Раиса Қадырдан сұрақ: Әлемдік әдебиеттен қандай шығарманың қазақ тіліне аударылуын қалар едіңіз?
@azon049 ай бұрын
Маргарет Митчелл. "Унесенные ветром".
@NurlanNurlan-ot7iw9 ай бұрын
Саммари форматында аудармалар қажет. Қазір уақыт тығыздығына байланысты 400-600 беттік классикалық шығармаларды басынан аяғына дейін оқу қиындық туғызады. Мұндайда нарық сұранысына қарай баспалар да өз қысқа нұсқаларын ұсынып отырса жақсы болар еді
@alinurraiymbekova51639 ай бұрын
Д.Лондон “Мартин Иден” Қазақша аудармасы бар бірақ сапасыз деп естідім.
@followthewildhorse9 ай бұрын
Ричард Докинз, Сэм Харрис кітаптары шыққанын қалаймын!
@TheMusicSoundLibrary9 ай бұрын
Әлемдік Классика аударылуы қажет.
@shamidinoff9 ай бұрын
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте! Бәрекелді, Ареке! Мың алғыс!
@marzhanziyabek86669 ай бұрын
Арман қазақша подкаст жасады 😍💖👏
@aiseil45319 ай бұрын
Раиса ханымға мың алғыс! Критикаға қарамай, ойға алған мақсатынан таймай әлем әдебиеттерінің қазақ тіліндегі нұсқаларын шығарғаны үшін. Орыс және ағылшын тілдерінде оқыған бір бөлек, өз тілінде оқыған мүлдем басқаша сезім екен 😍
@КурмангалиБекишев9 ай бұрын
Раиса ханымға өте риза болдым. Өте білімді және өте сүйкімді жан екен. Қанша жыл шет елдерде жүрсе де қазақшасы бізден артық болмаса, кем емес. Оған қоса нағыз патриот десе болады. Осындай қазақ қыздарының болғанына өте қуанып отырмын. Зор табыс тілеймін!
@ernebey9 ай бұрын
Арман, қазақша жүргізе бастағаныңа тәнтімін. Ісің өрге баса берсін.
@aigulmoonkz9 ай бұрын
Таза қазақ тілінде білімді адамдарды тыңдау - не деген керемет. Арман, қазақшаңызға таң қалдым👏🏼. Мектеп бітіргеннен кейін қазақшам өте төмен деңгейге түсіп кетті. Енді Раиса ханымның аударылған кітаптарын алып, оқуға тырысамын. Көп рахмет сіздерге 🙌🏼
@ГалияИбрагимова-м3ж9 ай бұрын
Менің туған күніме немерем Харуки Муракамидің "Норвег орманы" шығармасын сыйлады. Екінші рет оқып жатырмын. Аударма керемет. Рақмет. Менің жасым 72-де. Бір қызығы тура 50 жыл бұрын менің жолдасым Ибусэ Масудан "Чёрный дождь" деген кітабын менің туған күніме сыйлаған. Бұрын кітап ең қымбат сыйлық болып есептелетін. Жолдасым 2017-ші жылы өмірден озған. Немереме қатты риза болдым. Сіздерге үлкен алғыс. Жұмыстарың жемісті болсын. Өскемен қаласының тұрғыны
@lisag80529 ай бұрын
Харуки Муракамидын Убийство Командора деген китабын усынамын.. Ен суйыкты китабым
@KanoBusiness9 ай бұрын
Арман как ты так в свою черепную коробку столько информации вмещаешь и так хорошо знаешь 3 языка и частично японский... в чем секрет? Это мощно!
@AliyaMussina9 ай бұрын
Бұл барлық адамның қолынан келеді. Тек ынта мен дисциплина болса.
Демалыс күндері Арбатта 3 кітабын балаға алдым. Space, Energy, Robotics. Сатушыға: “қазақша норм кітаптар шығаратын болды ғой”- деп қуана айттым. Keep going. Керемет🔥 Арман қазақша top🔥
@ЕржасынАйт9 ай бұрын
Раиса ханымды көріп, танып отырғаным осы. Тіліне нағыз жанашыр адам екен. Не деген қажыр, не деген еңбек! Басымды идім.
