботен танир жок мухамед онын елшиси ияалла шын дугамденсаулык бакыт баилык беринизши дугамды кабыл етинизши жолвмды ашынызшы мандаиымды ашып нурланга косынызшы бир бакытты косынынызшы шын болсаныз мына омирде баилык беринизши уи акша тилегимди орынданызшы аллам аумин
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 7 ай бұрын
امين
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 7 ай бұрын
Аллаһ дұғаңызды қабыл етсін! 🤲
@user-vm6wb8ht4q
@user-vm6wb8ht4q 7 ай бұрын
Аллахым ниетрiмдi кабыл
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 7 ай бұрын
Аллаһ қабыл етсін! Әмин! امين
@user-vm6wb8ht4q
@user-vm6wb8ht4q 7 ай бұрын
Амин Амин Амин
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 7 ай бұрын
امين 🤲
@user-ni8os8gg8i
@user-ni8os8gg8i 8 ай бұрын
Алла разы болсын
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 8 ай бұрын
Әмин баршамызға разы болсын!
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 8 ай бұрын
Сахабалар бізге Пайғамбарды (с.ғ.с.) жақсы көрудің үлгі-өнегесін көрсетіп кетті. Тіпті, оған деген махаббат сүйіспеншіліктің шыңына шығарды... Хубайбты (р.а.) дарға асатын кезде мүшіріктер оған: «Ей, Хубайб, сен Пайғамбарыңа ерем деп осындай халге түстің, ал ол болса қазір көлеңкеде рахаттанып отыр, сенің орныңа оның мұнда болғанын қалар ма едің?» - дегенде, Хубайб (р.а.): «Оның аяғына тікен кіргенін де қаламаймын», - деді. Содан соң: «Уа, Алла Тағалам! Мен осы жаққа шығарда Сенің Елшіңмен (с.ғ.с.) қоштаса алмай қалған едім. Уа, Алла! Менің сәлемімді жеткізе гөр!» - деп жалбарынды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мәдинада отырып оның сәлемін қабылдап, оған жауап қату арқылы, оған ғасырларға жалғасатын мәртебе сыйлады. Бәдір шайқасының алдында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) саптарды түзеп келіп, алға шығып кеткен сахаба Сәуәд бин Узәйиәні (р.а.) қолындағы шыбығымен түртіп артқа шегіндіреді. Сонда әлгі сахаба Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) қарап, өзін шыбықпен түрткені үшін кегін алатынын айтады. Ешкімнің көңіліне қаяу түсіруді ұнатпайтын Алланың Елшісі (с.ғ.с.) одан кешірім сұрап, қаласа кегін алуына болатынын айтады. Әлгі сахаба (р.а.) Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) киімін жоғары көтеруін сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) киімін жоғары көтерген сәтте ол бас салып оның тәніне жүзін сүртіп, өбе бастайды. Бар мақсаты Пайғамбар (с.ғ.с.) тәніне тиген тәндер тозақ отына күймейтінін ойлап, оның мүбәрәк тәнін құшып, сүю еді. Әлиден (р.а.): «Сендер Пайғамбарды (с.ғ.с.) қалай жақсы көруші едіңдер?» - деп сұраған кезде, ол кісі: «Шөл далада қалған кісі бір жұтым суды қалай жақсы көрсе, біз де Пайғамбарды (с.ғ.с.) солай жақсы көреміз!» - дейтін еді. Әйел сахабалардың (р.а.) да Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілігі шексіз еді. Ухуд шайқасында жан алысып, жан берісіп жатқан кезде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Оң жағымда да, сол жағымда да сол Нәсибаны көрдім», - дейді. Ол да жараланады. Өзінің баласы Абдулла (р.а.) жарақаттанады, сонда баласына: «Ей, балапаным, Алланың Елшісін (с.ғ.с.) қорға», - деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Уа, Алла! Мына отбасын берекетті ет!» - деді. Умму Умара анамыз (р.а.): «Уа, Алланың Елшісі (с.ғ.с.)