19 жастағы жігітті 19 жерден пышақтаған жасөспірімдердің жауыздығы жұрттың жағасын ұстатты

  Рет қаралды 140,573

Информбюро 31

Информбюро 31

Жыл бұрын

Жамбыл облысында жасөспірімдердің жауыздықпен жасаған қылмысы жұрт жағасын ұстатты. Бір топ бозбала 19 жастағы Алмас Әміровті 19 жерінен пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді. Алайда қанды оқиға бойынша тек бір ғана адам қамауға алынды. Ал қолын қанға бояған тағы бірнеше жеткіншек әлі күнге бостандықта жүр дейді марқұмның туыстары. Айтуларынша, айуандықпен адам өлтіргендердің әрекеті бейнетаспаға түсіп қалғанымен, тергеушілер қылмыстық іс қозғалған бапты өзгертуге құлықсыз деп отыр.
Жаңа жыл түніндегі жантүршігерлік қылмыс осы сауда үйінің алдында болған. Мына бейнетаспадан төрт адамның көліктен түскені көрінеді. Кәмелет жасына жетпеген жасөспірімнің көлік жүргізуге құқығы жоғы өз алдына, суық қаруын сайлап күн бұрын тасаға тығып жатқаны байқалады дейді марқұмның туыстары. Кейін келесі көліктен Алмастың келгені көрінеді. Еш нәрседен күдіктенбеген Алмас алаңсыз төрт жігіттің артынан ере барады. Бірақ сол тасадан қайта шықпай қалған.
ДИДАР ӘМІРОВ, Марқұмның туыс ағасы:
- Баяғы қызы болған ғой сол. Қызғаныш па деп ойлап отырмыз. Біз 99 баптың, 2-ші тармағы, 7-ші тармақшасына сәйкес іс жүргізуін сұраймыз. Себебі бұл жерде алдын ала дайындалып, групповой болғаны анық көрініп тұр. Бір адамды қамаған, қалғанын босатып жіберген.
Марқұмның жақындары жеткіншектердің суық қару сілтеуіне сезімнің күші себеп екеніне сенімді. Алмастың бұрынғы қызы өзге жігіттер мазасын алғанын айтып шағымданған. Махаббат мәселесін шешу үшін қылмыс жасаған топ Алматыда жүрген Алмасты Меркіге шақыртқан. Бұл жайтты марқұмның телефонында қалған аудио жазбаларынан аңғардық дейді туыстары. Ал қолын қанға бояды деген басты күдікті марқұмның туған қарындасының сыныптасы екен. Ағасының денесіндегі жарақатын көрген ол, бұл жалғыз пышақтың ізі емес дейді.
ЛАУРА ӘМІР, Марқұмның қарындасы:
- Кәдімгідей бір шұңқыр сияқты болып тұр, ол пышақтың ізіне келмейді, Біздің пайымдауымызша ол жерде бір пышақпен істеген жоқ деп тұрмыз және оны бір адам істеген жоқ деп тұрмыз. + Бұл балалар мектеп кезінен бұзақы болатын. Осы Әділет деген бала туралы айтып тұрмын.
Үйінің үлкені Алмас спорт шебері болған. Іні-қарындастарына қамқор еді дейді жақындары. Қапыда қаза тапқан ол осы айда шаңырақ құруға дайындалып жүрген. Бірақ бұзақылардың кесірінен жас өмірі қиылды. Күдікті деген төрт адамның тек біреуі ғана қазір қамауда. Қалғаны қолхатпен бостандыққа жіберілген.
АЛМАС САЛАМАТОВ, Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары:
- Қазіргі уақытта тергеумен қылмыс жасалар алдында орын алған жанжалдың барлық қатысушылары анықталды. Жиналған дәлелдемелер негізінде пышақпен бірнеше рет ұрған 17 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Басқа қатысушылардың әрекетіне тергеу барысында құқықтық баға берілетін болады.
