Ашаршылық болмаса қазақтардың саны қанша болар еді? I Сталин, Голощекин, қазақ

  Рет қаралды 39,676

Qazaq AIRAN

Ай бұрын

Қазақ халқының тағдырындағы ең сұмдық қасірет - Ұлы ашаршылық өткен ғасырдың отызыншы жылдарының басында басталды. Миллиондаған адамның өліміне әкелген бұл трагедия табиғи апат немесе жау шапқыншылығының кесірінен болған жоқ. Себебі, көршілес республикаларда адам шығыны мұндай көп болмады. Қазақ даласындағы Ұлы ашаршылық адам қолымен жасалды. Бір үзім нан таппаған миллиондаған адам опат болды. Қудалауға ұшығараған мыңдаған адам басқа мемлекетке бас сауғалап қашуға мәжбүр болды. Бұл қасіретке кім кінәлі? Зұлмат жылдардың бастауы болған «Кіші Қазан» туралы не білеміз?
МАЗМҰНЫ:
00:00 - «Кіші Қазан» және Голощекин
00:48 - Ұлы ашаршылық болмаса Қазақстан қандай мемлекет болар еді?
01:34 - Қазақстандағы ашаршылық
03:00 - Даладағы жұт
04:03 - Қазаз АКСР-ін қазақ басқаруы мүмкін бе еді?
05:30 - Большевиктермен келісім
06:40 - Автономия ойындары: орынборлық жолдастар
09:23 - Автономия ойындары: түркістандық жолдастар
10:27 - Билік үшін рулық күрес
11:45 - Кремльдің саяси қайта құрылуы: Голощекиннің тағайындалуы
13:59 - Қарсыластарды жою
16:29 - Жеңілгендердің тағдыры: террорға және еркекпен жыныстық қатынасқа түскеніне айыптау
18:17 - «Кіші Қазан» идеясымен ауылдарды аралаймыз деп қорқыту
18:57 - Көшпенділер деген кімдер?
21:32 - Ғылым да ғалымдарға қауіп төндірді
22:30 - Бір жіппен байланғандар
24:42 - Голощекин шын мәнінде қандай болды?
25:28 - Патша отбасын өлтіру
26:29 - Ол болған жерде жамандық болады
27:38 - Сталин неге дәл Голощекинді Қазақ АКСР-ін басқару үшін таңдады?
29:51 - Дала және Кеңес өкіметі: коммунист екінші әйелі үшін қалыңмал төлейді
30:34 - Революциялық хан
31:42 - «Семей авантюрасы»
33:39 - «Семей авантюрасы» Қазақстанның тағдырын алдын ала шешті?
34:11 - Бір қойдың орнына 7 кг астық: көшпенділерге салынған «астық салығы»
35:18 - Мәскеу қазақ даласынан ресурстарды шығарды
36:25 - Астық тапсырудан бас тартқандарды жаза күтті
37:22 - Салықпен қанау
37:54 - «Семей авантюрасы» тергеуі
38:40 - «Семей авантюрасына» кінәлілердің символдық жазасы
39:42 - «Кіші қазан» басталуы
41:46 - Кеңес өкіметінің «жауларына» қарсы күрес
42:42 - Кей жерлерде «Кіші Қазан» қазақтардың қолымен жасалды
44:14 - Тірі қалуды ойлады
45:18 - Даладағы террор
46:01 - «Конфескелеу» жоспары күл-талқан болды
46:49 - Бұл геноцид пе?
48:23 - Қазақстандағы ұжымдастыру ерекшеліктері: қосарланған салық салу
49:44 - Мыңдаған жануар қатып өлді: колхоздардағы ащы шындық
50:31 - Биліктің қорқынышы
52:34 - Қазақстанда Мәскеуге қарсы шығатын адам болмады
54:00 - Қазақстандағы ұжымдастырудың ерекшеліктері: «отырықтандыру»
57:26 - Моладағы колхоздар
58:39 - Сабан үйлер
59:25 - Өлі тыныштықтағы киіз үйлер
01:00:36 - Көшпенділер Кеңес билігіне кедергі болды ма?
01:02:34 - Қазақ даласындағы Азаматтық соғыс
01:05:08 - Қазақтар бас сауғалап шетелге қоныс аударды
01:06:32 - Голощекинді ақтау?
