1993 жылы 12 қарашада Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық валютасы - теңгені айналымға енгізу туралы Жарлық шығып, 15 қарашадан бастап ұлттық валюта ел тәуелсіздігінің экономикалық негізіне айналды. Міне, 29 жыл осы күн - Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күні болып аталып өтуде. Барлық қазақстандықтарды, жерлестерімді, қаржы жүйесінің қызметкерлерін - Ұлттық валюта күнімен және кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің валютасы күннен күнге нығайып, әрбір отбасына молшылық пен құт-береке әкелсін.