Open Air
0:38
4 жыл бұрын
Пікірлер
@user-kf9yx4zh1z
@user-kf9yx4zh1z 23 күн бұрын
Керемет
@user-ze6cr5vy8u
@user-ze6cr5vy8u Ай бұрын
алла разы болсын әдемі түсірген екен , кейбір қорымдардың қай рудан екенін атамай өткен бұл тарих әрбір келер ұрпақ менің бабам менің атам жүрген жер деп алаңдап отырадығой ,өзідеріне керекті жазған мақсаты орындалыпты Байғанин ауданын түгел қамту керек еді...
@zhanibekkulkanbaev9276
@zhanibekkulkanbaev9276 3 ай бұрын
АсауБарақ батырдың басына түнедіңдерде ол батырлар туралы ештеңе айтпадыңдар.
@OTARBEK_BAIGANIN
@OTARBEK_BAIGANIN 3 ай бұрын
❤❤❤
@user-kt6dy1po5s
@user-kt6dy1po5s 3 ай бұрын
Мен Адаймын оси жерде өз атам топрагын басқаны рахмет жаным козиме жас кедди
@user-kt6dy1po5s
@user-kt6dy1po5s 3 ай бұрын
Атамыздың топргагы
@user-vv9iq6ed6r
@user-vv9iq6ed6r 4 ай бұрын
Не удачный клип. Это говорит Темирчанин. Не те фото
@user-gq8tk2mw8j
@user-gq8tk2mw8j 4 ай бұрын
ЭСсОжырай. Рыскулдің. Шежіресі. Таңбасы. Керек. Еді
@user-wn7sd6rs6d
@user-wn7sd6rs6d 5 ай бұрын
Осы жаққа апаратын керуен барма екен а.зиарат етуге.
@user-wn7sd6rs6d
@user-wn7sd6rs6d 5 ай бұрын
Осы жаққа бару керек екен.керемет.
@user-er2sh5lc5m
@user-er2sh5lc5m 9 ай бұрын
Табына ауданы
@user-hu9do2cv8k
@user-hu9do2cv8k 10 ай бұрын
Доңызтауда Адай Тәзіке жауырыны жерге тимеген ШАҒЫРАЙ ЖОЛМАМБЕТ палуандар туып өмір сүрген шағырай сал жерде жерленген Өзбек және түрікпен палуандарымен күресіп жеңіске жеткен сегіз рыс Адайдың Тәзікесі Тәзікенің Өтейінен тарайтын Есім ауылынан.
@user-wy4nl1fk3i
@user-wy4nl1fk3i 6 ай бұрын
Жер атауы Доңыз тау емес, Доңызды ау, жылдам айтылғанда Доңыздау болады. Тау доңызға айналмайды, Доңыз тау бола алмайды. Шошқасы көп жер. Доңыздаудың бір тауы Шағрай деп аталады. Қазір ол таудың үстінде тек Шағрай бйтінің орны ғана бар. Ол кісінің мүрдесі Москва ның МГУ нің архиология факультеті нің қорында. Қорапша қалбырда ЧОГРАЙ деп белгіленген. Қазылып алыну себебі ол кісі, СССР өңірінде жерленген адамдардың ішіндегі ең бойы биігі болғандықтан. Ел аузындағы аңыз бойынша кенеттен қайтыс болған, - 60 киік атып алдым, ақ атанды алып келіңдер деп қатты даыстаған екен. Айқайлаған дауысын көш жерлік қашықтық тан келіні естіп барған. Сөйтіп атасының қазасын көрген дейді.
@dilmukhamed
@dilmukhamed 11 ай бұрын
Экспедицияны әлімдерге бұрмалап жасаған екен.
@user-wy4nl1fk3i
@user-wy4nl1fk3i 6 ай бұрын
Ол жер бұрын әкімдер жері болған. Табандары әлімдерден 4000 ба әлде 7000 ба жылқыға сатып алған деседі.
