Жаңаөзендегі ереуіл алтыншы күнге созылып, бас көтерген жұмысшылардың қатары көбейіп жатыр

  Рет қаралды 34,514

Информбюро 31

Информбюро 31

2 жыл бұрын

Жаңөзендегі ереуілдер тоқтаған жоқ. Жалақының көтерілуін талап еткен ұжымдар саны көбейіп жатыр. Еңбекақының жоғарылауын сұрап бас көтергендердің кейбірі "бізді жұмыстан шығарып та жіберді" дейді. Десе де жұмысшылар айтқандарынан қайтпай, өз компания ғимараттарының алдына шатыр құрып наразылық білдіруін тоқтатпады. Жаңаөзенге арнайы барған әріптесім Махаббат Нұржанқызы ереуілшілердің жағдайын біліп қайтты.
Жаңаөзенде тек мұнай саласының ғана емес, өзге де саланың жұмысшылары бас көтере бастады. Олардың кәсіптері түрлі болғанымен, негізгі талабы - бір: жалақыны көтерту. Мәселен айдың барлық күнінде демалыссыз жұмыс істейтін Бөлеген Айдарбеков басшылар демалыс күнін нақты әрі заңды түрде бекітсін дейді.
БӨЛЕГЕН АЙДАРБЕКОВ, «Батыс ГеФиз Сервис» компаниясының жүргізушісі:
- Әйелім жұмыс жасайды. Әйелім айлықты көп алады. Мен далада жүргенмен 31 күн жұмыс жасаймын. Бірақ менің айлығым...тіпті айтуға ұяламын өзім.
«МұнайСпецСнаб» компаниясының 300 жұмысшысы да осымен алтыншы күн ереуілде. Сөздерінше, осында тұрған өздерін басшылары жұмыстан шығарып жіберген. Тіпті, әу бастан еңбек келісім шартын көрмегене едік дейді. Ал ереуілшілердің орнына басқа мамандар жұмысқа кірісіп кетіпті.
МЫРЗАБЕК ҚАЛДЫБАЕВ, «МұнайСпецСнаб Компани» ЖШС жүргізушісі:
- Мұнай саласында жұмыс жасағанмен айлықты ең жоғарысы 140 мың теңге алады. Ал ең төменгі айлық 85 мың теңге. Көбісі ойлайды бізді 300-400 мың, иә 500 мың теңге алады деп. Бізде олай емес.
Ал «Құнан Холдинг» компаниясына жалданып жұмыс істейтіндердің мәселесі шешілді. Алайда штаттық кестеде жұмыс істейтін 80 қызметкер бірден жұмыстан айрылғалы тұр. Ереуілді жалақының көтерілуін талап етіп бастағандар, мұндай жағдайда жұмыстан біржақты шешіммен шығару дұрыс емес деп есептейді.
АБАЙ ҚОЗЫБАЕВ, «Kunan Holding» компаниясының жүргізушісі:
- 80-ге жақын адамды жұмыстан шығарайын деп тұр ғой енді. Әркімде 4 баладан, 5 баладан бар. Қарайған кредит бар мына жүргізушілердің бәрі қалай күн көреді?
Жаңаөзен маңындағы ауылдардың тазалығына жауапты «Тазалық С» компаниясының қоқыс жинаушылары мен ауыр техникаларды жүргізетін жүргізушілердің ереуілге шыққаны сол еді көше бірден қоқысқа толып кетіпті. Ал жанайқайын жеткізбек болып көшеге шыққан қара жұмысшылар әкімдік пен басышылықтың әрекетіне налиды.
Акиматтың адамдары келіп халықтың әкеліп берген суына, қауын-қарбызын жеп мәз болып жатырсыңдар ма дейді. Ол не деген сұмдық?
СЕРІК ҚАРТАНБАЕВ, «Тазалық С» ЖШС директоры:
- Қарастырып жатырмыз қазір бәрін. Акимат тарапынан бізге ешқандай не жоқ. Біз халықтан түсетін түсіммен қызметкерлерімізге зарплатаны бөліп береміз.
Ереуілшілер асын осы жерде ішіп, үйлеріне бармастан далада түнеп жатыр. Оларға Жаңаөзеннің тұрғындары мен белсенділер ас-су әкеліп, қолдау көрсетеді. Ал бүгін ереуілшілер қатары сағат санап артты. Барлығы 9 компанияның жұмысшылары жалақының көтерілуін талап етіп тұр.
МАХАББАТ НҰРЖАНҚЫЗЫ, тілші:
- Күннің аптап ыстығында, ал кеште қапырықта дәл осылай отырып басшылықтың назарын аударғысы келген ереуілшілер құқық қорғау органдары тарапынан қыспаққа алынып жатқандарын айтады. Ал олар осы мәселенің шешілуіне облыс әкімі Серікбай Трұмовтың араласуын сұрайды. Егер қойылған талаптар орындалмаса, дәл осылай ереуілді жалғастыра беретіндерін жеткізді.
Махаббат Нұржанқызы, Сәбит Амангелдіұлы
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
KZbin - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#Жаңаөзен #наразылықтар #жалақы_жыры

Пікірлер: 96
@user-eg9ui9tf4m
@user-eg9ui9tf4m 2 жыл бұрын
Ереуілге шықан жігіттерді бүкіл ел болып қолдайық.
@user-cz8hl7gm6h
@user-cz8hl7gm6h 2 жыл бұрын
Алға қойған мақсаттарыңа жетіңдер айлықтарың көтерілсін
@kunsluqalieva4540
@kunsluqalieva4540 2 жыл бұрын
Қайтеді енді жетпеген екейін шығады да. Оңай емес жұмысшылар. Сондай арамы бастықтар білгенін істейді. Əр үйде бала 5 6 дан жетпейдіғой
@adamadamovich2793
@adamadamovich2793 2 жыл бұрын
Кәзір 50/60 асып кетсе 80 мың айлықты кімге жеткізеді жұмысшылар. Көреиін басшылар осы жалақымен жанұя бағып көрсін
@user-sz8ri8or2m
@user-sz8ri8or2m 2 жыл бұрын
ҚЫМБАТШЫЛЫҚ. ХАЛЫҚТЫ ҚЫСЫП БАРАДЫ. БАРЛЫҒЫ ШЫҚСА СОНДА ҮЛКЕН ӨЗГЕРІС БОЛАДЫ.
@user-pc2kb6lg5w
@user-pc2kb6lg5w 2 жыл бұрын
Жанаозен алга Менин калам 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
@GGG-ud5si
@GGG-ud5si 2 жыл бұрын
Соңына дейін тұрсаңдар жеңесіңдер !
@Knxjnx
@Knxjnx 2 жыл бұрын
Маскара , маскара . Бас котерген жумысшыларды жумыстан калай шыгардындар , солай кайта орындарында калдырып айлыктарын 100% га котерiндер . Барлыгынын да талаптары оте орынды . Ереуiлшiлердi негiзсiз жумыстан босаткан басшыларды шетiнен турмеге камау керек .
@SamsungGalaxy-us2tq
@SamsungGalaxy-us2tq 2 жыл бұрын
Халықтың жағдайын жасау керек , сол айлықты депудат сымақтарға беру керек , сонда да олар түсінбейді жемқорлар , Алла жазасын берсін .
@asaasa2487
@asaasa2487 2 жыл бұрын
Әкімдер шықсын жұмыстан, обал емес пе жұмысшыларға
@user-tn3ls4xi6n
@user-tn3ls4xi6n 2 жыл бұрын
Дурыс, айтканнан кайтпан жигиттер 362 аруак колдасын. Бари кымбат, жануйя асырау кыйындап кетти.