Осылайша тәртіп сақшылары қозғалған істің бабын өзгерту тек құқықтық бағадан соң ғана мүмкін екенін айтады. Дәлелденсе ешкім жазадан құтылмайтынына сендірді. Туыстары енді екі аптадан кейін шығатын сараптама қорытындысын күтпек. Бұл күн Алмастың белгілеп қойған беташар күні еді.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Пікірлер: 305
@aizhanalmakhan97
@aizhanalmakhan97 Жыл бұрын
Әділдік орнайды деп кутеміз бәріміз! Жап-жас ел қорғайтын Азаматтан айырылып отырмыз! Мына заманда Қазақ қазақтың етін итше талаған деген недеген сұмдық!? Барлық кінәлілер жазасын алсын! Арада себеп болған қызда жазасын алсын! Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамыз! Жаның Жәнәттіқ болсын Батыр!
@user-uw8cm4yg7q
@user-uw8cm4yg7q Жыл бұрын
Неге босатат пара алганда
@user-ex6lm8wh2i
@user-ex6lm8wh2i Жыл бұрын
Мазасын алғанның бәрін кісі жалдап өлтіре беру керек пе? Жеке өмірін кіммен жүріп кіммен қойғанын 4 жігітке жайған қандай қыз. Өзінің мазасын жас жігіттің қазасымен өлшеген бе деп ішім күйіп отыр. Дәл осылай болады деп ойламаса да… не деген жүрек
@muzmuzmuzik5972
@muzmuzmuzik5972 Жыл бұрын
Жалмауыздар қайдағы бір қаншық қыздың кесірінен адамның өмірін қиып Құдай жазаларыңды берсін тілеймін. Әділдік орнасын
@jasulaneldosov4232
@jasulaneldosov4232 Жыл бұрын
Е Аллам жас жігіттің отбасына сабыр бере көр, өкінішті ақ жауыздар өз жазаларын алсын.
@damirff4665
@damirff4665 Жыл бұрын
Бәрі жазаларын алсын. Анау қызға да жаза қолданыңыз. Алланың көзі түзу ғой. Кім баланы анасына қайтарады😥😥😥🙏
@user-bw7eh7nu7i
@user-bw7eh7nu7i Жыл бұрын
Po jiznenni kamau kerek barin soiakta wirip olsin
@pilot337
@pilot337 Жыл бұрын
Кісі өлтірген 4-қылмыскер жауапқа барлығы тартылсын. Кім өлтірді барлығы толық анықталсын, жанындағы жабылғандарда жазасын алсын.
@Kaz667
@Kaz667 Жыл бұрын
Әзірге бреусін ғана ұстап отыр екеуін жібере салды Мен таңғаламын бар ғой біздің заңға Қалай ғана жіберіп қойып отыр сонда одан қоса ұялай соны айтып отыр ғой
@user-vx3oo3eh3r
@user-vx3oo3eh3r Жыл бұрын
Жанымай шырылдатып қалай өлтирді екен🤦‍♀️иманды болсын, ата анасына сабыр берсін.
@user-ub6sz3io1m
@user-ub6sz3io1m Жыл бұрын
Қаза болған бауырымыздың отбасына қайғырып көңіл айтам. Иманды болсын.
@user-xj2sw4vp3w
@user-xj2sw4vp3w Жыл бұрын
Жарыгым , алтыным камкор iнiм жаткан жерiн жайлы болсын ! Адiлдiк сураймыз билiктен . Жететин асулары көп еді . Канышерлер жауыздар жазаларын алсын. Бул дүниеде де О дүниеде де жандарына тыныштык таппанлар. Алланың рахымына ие бол бауырым. конилиде ак адал таза едiн иманды бол бауырым. Сабыр , Сабыр Сабыр . Колдары канга боялған балаларын коргап жаткан ата анасы сендерге айтарым үміт узiндер канышер балаларынан. Адам болмайды олар коргамандар Аллам өзі таразылайды. 77 Карныс түннің тыныштығын нан күннен нурын корелмай калгандарын тилеймин Әмин Әмин Әмин.
@user-yr5wp9lv4q
@user-yr5wp9lv4q Жыл бұрын
Ондаи кылмыскерлерді омір жазасын беру керек.
@Aidos-sh7in
@Aidos-sh7in Жыл бұрын
Судью который их судил, тоже нужно уволить, из-за таких судий, эти отморозки будут и дальше вредить людям
@azizaospanova4489
@azizaospanova4489 Жыл бұрын
1 батыр дуниеге келсе, қабатын 2ит келеді. Ата бабамыз осылар бірін-бірін қырсын деп өзге елмен соғысқан жоқ қой. Болашақтары әлі алда еді. Өмірлерің енді қызып келе жатқанда түрмеден бастау алғаны тым өкінішті. Ар намыстарын ұйқы бермес, тамақтарыңнан ас өтейді деп ойлаймын. Білдей бір азамат үй ішін асырап отқан. Алланың жазғанына шара барма. Жүрегім әлі қан жылайды.Үй ішіне Аллам сабыр берсін.