@user-po1rl3sy8v
@user-po1rl3sy8v Жыл бұрын
Хватит врать . С 1992 года мы там были
@user-xr4lh5ik2m
@user-xr4lh5ik2m Жыл бұрын
Қандай керемет.кен байтақ əдемі жеріміз.😊🙏
@user-wy4nl1fk3i
@user-wy4nl1fk3i Жыл бұрын
Көрме бейне авторына қойатын кінә жоқ. Бірақ бір көріністі екі хабар кездестіріп едім. Екуіндеде Доңыздыау жері Доңызтау деп аталған. Ол өлкені көрме бейне авторын былай қойғанда Өңірді зертеуші тарих шыларда, қазіргі Оймауыт жерінің тұрғындары да Доңызтау атауын қолданып жүр. Оған себеп орыстар қолданған Донгустау атауы топонимдік сөзге айналғаны нан болуы мүмкін. Сондықтан бүгінгі Оймауыттықтар ауыл үлкендерінен ата қоныстарының атауын сұрап білсе екен деймін. Сөз жоқ 1939- 1951 жылдары лүниеге келгендердің бәрі де әке шешелерінен, Доңыздыау немесе Доңыздау деп естігендерін айтар хақі. Бұл біздің ата бабаларымыздың жер атауын бұрмалап жібергені емес, ежелден келе жатқан жер атауын жалғастырулары деп білуіміз керек. Доңыздыау бірнеше рулы елге мекен болған жер. Доңыздыау атауы ескі грамматика тұрғысынан қарасақ таңдануды білдіреді. Доңыз- дыау немесе Доңызды- ау болып келер еді. Таудың доңыз болмайтынын, доңыздың тау бола алмайтынын ескеруіміз керек сияқты. Доңыздау жеріндегі Құтым,Жапырық бауырайында келетін жазықтық тың өзіндік атауы қара көл. Басы таскешуден басталады. Көктемгі қар суы оңай бек жерін айнала өтіп ақ тұмсық, жыланды өзек жеріне тіреліп тас қабақ арқылы жарман көлі жаққа өткен. Доңыздыаудың қара көл, ақ бидайық деген бөліктерінде су қайтқаннан кейін бидай егіні егілген жерлер. Уақытысында Доңыздыау аудандық маңызы зор болған жер. Бидай өнімі тек аудан өңірінде де емес сыртқа да тасымадлдаған. Доңыздаулықтар алғаш рет машинаны 1949 жылы көрген, тасқабақтың бидай қоймасынан 1жетіден аса уақыт орыстар бидай тасыған. 1950 жылдардың басында мектеп жанынан пансионат интернат ашылған. Ол аудан орталығы нан көшірілген интернатта тек Байғаниндік емес көрші темір ауданның балдары да келіп оқыған. Бұған себеп Ауданда тасымалдау көлігінің тапшылығынан болар. Аудан басшылары пансионат интернатты тамақ пен қамтамасыз етіп жүрген жерге көшіруге мәжбүр болған деп түсінуіміз керек. Бейне көрмеде, авторлар Оймауыт аулына бет алдық десе де ол ауыл туралы мағлұмат жоқ болды. Оймауыт өңірі бас Оймауыт, орта Оймауыт және үлкен Оймауыт болып бөлінеді. Оның ішінде жалпақтіл табын руынан шыққан, қазіргі Оймауыт орта мектебіне аты берілген ақын Сағи Жиенбаевтың туған жері бас Оймауыт екені аталмай қалды. Оймауыт өңіріндегі қорымдардың көпшілігінің адай руының қай тармағына жататыны да ашылмай қалды. Шамасы Доңыздыау дан Оймауыт аулына сыртқы жолмен келген бояулары себеп болғандай. Оймауыт жерінде Қарашбай атты бай адамның өзін жылқыларының өрісіне жерлеуді сұрағанын Оймауытықтар біледі және жалғыз жатыр деп ойлайды. Қарашбай бейті құм ішінде жалғыз емес оның жанында да жерленгендер бар, індет аурулардан қайтқан адамдар болуы мүмкін. Ондай шағын бейттер үлкен ақ құдық сыртында да бар. Оймауыт жеріндегі қорымдардың көпшілігінде 40 мылтық тармағының таңбасы болса Қостанай лық 40 мылтықтыларда өздерінің ата қоныстарын білер еді
@user-wp4ns3nn7e
@user-wp4ns3nn7e Жыл бұрын
Мен әкемнің анасын Бұлым әжемді,көрмедім. Ертеде бес қызы тұрмай шетінеп,жалғыз ұл,әкем Тіркешті өмірге әкеліп,өзі төсек тартып,ауырып,қайтыс болыпты. Балықшы руынан екен.Байғанинде ағасының Аманжол,Амангүл деген ұлымен қызы тұрады екен. Әкем көрпе,бәйімбет,Қойлыбайдың баласы. Әкемде он үш жасынан,бугалтьр жұмыс жасап,қырық жасында қайтыс болды. Мен тұрмыс құрып,өзім әже болғанда,қатты жүрегім шымырлайды,өз әжем Бұлымды сағынып,қандай әже болды екен деп,ойлаймын. Шешемнің әкесі Атағұл нағашымда,ерте қайтқан,Қарауылкелді стансасы,Байғанин ауданда тұрған,руы Өрезек,ЕрҚосай. Шешем,нағашым,өзге фамиляда қалған.Байғанин мағанда ыстық көрінеді. Әжеммен,нағашымның,топрағы торқа болсын,иманы жолдасы болсын...