01:07:44 - Голощекин дәуірінің соңы
01:09:54 - Голощекин ешқашан қазақ жеріндегі ашаршылық үшін сотталған емес
01:10:55 - Голощекин өлтірген 1 жарым миллион адам белгісіз болып қалды
01:11:14 - Жауабы жоқ сұрақтар
01:11:56 - Отбасылық естеліктер
AIRAN-ға Kaspi.kz арқылы қолдау көрсету: pay.kaspi.kz/pay/t1gjcy0p
Patreon арқылы қолдау: patreon.com/AIRAN717?Link&
Сұрақты осы сілтеме арқылы қойса болады: www.donationalerts.com/r/airan_media
#ашаршылық #жұт #өлім #террор #сталин #ленин #маркс #семейавантюрасы #қазақакср #тарих #ауыл #көшпенділер #киізүй #қазақтар #қазантөңкерісі #қасірет #зұлмат #ахметбайтұрсынов #орыстар #голощекин #ресей #кремль #отаршылдық #ұжымдастыру #қазақстан #ескерткіш #көтеріліс #саясат #саясиқуғын #қоғам #оппозиция #халық #халықнаразы #кімкінәлі #жаңақазақстан #құқық #жаңадәуір #жаңажыл2024 #қазақайран #айран #айранlive #airannews #airanstream #қазақстанжаңалықтары #қазақстан #қазақшаайран #қазақайран

Пікірлер: 297
@user-dv1kn1rg5w
@user-dv1kn1rg5w Ай бұрын
Ата-бабаларымызға ашаршылық жасағандардың ұрпағын қарғыс атсын!
@user-ts4xv4gg6x
@user-ts4xv4gg6x Ай бұрын
кәзірде орыс үшін жанын беретін қазақтар жетерлік,
@dosanmomin
@dosanmomin Ай бұрын
Әсіресе,анау ослан Беті қазақ,тілі,ойы орыс
@user-fu6hs1ix4m
@user-fu6hs1ix4m Ай бұрын
​@@dosanmominАСЛАН ДЕГЕН ИТ ДОН КАЗАЧИДАН ТУҒАН ҚҰЛ .ОЙНАСТАН ТУҒАН САҚАЛДЫ АСЛАН БЛОГЕР САТҚЫН .
@user-cw7fz6pg5s
@user-cw7fz6pg5s Ай бұрын
Қазақша сөйлейтіндерің арасында да орысқұлдар шамалы емес​@@dosanmomin қазіргі қазекең пайда көрсе, жерін де, елін де, халқын да сатып жіберуге тік тұрғаны рас емес пе?
@user-xp1ez1tg8c
@user-xp1ez1tg8c Ай бұрын
Каншама ойсыратып жойып куртып жатсада, оларды жаксы көретін адамдардың бар екенін умытпаган жөн,казахша сөйлейтін орыстардың көбінесе казагым жаксы көреді,ал орыстар сумдыгын жалғастырып басып алуға тырысты, әлиде жалғастырып жатыр саясаттарын.Соны умытпаган жөн, себебі бабаларымыз айткан накыл сөз бар: орыстан досың болса, жадыңда Айбалта болсын,- дейді.Ал Кытайлыктар экспансия жасап жатыр жайлап,жайлап инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асыруда!!!! Екеуінің де түпнұсқасы бодандығына көндиру саясаты казагымды куртуга дайын.
@user-we8uz4gi2c
@user-we8uz4gi2c Ай бұрын
Зейнешов, Бақтыбаев деген ресейшілдер жүр. Ахметов тонаушы.
@ssb04
@ssb04 Ай бұрын
ҚАЗАҚТАР БӨЛІНБЕҢДЕР РУҒА, АУДАНҒА ,ҚАЛАЛАРҒА.
@user-yn5vk8in8y
@user-yn5vk8in8y Ай бұрын
Оте дурыс аитасыз
@dosanmomin
@dosanmomin Ай бұрын
@@user-yn5vk8in8y Бөлінгенді қабан жеп қояды.Біздің Күш Бірлікте.Алаш Аталарым зарлап айтып кетті.☝️😔
@aidanadulat1682
@aidanadulat1682 Ай бұрын
Қайран қазағым! Талай қасіретті өткізді ғой басынан😢😢😢
@user-nc5ve7fy4m
@user-nc5ve7fy4m Ай бұрын
Өкінішті жойылып кетуге аз қалған қазақ
@user-ik6mp6ht1d
@user-ik6mp6ht1d Ай бұрын
Лағнет болсын Қазаққа ашаршылықты қолдан жасаған адамдарға.