@zarinadusenbekova5752
@zarinadusenbekova5752 2 жыл бұрын
Молодцы алга ЖАНАОЗЕН
@user-lo5ts7kg7v
@user-lo5ts7kg7v 2 жыл бұрын
Ең ауыр жұмыс жасайтындардың еңбек ақыларын өсіру керек қой. 80 мыңмен қалай отбасын асырайды . Қандай қорлық, азаматтарымызға аз жалақы төлеу.Балашағасын қалай асырайды. Тыңдап отырып осындай азапқа қалай шыдайсың. Билік орындарын босатсын.Халықты аш жалаңаш, азаптап күннің астында қайыршылыққа ұшыратқан үшін. 😭
@user-ov4vr4cz4f
@user-ov4vr4cz4f 2 жыл бұрын
Бастығы оңбаған екен.
@asselabilbaky6297
@asselabilbaky6297 2 жыл бұрын
Бетинде тур гой бари
@user-ig5wj4bf3u
@user-ig5wj4bf3u 2 жыл бұрын
Назарбай осыдан он жыл бұрын өзеннің халқын қырып салып еді ол кезде де осы жалақы жетпей шығып еді халық енді тағы солай сатқындық жасап халықты қырып салуына жол бермеу керек
@sundet.6050
@sundet.6050 2 жыл бұрын
Жымыстан шыгарса компанияларга ол жердеден коширип жиберу керек . 👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍
@natkerimbayev6303
@natkerimbayev6303 2 жыл бұрын
Жемқор-парақорларды түгел ату керек👎 Жамбылда ең төменгі айлық 38-50 мың. Халық бірақ "шүкір" деп отыра береді. Көшеге шықпайды.
@bz4146
@bz4146 2 жыл бұрын
ҚОРЫҚПАҢДАР, АЛҒА ,ҚАЙТПАҢДАР ✊✊✊✊✊✊✊✊✊✊✊✊✊✊✊✊🤝✊✊✊✊✊✊✊✊✊✊🤝🤝
@user-pt7hf2ne9y
@user-pt7hf2ne9y 2 жыл бұрын
таза қанды мықты ауызбіршілігі мықты! Аллаһ ауызбіршіліктен айырмасын
@SamsungJ-qw1yp
@SamsungJ-qw1yp 2 жыл бұрын
Билікке кіріп алған арамтамақтарды түп тамырымен жою керек .Жалақыны өсірмейді , чиновниктердің жандары тыныш .
@user-dv1vg2cl2n
@user-dv1vg2cl2n 2 жыл бұрын
Бир күни барлығы шығады 54 мыңмен күн көрмип жүрмиз.
@duisenberdibekov3629
@duisenberdibekov3629 2 жыл бұрын
Алла Жарболғай Жаңаөзен алға
@user-ip7yk6gt2v
@user-ip7yk6gt2v 2 жыл бұрын
Талап дұрыс, қолдаймыз. Алға Қазақстан
@user-fg6jl4zz9o
@user-fg6jl4zz9o 2 жыл бұрын
Алға Жаңаөзен
@argynargyn3965
@argynargyn3965 2 жыл бұрын
Қазақстан бойынша тек қана Маңғыстаудың духы күшті екен. Қазақстанда айлық аз
@erjanmoiori4534
@erjanmoiori4534 2 жыл бұрын
Шыгындар митингке шыгаберындер скора котерын сгемыз окыметтын
@dametgazizova9523
@dametgazizova9523 2 жыл бұрын
ОЯН ҚАЗАҚ,КӨТЕР БАСТЫ!
@aidos9572
@aidos9572 2 жыл бұрын
Прямо талпамен кирип офисин ортеп жиберу керекко кур турганмен пайда жок агайын халыкты тындап жаткан ешким жок
@user-pt7hf2ne9y
@user-pt7hf2ne9y 2 жыл бұрын
адайлар мықтығо мықты!