@aizhanashaimerdinova649 ай бұрын
Мен де басымды идім. Мәселені мемлекетке, т.б. жаппай, өз қолына алған, тілінің жанашыры, нағыз патриот
@aikakhairullina9 ай бұрын
Керемет! Рахаттанып тыңдап отырм. Раиса ханым, сізге көп рақмет, әлем әдебиетін қазақ балаларына жақынырақ әкеліп жатқаныңызға. Өзімнің болашақ балама алып қоямын-ау дейм🥹
@englishpilot48849 ай бұрын
Арман я в шоке. Какой ты умница! Қазақша сайрап тұр! Ты тигр !
@Dombrat239 ай бұрын
Жолбарыс, каскыр, айгыр!)
@bolatasker72229 ай бұрын
өз елінде өз тілін білмей өсу білімсіз атананың баласына ғана тән. Және қазақша біле тұра өтірік сөйлемейтіндер олар еголарына жеңілген атасы мал баққан әкесі сссрдің егіншісі трактарист, өзіғана шала біләм алған осындай адамдар егоны көтере алмай солай болып кеткен. Таяаздық көрініп тұрады. Өзін дәлелдеуге тырысу сезімі сонша жан ашырлық жаңдайда тұрғанын өзі білмей қалады:)
@assylbektygynbayev3559 ай бұрын
қазақтың қазақша сөйлегеніне қуанатын заман болды ғой🥲
@assylbektygynbayev3559 ай бұрын
@@Dombrat23 бір сөзбен айтқанда айуан десейш😂😂😂
@АзатЖунусов-о1з9 ай бұрын
Я тоже в шоке...
@aiseil45319 ай бұрын
Арман ағай😍- біздің жастардың role model-і🔝, үш тілде де еркін сөйлей алатын, еліміздегі IT саласының дамуына өте үлкен үлесін қосып жүрген, ерекше орны бар тұлға, нағыз қоғам қайраткері !
@Assa780029 ай бұрын
Раиса ханымның ойлары ой туғызып жатыр!!! Менің өмірлік миссиям не деген ойға шомып отырмын! Қазақи болмыс туралы маңызды ұғымдарды қарапайым тілде ұғынықты жеткізді! Тамаша подкаст! Арман, сізге көп рахмет, қазақша подкастыңыз көңілімнен шықты! Табыстан табысқа жете беріңіз!
@saniiaalim9 ай бұрын
Еңбегіңіз берекелі болсын. Подкаст бойы сөйлеу мәнеріңізге сүйсініп отырдым Раиса ханым
@yedil_myrza9 ай бұрын
Не болса да, бірақ nFactorial - дан қазақ тілді подкаст мүлдем күтпеп едім. Жарайсыз, Арман 👏
@Таужынысы9 ай бұрын
Раиса ханымға үлкен рахмет! Батыл, сауатты, ұлт жанашыры екен. Ал Арманға бөлек алғыс! Өтініш қазақ тілінде де подкаст жиі түсіріңізші.
@МаксКалигожин9 ай бұрын
Арманжан мен Райса ханымға алғыс.Өте жақсы және пайдалы подкаст түсірген екенсіздер. Қазақ тілінің аясы кеңейе берсін!
@qs58079 ай бұрын
Раиса ханым, қазақ елі үшін жасап жатқан жұмысыңызға рахмет. Бизнесіңіз өсіп-өніп дами берсін. Арман, сізге қазақша сапалы, жанның шөлін қандыратын подкаст үшін бөлек шексіз ризашылық пен алғыс. Алда да осындай қазақша подкаст көп болсын деген тілек.😍🙏🏻
@xxbabyqwq9 ай бұрын
my man is not only a genius, but also multilingual genius, impressive
@МаржанУтемисова9 ай бұрын
Керемет ❤❤❤
@jojojo4249 ай бұрын
Была среди тех, кто писал вам гневный коммент под выпуском с мухоряповым (до сих пор считаю, что каким бы распрекрасным бизнесменом человек не был, моральная сторона человека так же важна, а тот со своей общей ватностью, "пилотками" и отношением к казахскому языку, такой себе пример для подражания). Но снииаю шляпу, вы молодец, что продолжаете делать свое дело, снимать выпуски, этот и предыдущий с девушками в IT - вообще огнище! "Ignore the noise, focus on your work". P.S. Оказывается, вы прекрасно владеете казахским 👏
@MagzhanSeilkhan9 ай бұрын
Раиса ханымды өмірде де жақсы танимын. Өте қарапайым жан. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін.