@user-tn9db7ce5b
@user-tn9db7ce5b Жыл бұрын
Керемет түсірілім! Ата баба рухына құран бағыштағанның өзі неге тұрады. Көбі Адай және Ожырай руынан екен. Бірақ әлі талай сырлар жатыр ғой, бұл кең далада. Бір демалып қалдым.Керемет әсер алдым
@user-sd6ud2nd3z
@user-sd6ud2nd3z Жыл бұрын
Ақ шоқы -Ақ тақыр ,Ақ тау . Өзбекстан тамды ауданында бар тап осылай
@bazarbaysariev549
@bazarbaysariev549 Жыл бұрын
Оймауытта табын каражон болат тока руынан агайындар барма
@zamerzzamerz9436
@zamerzzamerz9436 Жыл бұрын
Ассалаумагалейкум, Табынның соңғы биі Тәжібай ұлы Зейнулла (атын атамай Жидебай атаған) Киелі Доңызтаудан. Әлі де Доңызтауда Тәжібай үйі бар .ТАБЫН ,ҚАРАЖОН .
@user-gi2gs6kv2t
@user-gi2gs6kv2t Жыл бұрын
Құдабай күйеу баласы емес Дәуімшардың інісі Сармыс батырдың баласы.
@user-ic6ye6xd9k
@user-ic6ye6xd9k Жыл бұрын
Сабина Алтынбекова желаю удачи
@user-nv8cm4pg7p
@user-nv8cm4pg7p Жыл бұрын
Бул..... бьздьн... атабамыздын... шыкан... туып... Оскен.... жерь.. Баигаиы.. жерь
@user-fn8lk2id2f
@user-fn8lk2id2f Жыл бұрын
Казахская ССР МОЯ РОДИНА АКТЮБИНСК БЫВШИЙ АКТОБЕ...
@user-fn8lk2id2f
@user-fn8lk2id2f Жыл бұрын
Актобе большая деревня ,и никогда не станет мегаполисом.Поверьте никогда .Большие города в Казахстане только Алма-Ата (Верный),Целиноград(Астана),Караганда,Чимкент.