@user-ny5nu6nx3o
@user-ny5nu6nx3o 2 жыл бұрын
Жаңа өзенге рахмет нагыз еркек
@lloydbanks3442
@lloydbanks3442 2 жыл бұрын
Жемкор билик казактын жауы
@user-vy1dd8nb5e
@user-vy1dd8nb5e 2 жыл бұрын
О оу ағайындар темірді, трубаларды кесіп-кесіп металомға өткізіп жіберсеңдерші. Бәрің бірдей кіріссеңдер, охрана шамасы жетпей қалады ғой, қайыссын ұстарын білмей.
@user-if2ph8ig6e
@user-if2ph8ig6e 2 жыл бұрын
Жалақы емес мына қолдан жасалып жатқан ауыруды көтерейік, тағы қырыла бастадығой
@user-sz1gt5yw4q
@user-sz1gt5yw4q 2 жыл бұрын
Алға әділдік үшін
@goldgolt2799
@goldgolt2799 2 жыл бұрын
Отте дурыс котерилу керек котерсин жалакыны кымбаншылыкта Сол басшылардын туски астарынын ози 85000 тенге болады ал карапаиым жумысшы сол акша ушин 1 аи кунин ыстыгында суыкта далада журип алады
@user-si7lz2hi1g
@user-si7lz2hi1g 2 жыл бұрын
Барлыгын бирге шыктындар бирге до конца болындар жартысы каита кирип жартысы далада калуга болмаид
@GGGGGG-uq9qe
@GGGGGG-uq9qe 2 жыл бұрын
Тек қана алға
@user-ps6gk7qn5n
@user-ps6gk7qn5n 2 жыл бұрын
Жанаозен Актау ыстыгына риза болам
@user-qr4ir8hh1f
@user-qr4ir8hh1f 2 жыл бұрын
Пазор Казкстан карапайым жумысшыларга дени сау енбек акы толей алмайды
@user-ex1mk4ny6w
@user-ex1mk4ny6w 2 жыл бұрын
Үлкен көтеріліс күтіп тұр
@csgokz4810
@csgokz4810 2 жыл бұрын
Барлығы қымбаттап жатыр, әрине үкіметке бәрібір айлықтан айлыққа өмір сүрмегендіктен бәрібір
@user-rw7lq1ms2d
@user-rw7lq1ms2d 2 жыл бұрын
Зарплата котеру керек 50 мыннан аспайд айлык деген
@zarinadusenbekova5752
@zarinadusenbekova5752 2 жыл бұрын
Баска жыгыттер жумыстан шыгып кетндер сендерде
@user-nw3nd3rs8w
@user-nw3nd3rs8w 2 жыл бұрын
Үкімет жұмыс жасап жатқан жоқ! Несіне таң қалады ереуілге, барлығы қымбат.
@user-gh1on5qo8d
@user-gh1on5qo8d 2 жыл бұрын
Дұрыс айлықты көбейту керек, біздің мемлект адамдарды тек қанау, мынау қымбатшылық заманда айлықты жыл сайын көбейту керек
@user-bv7wv6xk7e
@user-bv7wv6xk7e 2 жыл бұрын
Кашан жаксы омир болады зарплатаны кашан кобейтеди шырылдаган казагым ар казагым жалгызым
@samsunga3516
@samsunga3516 2 жыл бұрын
всему казахстану пусть поднимут
@AQTAY2
@AQTAY2 2 жыл бұрын
Тамақты арзандатыңдар болмаса аилықты кобеитіңдер
@user-ns5ls3kk2n
@user-ns5ls3kk2n 2 жыл бұрын
Жигиттер басын
@lloydbanks3442
@lloydbanks3442 2 жыл бұрын
Уры биликти кууу керек
@user-so1hg8ug8h
@user-so1hg8ug8h 2 жыл бұрын
Дұрыс көтерсін
@user-to3ge2hq4l
@user-to3ge2hq4l 2 жыл бұрын
Артка шегинбендер жигиттер ! Не деген жалакы , оган калай кун коресиндер ? Котерсин жалакыларынды оздери жей бермей !