! Сіз дұға жасаңыз, Алла мені сізбен Жәннатта көрші етсін», - деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Уа, Алла! Мыналарды Жәннатта менімен көрші ет!» - деді. Әлгі анамыз (р.а.): «Болды, енді менің арманым жоқ, Жәннатта сізбен бірге болсам, бұл қиыншылықтар мен үшін ештеңе емес», - деген болатын. Сол Ухуд шайқасында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өлді деген хабар тарағанда, Сумайра анамыз (р.а.) да Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) іздейді. Тіпті, оған жұбайың, бауырың, балаң қайтыс болды десе де қарамастан: «Расулулла қайда?» - деп жар салады. Ол кісіні көзімен көрген соң: «Сен аман болсаң болды, басқа қиыншылықтарды көтеруге әзірмін!» - деді. Шайқастардың бірінде жарақаттанған Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) оңына алып, солына алып, алдына шығып, жауға тойтарыс берген Талхаға (р.а.) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Уәжабат, уәжабат», - деп оған жәннаттың уәжіп болғанын айтады. Пайғамбарды (с.ғ.с.) жанын сала қорғаған сахаба мұның сыйы Жәннат екендігін жақсы білген-ді. Әнас бин Мәлик (р.а.) айтады: «Бір бәдәуи келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Қиямет қашан?» - дегенде, «Сен ол күнге не әзірледің?» - деді Пайғамбар (с.ғ.с.). Сонда ол: «Менің берген көп садақам да жоқ, көп жақсылығым да жоқ, алайда мен Алла және Оның Елшісін жақсы көремін», - деді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): اَلْمَرْءُ مَعَ مَنْ أَحَبَّهِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ «Адам кімді бәрінен артық жақсы көрсе, қияметтің күні сонымен бірге болады», - дейді. Оны естіген Әнас бин Мәлик (р.а.): «Бұл сүйінші маған мені жәннатпен сүйіншілегеннен де артық болды. Себебі, мен Алла және Оның Елшісін (с.ғ.с.) қатты жақсы көруші едім», - дейді. Үмметіне соншама жанашырлық танытқан Пайғамбарды (с.ғ.с.) қалайша сүймейсің. Тіпті, ол асыл жанды Алланың өзі сүйетінін білдіріп «хабибулла» деген жоқ па?! Ал, енді Алланың Өзі сүйіп тұрған асыл жанды неге сүймеске, неге оның айтқанын өз қалауымыздан үстем қоймасқа?! Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Пайғамбарлардың мырзасы, имамы бола тұра кішіпейілділігін білдіріп: «Мені Юнус бин Маттадан да артық мақтамаңдар!» - деуші еді. Алайда оны мақтамасқа болмайды. Оның есімінің өзі «Мақтаулы жан» деген мағынада емес пе?! Үкіміне келер болсақ, бидғат деп жүргендер «Мәулітті тойлауға болмайды» деген не аяттан, не хадистен бірде-бір дәлел келтіре алмайды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір қатар хадистерін келтіреді. Онда: «Христиандар Исаны дәріптегендей, сендер де мені дәріптеп жібермеңдер», - деп айтылады. Алайда, ұлықтау - бір бөлек, құрмет көрсету - бір бөлек. Олар өз пайғамбарларын тәңірі дәрежесіне көтеріп жіберді. Мәуліттегі мақсатымыз - Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) шектен тыс қиял ғажайыптар қосып, тәңірге балап ұлықтау емес, Мәуліттегі мақсатымыз Оны (с.ғ.с.) еске алу. Оның (с.ғ.с.) теңдессіз тұлғасынан өнегенің бір тамшысын болса да алуға талпыну. Оның кіршіксіз өмірбаянын жадымызда бір жаңғырту. Оған сансыз салауаттар айту, оның есімін әлемге жар салу. Олай болса, бүкіл ғаламға мейірім ретінде жіберілген Елшінің (с.ғ.с.) есімін қалайша ұлықтамаймыз?! Ендеше, адамзаттың ардақтысының: «Қашан мені бала-шағаң, ата-анаң және барлық адамдардан артық жақсы көрмейінше, имандарың кәміл болмайды», - деген өсиетіне амал етіп, иманымызды толықтыруға неге тырыспасқа?!
