1. Орхидея жыл бойы гүлдейді, гүл ашып тұрады.

  Рет қаралды 7,160

Алтынай Досанова

Алтынай Досанова

Күн бұрын

Сәлеметсіздер ме, мені тыңдаушы гүлсүйер қауым!
Орхидея гүлі жыл бойы гүлдеп тұру үшін оны дұрыс суарудың маңызы зор екен.
Менде сары түсті гүлі бар орхидея бар. Бұл гүлді 4 жыл бүрын келінім наурыз мейрамына гүлдеп тұрған кезінде сыйға тартқан болатын. 4 жыл бойы жылына бір рет қана гүлдеп келді.
Өзім де ойлайтынмын солай болуға тиісті шығар деп. Биыл да мамыр айында түйін тастап, маусым айында гүлдері бірінен соң бірі гүл аша бастады. сол айдың соңына дейін екі бұтаққа шыққан 8 түйін 8 гүл ашты. Қазір қазан айының ортасы. Сол гүлдер міне 4 айға жуық гүл ашып тұрды.
Бір апта болды, гүлдері солып түсе бастады, бүгін міне бір ғана талы қалды. Гүлдермен бірге Қабаттасып жаңа түйіндер де қалмай шығып келеді. Сондықтан орхидея гүлімнің керемет жаңалықтарын сіздермен бөлісу үшін осы видеоны түсіруге тура келді. Өйткені бүгін бір тал гүлі қалған кезде түсірмесем, гүлі түспей жатып бүршік түйіндегенін қалай дәлелдемекпін, сіздерге?. Сенбеулеріңіз де мүмкін ғой. Дұрыс емес пе? Міне, гүлдер түсіп бітпестен, бірнеше түйін салып та тастады. Тіпті биыл гүл шықтаған екі бұтағы бар еді. Оларға да түйін шығып келеді.
Сонымен, Орхидея гүлі жыл бойы гүлдеп тұру үшін не істеу керек? Соны айтайын. Күнделікті тағамға қолданып жүрген кәдімгі сарымсақ (чеснок) бар емес пе, соның тамаққа қолданғаннан қалған қабығын қоқысқа тастамай, 1 л суға 1 күн салып қойып, ертесіне сол сумен орхидеяны суару керек. Суарар алдында гүл ыдысы сиятындай ыдысқа орхидеяны салып, содан кейін үстінен сарымсақты суды құйып суару керек. Сонда орхидея тамырлары суды жақсы сіңіріп алады. Және арасындағы ағаш қабықтары да суды жақсы сіңіріп, орхидеяның ылғалдылығын бірқалыпты сақтап тұрады. Міне бар құпия осында! Орхидея гүлі ұзақ сақталады және гүлдеп болмай жатып, қайта жаңа гүлдер шығу үшін бүршік ата бастайды. Сөйтіп, орхидея жылына 2-3 рет гүлдеп, үй ішінің сәнін келтіріп тұрады, әрі үй ішіндегілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап тұрады. Орхидея гүлімнің келесі өзгерістерін тағы да түсіріп саламын.
Орхидеяның жыл бойы гүлдеп тұрудың екінші жаңа әдісін тағы да өз тәжірибемнен әбден өткіздім. Орхидея керемет гүлдеп тұр. Жақында сол видеоны жарияламақпын. Қалдырып алмауларыңызды сұраймын.
Тіркеліп барып көруді кеңес берем. Ондағы мақсатым - кейінгі жастарды, үлкендерді табиғатқа аз да болса жақындата түсіп, бір мезгіл үйде түрлі гүлдерді, экзотикалық жемістердің дәндерін өсіру арқылы оларды еңбекке үйрету, табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру, телефонда ұзақ отыра бергенше. Олардың тамыр, сабақ, жарырақ шығарғанының өзі балағада, үлкендерге де өте қызық. Әсіресе біз жақта өспейтін экзотикалық жемістерді өсіру.
Өсімдік - бұл өсудің, тазалықтың, денсаулықтың кепілі. Үлкендер тіркеліп балаларға да мүмкіндігінше көрсетіп қойыңыздар, олардың табиғатқа деген сезімін бірлесе оятайық. Барлығы сіздер үшін!
#Орхидея
#орхидеяөсіру
#орхидеяжылбойыгүлдеу
#орхидеясуару
#круглогодичноецветениеорхидея

Пікірлер: 29
Angry Sigma Dog 🤣🤣 Aayush #momson #memes #funny #comedy
00:16
ASquare Crew
Рет қаралды 51 МЛН
GIANT Gummy Worm Pt.6 #shorts
00:46
Mr DegrEE
Рет қаралды 40 МЛН
Win This Dodgeball Game or DIE…
00:36
Alan Chikin Chow
Рет қаралды 15 МЛН
ПРИКОЛЫ НАД БРАТОМ #shorts
00:23
Паша Осадчий
Рет қаралды 5 МЛН
Жаңа ДОЛЛАР ГҮЛіН ТЕЗ ӨСІРУ ҮШІН
12:55
ШЫНАР АСИМОВА. ХОББИ АРНА
Рет қаралды 18 М.
Қыстағы фикус гүлін өсіру. Выращивание цветок фикус. Уход в домашных условиях.
11:01
Гүлдер күтімі. Цветы в доме. Комнатные растения.
Рет қаралды 12 М.
как ОБРЕЗАТЬ ЦВЕТОНОС у ОРХИДЕИ, надо или нет?
9:14
Георгий Горячевский
Рет қаралды 395 М.
ORCHID DOESN'T LIKE THESE 5 THINGS! I REGRET that I didn’t know about this EARLIER!
21:56
Цветочные советы от Елены
Рет қаралды 754 М.
ORCHIDS ARE VERY EASY TO TRANSPLANT // detailed video of phalaenopsis transplantation
24:09
Георгий Горячевский
Рет қаралды 4,9 МЛН
Angry Sigma Dog 🤣🤣 Aayush #momson #memes #funny #comedy
00:16
ASquare Crew
Рет қаралды 51 МЛН