Рет қаралды 3,745
Текетірестің басы
Пайғамбар туыстарын жинап жаңа діннің мәні мен мағынасын түсіндірді. Ішінде Әбулақап та болды. Ол сол кезде дәулетті байлардың бірі еді. Кедейленген туыстармен аралас-құраласты қош көрмейтін. Мұхамбеттің ғаріп-міскінге тегін тамақ тарататын салтын жиі сынайтын. Оның есі-дерті атақ-даңқ еді. Сондықтан Мұхамбеттің жалпы бірлік пен ортақ адамшылық туралы үгіт-насихатын жақтырмай тыңдады. Қабағы бір ашылмады. Сәті келсе, ерегісуге сылтау іздеді.