@user-uo8ne9ou3o
@user-uo8ne9ou3o Жыл бұрын
Шұбарым менің
@user-is9js3pt3o
@user-is9js3pt3o Жыл бұрын
АЛИМ Карасакал ата осы жерде жерленгенба агайындар билсениздер айтып жибериниздер
@mussinss6770
@mussinss6770 Жыл бұрын
боже мой там что на калькуляторе монтируют видео Скиньте мне исходники я сделаю нормально
@user-hx1dn3cm1j
@user-hx1dn3cm1j Жыл бұрын
Ой жарыктык ата бабага тиеберсин ұрпақтарын желеп жебеп жатсын, Адай Тобыш Бегей ұрпағымын репрессияда аталарымыз Байганин елді мекенинен Туркменистанга қоныс аударған, осы Бегей атамыздың тұкымынан деректер құлпытас барма ким биледи
@user-wy4nl1fk3i
@user-wy4nl1fk3i Жыл бұрын
Жалпы бұл өңірдің бұрын теңіз табаны болуы мүмкін деген сөз дұрыс. Каспиден алыстағы сам, матай жерлерінен балық қаңқаларың табылуы, Ақтау жерінде акула балықтарының тістерінің жиі кездесуі және өзім де оймауыт жерінен акуланың тісін көрген мін. Байғанин жерінен күріштей әпақ үш бұрышты тіс кездестірсеңіздер, оны акула барлығының тісі деп түсініңіздер. Бейнеде көрсетілген доңыздау жері уақытысында бір емес жеті ел мекендеген жер екен. Соңғы тұрақтаған ел біздің табын руы. Жерді әлім руынан 4000 ба әлде 7000 жылқыға табынның құрман руынан шыққан Әлке Бәлке атты адамның басқаруымен сатылып алынған деп естігенмін. Әлке Бәлке патша үкіметіне де сыйлы болған адам көрінеді. Табындардың негізгі ата қонысы Асау, Барақ аталарымыз жатқан жер. Жер ұйғын іздеген Асанқайғы бабамыз Доңыздау туралы былай деген екен, -- тауың теріс біткен жер екенсің әйтпесе жесір әйел мың қой айдайтын жер екенсің. 1958 жылы үкімет шешімін орындау мәселесімен елдің доңыздаудан оймауытқа көшуі басталды. Сол себеппен осында келтірілген Жанкелді ақсақалдың, - енді жоқ бізге Доңыздау әні де пайда болды. Өйткені туған өлкесін қимаған жалғыз жәкең ақсақал емес бүкіл ауыл еді. Сондықтан Жанкелді ақсақалды өз көңілімен бүкіл ел көңіліңдегі ой ды толғап жырлады десекте болады. Оймауыт жерінің жағдайы жауын жаңбырға тәуелді жер. 194.. жылдардың аяғына таман шаруашылығын дамыта алмаған Аманкелді колхозы Қостанай обылысына көшірілген. Көршілес ауылдың көшкені себеп болған болуы керек Доңыздаулықтарда үкіметке ұсыныс жасаған деген әңгіме бар. Ел көшіріп оларды орындастырудың да өзіндік мәселелері бар. Сондықтан болар 1949 жылы республика басшысы Нұртас Оңдасынов аулымызда туып өсіп, кейін жоғарғы білім алып, республикамызда аудан, облыс партия комиттерінің бірінші секретары болып қызмет еткен Нұрдәулет Күзенбаев ағаймен бірге елге келіп, көшпеу туралы үгіт насихат жүргізгені. Нұрдәулет ағай аулымыздан шыққан азаматтардың ғлыми атақ қорғағандарының ең біріншісі. Сол жүргізілген үгіт жұмысы жерде қалмай доңыздау да 1952 жылдары өзі ақпалы артезиан сулары пайда болған. Сөйтіп Доңыздау сулы шұрайлы жерге айналған. Бұны елімізге еңбегі сіңген Нұрдәулет ағамыздың туған жеріне тартақан сыйы деп түсінуіміз керек. Үкіметтің елді сулы жерден шөлейт жерге көшіруіне себеп болған жәнә ұзақ уақыт құрылысы тоқтап қалған жәйт. Бүгінгі үстірт үстімен өтетін Ташкент<-->Екатеринбург жолы. Әскери стратегиялық мәні зор деп қарастырылған. Өңір шөлейт әскери құрылыс бөлімі тұрақтайтын сулы жер тек доңыздау болған. Әрине ауданның ең бай колхозының жем өзенінің жағасынан орын алмай шөлейт жерге тұрақтағаны басқа мәселе. Ел әр түрлі ой айтады, меніңде олармен келіспейтін, басқарушы болған ағаларды жақтайтын өз пікірім бар!? Жалпы аталарымыздың