@assylzatbexeiit62529 ай бұрын
Раиса ханымның сөз саптауы, ойын жеткізуі керемет әсер қалдырды. Қаншама жер аралап білім алып елімізге оралып қазақ тілінің дамына үлес қосып жатқаны шабыттандырады. Арман мырза қазақ тілінде жазылған алғашқы подкастаңыз қызықты және шақырған қонағыңыз ерекше жәй өмірде баспа ортасында жүрмеген қарапайым адамдарға жаңа тұлға болды. Рахмет
@Dinara-s4g9 ай бұрын
Молодец ведущий, глубокие, профессиональные вопросы. Все вопросы этой отрасли захватил. Интервьюируемому хочу пожелать развития, делать своё дело с любовью и вопреки. У Вас очень тяжёлый труд, я это сама знаю как автор. Спасибо Вам за Ваш труд
@Самсунг6-ъ3б9 ай бұрын
Арман Раиса ханыммен болған әңгіме тамаша болды. Рақмет
@newyurter_9 ай бұрын
Керемет сұқбат болды. Раиса ханымды ашқаныңызға рақмет. Арасында осылай қазақтілді спикерлерді шақырып тұрыңыз Ареке.
@publichealthcare239 ай бұрын
Ақ қоян - қыздарымның алғашқы кітабы болды. Қазір көбіне Сіздің баспаның кітаптарын тұтынамыз❤. Таңдамалы сапалы аударма үшін рақмет айтамын ❤
@NurlanNurlan-ot7iw9 ай бұрын
өзге тілдегі шығармалардың қазақ тіліне аударылғаны қажет, тіпті, экономикалық тиімсіз болса да. өйткені аударма болғанның өзінде де, бұл еңбектер қазақ тілінің сақталуына септігін тигізіп отырады, әдеби болсын, ресми болсын, іскерлік болсын тіліміздің қалыптасуына кірпіш болып қалана береді
@bakhytzhumabayeva55869 ай бұрын
I am very impressed by this interview. You are very admirable, Raisa! You've got everything you need to achieve your goal!! Keep going and your success is just around the corner. I hope to get your books soon. Well done, Arman!
@indiraalibayeva11129 ай бұрын
Раиса ханымды тыңдап отыра бергің келеді. Әр кітабы туралы махаббатпен айтып беріп отырғаны қандай күшті. Барлығын алып оқығың келіп кетеді екен! Подкаст үшін рақмет!
@Programmer-wp3nl9 ай бұрын
Оо қазақ тілінде шығарылымдар күтеміз тағы да👍🏼
@kqjxwzpl9 ай бұрын
Арман🎉🎉🎉🎉 Тамаша, жарайсыңдар!
@QyzylQus9 ай бұрын
Рахмет Раиса ханымға, Арман қазақ тілінде жүргізгеніңізге қуанып отырмын, Қазақшаңыз керемет екен, әрі қарайда қазақ тілінді подкаст күтеміз. Көп рахмет❤
@Nicegyvgm9 ай бұрын
Раиса ханым улкен жумыс, ошпес ис бастаган батыр казак айели👏🏻 Казак балаларына, урпагына улесиниз мол!
@art_school_by_safiya9 ай бұрын
Өте керемет шығарылым. Қаншама күшті қазақ тілді кітаптар туралы білдік. Рахмет. Екі білімді адамдардың әңгімелесуін тыңдау нағыз рахат)
@Martineden77079 ай бұрын
Райса ханым жасап жатқан жұмыс өте маңызды. Осы подкаста болған қонақтардың ішіндегі қоғамға ең пайдалысы деген ой келді.