@zahvat9697
@zahvat9697 Жыл бұрын
Ана бала отыр Иа пшахтадым н...у деп прям отырго
@Rus-Stroi-Klass.
@Rus-Stroi-Klass. Жыл бұрын
@@zahvat9697 барма осы видеосы рахмет алдын ала
@user-sq2wp6ue7x
@user-sq2wp6ue7x Жыл бұрын
Осындай Қазақтың асыл батыр азаматтары босқа өліп кетеді обалай жатқан жерің жайлы жаннатта болсын Қазақтың батыр азаматы. Қылмыскерлер ұсталып қамалсын сотталсын қандай спортсмен жігітті өлтірген қанышерлер
@user-qt3hk3wb6r
@user-qt3hk3wb6r Жыл бұрын
Жамбыл облысы емес, республикалық сотқа беру керек істі солар қарасын, сенім жоқ везде коррупция ғой
@Kaz667
@Kaz667 Жыл бұрын
Правильно говорите надо вверх идти они этим двоям по статье хулиганки дали И их отпустили
@user-xq9sn6ol7e
@user-xq9sn6ol7e Жыл бұрын
Иманды болсын атанасына сабыр берегор адемы жигит еды онбагандар
@user-ro1pv2ws8q
@user-ro1pv2ws8q Жыл бұрын
Шибөрі сүмелектер жабылғанда батырсыңдар. Бірді бірге келгенде бұттарыңа жіберетін қорқаулар. Сонау 70-80 жылдары бұндай дауды бірді бірмен шешетін.
@NSQ_suslik93
@NSQ_suslik93 Жыл бұрын
Как всегда наша полиция работает на худшем уровне
@Rus-Stroi-Klass.
@Rus-Stroi-Klass. Жыл бұрын
Тупые они зорплату ждет проста
@araykk3799
@araykk3799 Жыл бұрын
Өмір бойы немесе ату жазасына кесу керек осындайларды, қоғам сыпырындыларының керегі де жоқ ! сана бермегенді ала бер деген!
@aisuluurmanova6950
@aisuluurmanova6950 Жыл бұрын
Еркек болсан жекпе жек шыкпайсынба пышак алганша. Жабылып сен кымедын омырен алатындай. Алла жазаларынды береды.Алла ешкашан асыкпайды.,🙏
@zhahantv2594
@zhahantv2594 Жыл бұрын
АЛЛА сақтасын, марқұмның түрі таныс, жаны жәннатта болсын
@user-gn6oy6if6i
@user-gn6oy6if6i Жыл бұрын
Не болып барады жастарымыз еліміз үміт артқан баламыздын от басына каигыра көңіл аитамыз иманды болсын алла алдынан жарылкасын
@adaikz9044
@adaikz9044 Жыл бұрын
Иманды болсын! Жаны жәнатта болсын!
@iasataimahambet6516
@iasataimahambet6516 Жыл бұрын
Қазақтың өмірі қазақтың қолынан қиылмау үшін бәріміз намаз оқып иман келтіріп дұрыс ұғымда болсақ ешбір қазақтың қаны төгілмесі анық
@user-re1oy2ph4h
@user-re1oy2ph4h Жыл бұрын
Ата-ана балага дурыс тарбие бермек тугили, баласынын немен айналысып жургенин вообще бастарын катырмайды,бул жерде улдарда акенин тарбиеси,орны жок екени коринип тур,астарына машина мингизип бетимен жиберген.Баягыда акемиздин тобесин корсек, тып-тыныш отыра калатынбыз.
@user-pq8nx2qk8w
@user-pq8nx2qk8w Жыл бұрын
Төртеуіне де өлім жазасы кесілсін, басқаларға сабақ болсын
@user-ov5xs7tr2r
@user-ov5xs7tr2r Жыл бұрын
Өмірбақи соттасын, түрмеде шірісін қанішерлер...
