3-сабақ. Сарф пәні. Исм домир және жақ түрлері, масдар. Араб тілі грамматикасы

  Рет қаралды 1,038

NUR

NUR

Күн бұрын

Араб тілі грамматикасы. Сарф пәні. Калима түрлері. Исм. Фел. Харф. Масдар. Жақ түрлері. Шақ түрлері
Есім, Етістік, Әріпاسم فعل حرف
Араб тілі мамандары сөздерді үлкен үш топқа бөлген.
1) Есім. Бұл топқа - заттар ( كِتَابٌ , قَلَمٌ ) , жанды заттар ( فَرَسٌ , أَسَدٌ ), сипаттар
( قَبِيحٌ , جَمِيلٌ ), сандар ( وَاحِدٌ , تِسْعَةٌ ), іс- әрекет аттары ( مَجِىءٌ , كِتَابَةٌ ), адам аттары (مُحَمَّدٌ, أَحْمَدٌ), сілтеу есімдіктері( هَذَاْ , هَذِهِ , ذَلِكَ ), жақ аттары( هُوَ , هِىَ , هُمْ ) , қатыстық сын есім ( اَلَّذِى , اَلَّتِى ) - жатады.
2) Етістік. Бұл топта - іс-әрекет және оның істелген уақыты (шақ), іс-әрекеттің істеушісі (жақ) болу керек. Әр етістікте а) іс- әрекет б) оның істеушісі,яғни жағы в) істелген уақыт,яғни шағы болу керек. Мысалы:" جِئْتُ " - «келдім» сөзінен оның келгендігі, келген уақыты өткен шақта болып жатқандығы, істеушісі «мен» 1-жақта екендігін түсінеміз.
3) Әріп. Бұл топқа өзі толық бір мағына бере алмайтын жалғаулар жатады. Мысалы:فِي , ثُمَّ , حَتَّى , إِلَى
Жақ аттарыاسم ضمير
Жақ аттары деп - сөйлеуші,яғни мен ( مُتَكَلِّمٌ ), тыңдаушы,яғни сен ( مُخَاطَبٌ ) және өзге адамды,яғни ол ( غَائِبٌ ) болғанды айтамыз. Жақ тегі жағынан ер тегі ( مُذََكَّرٌ ),әйел тегі ( مُؤَنَّثٌ ) болып екіге бөлінеді. Сан жағынан бірлік ( مَفْرَدٌ ), екілік( تَثْنِيَةٌ ), көптік جَمْعٌ ) (болып үшке бөлінеді. Мысалы:
Көпшеجَمْعٌ - Екілікتَثْنِيَةٌ - Бірлікمُفْرَدٌ - Тегіجِنْسٌ- жақтар
هُمْ هُمَا هُوَ مُذََكَّرٌ غَائِبٌ
هُنَّ هُمَا هِىَ مُؤَنَّثٌ
أَنْتُمْ أَنْتُمَا أَنْتَ مُذََكَّرٌ مُخَاطَبٌ
أَنْتُنَّ أَنْتُمَا أَنْتِ مُؤَنَّثٌ
نَحْنُ اَنَا مُذََكَّرٌ و مُؤَنَّثٌ مُتَكَلِّمٌ
6- жаттығу. Төмендегі сөздерді есім, етістік және әріпке ажыратыңыз .
مَرْكَبٌ ، قَطْعٌ ، مِقَصٌّ ، مَتَى ، كَثِيرٌ ، يَرْكُضُ ، سِكِّّينٌ ، اِمْسَاكٌ ، مُهْرٌ ، اِشْتِرَاءٌ ، كَهَامٌ ، سَبْعَةٌ ، فِي ، جَزَرٌ، قَرَأْتُ ، مِصْبَاحٌ ، رَحِيصٌ ، تَمْشِيةٌ ، لَعِبَتْ ، فِرَاشٌ ، خِيَاطَةٌ ، أَنْتُمْ ، نَظِيفٌ ، مَهْدٌ ، كُتِبَ .
Түбірمصدر
Іс -әрекеттің түбірін білдірген сөз «مَصْدَرٌ » деп аталады. Қазақ тілінде етістіктің түбірінің соңына «у» әріпі қосылып келеді. Мысалы: келу, ішу, жеу сияқты. Араб тілінде түбірді басқа бір есімдерден ажыратып тұратын арнайы бір белгіге ие емес.
Үш әріпті түбір ( ثُلاَثِي مُجَرَّدٌ ) , қосымшасыз болған есімдер төмендегі өлшемдердің бірінде болады.
فُعُلٌ فُعَلٌ فُعْلٌ فِعِلٌ فِعَلٌ فِعْلٌ فَعُلٌ فَعِلٌ فَعَلٌ فَعْلٌ
عُنُقٌ صُرَدٌ قُفْلٌ إِبِلٌ عِنَبٌ حِبْرٌ عَضُدٌ كَتِفٌ فَرَسٌ دَرْسٌ
Үш әріпті ( ثُلاَثِيٌ مَزِيدٌ ) қосымшалы сөздің өлшемдерімен келесі сабақта танысамыз. Ал төрт әріпті түбір( رُبَاعِي مُجَرَّدٌ ), қосымшасыз төмендегі бес өлшемде болады.
فِعَلْلٌ فِعْلَلٌ فُعْلُلٌ فِعْلِلٌ فَعْلَلٌ
قِمَطْرٌ دِرْهَمٌ بُرْثُنٌ زِبْرِجٌ جَعْفَرٌ
Төрт әріпті ( رُبَاعِي مَزِيدٌ ) қосымшалы сөз өте көп өлшемде болады. Ал бес әріпті түбір( خُمَاسِيٌ مُجَرَّدٌ ) қосымшасыз мына төрт өлшемде болады.
فُعَلْلِلٌ فَعْلَلِلٌ فِعْلَلْلٌ فَعَلْلَلٌ
قُذَعْمِلٌ جَحْمَرِشٌ قِرْطَعْبٌ سَفَرْجَلٌ
Бес әріпті ( خُمَاسِي مَزِيدٌ ) қосымшалы сөз тек төмендегі бес өлшемде болады.
فَعَلْلَلَى فُعَلْلِيلٌ فَعْلَلِيلٌ فِعْلَلُولٌ فَعْلَلُولٌ
قَبَعْشَرَى خُزَعْبِيلٌ خَنْدَرِيسٌ قِرْطَبُوسٌ عَضْرَفُوطٌ