@adildik_orkendeu_mangystau9 ай бұрын
Арман, қазақшаңыз керемет екен. Жарайсың. Сәттілік тілеймін. Райса ханым, қазақ туындыларын насихаттап жүргеніңізге мың алғыс. Шығармаларыңыз әлі де шыңдала бергей. "Әр қазақ менің жалғызым" демекші, әлемнің қай елінде жүрсеңізде аман болыңыздар! ❤❤❤
@kurortayan9 ай бұрын
Уау 😍😍😍 осындай қазақша подкасттар көп болсыншы
@zhuldyzarykbayeva23859 ай бұрын
Арман, Раиса ханым, керемет подкаст үшін көп рақмет! Сүйсініп, ләззаттанып қарап шықтым. Раиса ханымның білімділігіне, тілге деген жанашырлығына, кішіпейілдігіне тәнтімін. Керемет сұқбат болды. "Ақын қоян" 4 жасар жиенімнің сүйікті кітаптарының бірі. Сіңлім екеуміз кейде кітапта қоян айтпақшы "көздеріңе күйік болмай кетейін" деп әзілдейміз:) Қазіргі балалар әлем әдебиетінің үздік туындыларын қазақша оқи алатынына қуаныштымын. 10 жылда еліміздің кітап нарығында қазақ тілді кітаптар 10% құрасын деген Раиса ханымның арманына мен де қосыламын. Арманға жету үшін үлесімді қосуға тырысамын. Подкасты қарап отырып, Раиса ханымның сипаттауын тыңдап, Каспиден бірден "Персеполис" кітабына тапсырыс бердім. Керемет подкаст үшін тағы да көп-көп рақмет!
@talgatmarat9 ай бұрын
Ареке, қазақша подкаст құтты болсын! Керемет! Жаңа табыстарға тілектеспін
@ForMyself-p1u9 ай бұрын
Раиса ханымға мыңда бір рақмет! Істеріңіз алға баса берсін!
@КенжегулСмаилова-ш9л9 ай бұрын
Көп рахмет, балаларымызға осындай үлкен дүние жеткізіп жатқандарыңызға, істеріңіз алға баса берсін.
@арайрахимжанова-ц9у9 ай бұрын
Раиса ханымға қарап өзімді көргендей болдым. Керемет әйел екен. Сізді үлгі тұтатын болдым. "Норвег орманы" атты кітап алғашқы ағылшынша оқыған кітаптарымның бірі. Енді қазақшасын оқу қызық болып тұр. Нағип Мағфуздың кітабын ағылшын тілінде бір досым сыйға тартқан. Соның соңғы бөлімін оқымаппын. 10 жыл болды кітапханамда тұрғанына, ұяттағы. Барып қолыма алып оқиын. Рахмет сізге❤еңбегіңіз жана берсін. Менің де өмірімді арнайтын, балаларға мұра ете алатын, қоғамға пайдалы миссиям алдымнан жақын арада шығып қалар.
@assylbektygynbayev3559 ай бұрын
бәрекелді! қазақ тілді шығарылымдар көбірек болсын🙏
@janibeknurysh9 ай бұрын
Тамаша толымды сұхбат. Пайдалы ақпарат көп екен. Сұхбат алушы Арман Сүлейменов мырзаға да, сұхбат беріп, кәсіби өміртарихын айтқан Раиса Қадыр ханымға да рахмет пен құрмет.
Рақмет 😊 Тұлғалық тұрғысынан да иә керемет әйел санатында да аха мейірімді ана тұрғысынан да өте күшті ұнады.... Руханиятқа үлесін қосып жүрген осындай дарабоз әйелдерге мың алғыс ❤❤❤
@tinydancernyc9 ай бұрын
Steppe World баспасы шығарған Харуки Мураками кітабын оқып жатырмын. Жапондық ойды қазақ тілінде оқыған - өте ерекше. Екі мәдениеттің бірігуі секілді, қазақша аударылып жазылған түрінде жаңа бір шығармашылық туынды секілдес. Және де екі мәдениет арасында бұл аударма арқылы жаңа mental connection жасалғандай болып сезінеді. Баспа үйлеріңізге мың да бір алғыс!
@vityaalvares9149 ай бұрын
Кітаптың аты қалай аталады? Рахмет!