@user-xh6hw4xe2l
@user-xh6hw4xe2l Жыл бұрын
Онбагандар корыкканнан 19 жеринен тыккан гой тири калса шамалары келмейтинин биледи гой
@Asdfghjkl1234...7
@Asdfghjkl1234...7 Жыл бұрын
Алла азғындардың жазасын берсін... Сайқал заңды ақшаға сатып алса ақыретте бәрін қосып жазаларын берсін ИншааАллаһ
@Kaz667
@Kaz667 Жыл бұрын
Ауминь
@user-nr8jh7eb2o
@user-nr8jh7eb2o Жыл бұрын
Біреудің өміріне қиянат жасаған дар әділ жасасын алсын
@user-lg8sz2md7g
@user-lg8sz2md7g Жыл бұрын
Қазақстанда заң әлсіз, обал болды бозбалаға. Ату жазасын беру керек ондай қанішерлерге.
@Kaz667
@Kaz667 Жыл бұрын
Жоқ бізде заң жоқ сол Статья хулиганка деп бергеннен кейін не десін мында Болды заң жоқ деседе болады
@user-lp3yz1ns3o
@user-lp3yz1ns3o Жыл бұрын
жаны жәннатта болсын пышақтаған балалардың бәрін қамау керек бұл топпен жасалған қылмыс менттер сатылған менттерге сенім жоқ ол жерде менттер болғанымен қол үшін көмек бермейді
@ermak441
@ermak441 Жыл бұрын
Ату жазасын сурау керек! Менттерди тексеру керек!
@user-uu4rl5sv8l
@user-uu4rl5sv8l Жыл бұрын
Қанішер жауыздарды қатал жазалау керек.Пышақтаған бала өз ісіне өкінбетінін,тағы қайталап осы әрекетін жасайтынын айтыпты.Қаніпезерді қандай ата-ана тәрбиеледі екен.
@sos7799
@sos7799 Жыл бұрын
Әділетсіздікті тоқтатпай осылай болғаны болған шындықты айтқанға, шын мықтыға тұсау көп бола береді. Жақындарына алла ұзақ өмір, сабыр берсін!!!
@Dinara_KZ
@Dinara_KZ Жыл бұрын
Марқұмның туыстарына айтарым ,Көреміз бағдарламасына келіңіз.Солар сіздердің сұрақтарыңызға нақ,сеніммен жауап береді,шешіпте береді ...
@Dinara_KZ
@Dinara_KZ Жыл бұрын
Жатқан жері жайлы ,топырағы торқа болсын!!!
@ayaulym.zhenys3511
@ayaulym.zhenys3511 Жыл бұрын
Не айтарымды білмей отырмын . Марқұмның жаны жаннатта болсын .Алла Тағала кінәлі адамдардың жазасын береді деген үміттемін.
@user-qt3hk3wb6r
@user-qt3hk3wb6r Жыл бұрын
Жауыздар, айуандар, мына сұмдық 17 жасар болып солай жасап, өмір бақи бәрін бас бостандығынан айыру керек бұларды
@aruzaitastanbekova658
@aruzaitastanbekova658 Жыл бұрын
Бизде гана осындай жаналыктар шыгады.
@amanatamanat2621
@amanatamanat2621 Жыл бұрын
Иманды болсын!
@user-kh8um5uk8v
@user-kh8um5uk8v Жыл бұрын
🍃Бүгінгі тақырып «КАРОЧЕ» Деп аталады.. Кароче ~ заңды қатаң қылып өзгерту керек. Мысалы қалай? Былай! :~ Адам өлтірген, Қыз зорлаған адамның халықтың көзінше болмаса да қолын шабу керек, қиын емес ол, мысалы балтаны аласың да сөйтіп жаңағыдай я болмаса операциялық жолмен болсада басқа дене мүшесіне еш зиян тигізбей просто қай қолымен жасады сол қолын кесу керек сияқты меніңше... Сосын өмір бойы шолақ болып жүреді.. Оны барлық халық көреді, естиді сосын ондай қадамға бармайды...
@user-cg1gf9dm4m
@user-cg1gf9dm4m Жыл бұрын
Сол кызды коргайтын ағалары жок па екен?! Колдарын канга бояп өздері турмеде шіритінін билмедиме жауыздар...
@user-os2xv4qn1f
@user-os2xv4qn1f Жыл бұрын
Жатқан жері жайлы болсын бауырымыздың
@user-sy1vw8jh4o
@user-sy1vw8jh4o Жыл бұрын
Соттамайақ туысқандарына беріңдер қорлап өлтірсін
@as.4444..