@user-en8yy9uy5v
@user-en8yy9uy5v Ай бұрын
Сталин жасаған ашаршылық, голощекин орындаушы
@user-pf4pf5yi5m
@user-pf4pf5yi5m Ай бұрын
😢😢😢 11:37
@user-we8uz4gi2c
@user-we8uz4gi2c Ай бұрын
Қазақтың қырылуы -жеңілгені. 1841- басталды.
@zhanardauletkhanova3934
@zhanardauletkhanova3934 Ай бұрын
😢​@@user-pf4pf5yi5m
@user-xz9xy1ys4w
@user-xz9xy1ys4w Ай бұрын
Сол кездегі жағдай қазір де жалғасып жатыр ғой.
@user-rk7ob6tm1m
@user-rk7ob6tm1m Ай бұрын
​@@dosanmominқазақ сондай халық.
@altai8480
@altai8480 Ай бұрын
Өте маңызды бағдарлама екен. Тіркеліп, жазылыпқойдым. Осындай тәрйхи бағдарлама көп болса. Таза Қазақ тілінде. Өте түсінікті екен. Рахымет қарындасым. Шығармшылығың дамйберсін
@user-gq7ts8rm1t
@user-gq7ts8rm1t Ай бұрын
Алға қазағым
@azzamnomad872
@azzamnomad872 Ай бұрын
Қазағым аман бол, бар бол!
@user-tq2yz5tl9f
@user-tq2yz5tl9f Ай бұрын
Өте дұрыс көрсетіп, айтып отыр қызым.Бұл қасіретті ұрпақ ұмытпау керек
@user-vu8xm4ze3d
@user-vu8xm4ze3d Ай бұрын
Қандай қиын уақытта өмір сүрген екен ата бабамыз 😢😢😢😢😢😢
@user-nw3li2nj4n
@user-nw3li2nj4n Ай бұрын
Қазақты басқарған Алаштықтар бір біріне донос жазып бастары қосылмады. Сондықтан Голощекин келді. Менің анамнын әүлетінең 14 баладан ашаршылықта 2 аман қалды. Әкесің жер аударып жіберді.
@user-zw7ov3cc7e
@user-zw7ov3cc7e Ай бұрын
Қазақстан Тағдырын Қызым өте жоғары деңгейде әңгімеледі! Анық қазақтың шешен тілімен жеткізді! Алла жар болсын! Жасың ұзақ болсын! Еліміз алдағы өмірде берік болсын!
@user-zw7ov3cc7e
@user-zw7ov3cc7e Ай бұрын
Иә Қызым! Әңгімені адамның жан түкпіріне жеткізе айту ерекше Алла Тағаланың берген қасиеті! Әр қашан жеңіс биігінде болғын!
@khuatbek87
@khuatbek87 Ай бұрын
Қайран қазағым не көрмеді орыс талай дізесын батырдғой
@user-pe5ks9km1m
@user-pe5ks9km1m Ай бұрын
Арине егер сол жауыз галеш келмегенде, жагымпаз казактар сталинге токылдамаганда 60 емес 80 миллион устинде болар едiк.☺️😏
@user-lz9vf3sq9z
@user-lz9vf3sq9z Ай бұрын
Өте түсінікті жеткіздің қызым. Мың өліп мың тірілген қазақпыз ғой. Қазірде оңып тұрған жоқпыз. Орысқұл басшылар тұрғанда оңалып кетуіміз қыиынау.
@Trader-nu5vh
@Trader-nu5vh Ай бұрын
Көп рақмет құрметті Айран ұжымы. Өте маңызды тақырыпты көтердіңіз. Барлық қазақтың ата-бабалары зардап шекті осындай бассыздықдаң. Қазақ тарихтын, көне заманнан бастап, ағартушылықты терең жасау керек. Аллаһ разы болсын Сендерге.
