Рет қаралды 12,635
БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Жетісу облысында кішкентай бүлдіршіндерді тұншықтырып, ұрып-соққан жекеменшік балабақшаның үш бірдей қызметкері жұмыстан босатылды. Қорғансыз балаларға тәрбиешінің қол көтергенін ата-аналар бейнебақылау камерасынан көріп, жаға ұстаған. Қазір бөбекжайдағы бассыздыққа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Панфилов ауданындағы балабақшаға өңірдегі әріптесім Меруерт Сабыртай барып қайтқан еді.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
Бүгінгі шығарылымда:
Бауыр еті баласын тәрбиеші тұншықтырып жатқан бейнежазбаны көргенде Гүлназ Шаймерденова есінен танып қалған. Ол екі күн бұрын кішкентай қызының денесі көгергенін байқап, бірден бөбекжайға барыпты. Бейнебақылау камерасын тексерген ана жағасын ұстаған.
ГҮЛНАЗ ШАЙМЕРДЕНОВА, Панфилов ауданының тұрғыны:
- Шашынан тартып аузына тамақты тығып жатыр насильно, тығып-тығып тамағын берді, суын берді, кетіп қалды. Сол жердің бәрін жинап қызымды алып шешіндіріп төсекке лақтыра салды. Қызым жылап жатыр, бәрін оятатын болды деп орнынан тұрды да келіп қызымды тұншықтырып жатыр. Тұншықтырып қана қоймай ұрып жатыр.
Желіге тараған тағы бір видеода қорлық көрген бүлдіршін Айғаным Бұрлыбаеваның ұлы. Тәрбиеші кіші дәретке отырмаған ұлдың жыныс мүшесін тартқылап, мазақ еткен дейді. Ол аздай жанындағы қыздарға да дәл осы әрекетін жасатқызған екен.
АЙҒАНЫМ БҰРЛЫБАЕВА, Панфилов ауданының тұрғыны:
- Түнімен жылап шығады, біреу сөйлеп қалса жасқана бастайды, психологиясы да бұзылған шығар. Кіші дәретке отыратын кезде әпшуінен шерткен, тартады ғой неғып симейсің деп, аузынан ұрған, басынан ұрған в общем барлық жерінен ұрып шыққан.
Бұл бір емес, екі топта болған жағдай. Онда 50-ге жуық бала бар. Ата-аналар буыны қатпаған бүлдіршіндерді білектің күшімен тәрбиелейтін бөбекжай қызметкерлері тиісті жазасын алсын деп отыр.
ӘСЕМ БАЙСЕРКЕЕВА, Панфилов ауданының тұрғыны:
- Балам уже шок болып қалған ғой, садикке барасың ба десе барғысы келмейді. Жылайды бала, басқа садикке апарайын десе барғысы келмейді уже. Балаларымды соққан адамдар қатаң жазалансын.
Оқиға болған Панфилов ауданына қарасты Головацкий ауылындағы жекеменшік балабақша 6 ай бұрын ғана ашылған. Бөбекжайдағы оқиғадан кейін әдіскер, тәрбиеші мен оның көмекшісі жұмыстан босатылды. Ал, балабақша басшысының денсаулығы сыр берген көрінеді. Оның орнына ұлы келіп ата-аналардан кешірім сұрады.
ҚУАНЫШ КӨНШІБАЙ, кәсіпкер:
- Бұл жағдай ешкімді қуантып тұрған жоқ. Біз де үлкен қаражат салып бұндай жағдайға түсеміз деп ойламадық. Біріншіден кешірім сұраймыз. Екіншіден ары қарай дұрыс жұмыс жасау жолдарын қарастырайық.
Ал әлеуметтік желі арқылы бүкіл республиканы шулатқан алақандай ауылдағы бұл жағдайға қатысты білім бөліміндегілер "біз тексеру жүргізуге құзырымыз жоқ" деп қол қусырып отыр.
РАЙГҮЛ ҚАРАБАЛАЕВА, Панфилов аудандық білім бөлімінің әдіскері:
- Бұл балабақшаның ішкі тыныс-тіршілігімен таныс емеспіз. Себебі 2023 жылға дейін мораторий болғандықтан біз ешқандай балабақшаға арыз түспегенше біз кіре алмаймыз. Тек қана әдістемелік көмек, онлайн курс, семинар ұйымдастырып тұрдық.
Қазір ата-аналардың шағымы бойынша іс қозғалып, сот-медициналық сараптамалар тағайындалған.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық