16 жастағы студент қыздың өлімінде бір құпия бар

  Рет қаралды 5,942

Информбюро 31

Информбюро 31

Ай бұрын

БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Жетісу облысында 16 жастағы қызынан қапыда айырылған ата-ана тергеудің әділ әрі ашық жүргізілуін талап етеді. Себебі, қара жамылған отбасы студент қыздарының уланып көз жұмғанына сенбейді. Зарина Берікова бір ай бұрын инновация колледжінің жатақханасында есінен танып құлап, ауруханаға жетпей жүрегі тоқтаған болатын. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша бойжеткен белгісіз заттан уланған. Бірақ марқұмның туыстары оқу орнының басшылығы бір нәрсені жасыруы мүмкін деп топшылайды. Толығырақ қайғыдан қан жұтқан отбасымен өңірдегі әріптесім Диана Тұрлыбек тілдесіп қайтты.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бүгінгі шығарылымда:
Қызын бір ай бұрын жер қойнына тапсырған ананың жүрегі қайғыдан қан жылайды. Отбасын жалғыз асырап отырған әйел "арманмен оқуға аттанған перзентім, үйге табытпен оралды" деп көз жасы көл болды. 16 жастағы Зарина Берікова 28 ақпанда жатақхананың бөлмесінде қайтыс болған. Қайта-қайта есінен танып құлаған бойжеткеннің ауруханаға жетпей жүрегі тоқтапты.
ЖАЗИРА ТОҒАСБАЕВА, марқұмның анасы:
- Куратор звондайды маған, сіз келмей-ақ қойыңыз дейді. Олар первый помощьті өздері жасады ма білмеймін. Қаршадай күліп ойнап жүрген қызымнан сол күні айырылып қалдым. Сол содан кейін момент бардық, бізді кіргізбеді. Маған тексеріп жатырмыз, система қойып жатырмыз деді. Мені кіргізу керек еді, не жағдай болса да. Шу шығарып кірдік, кірсем уже қызым өліп қалған.
Жазира Тоғасбаева "қызым оқыған колледж басшылығы бір нәрсені жасырып отыр" деп топшылайды. Өйткені, қайғылы оқиғаға дейін бір сағат бұрын қызы бәрі жақсы деген видео жіберген екен. Сондықтан "белгісіз заттан уланды" деген сот-медициналық сараптаманың қорытындысына марқұмның туыстары сенбейді.
ЖАЗИРА ТОҒАСБАЕВА, марқұмның анасы:
- Қолымдағы бар ақшамды бердім, өзіне ұнаған киімін алыпты. Сол күні 19:05 минут кеткенде сол киімімен видеосын жіберді. Енді, өлетіндей қыз болған жоқ. Ойнап-күліп, сүйтіп жүрді. Мен сенбеймін отравление дегенге.
Қаладағы инновациялық колледж ұжымы бірінші курс студентіне алғашқы медициналық көмек көрсеттік деп отыр. Жағдайы ушыққан соң жедел жәрдем қызметін шақыртқандарын жеткізді.
Құрбыларымен ешқандай кикілжің болмады деген оқу орнының басшылығы Заринаның қазасы бізді де есеңгіретті дейді.
МАРЖАН БИТІЛЕУОВА, Талдықорған инновация колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
- Зарина өзі группасында 2-3 қызбен ғана араласатын. Басқа қыздармен де сөйлесіп жүретін. Жатақханада да солай. Қыздардың арасында жаман қылығын көрген жоқпыз. Оғаш қылығы болмады. Ол күні Заринаның көңіл-күйі жақсы болған. Қыздардың арасында ешқандай кикілжің болған жоқ.
Полиция қыздың өліміне қатысты жүргізіліп жатқан тергеудің әлі аяқталмағанын жеткізді.
НҰРБОЛАТ ШАМУ, Жетісу облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы:
- Кәмелетке толмаған қыздың қайтыс болу фактісі бойынша Талдықорған полициясы қажетті сарапталарды тағайындау мен қылмыстық іс қозғады. Сондай ақ, ҚР Қылмыстық Кодексінің 200 бабы тәртібінде қылмыстық қудалау органы қылмыстық құқықбұзушылық пен заңның басқа да бұзушылықтарын жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою бойынша Жетісу облысының Білім басқармасына ұсыныс шығарылды.
Қара жамылған отбасы қыздарының өліміне нақты не себеп болғанын біліп, тергеудің әділ жүргізілуін қалайды. Олардың айтуынша, мектеп қабырғасында белсенді болып, сабақты жақсы оқыған Зарина болашақта мұғалім болуды армандапты.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Пікірлер: 7
@user-mc6xn5zl4h
@user-mc6xn5zl4h Ай бұрын
Кандай адеми кыз,алдынан АЛЛАМЫЗ жарылкасын,пейштин торинен орын сыйласын😢
@user-on2tv3dq8r
@user-on2tv3dq8r Ай бұрын
Уланудан өлген жоқ
@ucihasarada9522
@ucihasarada9522 Ай бұрын
Ол қандай белгісіз зат экспертиза не дейд
@kokenaierkebulan4792
@kokenaierkebulan4792 Ай бұрын
😢😢😢
@user-mu5ue6wl8n
@user-mu5ue6wl8n Ай бұрын
Тараканга Ия болмаса сондай химикаттар га улангагго
@Vernier_193
@Vernier_193 Ай бұрын
Колледж емес здания кишлякка уксайдыгой)
@user-mu5ue6wl8n
@user-mu5ue6wl8n Ай бұрын
Таракангама дари шашкан шыгар
Информбюро 14.05.2024 Толық шығарылым!
24:47
Информбюро 31
Рет қаралды 22 М.
How To Choose Ramen Date Night 🍜
00:58
Jojo Sim
Рет қаралды 50 МЛН
Monster dropped gummy bear 👻🤣 #shorts
00:45
Yoeslan
Рет қаралды 12 МЛН
Surprise Gifts #couplegoals
00:21
Jay & Sharon
Рет қаралды 30 МЛН
Інілерінен күдіктенген Айнұр!
28:30
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 78 М.
А.Еділованың денесін жақындары жер қойнына тапсыра алмай отыр
3:14
Жоғалған қазақстандық сарбаздың денесі Қырғызстаннан табылды
4:26
Астарлы ақиқат: Комадағы сарбаз
44:39
Как мир отреагировал на приговор Бишимбаеву?
3:24
How To Choose Ramen Date Night 🍜
00:58
Jojo Sim
Рет қаралды 50 МЛН