@munalbaev.t.m
@munalbaev.t.m 2 жыл бұрын
Орындарына жұмысқа кіргендер оңбағандар.ұяттан жұрдай.арсыздар.
@user-vs6nf4zv1k
@user-vs6nf4zv1k 2 жыл бұрын
Бардак Казакстане
@user-eo8mx8lo2d
@user-eo8mx8lo2d 2 жыл бұрын
Серікжан Біләшпен жұмыс жасасыңдар жолдаңдар сол кісіге мұң мұхтаждарыңды сол кісі шешет мәселелеріңді
@user-nw6yy2ud8z
@user-nw6yy2ud8z 2 жыл бұрын
Ампылдату керек
@lloydbanks3442
@lloydbanks3442 2 жыл бұрын
Уры билик казакты куртады
@b.bakdaulet2847
@b.bakdaulet2847 2 жыл бұрын
Каз транс газ онимдеринде тексериндерш айлык аз жеп отырган сиякты деректорлар
@balkengalymjan
@balkengalymjan 2 жыл бұрын
Бұл ереуілдің түбінде кедейлік пен білімсіздік жатыр. Халық жаппай кәсіпкерлікпен айналысу қажет. Айлық ешқашан жетпейді.
@user-sd9nd3bk7e
@user-sd9nd3bk7e 2 жыл бұрын
Оттамаш қайдағыны айтпай. Қара жұмысты кім жасайды жұрттың бәрі кәсіпкер болса. Завод фабриканы кім жүргізеді, мұнайды кім шығарады, ауыл шаруашылғын кім дамытады? Жарайды бәрі кәсіпкер болды делік , кәсіпкерлерге де жұмысшы керек емеспа? Бидайды кім егеді, кім қой бағады, кәсіпкерлердің шығарған өнімін кім сатып алады егер ол өнім барлық кәсіпкерлердің өзінде болса?
@user-pg2do9xv2f
@user-pg2do9xv2f 2 жыл бұрын
кетши шаинамаи..Аз гана казак бизнесмен боп кетсин бе сонда
@balkengalymjan
@balkengalymjan 2 жыл бұрын
@@user-sd9nd3bk7e Егер Қазақтың бәрі бизнесмен болса, Қазақстан Сингапур болады, ал қара жұмысқа адам табылады, уайымдама 😂😂😂 Қытай, Индия, Өзбекстан
@balkengalymjan
@balkengalymjan 2 жыл бұрын
@@user-pg2do9xv2f аумин
@karabaysalyev7910
@karabaysalyev7910 2 жыл бұрын
Адамды атуга Токаев 7 кантар куни Приказ шыгарган. 6 кантардан бастап адамдарды Аткан оган ким жауап береди
@user-eo8mx8lo2d
@user-eo8mx8lo2d 2 жыл бұрын
👍👍👍👍👍👍
@user-ot5nz1cs9t
@user-ot5nz1cs9t 2 жыл бұрын
Дурыс казір барі қымбат қой унің өзі қымбат неге арзан болса ешкімде булай журмейді
@user-tm5oy6bq8u
@user-tm5oy6bq8u 2 жыл бұрын
Шуметек бас назарбаев болдыго горине алып кетесинба кудайды сатып ала алмйсын
@user-zu6ib4bn8z
@user-zu6ib4bn8z 2 жыл бұрын
Обалғои қалыхка баарлығы қымбат
@user-kt4lk3op8t
@user-kt4lk3op8t 2 жыл бұрын
Мусорды алмай семирипты директор
@user-ju7gj9bf2v
@user-ju7gj9bf2v 2 жыл бұрын
Ашынган журт енди котерилип кетпесе екен барлыгы онынан шешилсин билктегилер каида карап отыр оыларды шешпи
@user-kt4lk3op8t
@user-kt4lk3op8t 2 жыл бұрын
Турымов кетсин
@user-sc9rk7qu9t
@user-sc9rk7qu9t 2 жыл бұрын
Двк косыл или наннын. Колын суйиндер.