@user-do2gm1lg4m
@user-do2gm1lg4m Ай бұрын
Қазақ елі құртып жіберуге азғана қалыпты😢😢 орысша кәпіріп жургендер қараңдар миларыңда азғана ми қалған болса😢😢
@seriaka2771
@seriaka2771 Ай бұрын
не көрмеді Қазақ әліде жасырын зияндарды көріп келеді сол үшүн бір біріне мейірімді болу керек жақсы көру керек жаман көрседе өміріміз ұзақ болады
@user-fx8ew5qx7m
@user-fx8ew5qx7m Ай бұрын
Өткенді саралап, сабақ алып, болашақта қайталанбауына атсалысамыз. Алла Тағала Өзі пана болсын
@alfaplayroblox1154
@alfaplayroblox1154 Ай бұрын
Кезінде осылай болғаны қазақтың тым біздің сенгіштігімізді қолданып басқалар соғыссыз жаулап алады
@bolatkasenbaev7539
@bolatkasenbaev7539 Ай бұрын
Бұл ашаршылық кезінде ең көп зардап шеккен қазақтар бұны әдеиі жасалған геноцид деп оилаимын. Солақай саясаттың кесірі.
@erlanduisenbin8622
@erlanduisenbin8622 Ай бұрын
Ассалаумағалейкүм! Қадірменді отандастар! Менің атам 11 ағайынды ұл болған. Сол 11 ағайындыдан нәубетті, қасіретті жылдардан, Алла жар болып, 2 ұл ғана аман қалған. Аллаға шүкір! Қазір сол 2 ағайындыдан тараған ұрпақтармыз. Бірақ, Ресейдің Ақ және Қызыл империяларынан төл халқымызға ешқандай пайда әкелген жоқ!
@user-rc8dj2nr7c
@user-rc8dj2nr7c Ай бұрын
Ерлан Дуйсенбин Казахстандагы бауырларга тусiндiрiн ,казах санын кобейтiндер ,ата бабамызда 7-8ден урпак болган деп.Казiр казах кыз келiншектерi бала труды мулдем кыскартты гой.Бiзде Озбекстан казахтарынын жануяларында кем дегенде 4-5 баладан бар.Казах санын кобейтудi насихаттандар агайын.
@user-ee2qt6yv3m
@user-ee2qt6yv3m Ай бұрын
Осыны білген адамдар ғана орыстан жақсылық жоқ екенін түсінеді. Осындай бейнелерді барлық қазаққа жеткізіп тарихты біліп жүргені дұрыс! Өкінішке орай орысқұл мен мәңгүрттер көбейіп кеткен.
@kz-fu9bv
@kz-fu9bv Ай бұрын
Қатеелесесіз. Аштан қырмағанда қазақтар 118 миллион болар еді. Профессор Мекемтас Мырзахметов зерттеуі, есептеуі Мұның өзі орта есеппен төмендеу есептегенде
@SamsUng-uk4ho
@SamsUng-uk4ho Ай бұрын
ОРЫС ҚҰЛДАР ЖЕТЕРЛІК, ТОҚАЕВ ОРЫС ДЕСЕ ЖАНЫҢ БЕРЕДІ, ПУ ТЛЕРГЕ БЕРІП ЖАТЫР ҒОЙ, ӘЛІ ҚАЗАҚША БІЛМЕЙДІ, ТІЛДІ МЕНСІНБЕЙДІ, АЙНАЛАЙЫ АЙДАНА ҚЫЗЫМ, ТІЛІҢ ҚАНДАЙ ТАЗА, АТА АНАҢА МЫҢ РАҚЫМЕТ, БАҚЫТТЫ БОЛ,...әже
@SamsUng-uk4ho
@SamsUng-uk4ho Ай бұрын
ОРАЛМАНДАР ЕМЕС, ҚАНДАСТАР, БАУЫРЛАР, КҮН КӨРҮ ҮШІН, ҚАЗАҚТАР ЖАН ЖАҚҚА КЕТТІ, МЫҢ ӨЛІП, МЫҢ ТІРІЛГЕН ҚАЗАҚ, ЖАСТАР , ТАРИХТЫ ОҚЫҢДАР.....
@user-ee2qt6yv3m
@user-ee2qt6yv3m Ай бұрын
Дұрыс айтасыз, біздің қандастар келгенде өолдау керек. Олар қатты салт дәстүрді ұстайды. Олардың бәрі қайтса мықты ел боламыз
@dosanmomin
@dosanmomin Ай бұрын
@@user-ee2qt6yv3m Дұрыс Қолдау керек!!