@as.4444.. Жыл бұрын
Әттеген ай қазақтың жауы да дұшпаны да қазақ болғанын өкінішті
@pilot337
@pilot337 Жыл бұрын
Кісі өлтіріп үиренген қанышерлер секілді ғой мыналар.
@zhainagulsaktaganov4766
@zhainagulsaktaganov4766 Жыл бұрын
Тарбиесіздер қалай өлтірді екен тым жақсы спорсмен баланы .туыстарына сабыр берсін .Неге биреуі қамалады .Групповой жаза қиын деп биреуіне мойныңы ал деп отырғанғой.Барін соттатыңдар
@dimashkz7880
@dimashkz7880 Жыл бұрын
Бәрі ақша жинап біреуіне қылмысын мойнына алдырып қалғандары сытылып кеткен ғой белгілі ғоц алла алдынан жарылқасын жап жас өмір
@yaibekyaibekov213
@yaibekyaibekov213 Жыл бұрын
Иманды болсын
@user-yj7fw4gq4x
@user-yj7fw4gq4x Жыл бұрын
Калган канишерлерди жазыксыз калдыруга болмайды ❌ Алмастын артында iнi - карындастары калды, оларга тииспеуине ким кепил бере алады !? Олардын колы канган боялган, каннан корыкпайды, баска балдарга да тииспеуине ким кепил ?? Оларды камау ушин, тагы Адам олу керек па сонда ?? Жазасын алсын барлыгы бирдей жане ана кыздыда жауапка тарту керек.
@user-iv4yf7yp2d
@user-iv4yf7yp2d Жыл бұрын
Ол қыздың катысы канша? Булай боларын білмеген гой, жігітіне тисып жатыр деп айтқан екен барлық қыздар айтамызгой маган мынау ангыме айтты, тиысты деп темболее уйленейын деп жаткан екен ол кызда жылап сыктап откан шгар неге айттым деп
@user-mz4nn1se6k
@user-mz4nn1se6k Жыл бұрын
@@user-iv4yf7yp2d аитқан қызға ұйленбейді. Бұл бұрынғы қызы,бұның бәрі осы қыздын кесірі
@user-lh6vf4uc8f
@user-lh6vf4uc8f Жыл бұрын
Ия осы қыздың да қатысы бар сияқты
@user-bl6sy9qn7u
@user-bl6sy9qn7u Жыл бұрын
Жаны жаната болсын балапанын булдиршин, боз баламыз. Ата анасына сабыр берсин. Кайгыга ортактас конил айтам. Осы иттикти жасаган адам табылып, жазасын алсын.
@chotkyshooter.6626
@chotkyshooter.6626 Жыл бұрын
Жауыздардың қолынан құрбан болған жігіттің Аллаһ тағала алдынан жарылқасын ата анасына сабыр берсін. Осы іске қатысы бар қанышерлерді заңның ең ауыр бабымен жазалансын. Жазықсыз адам өлтірдіме өлім жазасына кессін. Бір отбасын шайқап ол қанышерлер неге менің төлеген салығыма тегін ас ішіп жату керек түрмеде? Жоқ олай болмайды.
@user-fh8de5zq5u
@user-fh8de5zq5u Жыл бұрын
Алла жазаларын берсин
@amanatamanat2621
@amanatamanat2621 Жыл бұрын
Дұрыс жолға, Ислам дініне тартайық жастарды Қазақтар! Алмас бауырымыз Иманды болсын!
@user-zd8iv4vg7w
@user-zd8iv4vg7w Жыл бұрын
Дінен бұрын адамдар ар ождан намыс обал болады ұят жаман болады осыларды ұстансан керемет ата бабамиз айтып кеткен нагыз ақиқат
@user-fe3mi7ey5m
@user-fe3mi7ey5m Жыл бұрын
@@user-zd8iv4vg7w дұрыс айтасыз қазақтың өз жолымен жүру керек.
@user-zb3ik7qs7r
@user-zb3ik7qs7r Жыл бұрын
Қазақстанда заң бар бірақ əдылдык жоқ. Мəке, бəке, сəкелеры көп.