@yerasylmiyemishev1708
@yerasylmiyemishev1708 9 ай бұрын
Дыбысы жокко
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 9 ай бұрын
Қайырлы түн! Ия дыбыссыз жоқ. Жазымен
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 9 ай бұрын
Видеоның астыңғы описаниясында жазылған. Транскрипциясын оқып алсаңыз болады.
@user-ip8eo9ue1q
@user-ip8eo9ue1q 9 ай бұрын
Алла тек жаксы кундердь корудь насьп етсьн
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 9 ай бұрын
Әмин баршамызға!
@user-ip8eo9ue1q
@user-ip8eo9ue1q 9 ай бұрын
Алллама сансыз шукьр
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 9 ай бұрын
Аллаға шүкір!.
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 9 ай бұрын
Аллаһ сізге 2 дүниенің жақсылығын берсін! Әмин. امين
@KazynaToilibai-vs1sb
@KazynaToilibai-vs1sb 9 ай бұрын
Рахмет Алла разы болсын бүны қайдан білдіз
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 9 ай бұрын
Кітаптан алдым.
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 9 ай бұрын
Әмин баршамызға разы болсын! Оқып , көріп отырған сізге Аллаһ сауаптан жазсын!
@user-gi4vo9kw5t
@user-gi4vo9kw5t 8 ай бұрын
@@user-cc8wk3si5d Рахмет Алла разы болсын!
@gulbarshynzhanylkhan1805
@gulbarshynzhanylkhan1805 10 ай бұрын
Оған жаннаттағы ең бик жареже нәсіп болсын,оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 9 ай бұрын
Әмин! Баршамызға бірге болсын! Әмин
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 10 ай бұрын
بسم الله الرحمن الرحيم. 28 июля 2023 года мусульмане отмечают день Ашура, который приходится на 10-й день месяца мухаррам по мусульманскому календарю. Ашура - особенный в исламской истории. По данным ИА IslamNews, в этот день было даровано спасение многим пророкам. Именно в Ашура Всевышний по Своей Милости принял покаяние Адама. Что такое День Ашура в исламе? Шахсей-вахсей (День Ашура) - один из самых важных дней исламского календаря, который отмечают в 10-й день священного месяца Мухаррам. По Корану, в День Ашура были сотворены небеса и создан первый человек на Земле и именно в этот день наступит конец света. Сколько дней нужно держать пост в день Ашура? Согласно сунне Пророка, для того, чтобы отличаться от иудеев, пост в день Ашура лучше держать на протяжении 2 дней (9-го и 10-го, либо 10-го и 11-го Мухаррама). Праздник и религиозные обряды совершаются в первую декаду месяца, непосредственно день Ашура - это десятый день месяца Мухаррам. Какого числа Ашура 2023 День Ашура - день поминовения пророков посланников Аллаха - 28 июля. История и особенности праздника в проекте Календарь Праздников 2023.
@user-vg1ws3ci3y
@user-vg1ws3ci3y 11 ай бұрын
Гуглдан карасаныз барлык кала бар
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 10 ай бұрын
Қайырлы күн! Рахмет жауап жазғаныңыз үшін. Күніңіз сәтті өтсін!
@user-rj9yq7hq4j
@user-rj9yq7hq4j 11 ай бұрын
Шымкент бойынша жокпа??
@user-xo8dg5xf6i
@user-xo8dg5xf6i 11 ай бұрын
тан намазынын уакытынан 10 минут ертерек ауыз бекитип , сосын Шам намызынын уакытында ашады . Әр калада уакыт ар турли
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 11 ай бұрын
Қайырлы күн! Шымкент уақыты бойынша таң намазы кірмес бұрын 15 минут ерте сәресі ішіп аласыз сағат 03:45 сәресі ішу тоқтатасыз. Таң намазы 04:02 кіреді. Ауызашар уақыты Шам намазында ашасыз. Шымкент уақытымен бүгін ауызашар сағат 21:05 кеткенде
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 11 ай бұрын
Аллаһ разы болсын сізге! Жауап бергеніңіз үшін. Жасаған құлшылықтарыңыз қабыл болсын!