@user-nw6yy2ud8z
@user-nw6yy2ud8z 2 жыл бұрын
Ақша төлемесе
@user-vl5ev9gl7d
@user-vl5ev9gl7d 2 жыл бұрын
Осы жанаозен мына жумысшылар несне кутырып ереул жасап отыр екен 200 -300мын алады гой осы жанаозенде ондай айлык алмайтын жан уялар да бар тек тазалык немесе еден жуып 50 мын га гана жумыс жасайды . Булардын айлыгын емес тазалык еден жуатын адамдардын айлыгын осру керек
@user-dq1tw5vu5h
@user-dq1tw5vu5h 2 жыл бұрын
6 кун кундиз 6 кун тунге шыгып айына 230-250 сагат жасап алатыны 120 мын билмесен мурнынды тыкпашиш
@user-vl5ev9gl7d
@user-vl5ev9gl7d 2 жыл бұрын
@@user-dq1tw5vu5h соган да тауба канагат деу керек олай аш коз болуга болмайды . Шукр деу керек
@Qwerty-md9ju
@Qwerty-md9ju 2 жыл бұрын
Білмесен басыңды тыкпашиш кез келген жерге, олардын айлыктары асып кетсе 120 140мын, тазалык 60мын, сол акша казыргы кымбатшылыкка жетеды деп ойлайсынба, казыр кез келген мелочтын озы кымбат, укыметтын надан кулы болганша неге колдамаисын халык котерылып ашынып жатканда
@user-dq1tw5vu5h
@user-dq1tw5vu5h 2 жыл бұрын
@@user-vl5ev9gl7d 4 баламен кандай канагат айналаин оу
@user-vl5ev9gl7d
@user-vl5ev9gl7d 2 жыл бұрын
@@user-dq1tw5vu5h кудай ау 4 баламен сондай зарплата жетпйдй дйсзбе 9 баламен 50 мынга шукр деп откан отбасы да бар гой . Йа укмет берсе ким болсада алсын карсылыгым жок бйрак кшкене шукршлйк болу керек сйякты гой . Кешрйм отнем бул оз ойым
Полный выпуск Информбюро от 19.04.2024
21:34
Информбюро 31
Рет қаралды 4,1 М.
БРАВЛЕРЫ ОТОМСТИЛИ МАТЕРИ😬#shorts
00:26
INNA SERG
Рет қаралды 2,7 МЛН
ОПЯТЬ СИРЕНА ВКЛЮЧАЕТСЯ!?😲😲😲
00:56
Chapitosiki
Рет қаралды 41 МЛН
Girl draws friends body in foam on the ground #funny
00:58
Daily Viral Brief
Рет қаралды 15 МЛН
“Қытайға Мөлдірді іздеп бардым”
20:27
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 51 М.
ХАЛЫҚТЫҢ МҰҢЫ ЕСТІЛЕ МЕ?/ ОРАЛ  МАҢЫНДАҒЫ АУЫЛДАРДЫ СУ ШӘЙДІ
10:10
Қазақстан Халық партиясы
Рет қаралды 6 М.
Аяна Ерасылдың анасымен танысуға неге қарсы?
20:50
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 30 М.
ШҰҒЫЛ АҚПАР - ЭКСТРЕННЫЕ НОВОСТИ (19.04.2024) 01
6:16
Телеканал ТДК-42
Рет қаралды 3,4 М.
Информбюро 17.04.2024 Толық шығарылым!
25:40
Информбюро 31
Рет қаралды 113 М.
БРАВЛЕРЫ ОТОМСТИЛИ МАТЕРИ😬#shorts
00:26
INNA SERG
Рет қаралды 2,7 МЛН