Рет қаралды 226
Берен Мылтық
Адамзат қолымен жасалған қарудың ішінде мылтықтың жөні бөлек. Бұл қару аңды алыстан атып алуға мүмкіндік береді. Мылтықты қазақ ұсталары өз қолымен жасаған. Ондай ұстаны ертеректе “Дархан” деп атаған. Қарудың ұңғысы темірден құйылған, мылтықтың сапалы болуы ұңғының түзулігі мен беріктігіне байланысты. Ұңғының оқпаны әртүрлі болады, оны ғылымда калибр дейді. Мылтықтың қазақ арасында пілтелі Мылтық,жалғыз ауыз, қосауыз, жездіауыз, көкберен, бытыралы сияқты түрлері болған. Пілтелі Мылтық 16 - 18 ғасырларда жоңғар басқыншылығына қарсы соғыста қолданылды. Оған жерге тірелетін 3 сирақ орнатылды. Аузынан оқталып, дәрісі мақта пілтемен тұтатылды. Халық арасында оның оқтығы ұзын, салмағы ауыры “шамқал”, алысырақ ататыны “күлдір мамай” деп те аталды. Жалғыз ауыз Мылтық жеке оқпен оқталады.