34. Абайдың отыз төртінші қарасөзі

  Рет қаралды 337

MAULEN QAZAQ

MAULEN QAZAQ

4 жыл бұрын

ОТЫЗ ТӨРТІНШІ СӨЗ
#абай175 #Abai175 #абайдыңқарасөздері
Жұрттың бәрі біледі өлетұғынын және өлім үнемі қартайтып келмейтұғынын, бір алғанды қата жібермейтұғынын. Қазақ осыған да, амал жоқ, нанады, анық өз ойына, ақылына тексертіп нанбайды. Және һәмманы жаратқан құдай бар, ақиретте сұрау алады, жамандыққа жазғырады, жақсылыққа жарылқайды, жазғыруы да, жарылқауы да пенде ісіне ұқсамайды, бегірек есепсіз қинауы да бар, бегірек есепсіз жетістіруі де бар деп - бәріне сендік дейді. Жоқ, онысына мен сенбеймін. Олар сендім десе де, анық сенген кісіге уайым ойлап не керек? Осы екеуіне лайықты жақсылықты өздері де іздеп таба береді. Егер де осы екеуіне бұлдыр сеніп отырса, енді неге сендіре аламыз? Оны қайтіп түзете аламыз? Оларды мұсылман деп, қалайша иманы бар ғой дейміз?
Кімде-кім ақиретте де, дүниеде де қор болмаймын десе, білмек керек: еш адамның көңілінде екі қуаныш бірдей болмайды, екі ынтық құмарлық бірдей болмайды, екі қорқыныш, екі қайғы - олар да бірдей болмайды. Мұндай екі нәрсені бірдей болады деп айтуға мүмкін емес. Олай болғанда, қай адамның көңілінде дүние қайғысы, дүние қуанышы ақирет қайғысынан, ақирет қуанышынан артық болса - мұсылман емес. Енді ойлап қарай бер, біздің қазақ та мұсылман екен! Егерде екі нәрсе кез болса, бірі ақиретке керекті, бірі осы дүниеде керекті, бірін алса, бірі тимейтұғын болса, сонда біреу ақиретке керектіні алмай, екінші бір кез келгенде алармын деп, жоқ, егер кез болмайтұғын болса, кең құдай өзі кеңшілікпенен кешіреді дағы, мына кезі келіп тұрғанда мұны жіберіп болмас деп, дүниеге керектіні алса, енді ол кісі жанын берсе ақиретті дүниеге сатқаным жоқ деп, нануға бола ма?
Адам баласына адам баласының бәрі - дос. Не үшін десең, дүниеде жүргенде туысың, өсуің, тоюың, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, бармақ жерің - бәрі бірдей, ақиретке қарай өлуің, көрге кіруің, шіруің, көрден махшарда сұралуың - бәрі бірдей, екі дүниенің қайғысына, пәлесіне қаупің, екі дүниенің жақсылығына рақатың - бәрі бірдей екен. Бес күндік өмірің бар ма, жоқ па?.. Біріңе-бірің қонақ екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің, біреудің білгендігіне білместігін таластырып, біреудің бағына, малына күндестік қылып, я көрсеқызарлық қылып, көз алартыспақ лайық па? Тілеуді құдайдан тілемей, пендеден тілеп, өз бетімен еңбегімді жандыр демей, пәленшенікін әпер демек - ол құдайға айтарлық сөз бе? Құдай біреу үшін біреуге жәбір қылуына не лайығы бар? Екі ауыз сөздің басын қосарлық не ақылы жоқ, не ғылымы жоқ бола тұра, өзімдікін жөн қыламын деп, құр „ой, тәңір-ай!" деп таласа бергеннің несі сөз? Оның несі адам?

Пікірлер: 1
@lili_drawingm.r.k1716
@lili_drawingm.r.k1716 4 жыл бұрын
Керемет
Did you find it?! 🤔✨✍️ #funnyart
00:11
Artistomg
Рет қаралды 115 МЛН
Glow Stick Secret 😱 #shorts
00:37
Mr DegrEE
Рет қаралды 136 МЛН
YouTube's Biggest Mistake..
00:34
Stokes Twins
Рет қаралды 77 МЛН
Власть прощать грехи и творить жизнь
31:19
Екатерина Абдукаримова
Рет қаралды 8
Мәнді сөздер, Шәкәрім Құдайбердіұлы
8:55
Выпуск 2 - Суть буддизма
9:17
Буддизм ТВ
Рет қаралды 1 М.
Абай 28-сөз
3:44
Ibrahim
Рет қаралды 1,1 М.
Абай 27-ші сөз
7:51
Ibrahim
Рет қаралды 893
Did you find it?! 🤔✨✍️ #funnyart
00:11
Artistomg
Рет қаралды 115 МЛН