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 11 ай бұрын
kzbin.infoFeMDxbFoudM?feature=share3
@user-wu2bp4hp2g
@user-wu2bp4hp2g 11 ай бұрын
Талдықорған кестесі барма РАХМЕТ
@user-xo8dg5xf6i
@user-xo8dg5xf6i 11 ай бұрын
тан намазынын уакытынан 10 минут ертерек ауыз бекитип , сосын Шам намызынын уакытында ашады
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 11 ай бұрын
Қайырлы күн! Сағат 20:40 шам уақыты намазы кіргенде ауыз ашасыз. 2:45 тан намазынан 15 минут ерте сәресі ішуді тоқтатасыз. Тан намазы сіздерде 03:05. kzbin.infoFeMDxbFoudM?feature=share3
@user-hq8dn5me7h
@user-hq8dn5me7h 11 ай бұрын
Сәлеметсіз бе сіздерде арафа Алматы қаласы бойынша ораза кестесі жоқпен
@user-xo8dg5xf6i
@user-xo8dg5xf6i 11 ай бұрын
тан намазынын уакытынан 10 минут ертерек ауыз бекитип , сосын Шам намызынын уакытында ашады
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 11 ай бұрын
Сәлеметсіз. Таң намазына 15 минут қалғанда сәресіні тоқтатасыз. 3:00ге дейін сәресі. Ауыз ашар шам намазында ашасыз. Сағат 20:39 да бүгін ауызашасыз Алматы уақыты бойынша. Гуглдан жазсаңыз шығады негізі намаз уақыттары.
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 11 ай бұрын
kzbin.infoFeMDxbFoudM?feature=share
@user-hq8dn5me7h
@user-hq8dn5me7h 11 ай бұрын
Рахмет
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 11 ай бұрын
ҚАЖЫЛЫҚ дұғалары мен ОРЫНДАРЫ : Қажылық дұғалары мен орындары: kzbin.info/aero/PLFDy8h4lvkdpYkx_CcZq-BOotwQXANRVS
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 11 ай бұрын
Қажылық пен умраның 3 айырмашылығы. Қажылық пен умра құлшылықтың бірдей түрі деуге келмейді. Соған қарамастан, ол екеуі бір жерде жасалады, бірақ негізінде екі құлшылық бір-біріне ұқсамайды. Умраны көбінесе «кіші қажылық» деп атайды, бұл жердегі мақсат - парыз болған қажылықтың маңызы мен мәнін көрсету. Қажылық та, кіші қажылық та Меккеге сапармен басталып, ихрам кию, Қағбаға тауап ету, Сафа мен Маруа жоталары арасында жүгіру және шаш алу секілді бірқатар діни ғұрыптармен ұштасады. Алайда бұл екі құлшылықтың ұқсастықтары осы амалдармен аяқталады. Айырмашылығы неде? Қосымша жасалатын рәсімдер Жоғарыда аталған рәсімдерді кіші қажылықпен қатар үлкен қажылық уақытында да жасайды, дегенмен, тек үлкен қажылық кезінде ғана жасалатын рәсімдер де бар. Мәселен, Мина жазығында бірнеше күнге қалу, Мұздалифада түнеу, Арафа тауында тұру. Ал кіші қажылықта орындалуы тиіс рәсімдер бірнеше сағат ішінде аяқталады, сондықтан умарны «кіші қажылық» деп атаған. Ал қажылықтың рәсімдерін толық атқаруға кем дегенде 4 күн, 3 түн өтеді. Уақыт шектеулері Қажылық пен кіші қажылықтың тағы бір айырмашылығы - уақыт. Баршаға белгілі, үлкен қажылық тек Зул-Хижжа айында жасалатын болса, кіші қажылықты жылдың кез келген мезгілінде жасауға болады. Исламдағы дәрежесі Қажылық пен умраның Ислам дініндегі орны да әртүрлі. Қажылық бес парыздың бірі. Алла Тағала «Әли- Имран» сүресінің 97-аятында: «..Алланың үйін зиярат етуге шамасы жететін әрбір адам үшін қажылыққа бару - оның мойнындағы Алланың ақысы»,- деген. Абдулла ибн Омар Алла Елшісінің ﷺ: «Ислам бес парызға негізделген - Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед Оның елшісі екендігіне куәлік сөзін айту, намаз оқу, зекет беру, қажылыққа бару мен рамазан айында ораза ұстау»,- деп айтқанын жеткізген. Ендеше, мұсылман ғалымдарының көзқарасы бойынша мүмкіндігі бар әрбір мұсылманға өмірінде бір мәрте қажылық жасау міндеттелген. Ал умраға келер болсақ, оны орындау парыз болып табылмайды, дегенмен, сүннет амалының қатарына жатады. Қажылықтың «тәмәттуъ» деп аталатын түрі бар. Қажылықтың бұл түрінде ең әуелі умра жасалады да, артынан парыз болған үлкен қажылық құлышылғын орындайды. Осылайша екі түрлі құлшылықты қатар орындау арқылы сауап жинау мүмкіндігі туады.
