Жаңаөзенде жүздеген көше тазалаушы жұмыссыз қалуы мүмкін

  Рет қаралды 4,466

Информбюро 31

Информбюро 31

Жыл бұрын

Жаңаөзенде қала тазалығына жауапты жүздеген азамат жұмыссыз қалуы мүмкін. Өйткені әкімдік өкілдері тазалау жұмыстарымен айналысатын басқа компаниямен келісімшарт жасасқан. Бір күннің ішінде нәпақасыз қалудан қорыққан "Строй Инвест" компаниясының жұмысшылар әкімдік пен басшыларының арасындағы дауды түсіне алмай дал. Ал жаңа компаниямен екі-ақ айға 150 миллион теңгеге келісімшарт жасаған шенеуніктер ісімізде олқылық жоқ дейді.
Жаңаөзеннің қоқысын тазалап жүрген «Инвест строй» компаниясының жұмысшылары ертеңгі күндеріне алаңдайды. Өйткені «біздің орнымызға келген басқа компания жұмысқа кірісіп кетті», - дейді. Айтуларынша қаланың тазалығына жауапты компания бір күннің ішінде өзгеріп кеткен. Жыл басталғалы өз қызметімізді қалтқысыз атқарып келеміз деген жұмысшылар енді бір айдың жалақысы төленбей қала ма деп қорқады.
БАҚЫТЖАН ОРАЗЫМБЕТОВА, жұмысшы:
- Біз сонша бала-шағамыз бар, кредитіміз бар. Жұмыссыз қаласыңдар дейді. Дұрыс емес қой ол олардың істеп отырғандары. Осының ақшасында күн көріп отырмыз дала сыпырып. Енді біз жұмыссыз қалсақ қиын ғой онда. Біз енді не қыламыз енді?
ЗӘМЗА БИСЕМБАЕВА, жұмысшы:
- Қазіргі таңда жұмысшыларымыз алаңдаулы болып тұр. 20-сы күні әкімшілік тарапынан звондап жұмысшыларыңыз заңсыз жұмыс жасап жатыр деп. Қазір «Өркен 8» мекемесі ашылып, жұмысшыларымыз алаңдап отыр қай мекемеге кетерін білмей.
Ал «Инвест строй» компаниясының басшылары әкімдік еш ескертпестен басқа компаниямен келісімшарт жасасты дейді. Айтуларынша өткен жылы әкімдік алдағы уақытта да Инвест строймен жұмысты жалғастыруға уәде берген. Ал жаңа конкурс жарияланғанша келісімшартты екі айға ұзартуы керек болған дейді серіктестік басшысы.
СЕРІК ҚАРТАНБАЕВ, «Строй инвест» ЖШС директорының орынбасары:
- Қазіргі таңда бір көзден басқа мекемеге екі айлық қызмет көрсету мерзімін бердік дейді. Қазіргі таңда қызмет көрсетіп жатқан қызметкерлеріміздің бірінші мәселесі жалақысы болып тұр, қалай төленетіні. Екінші мәселе ұжымның арасында дүрбелең, алып-қашпа әңгімелер, түсініспестік жағдайлар туындап отыр.
Кәсіпкер әкімдіктің бір көзден сатып алу әрекетін заңсыз деп санайды. Яғни мемлекеттік сатып алулардың заңды нормаларын аттап өтті деп отыр. Дегенмен, екі айлық қоқысты тазалауға 150 миллион теңге бөлген әкімдіктегілер бұл уәжбен келіспейді. Керісінше барлық әрекетіміз заңға сай дейді.
ЕРБОЛ САРЫЕВ, Жаңаөзен қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:
- Бұл мекеменің өзінде де қателіктер көп. Жұмысын атқармайды, екіншіден өзіне берілген міндеттемелерді де орындамай тұр. Бұл бәсекелестік орта. Бәсекелестік орта болғаннан кейін қай мекеме ұтып алады сол мекеме өзінің қызметін ары қарай жалғастырады. Енді жеңіліп қалған мекеменің қызметкерлері ұтып алған мекемеге өтіп тұрады.
