16- дәріс. Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) су ішу сипаты

  Рет қаралды 63

Әлжан Ана мешіті

Әлжан Ана мешіті

Ай бұрын

16-сабақ
28-хадис
Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) су ішу сипаты
عَنْ أَبِي عِصَامَ عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِك أَنَّ النَّبيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وسَلَّمَ كَانَ يَتَنَفَّسُ فِي الإنَاءِ ثَلَاثًا ويَقُولُ هُوَ أَمْرَأُ وأَرْوَى
Әнас ибн Малик (р.а.) айтады: «Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) егер су ішсе ыдысты қолына алып үш мәрте бөліп ішетін. «Осындай әдіспен ішілсе су сіңімді болады (денеге жақсы тарайды), әрі шөлді толық басады», - деді».
أمرأ - сіңімді болу
أروى - шөлді басу
Түсіндірме: Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бұйырған бірнеше деммен ішу әдісі бойынша бір-екі жұтым ішіп, ыдысты аузымыздан алыс ұстап, тыныс алып, сосын қайта ыдыстан бір-екі жұтым ішіп қайта тоқтап, ыдысты алыстатып, тыныс алу керек. Міне, осылай ішкен жағдайда денсаулыққа пайдалы әрі сіңімді болады. Расында да осылай су ішілгенде өкпемізге қажетті ауа барып, бірқалыпты жұмыс істеуіне кедергі болмайды әрі су ауыздағы сілекеймен араласып, асқазанның дұрыс жұмыс жасауына пайдалы болмақ.
Ал, суды бір деммен тоқтаусыз ішу асқазанды тітіркендіреді. Салдарынан асқазан мен бауыр қызметі бұзылады. Әбу Қатададан (р.а.) жеткен риуаят бойынша Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Сендерден кім су ішетін болса, ыдысқа тыныс алмасын». Аталмыш хадис адам су ішкен кезде ыдысқа қарап тыныс алудан, демін шығарудан тыйады. Себебі ауыз бактериялардың ең көп шоғырланған орны болғандықтан ыдысқа дем шығару гигиеналық талаптарға сай келмейді. Сәйкесінше өзіміздің де, өзгелердің де денсаулығына зиян тигізіп алуымыз мүмкін.
Хадистен алынатын пайда:
1. Су ішкен ыдысқа дем шығармау, үрлемеу керек.
2. Қазіргі таңда көп мөлшердегі суды бірден жұтып алу салдарынан бас ауруы, ағзадағы электролит теңгерімі бұзылуы, соңында бауыр ауруына әкеліп соғу қатері ғылыммен дәлелденіп отыр.
3. Дұрыс нәрсені істеу және дұрыс нәрсені дұрыс істеу формуласын игеру керек. Су ішу дұрыс болғанымен, дұрыс болған су ішуді дұрыс әдіспен ішкеніміз жөн. 4. Суды ішкеннен кейін Аллаға шүкір ету. Абдуллаһ ибн Аббастың (р.а.) риуаяты бойынша Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Суды түйе секілді бір деммен ішпеңдер. Екі, үш деммен ішіңдер. Бітірген соң Аллаға шүкір етіңдер».
5. Ибн Аббастан (р.а.) жеткен риуаятта: «Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) зәмзәмнан тік тұрған халінде ішті». Су ішудің абзал көрінісі отырып ішу болса, ал, зәмзәмды тік тұрып ішкен абзал.

Пікірлер: 1
@gulnurkaratai7366
@gulnurkaratai7366 29 күн бұрын
Алла Тағала разы болсын ,Ұстаз💌
Backstage 🤫 tutorial #elsarca #tiktok
00:13
Elsa Arca
Рет қаралды 33 МЛН
Заметили?
00:11
Double Bubble
Рет қаралды 3,5 МЛН
В ДЕТСТВЕ СТРОИШЬ ДОМ ПОД СТОЛОМ
00:17
SIDELNIKOVVV
Рет қаралды 3,7 МЛН
Шейх Яхья | Бидlатах лаьцна.
15:52
𝑯𝑬𝑿𝑨𝑴𝑨𝑺𝑯
Рет қаралды 1,8 М.
Backstage 🤫 tutorial #elsarca #tiktok
00:13
Elsa Arca
Рет қаралды 33 МЛН