Рет қаралды 6,541
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаhармандығы мен даналығын,болашаққа үмітін, арман тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Осы орайда Қарағанды технология және сервис колледжінің кітапханашысы Култай Шамелқызы "Мемлекеттік рәміздер - ұлт мақтанышы" атты ақпарат сағатын ұсынады.