«Инвест строй» серіктестігі енді әкімдікті сотқа бермек. Ал шенеуніктер өз ісіміз үшін заңды түрде жауап беруге дайынбыз деп отыр.
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Пікірлер: 19
@becausejoin1436
@becausejoin1436 Жыл бұрын
Осыған жол берген облыс әкімі жауап беріу керек
@user-pz4fy1io1p
@user-pz4fy1io1p Жыл бұрын
Аким калай жеудин есебин таппай осы куше сыпырушыларга тистима? .позор .
@farafara8470
@farafara8470 Жыл бұрын
Акым кайда караб отыр,
@user-th5if2st4g
@user-th5if2st4g Жыл бұрын
😱😱😱😱😱😱😱😱😨😨😨☠️☠️☠️☠️☠️☠️☠️☠️Аким.депутат.кетсин. Кудай.жаза.берсин. Малик.З.
@user-fk2yk4iw5f
@user-fk2yk4iw5f Жыл бұрын
Ен онайы осы дурыс халык аштан олсин дегенгой максат рахмет сендерге ага апалар
@user-tn5es3hz9p
@user-tn5es3hz9p Жыл бұрын
Мусорды тазалап жургои
@user-fn4fy7qx2p
@user-fn4fy7qx2p Жыл бұрын
КАСКА ДЕГЕНДІ СТОРИКАҒА КИЕТІН ЕДІ
@user-ph4yz1ed4w
@user-ph4yz1ed4w Жыл бұрын
Каска дегенді түсіндіріп адам баласы кимейме ? Жұмысқа кірген жағдайда экзаме алуы шарт қауіпсіздік белгінің бірі мысалы: ағаш бұтағы немесе домнан қатты байқамай басыңа ұшып келген жағдайда бастықтар неге бригадирлер жауап беруі шарт
@user-vx8ec9rh3z
@user-vx8ec9rh3z Жыл бұрын
Дұрыс жаңаөзен боққа батып жатыр
@user-tn5es3hz9p
@user-tn5es3hz9p Жыл бұрын
Толидиго акшасын уакытылы аилыгын алып журген шыгар
@barinkorgendurys1478
@barinkorgendurys1478 Жыл бұрын
Акимди тексериндер акша алган болар баска компания киру ушин
@user-jj3pc5ye7k
@user-jj3pc5ye7k Жыл бұрын
Взятку дали.и все.нет проблем.
@user-ej1dc4xq9t
@user-ej1dc4xq9t Жыл бұрын
Акымды алып тастау керек Халыкты оиламаима
@user-wy2cq4vs6d
@user-wy2cq4vs6d Жыл бұрын
Орнын босатсын. Халыкка басын ауыртпайтын аким кимге керек
@user-tn5es3hz9p
@user-tn5es3hz9p Жыл бұрын
Ия
@daraboz64
@daraboz64 Жыл бұрын
Бейбiт митингке шыгындар, талап койындар, айлык котерсiн. Талапты орындамайма отставкага кетсин укимет
@user-ks8ev9yh4l
@user-ks8ev9yh4l Жыл бұрын
Қойш Алеке Рудныйда жұмыс көпқо
@user-jf8ib6ph9s
@user-jf8ib6ph9s Жыл бұрын
Ои коя салындарш кунде жок жерден проблема шыгармаи халыктын оиын болу бул окметики
@user-qe7lr2oc8q
@user-qe7lr2oc8q Жыл бұрын
Акимге баска компания каша акша берди екен. Аким алган акшан тамагына турып калып кылтамак болып аштан ол.
Worldskills Aktau-2024
1:54
MANGYSTAU TV / Маңғыстау телеарнасы
Рет қаралды 17
Ақпарат. 20:00. Толық нұсқа. 20.05.2024
28:03
Aqparat / Ақпарат
Рет қаралды 63
Разбудила маму🙀@KOTVITSKY TG:👉🏼great_hustle
00:11
МишАня
Рет қаралды 2,9 МЛН
У мамы в машине все найдется
00:38
Даша Боровик
Рет қаралды 2,8 МЛН
АҚШ нарығы: NVIDIA есептілігі назарда
3:10
Freedom Broker Kazakhstan
Рет қаралды 50
Дара -  Есберген Іңірбайұлы
38:39
MANGYSTAU TV / Маңғыстау телеарнасы
Рет қаралды 36
Құлсары. Арнайы репортаж.
24:17
Тіл кеспек жоқ
Рет қаралды 89 М.
Иран президенті қаза тапты
8:08
Ойтүрткі
Рет қаралды 35 М.
«ALTAI apta» /каз/ 17.05.2024
19:47
ALTAI TV
Рет қаралды 28
Разбудила маму🙀@KOTVITSKY TG:👉🏼great_hustle
00:11
МишАня
Рет қаралды 2,9 МЛН