@user-uw3sr1pj4j
@user-uw3sr1pj4j Жыл бұрын
17 жаста 19жерине пышак салган кандай жауыз адам ол ,тарбие кормеген онбаган неме,ана кыздын кесири жырпылдап мен куйеуге шыгам деп бурынгы жигитине жазганго кызгандырып осындай каншыктардын кесири
@janibekaltibaev9835
@janibekaltibaev9835 Жыл бұрын
Бізде барлыгы мумкін. Кылмыскер- куагергерге айналып кетеді. Болмаса справка сатып алады басында миы жок деген.
@user-tx5nc3uz4r
@user-tx5nc3uz4r Жыл бұрын
Оңбағандар-ай жауыздар осындай жауыздар да анадан туады екен қыз жетеді ғой әлемде
@user-jj6oq9fm7f
@user-jj6oq9fm7f Жыл бұрын
жазасын алсын
@GROM25K
@GROM25K Жыл бұрын
Ондай қылмыскердің жазасн беру керек
@user-qn4oz7lw6l
@user-qn4oz7lw6l Жыл бұрын
Алла сабыр берсин ата ана сына, бауырына. Жазалансын киналилер.
@user-dm9su2zh9h
@user-dm9su2zh9h Жыл бұрын
АЛЛА рақымына бөлесін кінәлілердің АЛЛА жазасын еселеп берсін
@user-gf6ej8tx4f
@user-gf6ej8tx4f Жыл бұрын
Барлығына себепші анау қызда лайықты жазасын алсын , сондай адамдарды жер қалай көтереді екен .Әділдік орнасын
@alimakudaybergen3845
@alimakudaybergen3845 Жыл бұрын
Акша берген болар туыстары . Барин акшамен озгертуге болады. Адам жанынан акша кымбат болып тур.
@chotkyshooter.6626
@chotkyshooter.6626 Жыл бұрын
Жемқорлық жайлаған елден бәрін күтіуге болады.
@user-bc4ch3tm6j
@user-bc4ch3tm6j Жыл бұрын
Кiнәлi адамдар табылып жазасын алар.
@user-ei9wb5px7w
@user-ei9wb5px7w Жыл бұрын
Өзі солғо бізді ашаршылықты қолдан жасап біріміздің етімізді бірімізге жегізген . Содан болар қазақта болайындеген жігіттің белінен қағып буып тастауы осы.
@berkinkaldanbaev9297
@berkinkaldanbaev9297 Жыл бұрын
Пышак устайтын чимоларды курту керек кой таза чимо екенғой
@asgorichfranklin2635
@asgorichfranklin2635 Жыл бұрын
Иа казирги кейбир жастар пышаксыз дым жасай алмаидго
@user-kc9im3qx2o
@user-kc9im3qx2o Жыл бұрын
Чимома чимо чимолар 🤣
@user-fd3ks6xt6y
@user-fd3ks6xt6y Жыл бұрын
Ата анасына Алла сабыр берсін
@user-su6gy8vj2c
@user-su6gy8vj2c Жыл бұрын
Ол канишерлердин ата аналары дурыс тарбие бермеген балдарына ата аналарында жазалау керек.
@ulanamankos
@ulanamankos Жыл бұрын
Тек Ата Ананы киналап шыгады екенсын тарбиесын берды какты казиргы жас балдар интернет тен сырттар нены карайды соны истейды
@chotkyshooter.6626
@chotkyshooter.6626 Жыл бұрын
Ата ана айтып отырыу керек баласына тура дұрыс жолмен жүр деп. Ұл өсіріп отырмын үйде айтып отырамыз тыныш жүр ешкімге соқтықпа біреуге қианат жасама деп.
@user-xb6hj7yx3e
@user-xb6hj7yx3e Жыл бұрын
Бәрін Жазалау керек
@di_fans
@di_fans Жыл бұрын
эх әп әдемі қыз еді обал болды, өзін жақсы көретін қадірлейтін жігіт табылар еді ғой 💔
@user-zb7nf5on2o
@user-zb7nf5on2o Жыл бұрын
Казахстанда зан жок, акшага сатылатын болгасын ,арким билгенин истейди , балык басынан шириген елмиз , алла от -басына сабыр берсин
@user-yc1zd8gm1k
@user-yc1zd8gm1k Жыл бұрын
Груповойдан кащып тур гой жазаласын улим келсин оларга да жабылган жаман ол жигиттикке жатпайды Алла жазасын берсин
@user-xj2sw4vp3w
@user-xj2sw4vp3w Жыл бұрын
Саған қас қылған кісінің Базарға барып аты өлсін. Ерте кетіп қайтқанда, Үйіне келсе, қатыны өлсін! Өзіне тышқақ тисін, Өңменіне пышақ кірсін! Тышқағы тыйылмасын, Төсегі жиылмасын! Шаңырағы шартылдап, Шаңдырына қадалсын. Босағасы борпылдап, Борбайына қадалсын. Күлдіреуіші күрт сынып, Борша етіне қадалсын! Аллаху акбар!