@user-rc8dj2nr7c
@user-rc8dj2nr7c Ай бұрын
Оралман кандастарды кайтару емес жастарга урпак кобейтудi коп балалы болуды насихаттау керек.Казах санын кобейтудi ойлау кажет.Мысалы Озбекстандагы казах жануяларында кем дегенде 4-5 баладан бар.
@user-pf7rw8gz7p
@user-pf7rw8gz7p Ай бұрын
Аштыкта олген адамдарды жеген деп айтатын улкен аталар
@mazardam11
@mazardam11 Ай бұрын
Кәзір 40 миллион болушы едік! Әттен!
@user-rc8dj2nr7c
@user-rc8dj2nr7c Ай бұрын
АЛiДЕ КЕШ ЕМЕС.ОРЫСКУЛ КАЗАХТАР ДЕП КОМЕНТ ЖАЗЫП ЖАТКАНДАРДЫН КОПШiЛiГiНiН ЖАНУЯСЫНДА 1НЕМЕСЕ 2 БАЛАСЫ БАР .АТА БАБАМЫЗ ДА 4-5 ТЕН ПЕРЗЕНТ БОЛГАН.ЕГЕМЕНДiК АЛГАНЫМЫЗДА ОЗБЕКСТАНДА 23-24 МИЛЛИОН ХАЛЫК САНЫ БОЛГАН.КАЗiР 37 МЛН БОЛГАН.КАЗАХСТАНДА 16 МЛН БОЛСА ЕНДi 4 МЛНГА КОБЕЙДi.ОЗБЕКСТАН 12-13 МЛНГА КОБЕЙДi.ОРЫСКУЛ ОРЫСКУЛ ДЕЙ БЕРГЕНШЕ КАЗАХ САНЫН КОБЕЙТУДi ОЙЛАУ КЕРЕК.
@fhhgfhh3807
@fhhgfhh3807 Ай бұрын
Мәнгурттер көрсін де
@onesimpleman67
@onesimpleman67 Ай бұрын
У этих манкуртов половина семьи от голода погибла и из 7 детей с другой стороны жив остался только дед. Это для тех кто говорит, что это был геноцид направленный на истребление одной национальности.
@user-wt1mf6ob4h
@user-wt1mf6ob4h Ай бұрын
Көзі ашық көкірегі ояу Қазақпын деп жүрген намыстылар ! Өткен тарихтан сабақ алатын кездің келгенін түсінетін уақыт жетті емеспе ? Ел боламыз десек береке бірлік тің болғанын қалаймыз. Жүзге руға бөлініп не қиямет көрген халық екенімізді түсіне тін уақыт болды. Өткеннен сабақ алатын кездер болды, кейінгі ұрпақтар үшін аманат болсын. Шындықтық тарихтары жазыл сын... Қуғын сүргін көрген қазақтары мызға бас иеміз қайғырамыз ағайындар!!! Оян Қазақ халықтары Ояныңдар,!!!
@user-io8fp7tg3i
@user-io8fp7tg3i Ай бұрын
Атеи истелген . Бул патшалык реисеиден басталган. Казактарды куртыу керек болды.
@muraldastai8661
@muraldastai8661 Ай бұрын
Авторға,оқыған әйелге мың алғыс. Тіркеліп тыңдаңыздар!
@user-oc4vf8hu9b
@user-oc4vf8hu9b Ай бұрын
Қазірде сондай сорлымыз.
@user-yy5ex1og9m
@user-yy5ex1og9m Ай бұрын
Ақиқат тарихтың айтылуы өте маңызды. Ел болып қалу үшін шынайы, бұрмаланбаған тарих жүзеге шығу керек.
@user-th6ux1nn6q
@user-th6ux1nn6q Ай бұрын
Өте керемет тарих
@user-cq4gj9ui1v
@user-cq4gj9ui1v Ай бұрын
Сауатты 👍
@user-fx8ew5qx7m
@user-fx8ew5qx7m Ай бұрын
Тарих қайталанады, соған дайын болғанымыз жақсы, Алла Тағала елімізге бірлік, ынтымақ, абырой мен егемен еліміздің қияметке дейін болуын тілейміз.