@gulfairuzshauyet90829 ай бұрын
@@vityaalvares914норвег орманы
@tinydancernyc8 ай бұрын
@@vityaalvares914 Норвег Орманы🫶🏻
@canera_dulugu11099 ай бұрын
Керемет! Бұл баспаның кітаптарын балаларыма көптеп алып жатырмын. Рақмет ❤
@Makpalamanzholova9 ай бұрын
Арман мырза, Раиса ханым, керемет подкаст үшін көп алғым! “Қомағай жұлдызқұрт” пен “Тілашарды” жиендеріме алып бергенмін, өте жақсы көреді, суреттері өте әдемі, кітаптың сапасы мықты🫶🫶🫶
Ия, казак тили дамымай калуы себебы де сол баспанын тек орыс тилинде коптигинен. Осындай тын идеялар, батыл кадамдар тилимиздын дауырлеуыне кадам!👏🙏
@Картондог-ч1ш9 ай бұрын
Арман сізге көп рақмет! Өткенде жазып едім сізге қазақшасы керек деп. Сізді қолдаймыз! Тоқтамаймыз осымен. Орысшасыда қазақшасыда керек. Аман жүрініз!
@ardakkarahodga63899 ай бұрын
Осындай қазақ тіліді подкасттар көбейгені жақсы. Арман Райса сіздерге көп-көп рақмет.
@almalike9599 ай бұрын
Қанша рет қарап шықтым. Керемет! Райсадай қыздарымыз көп болсын қазақ үшін
@RT-of9op9 ай бұрын
Рахмет, құлағыма майдай, керемет подкаст болды.
@ainurkuanyshbayeva55489 ай бұрын
Арман мырза, қазақшаңыз керемет!
@28Sitar9 ай бұрын
Армаааан, тамаша сұхбат 👏👏👏
@gzh6439 ай бұрын
қазақ тіліндегі сауатты сұхбаттар үшін шексіз алғыс❤️ ана тілімізде көбірек сұбат алуыңызды өтінеміз
@dauletnurakhmetov9 ай бұрын
Өте мазмұнды әңгіме айтылған екен. Ғылыми-шығармашылық жұмысқа баулуға арналған әлемдік танымал туындылар аударылса. Көп рақмет.
@ganbeega9 ай бұрын
Аман болынызКеремет. Казак. Халкын ын. СуйиктиКызыРайса Ханым Аман болАлла жар болсын
@zhanilashbekenzhan83999 ай бұрын
Керемет және пайдалы әңгіме болды! Рақмет!
@keikibatir14969 ай бұрын
Әпкемізге Алла разы болсын. Алла өміріне береке берсін
@MerekeDadabayeva9 ай бұрын
Раиса ханыммен баспаның ұжымына еңбегіңізге үлкен рақмет 🙏🙏🙏
@theNomadKZ9 ай бұрын
Арман, кушти болды, казак тилди конактарды шакыра беринизши. Раиса ханым👍
@bakdauletk9 ай бұрын
Арманның қазақшасы жақсы екенін білмеппін
@zhan74159 ай бұрын
Айтпаныз👍
@EduBridge_study_abroad9 ай бұрын
Раиса ханым еңбегіңіз өрлей берсін! Арман қазақ тілінде керемет жүргіздіңіз!!! Steppe&world баспасы қазақ тілінде ең сапалы аударма баспасы екеніне көз жеткіздім. 2019-жылдан бастап кітаптарын сүйіп оқимыз, басқа баспалардың да кітаптарын оқыдық, бірақ бұл баспадай әдемі және оңай қазақшаға аударылмаған.
@ПеризатЖолбаева9 ай бұрын
Бәрекелді Арман мырза! Керемет🙌🏻👍🏻
@guljanyesimkhan9599 ай бұрын
Керемет моңғолияда тудық 60-70 жасқада келіптік.кітапқұмармыз.қазақстанға барған сайын қазақша әлемдік дұрыс кітап іздеп таба алмаушы едік енді немерелерімізге оқып беретін кітаптар шыққанына қуанып жатырмыз.Райсаның ата анасы халыққа танымал зиялы кісілер ғой тектілік деген осы
@samalrash13499 ай бұрын
Раиса, Арман, көп рақмет сіздерге! Керемет 🎉
@alibekorazbay9 ай бұрын
Алға Раиса апай! Алға Steppe&World! Алға Арман!