ата қонысымыздан ауып Доңыздауды мекен еткен жәйітті қазіргі ауыл үлкендері білер. Әсіресе ең үлкеніміз Мұстафин Сағынбай ағайдан сұрау керек. Мен үлкендер арасында болған тиіп қашты әңгімелерден есімде қалғанын келтіріп отырмын. Доңыздау көрінісінде Жапырақ пен Құтымға қарай жайылған, таскешу мен шектелетін Қаракөл, таулардан шағырай мен бес төбе аталмай қалды. Қара көл 1930 жылдары аулымыз бидай еккен жер. Тіпте Доңыздау ға қай жағынан барғандарында біләлмай қалдым. Таскешу, Мәні,Шаған дегендеріне қарай Шалқар жағынан келді ау деп есептедім. Зымыстан жағынан келсе өзінше ерекше боп көзге түсетін бес төбе де көрініске түсер еді. Шер қала жерінің аталуы күйдірілген кірпіштен салынған үйлердің орны бар деп естіген едім. Бір осындай көрме бейнеде, орыс мемлекеті әуелі, әскери қамал бекініс салмақшы болған жер деп. Кейін тиімсіз деп тастап кеткен. Мына көріністе тек бір биік төбе ғана көрінді. Дәуімшар мен Құдабай туралы есімде қалған әңгіме. Олар бір орыс әскер тобымен екі рет соғысқан; біріншісінде теңбе тең, екіншісінде екеуіде қаза болған. Екінші шабуылды қол астындағы адамдардың көңілін қалдырмайын деп бастаған дейді. Кейін ел аузында, -- Дәіуімшармен мен Құдабай қол астыңның аздығы на қарамай. Кек алам деп жауға қайта шаптың шыдамай деген сөз қалған. Қарасақал әулие туралы естігенім, қой бағып жүрген қойшы көріпті. Кейін өріс бағытын өзгертседе бұзылмаған күйінде әр жерде алдынан көрініп жата беріпті. Содан ол жағдайды қойшы елге айтқан деп естіп едім.
@user-tw3ze7du9l
@user-tw3ze7du9l Жыл бұрын
Раноға Шоханова Гульназ Орынбаевнаға🤧🤧😢🤢Тиеберсін Ата-бабаларымыздың рухына
@user-tw3ze7du9l
@user-tw3ze7du9l Жыл бұрын
Город Ақтау Маңғыстау 5живу 524кв Мыжыков Айтан Бердігалиев Салам всех братам👏👏👍👍👍
@user-yx7zm1gi5l
@user-yx7zm1gi5l Жыл бұрын
Так какое количество КРС в советское время было около десяти тысяч. Недавно ездил в комсомольское так там нет ни одной кашары о каком развитие можно говорить,просто бред.
@user-cl4cq9yd6j
@user-cl4cq9yd6j Жыл бұрын
Мен де осы Байғанин ауданы Жарқамыс ауылында дүниеге келгенмін, ата бабамның да ата - анамның да өсіп өнген жері, мәңгілік мекені іболып қалды . Осындай тари бар табиғаты әдемі көркем жерлерді біздерге қалдырып , , Қазақ елі АЛЛАҒА АМАНАТ '' деп кеткен батыр , ғұлама , әулие ишан бабаларымызға рахмеет ! Жатқан жерлері жайлы болғай , ұрпақтарыңызды желеп жебеп жатқайсыздар ! Ерекше алғыс экспедицияның жұмыс жасауына қолдау білдірген Нұржан ағаға рахымеет !
@user-xs1jw3bk1d
@user-xs1jw3bk1d Жыл бұрын
Керемет 🇰🇿👍💯 Алға Қазақстан
@galymkurmangalyev6894
@galymkurmangalyev6894 Жыл бұрын
Рақмет
@user-md3rz2yn9w
@user-md3rz2yn9w Жыл бұрын
Ассалаумағалейкум Ақтөбе Алибест қазақша сөйле білмесең үйрен Нағашым Әлім Ақ Кете
@kkfinancekek7319
@kkfinancekek7319 Жыл бұрын
Ақтөбе обылысының төменгі жерлерін Маңғыстауға беру керек, Маңғыстау облысында мал жайылым жерлері жоқ
@user-wy4nl1fk3i
@user-wy4nl1fk3i Жыл бұрын
Қазіргі жер жекеменшікке өткен уақытта ол мүмкін емес шығар. Қарасаң бос жатқандай болғанмен бір күректік шұңқыр қазсаң иесі келіп қалуы мүмкін. Бұл өзі ертеден келе жатқан мәселе. Маңғысталықтар жасырын келіп қой бағып жүрген. Оларды кейін күштеп көшіргенді естігенімде ойлатын мын. Бір мемлекеттің малы емеспе неге көшіреді деп. Жерді жеп қойады деп жатқандары еститінмін . Олжерге біздің ауыл мал жайғанын көргенім жоқ. Ауыл орталығынан алыста болатын.
