2 февраля 2021 г.

  Рет қаралды 40

Алтыүй ауылдық кітапханасы

Алтыүй ауылдық кітапханасы

3 жыл бұрын

#Әбілхан Қастеевке 117жыл
#Саулық _сақтықта
06.01.2021ж Панфилов ауданы Алтыүй ауылдық кітапханасында қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график - суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеевке 117жыл толуына орай "Тылсым өнердің танымгері" атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Әбілхан Қастеев 1904 жылы Алматы облысы Панфилов ауданы Шежін ауылында дүниеге келген. Небәрі үш жасында әкесінен айырылып, анасына көмектесіп жүріп ерте есейеді. Қой бағып, жалшы болып, жер жыртып, түрлі қара жұмыс істейді. Қолөнерге, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою-өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Оның 1930-1931 жылдары салған "Қарындастың портреті", "Автопортрет" атты туындылары тұпнұсқаға ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген талпынысымен ерекшеленеді. Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысына ден қойып, тарихи-әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның "Мектепте" (1930), "Түрксіб" (1932), "Жамбылдың портреті" (1937), "Ескі және жаңа тұрмыс" (1937-1941), "Амангелді сарбаздары" (1970), "Жас Абай" (1945) сияқты туындылары дарынды суретшінің өткен мен бүгінді шыншылдықпен бедерлеген көркем шежіресі іспеттес.
Әбілхан Қастеев - туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның "Биік таулы мұз айдын" (1954), "Гүл ашқан алма" (1958), "Менің Отаным" (1959), "Жайлаудағы авто-дүкен" (1963), "Қапшағай ГЭС-і" (1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аудартады.
Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймай, туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер.
"Қылқалам шебері" атты тақырыпта видеороликті назарларыңызға ұсынамын.

Пікірлер
ISSEI funny story😂😂😂Strange World | Pink with inoCat
00:36
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 31 МЛН
Buy Feastables, Win Unlimited Money
00:51
MrBeast 2
Рет қаралды 97 МЛН
I PEELED OFF THE CARDBOARD WATERMELON!#asmr
00:56
HAYATAKU はやたく
Рет қаралды 35 МЛН
Игілік Омаров «Ауылым». Естелік суреттер 2.
5:02
Иран президенті қаза тапты
8:08
Ойтүрткі
Рет қаралды 38 М.
#Бізбіргеміз #ҮйдеБолыңыздар#Жақындарыңызға жанашыр болыңыздар
2:16
ISSEI funny story😂😂😂Strange World | Pink with inoCat
00:36
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 31 МЛН