Пікірлер: 11
@СандиРысбаева
@СандиРысбаева 2 жыл бұрын
әмин өте керемет АЛЛАНЫҢ НУРЫ ЖАУСЫН УСТАЗ
@nauryzbektoktarbayev9845
@nauryzbektoktarbayev9845 Жыл бұрын
МашаАлла
@ardakbagdal7561
@ardakbagdal7561 Жыл бұрын
Уаьалайкум ассалам Ма шаа Алла ұстаз керемет
@zhumagalynusiphan8105
@zhumagalynusiphan8105 2 жыл бұрын
рахмет аллах разы болсын
@ДосжанБуктербаев
@ДосжанБуктербаев 2 жыл бұрын
Ассаламуәлейкум рохматулахи уа баракатуһ ұстаз
@БауыржанАйтимбетов
@БауыржанАйтимбетов 2 жыл бұрын
🤲🤲🤲
@БауыржанАйтимбетов
@БауыржанАйтимбетов 2 жыл бұрын
👍👍👍
@aisulupeizova4821
@aisulupeizova4821 29 күн бұрын
❤❤❤керемет
@ardakbagdal7561
@ardakbagdal7561 Жыл бұрын
Анық әрі түсінікті екен Телеграмм парақшаңызды жіберсеңіз
@nurikbatir9389
@nurikbatir9389 2 жыл бұрын
Телеграм қандай?
@nursultankasimov
@nursultankasimov 2 жыл бұрын
t.me/+0UE-uOfvW8gwMWM6
🕊️Valera🕊️
00:34
DO$HIK
Рет қаралды 6 МЛН
World‘s Strongest Man VS Apple
01:00
Browney
Рет қаралды 58 МЛН
😜 #aminkavitaminka #aminokka #аминкавитаминка
00:14
Аминка Витаминка
Рет қаралды 1,1 МЛН
小蚂蚁会选到什么呢!#火影忍者 #佐助 #家庭
00:47
火影忍者一家
Рет қаралды 108 МЛН
Кабир Исманов Подкаст
1:25:52
Кабир Исмонов
Рет қаралды 6 М.
Самый богатый человек в Вавилоне. Джордж Самюэль Клейсон. [Аудиокнига]
3:44:33
Аудиокниги издательства - AB Publishing
Рет қаралды 728 М.
🕊️Valera🕊️
00:34
DO$HIK
Рет қаралды 6 МЛН