@zamerzzamerz9436
@zamerzzamerz9436 Жыл бұрын
Әй адай ,қазақтың жері ортақ , былық салмай әрі жүр.
@user-wy4nl1fk3i
@user-wy4nl1fk3i Жыл бұрын
@@zamerzzamerz9436 ие сөзің дұрыс, бірақ кейбір жерлерде қарапаыйм халық малын жайлымға шығара алмай қорада ұстап отырған жағдай лары бар. Алпауыттар жерді сатып алып иемденген, мал жайуға ұлықсат бермейді. Маңғысталықтың айтқаны жәй сөз оны үкімет елемейді де.
@bolatbeknurmagambetov4040
@bolatbeknurmagambetov4040 6 ай бұрын
​@@zamerzzamerz9436әй адай дейтін сен кімсің
@user-banu63
@user-banu63 Жыл бұрын
Керемет
@user-lx9vh6xh3y
@user-lx9vh6xh3y Жыл бұрын
Менинде аталарым Байганин ауданы 10 ауыл шыгар атамнын аты Жолдас кажылыкка 2рет барган 3рет барам дегенде ауырып калган Жумагали ишаннын касында Мешит салдарган бала окыткан кудыгы бар дейди шоберелери барып 3рет зираттаган руы табын шомишти кожамкул ажым'менде шобереси болам Актобеде турам Жолдасова Сания Сол жерде Адайлар мал багады деп акем айткан ол1978 зираттага Жолдасов Азижан немереси ,Кудыгын корген,Мешит кулап калган Сол жерде койымшылык бар ,сонда кулыптасы арапша жазылган бизде тагзым етемиз Оймауыт жерине
@user-ks8gg2hj1t
@user-ks8gg2hj1t Жыл бұрын
Шешенсінген қатынды итің көтіней жек көрем
@kereiqazaq1637
@kereiqazaq1637 Жыл бұрын
Керемет
@lylove_many4652
@lylove_many4652 Жыл бұрын
Өкімет осындай жерлердің барлығын зертеу керек,мектеп,жоғары оқу орындарында оқыту керек
@bekbolat3592
@bekbolat3592 Жыл бұрын
Маңғыстаудың жеріне ұқсайды екен
@user-ds8yh6hs1u
@user-ds8yh6hs1u Жыл бұрын
Данагүл сенің жүрген жеріңнің бәрі Табынның жері...Ал сен Асан Қожамен Асау Барақ бабаларымыздан басқа Табынды Неге айтпайсын....Адаймен Әлімнен басқа Ел жасамағанба сол Байғанин аумағында??..Доңызтаудағы қорымдардағы Табындарды Неге айтпайсын...Оймауыт өңіріндегі Дошеке (Досеке) Хазіретті Неге айтпайсын....
@user-vu9ph5yo7e
@user-vu9ph5yo7e Жыл бұрын
Қырықмылтық руы , Орта жүз арғынға жатады .
@azamatakhmedov1792
@azamatakhmedov1792 Жыл бұрын
Қайдағы Қырықмылтық дегеніміз ол Адайғо кіші жүз. Қайдағы орта жүзді айтып отсың.
