Рет қаралды 14,578
Ыдырыс пайғамбар қиссасы
Ыдырыс «дәрісті көп оқыған» дегенді білдірді. Құдай оған он қасиетті нәсіп етті. 1. Пайғамбарлық. 2. Ғалымдық. 3. Жазу ғылымын жасады. 4. Зергерлік. 5. Қару-жарақ жасады. 6. Соғыс өнерін жетілдірді. 7. Соғыс тұтқындарын өлтірмеу, қорламау тәртібін ендірді. Содан бастап тұтқынның құлақ-мұрнын кесу, мәйіттерді кескілеу, оларды жерлетпеу қылмыс болып саналды. 8. Киім тігуді үйретті. 9. Кәлима айтып, көпшілікті иман нұрымен баураған. 10. Пейішті аралап, сонда қалып қойған. Қиямет-қайымға дейін ол - сол жерде тірі болатын төрт пайғамбардың бірі.