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 11 ай бұрын
Қажылық (араб.: حَجّ‎ хаддж) - ислам діні бес негізінің соңғысы. Қажылық, хаж жасау - мұсылманның бес парызының бірі. Шариғат бойынша кәмелетке толған, ақыл-есі дұрыс, денсаулығы жақсы, дәулеті жетерлік, өзгеге қарызы жоқ мұсылман ғана І парызын өтей алады. Оның парыздығы қасиетті Құранда: «Алла үшін Қағбаны адамдарға қажылық ету парыз» («Әли-Имран» сүресі, 97 аят), - деп ұқтырылса, хадис шарифте: «Ислам бес негізге құрылған: Алла Тағаладан басқа тәңір жоқ және Мұхаммед оның елшісі деп куәлік ету. Намаз оқу. Зекет беру. Рамазан айында толық ораза ұстау. Байтуллаға қажылыққа бару», - делінген. Шариғат кітаптарында:«Бас бостандығы бар, балиғат жасына жеткен, ақыл-есі дұрыс, дені-басы сау адамға қажылыққа бару парыз деліне отырып, қажыға баратын жол қауіп-қатерсіз, оған азық-түлігі, көлігі немесе көлік жалдауға қаражаты болуы керек екендігі және үлкен сапарға аттанған кісінің үйінде қалған отбасы тарығып қалмайтындай нәпақамен қамтамасыз етілуі де шарт», - деп көрсетілген. Қажылық сөздікте - «қасиетті жерге баруды ниет ету» дегенді білдірсе, шариғатта - арнайы уақытта яғни қасиетті рамазан айынан кейінгі айдан бастап зүлхижжа айының 10-12 күндеріне дейін арнайы мекенде яғни Сауд Арабиясының Мекке қаласында табылып, арнайы бекітілген ихрамға кіру, Кағбаны жеті айналып тәу ету, Сафа мен Маруа арасында сағий жасау, Арафада тұру, Мұздалифада түнеу, шайтанға тас ату сияқты амалдарды орындау деп түсіну ләзім. Қажылық Қажылықтың парыздығының дәлелдері Қажылықтың парыздары Арафа күні және Арафатта тұрудын сүннеттері: Зиярат тауабы (қажылықтың үш парызының біреуі) Тауап түрлері (бес түрге бөлінеді): Қажылықтың уәжіптері Уақфаның дұрыс орындалуының шарттары: Шайтанға тас лақтыру (Қажылықтың екінші уәжібі) Сафа, Мәруа төбелерінін арасында жүгіру (Қажылықтың үшінші уәжібі) Сафа, Мәруа төбелері және зәмзәм суы Шаш алу немесе қысқарту (қажылықтың төртінші уәжібі) Қоштасу (уадағ) тауабы (қажылықтың бесінші уәжібі) Қажылық сүннеттері Қадум тауабы Қажылық хұтпалары Қажылық әдептері Қажылық ғибадатының бастан-аяқ толық орындалу барысы
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 11 ай бұрын
بسم الله الرحمن الرحيم. Аса қамқор, Ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Тәлбия Тәлбия - ихрамға кірер алдында айтылуы уәжіп болған және ихрамды болған уақытта молынан қайталанып айтылатын сүннет дұға. }لَبَّيْكَ ألَّلهُمَّ لَبَّيْكَ, لَبَّيْكَ لا شَرِيكَ لَكَ لَبَّيْكَ. إنَّ الْحَمْدَ وَالنِّعْمَةَ لَكَ وَالْمُلْكَ لا شَرِيكَ لَكَ{ «ЛәббайкАллаһумма ләббайк, ләббайка ләә шәрика ләкә ләббайк, инналхамда уанни’мәтә ләкә уалмулка ләә шәрика ләк» . Қазақша мағынасы: «Аллаһым, мен сенің әміріңді орындауға келдім, сенің әміріңе бой ұсындым (2 рет). Сенің серігің жоқ, сенің әміріңді орындау - менің борышым. Күмәнсіз барлық мадақ саған тән және жалпы иелік пен нығмет сенікі. Сенің еш серігің жоқ».