@ruzhanbegim8233
@ruzhanbegim8233 Жыл бұрын
Алладан коркындар турмеде отыру керек ‼️
@user-il8tm2wg8f
@user-il8tm2wg8f Жыл бұрын
Иманды болсын. Осыган себеп болган кызды соттаса .кыз бул жигит уйленем дегесин кызганып адейи истеген сиякты. Баска жигиттердинде обалына калды канишер етип.сол кыз айтпаса ештене болмайдыгой.
@user-lh6vf4uc8f
@user-lh6vf4uc8f Жыл бұрын
Дәл менің ойымды айттыңыз тым жақсы жігіт екен обал болды
@BekBek-tg7dk
@BekBek-tg7dk Жыл бұрын
Әділдік қайда қылмысқа қатысы бардың барлығы жазалансын
@user-le7ki2mx5p
@user-le7ki2mx5p Жыл бұрын
Казакстанға ату жазасын шығару керек.кылмыскерлерді ату жазаға кесу керек.
@user-vc4hk3jf6m
@user-vc4hk3jf6m Жыл бұрын
Жаткан жери жайлы болсын бари Адил болып маркум тыныш жатсын деп тилеймин
@ganimarselevich
@ganimarselevich Жыл бұрын
Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын
@pazmanskiy
@pazmanskiy Жыл бұрын
Жаны жәннатта болсын
@user-xi9tt2pw9z
@user-xi9tt2pw9z Жыл бұрын
Біздің каз жастар не болып барады осыған қатысы бар жігіттердің бәрі әділ жаза алсын ал осы оқиғаға қатысы бар қызда өз жазасын алсын не сұмдық не масқара адамды сондай жауыздық пен өлтіру әділ жаза күтеміз ата анасына қайғырып көңіл айтамыз жәні жәнәтта болсын баламыздың
@user-qe8ne1rh7l
@user-qe8ne1rh7l Жыл бұрын
Қатысы барлардың бәрін соттау керек, жазадан кутылгансоң тағы сондай іске барады.
@user-zq3wp8pt7t
@user-zq3wp8pt7t Жыл бұрын
Кайтадан каралсын 😡☝🏽барлыгы жауап беруы тиыс
@user-mn8th1dw9w
@user-mn8th1dw9w Жыл бұрын
Иманды болсын баурым
@user-pt8kt8fp3t
@user-pt8kt8fp3t Жыл бұрын
Жастарымыздын Иманы төмен Алладан қорықпағаны шакалдар 1 адамға 5 болып жабылған су журектер Аллаһым еки дүние де де жазаларынды берсін
@nurali717
@nurali717 Жыл бұрын
Аллах сақтай гөр ! Қыз үшін адам өлтіргені несі ?! Қыздан, әйелден көп нәрсе жоқ осы өмірде !!! Не болды енді жастық шағын бәрін түрмеде өткізеді !!!
@aser9814
@aser9814 Жыл бұрын
Ұл-қвздарымызға сана берсін жаратқан!
@erketolepbergen2793
@erketolepbergen2793 Жыл бұрын
Бір жерлерін қысып, үйде кітап оқымайдыма оданша, санасыздықтың кесірі барлығы, басында миы бар қыз, ұл болса бұндай болмас еді 😐 Жігіттің арты қайырлы болсын, ата анасына обал ақ
@user-ee3yh2fs4y
@user-ee3yh2fs4y Жыл бұрын
Ауыржазалсын
@user-kh1ci2es9f
@user-kh1ci2es9f Жыл бұрын
Сол баягы бир ургашынын кесиринен мыкты жигит мерт болады или сотталады
@ar.nur19
@ar.nur19 Жыл бұрын
Құдай сақтасын адам адамнан қорқу кереккой адамнан жақсы адамнан жаман тіршілік жоқ Ақымақтықпен балалықпен бір түсінбедім қандай оймен өлтірді ұрып кетсе бір жөн бірақ өлтірген?)
