Рет қаралды 490
“Қыдырман тойтық” атты бөлім басында Қанаттың әпкесі Нәзираның аяқ-асты үйіне келіп, әжесінің батасын алып, үй ішімен, ауыл-аймақпен қоштасып, тапсырма бойынша соғыс болып өткен қаланы қайта қалпына келтіру үшін құрбысымен бірге жолға аттанады.
Қыдырман Нәзираның бірге оқыған сыныптасы болғандықтан Нәзирамен ол да қоштаспақшы болып келеді. Тойтық деп аталу себебі аудиокітаптың сол бөлігінде түсіндіріледі. Сол түні Зибаш қылмыңдап Қыдырман тойтықты өзіне қаратып алады. Сөйтіп олар көңіл жарастырып, бақыттан бастары айналып жүргендеріне ұзақ уақыт та өте қоймайды, сол бақыттарын Байдалы шал мен шолақ қол өкіл Әлтаев бұзады. Енді қос ғашықтың тағдыры не болмақ? Аудиокітаптан тыңдаңыздар🤗🤗🤗