@user-uf9sc2ck6r
@user-uf9sc2ck6r Жыл бұрын
Адай-Мунал-Шоғы, шоғы бұл кырыкмылтык кәтелесбе
@bekbolat3592
@bekbolat3592 Жыл бұрын
Қумаш Адай Келімберді Мұңал Шоғы (Қырық Мылтық) Шоғы батыр Абылайдың оң қолы болған Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи қорымында жерленген
@user-tp4uo4fj6v
@user-tp4uo4fj6v Жыл бұрын
Арғынның ішінде Қырықмылтықтар бар. Шағын ру. Қостанайдың Ақтөбемен шекаралас аудандарында тұрады. Адайдың Мұңал тайпасынан тарайтын Қырықмылтықтаран бар заманда бөлініп қалып, уақыт өте келе Арғынның ішінде қалып қойған. Қисын осылай дейді, өйткені Адайдың Қырықмылтығы Адайдың саны жағынан ең өскен ауылы болса, Арғынның ішіндегі Қырықмылтықтар саны аз ру.
@user-wy4nl1fk3i
@user-wy4nl1fk3i Жыл бұрын
@@user-tp4uo4fj6v ол ағайындардан сұрап көріңіз. Олар ОЙмауыт жеренен Қостанай обылысына көшірілген адайлар ұрпағы болуы мүмкін. Араларында келу тарихтарын естіген үлкендер болуы мүмкін. Мәліметтерді аудан архивтеріне ізденіс сұрау салуға болады ғой. Оймауыттан (Аманкелді клхозы) ->Қостанай облысына шамасы отан соғысынан кейін көшкен болуы керек. Бүгінгі Оймауыттықтар,-- Оймауыт энциклапедиясы деген кітап шығарған. Сол кітапта Тайщыбаев Тәжиғали деген кісі тұралы мағлұматты сұрастырсын. Ол кісі Аманкелді колхозында басқарма болғаны жазылған. Дерек керек десе осында жазсын мен кітап иелерінен сұрап жауап жазамын.
@user-xk2wy2pp5i
@user-xk2wy2pp5i Жыл бұрын
Байғанин ауданында 1987жылы экспедицияда болгам Карауылкелдыден Жаркамыс арқылы Оймауыт Шоптыкол Дияр ауылдары бар Майор деген лақап аты бар быр чабан кісі болған Бір жақсы адам еды есімізде Сол кезде Актобеге кукурузник ушушы еды
@user-jt7wx7wz4c
@user-jt7wx7wz4c Жыл бұрын
Оте тамаша жiгiт кезiмде ан аулап журген жерлер еске тусiрiп бiр жасап калдым коп коп Рахмет. Оте керемет Бiр жасарып калдым.
@user-wy4nl1fk3i
@user-wy4nl1fk3i Жыл бұрын
Ол кісінің аты жөні Таңсықбаев Сағынбай, марқұм ды ел степной майор дейтін. Ол өңірде капитан да адам болған.
@user-tw5pr6bz7p
@user-tw5pr6bz7p Жыл бұрын
Менің əкем кенже баласымын Степной Майор Сағынбайдың атым Қуаныш доңызтауда жыланды өзек па жылан төсек па сол жерде туғанмын бес алты жастағы кезімде əкем сол жерге апарып аунатқаны есімде жершіл болсын деп 1980 ші жылғы мын
@user-wy4nl1fk3i
@user-wy4nl1fk3i Жыл бұрын
@@user-tw5pr6bz7p ол жерді жыланды өзек деп атайды. Майордың тұңғыш баласы Жетпісқали. Ағаңның атын жер атын білетініме күдіктенбесін деп келтіріп отырмын.
@user-tw5pr6bz7p
@user-tw5pr6bz7p Жыл бұрын
@@user-wy4nl1fk3i Ассалаумағалейкүм! Рақмет
@user-xi5wy4yh4e
@user-xi5wy4yh4e Жыл бұрын
Қайран.елім көріп.қуанып қалдымғой.
@user-lx8yi6ws2b
@user-lx8yi6ws2b Жыл бұрын
جاراتقان جانىن جاناتتا بولسىن قازاعىم اي
@user-lz1pd4kt4n
@user-lz1pd4kt4n Жыл бұрын
Ұрпағым қыздарым қараға тиіп кіндігім қарайды дегені өтірік енді шын осыны аитқан болса мен құрметтей алмайды екем Ұрпақтарын тек қожаларға ғана бергісі келсе ол онда қазақ емес егер өтірік тарих жасап осыны жазған болса сол ұрпағы қарғысқа қалады