@aluaaubakirova30059 ай бұрын
Хәрри Поттердің барлық шыққан кітабтарын алып, балаларымыз оқып шықты да , оқып жатыр да. Басқа кітаптарыңызды алып, оқып жүрміз: Чарли мен шоколад фабрикасы, Муша, Ғалам, Энергия, тб. Керемет бастама! Тек қана алға!!!
@mnn47939 ай бұрын
Арманды ынғи тыңдаймын,өте сауатты баала. Рахмет жаным! Бақытты бол! Көп рахмет Раиса ханым. Мен кәзір қазақша үйреніп жүрмін. Қай жерде сатып алуға болажы?
@Thetolkin9 ай бұрын
Раиса жаным керемет сұхбат болыпты. Иә монғолияда туған қазақтардың ойын жақсы жеткіздің. Біз қазақ болып туғанымызға мақтанамыз, МЕН ҚАЗАҚПЫН деп ауыз толтырып айта аламыз ❤❤❤❤
@mr.eskimo89269 ай бұрын
❤❤❤ қазақша кітаптарымыз көптеп жарыққа шыға берсін 😘😘😘
@kairbekshagiyev66289 ай бұрын
Arman, жарайсың! Қазақ тілінің дамуына үлесіңді қосып жатырсың👏🏻👏🏻👏🏻
@araykurmangali30729 ай бұрын
Уау қандай сапалы керемет подкаст!!!! Раиса ханымның қазақшасы құлаққа сондай жағымды естіледі. Өте қызықты! Менің Сізде көрген алғашқы подкастым. Тағы осындый қазақ тілді спикерлерді тосамын 🥰🔥.
@JohnBauer779 ай бұрын
🎉өте күшті подкаст! Арман, көбірек қазақша подкаст шығарсаң әдемі болар еді! Рахмет!
@bakdauletk9 ай бұрын
Мықты!
@olzhassamatov31809 ай бұрын
қазақ тілін осылай дамытайық. nfactorial алға
@marvelman13319 ай бұрын
Арман, супер, ждал больше недели
@bolatalmaty76499 ай бұрын
Керемет. Өте жақсы сұхбат!
@adilanizuly57409 ай бұрын
Barekeldi!👏
@sholpanomarbekova62679 ай бұрын
Рақмет! Өте қызық және маңызды.
@makpaltoleubayeva62829 ай бұрын
❤керемет подкаст болды! Қонағыңыз умничка!
@qwertyqwer13079 ай бұрын
Amazing Arman. Keep going
@rizarizat63569 ай бұрын
Керемет қонақ ❤ Раиса ханым бірнеше подкастқа бергісіз әңгіме айтты ❤
@Zhanylai9 ай бұрын
Жап-жас бала Итбасты аударып, дизайнын жасадым дегенінде талып қала жаздадым. Керемет мамандарды жинап алды. Қомағай жұлдызқұрт үшін әлі күнге алғысымды айтамын. Балаларым өте сапалы кітапты оқып өсіп жатыр.
@AbishDalubai9 ай бұрын
Интелектісі не деген жоғары кісі. Сұхбаттан керемет әсер алып отырмын. Кезінде өзге елдің боданында болмағанда барлығымыздың интелектіміз осындай жоғары болар ма еді? Осындай адамдарды көргенімде қазақ болып туғаныма мақтанамын.
@publichealthcare239 ай бұрын
уау, күшті сезім, рақмеет 🥰
@yerbolatalaidar15699 ай бұрын
Керемет подкаст!
@НуридиллаМатиев9 ай бұрын
@нфакториалподкаст тобына көп рахмет! Жасап жатқан жұмыстарыңыз өте пайдалы әрі сапалы. Раиса ханым, степуорлд командасы сіздерге де көп рахмет! Кітаптарыңызды алып, оқып тұрамыз
@ainaaina29749 ай бұрын
Арман, сізге көп рақмет. Біріншіден, сіздің қазақ тілінде еркін сөйлейтініңіз мені таңқалдырды, қуантты. Ғажап! Екіншіден, Раисадай әрі көркем сөйлейтін, әрі мықты кәсіпкер, ұлтжанды қазақтың батыр қызын шақырғаныңыз үшін бек рақмет. Тоқтамаңыз 🚀