@user-ym7zx5nt4s
@user-ym7zx5nt4s Жыл бұрын
Орыстар айтпақшы "Классический случае", біреуі мойнына алады қалғандары, типа көмек береміз деген желеумен құтылады, ол полицияға да жақсы ырым-жырымы аз. Бейне жазуға қараса ол қасақана жасалған, яғни ұйымдасып, келісіп қастандық пен жасалған қылмыс. Егер ұйымдасып келмесе жанындағы азаматтар араша түсер еді. Былай айтқанда біреу мойнына алады, сосын шита-крита қылып, қылмыскердің жанында болған типа "свидетельдерден" сорады, кім соратынын, не соратынын өзеріңіз де білетін шығарсыздар.
@user-kg9uu6hg1r
@user-kg9uu6hg1r Жыл бұрын
Осылай осылай әлсіз боласың қазаққа қазақ мазақ
@user-su4wh9tx4v
@user-su4wh9tx4v Жыл бұрын
иманды болсын
@user-sx9ty5oh9h
@user-sx9ty5oh9h Жыл бұрын
АЛМАСТЫҢ ЖАНЫ ЖӘНАТТА БОЛСЫН. АҒАСЫ ПРЕЗИДЕНТКЕ ХАТ ЖАЗСЫНДА, ЧТОБЫ СОТ ӘДӘЛ ЖҮРСІН ДЕП. ТОПАС МЕНТТЕР ВИДЕО БОЛСА ДА ТҮК ІСТЕЙ АЛМАЙ ОТЫР ҒОЙ
@fhhgfhh3807
@fhhgfhh3807 Жыл бұрын
Қызға ғана қатысты болса , ол екі ер адамның разборкісі , ал ана қот...қбас достарына не жоқ? Бекерге сотталады, ал не болды? Байқасаңдар достардан зиян көп тиеді, просто онша ол жағын байқамасыңдар .
@user-go6tl5gh9d
@user-go6tl5gh9d Жыл бұрын
Оңбағандарды жазаласын өмир бойға.
@aruzaitastanbekova658
@aruzaitastanbekova658 Жыл бұрын
Неге олтирген адамдарды урмайды сабап,сондайлардын жанын шыгарту керек едi.
@user-tg3bw5sj9w
@user-tg3bw5sj9w Жыл бұрын
Жаным ау 😭😭аңырап шеше қалды 😭жатқан жерің жайлы болсын 🤲 тайраңдатып қоймас құдай жазасын береді кімнің болсада ,құдай барғой
@user-tw8bo1ye3p
@user-tw8bo1ye3p Жыл бұрын
Жогаргы сотка облс Республикканын сотына жугину керек
@janaribragim3100
@janaribragim3100 Жыл бұрын
Казак, казакты олтирип азайта бериндер.😠
50/50: ҰЛЫМНАН ҚОРҚАМЫН…
51:03
31 Канал
Рет қаралды 138 М.
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 3 СЕРИЯ
23:25
Inter Production
Рет қаралды 664 М.
Самый большой бутер в столовке! @krus-kos
00:42
Кушать Хочу
Рет қаралды 6 МЛН
Which one will take more 😉
00:27
Polar
Рет қаралды 23 МЛН
БРАВЛЕРЫ ОТОМСТИЛИ МАТЕРИ😬#shorts
00:26
Туған нағашысын пышақтап өлтірді
3:08
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 87 М.
КӨРЕМІЗ: ЖАҢА ӨМІР / KOREMIZ
47:01
Көреміз / «KÖREMIZ»
Рет қаралды 826 М.
Информбюро 26.04.2024 Толық шығарылым!
23:45
Информбюро 31
Рет қаралды 70 М.
Полный выпуск Информбюро от 26.04.2024
23:51
Информбюро 31
Рет қаралды 4,9 М.
29 сәуір 2024 жыл - 15:00 жаңалықтар топтамасы
8:32
Телеканал 24kz
Рет қаралды 1,6 М.
Жди меня | Выпуск от 26.04.2024 (12+)
45:38
Жди Меня
Рет қаралды 695 М.
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 3 СЕРИЯ
23:25
Inter Production
Рет қаралды 664 М.