@user-kr9fm3ul7t
@user-kr9fm3ul7t 11 ай бұрын
АЛЛА разы болсын ❤
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d 11 ай бұрын
Әмин баршамызға разы болсын! Ютуб арнама қош келдіңіз!
@user-ks4mp5ik2g
@user-ks4mp5ik2g Жыл бұрын
Түс көрдім түсімде таудын шынар басында турмын, шошып кетіп кайдан тап болдым деп жан жагыма карасам бойы екі метрден асатын ақ сақалы беліне дейін тарамдалган. айыр калпагы мен ак шапаны өзіне жарасып тур. жүзі жылы нур шашып тур. Маган карап балам мен Әл Әзиз Түкті бабан боламын. сен турган таудын басында Шынгыс хан жатыр. жане колын созып анау турган келесі тау осы тауга уксак. бул тау оң жак ол тау сол жак. Шынгысхан оң жак тауга жерленген деп дауыстады. жан жагыма карасам капкара ушкір таулар өте көп басында кары жок. тек екі тау гана бір біріне өте уксас хан шатыр сияқты басы иілген сүйір тау екен. ойанып кетіп катты таңкалдым. және куран багыштадым. үш күннен соң тагы тусіме кірді. жан жагыма карасам кия беткей үлкен сайдын ортасында турмын. Әлгі кісі касымда балам саган казынаны көрсетуім керек деп таягын жерге урганы солак еді жер айырылып үлкен Туркістан кесенесінін алдынгы бөлігіне уксас қақпа есік пайда болды. Темір қара есік жартылай ашылып Бабамен бірге ішке кірдім. ішінде бір бірінін үстіне екі катар жиналган кара кумыраларды көрдім. 40×40 см шамасында жалпак кумыралар аузы кең. арасында ірі кумыраларда бар. санын айту киын өте көп өрмекші торлап тастапты ішіде кең. Әл Әзиз түкті баба маган карап балам бул жерде жеті жүз кумыра қазына жатыр деп ғайып болды. мен оянып кеттім. интернеттен атын жазып іздесем осы бабанын атына уксас сиякты. бірак казына турган жерді тусім болсада жан жагыма карап ол жерді жаттап алдым казган мен казына барма жокпа олжагы Аллага аян шыгар
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d Жыл бұрын
Қазынаның бәрі,ең жақсысы Алланікі. Жақсы амалдар жасап, тура жолда болсаңыз. Иман келтіріп, намаз оқып, ораза ұстап, садақа беріп, Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.с салауат айтып жүріңіз. Алланың 99 көркем есімін жаттап. Құран кәрімнің 114 сүресін үйреніп. Салиқалы ұрпақ тәрбиелеп. Ешкімнің хақысына кірмесеңіз болды. Ең бастысы көркем мінез.
@ganimuratbaev6326
@ganimuratbaev6326 Жыл бұрын
Шүкір Аллаға
@user-dn1il3vg1d
@user-dn1il3vg1d Жыл бұрын
Азиз турады аитындаршы отинемн
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d Жыл бұрын
Осы видоның астыңғы описаниясында жазылған
@user-cc8wk3si5d
@user-cc8wk3si5d Жыл бұрын
kzbin.infoghtPLqztR7A?feature=share