8 наурыз - Аналар мерекесі

  Рет қаралды 49

Нартай Кайырлапов

Нартай Кайырлапов

2 ай бұрын

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты шарада Арал өңірінің нәзік жандыларын мерекемен құттықтады.
Алдымен мерекелік кештің шымылдығы әйел-ананың қадір-қасиетін ұлықтайтын сахналық қойылыммен түрілді.
Мұнан соң, аудан басшысы сөз алып, барша әйелдер қауымына ақжарма лебізін арнады.
«Шын мәнінде адамзат баласы үшін анадан құдіретті, анадан ардақты, анадан аяулы ешкім жоқ. Сондықтан әлемдегі ең жоғары мадақ та, құрмет те ару-аналарға арналады. Бүгінде ауданымызда 2 мыңнан аса алтын құрсақты аналарымыз болса, оның 113-і батыр ана. Ал 640-і Алтын алқа, 1226-і Күміс алқа иегерлері. «Әйел - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербейді» деген тәмсілдің астарында әйел адамның кез келген ауқымды істерге араласып, үлкен нәтижеге қол жеткізе алатынын дәлелдейтін терең мағына жатыр. Қазақ әйелі - елдіктің, қазақ әйелі - биіктіктің, қазақ әйелі - мәңгіліктің өлшемі. Әйел - өмір тірегі ғана емес, әйел - өмірдің өзі.
Ауданымыздағы мемлекеттік қызмет саласындағы 36 пайызын, білім беру саласындағы 65 пайызын, медицина саласының 83 пайызын, мәдениет саласындағы 80 пайызын, өңірдегі кәсіпкерлердің 47 пайызын әйел азаматшалар құрап отыр. Сонымен қатар Аралдың ақ алтыны атанған ас тұзы мен су маржаны балық өндірісінде, темір жол мен ауылшаруашылығы, құқық қорғау саласында және бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек етіп жүрген асыл апа-қарындастарымыз аз емес. Аяулы асыл жандар! Сіздер арқылы Арал халқының барша аруларын әсем мерекемен құттықтап, ыстық ықыласым мен ақжарма лебізімді білдіргім келеді. Сіздер барда сәбилеріміздің жүзінен күлкі кетпей, ер-азаматтарымыз еңсесін тік көтеріп жүре бермек!» - деді, аудан басшысы.
Салтанатты кеште түрлі салада елеулі қызмет етіп, белсенділігімен ерекшеленіп, үздік деп танылған бірқатар аяулы аруларға Облыс және аудан әкімінің құттықтауы табысталды.
Мерекелік шара көрерменге шат-шадыман көңіл-күй сыйлайтын концертпен жалғасты. Жергілікті аудан өнерпаздары мен мерекелік кешке арнайы келген эстрада жұлдызы Алмасхан Насыров әсем ән шырқады. Мың бұралған бишілердің өнері де көктем мерекесінің ажарын аша түсті.

Пікірлер
21.05.24 кослайк ‎@qoslike  #qoslike #кослайк
9:13
#кослайк
Рет қаралды 30 М.
НЕОБЫЧНЫЙ ЛЕДЕНЕЦ
00:49
Sveta Sollar
Рет қаралды 8 МЛН
The World's Fastest Cleaners
00:35
MrBeast
Рет қаралды 165 МЛН
Let's all try it too‼︎#magic#tenge
00:26
Nonomen ノノメン
Рет қаралды 54 МЛН
Когда на улице Маябрь 😈 #марьяна #шортс
00:17
Ложь о брачном возрасте в Исламе
11:08
Қанат Әбдіраман-қазақ қызы
4:33
Әсем әуен
Рет қаралды 26 М.
"Рухани қазына - 2023"   Қарақұм ауылдық клубы.
5:12
Нартай Кайырлапов
Рет қаралды 281
8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт
1:12:15
Нұрболатқа тағы үміткер келді😍 Бір Болайық! 21.05.24
30:53
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 53 М.
ЖАҚЫНДА ТОЙ 21.05.2024. 4-бөлім эфир
11:02
Айтыс. Ботагөз Мухиден (Ұлытау ауданы) VS Сырым Бейсенбек (Жаңаарқа)
24:36
Самый КРЕПКИЙ ученик!👍
1:00
Petr Savkin
Рет қаралды 3,8 МЛН
🫙He Had To Repeat After Her And Crumple The Bottle😲🤪🤠
0:18
BorisKateFamily
Рет қаралды 28 МЛН
Как же жалко эту бедную душу #movie #cartoon
0:56
КиноЛапа
Рет қаралды 1,9 МЛН
SIGMA GIRL CAUGHT RED HANDED #shorts #funny #tiktok
0:15
mountainlion5
Рет қаралды 22 МЛН