@erkin1306
@erkin1306 Ай бұрын
бул орыстын бізге жасамағаны жоқ,ата жауымыз орыстар
@zulfikobey2196
@zulfikobey2196 Ай бұрын
Орыс урысты коп корген бырак женгиси коп болмаган
@user-wv7zk8ik5h
@user-wv7zk8ik5h 13 күн бұрын
Голощёкин еврей, Сталин грузин ,Микоян армян. Кто знал что у какого-то Иманбая сколько скота. Его какой-то Сансызбай арестовал и допрашивал какой нибудь Мырзабай. Моя мама родилась в Новосибирской области убежали от своих казахов в Сибирь . Жили среди русских. Акем Омбыдан такого у них не было. Хватит искать виноватых среди русских. Наши казахи сдавали друг друга.
@erkin1306
@erkin1306 13 күн бұрын
@@user-wv7zk8ik5h нам от дружбы с россией только санкции светят,или вы незнаете что Путин говорит что казахов не было что незнаешь
@user-wv7zk8ik5h
@user-wv7zk8ik5h 13 күн бұрын
@@erkin1306 ну на меня лично точно не наложат и на тебя ,мы им не интересны, им нужны наши ресурсы без людей. Иран под санкциями и ничего даже свою ядерную программу развивают, дизель по 80 тенге. В России асфальт в каждую деревню положен. У меня есть с чем сравнивать Акмолинскую, Северо Казахстанскую,Костанайскую области с Омской, Курганской, Тюменской, Челябинской области Башкортостан, Татарстан , Чувашии .Сравнение не в нашу пользу. Может нам пора под санкции, отбирать надо свои ресурсы под контроль государства. Наши так сказать западные партнёры за 30лет ни одного НПЗ не построили, все три НПЗ советский союз построил. Сейчас Россия будет строить в трёх городах ТЭЦ свои конторы мы разрушили Энергомонтаж, Промтехмонтаж, ИМСТАЛЬКОН, Элеватормельмонтаж кайда, развалили устроили склады по продажам. Где тракторный завод в Павлодаре ,в Кентау эксковаторныйзавод? В Белоруссии тракторный завод работает, МАЗ работает. Даже мотоблок мтз до сих производят. Может точно под санкции лечь надо, тогда трудно будет деньги из Казахстана выводить. И не будут буджетные деньги тратить на зарубежные поездки наши депутаты и министры. Вопрос конечно серьёзный. Да конечно не нужно опускаться до уровня Северной Кореи. Но у неё тоже есть будущее, она развивает ракетостроение в скором будущем она будет в космосе. А у нас своего ракетостроения нет только бабло пилят на Байтерек.
@kanybekkenzhetaev1431
@kanybekkenzhetaev1431 Ай бұрын
Менин чоң апам айтчы эле, согуштан мурун казактарда чоң жут (ачарчылык) болуп көптөгөн казактар бизге келишкен деп. Кыргыздар келген казактарга колдон келишинче жардам беришкен экен. Менин чоң атамдын бир тууган агасы ата энесинен жетим калган бир казак кызын никелеп аны өзүнүн коргоосуна алган экен. Ошол казак чоң апабызды мен да кичине кезимде көрүп калдым. Ачарчылыктын кесепетиненби же башка факторлордонбу, айтор Кудай таалабыз бул чоң апабызга перзент төрөгөнду насип кылган эмес экен
@qobyzsaryn9561
@qobyzsaryn9561 Ай бұрын
Әттең , орыс үкіметі қырды ғой бізді
@nurkennurken9214
@nurkennurken9214 Ай бұрын
Ұмытпайсыз кешірмейміз
@user-qz5vv2sx3i
@user-qz5vv2sx3i Ай бұрын
Менім әжем күиумен екі ер баласы аштан өлгенен кеин Реседін Кемеров обл. Прокопьевск каласна шахтаға шахтер болып істеген, атам екеүі сол жакта уиленген ал атамның әиелі мен улы бес жасар аштан өлген өзін Ридерга жер аударған содан қашып шығып Прокофьевска барған
@Toty.atageldiyeva
@Toty.atageldiyeva Ай бұрын
Мен сол қасіретті басынан өткізген адамдардың ұрпағымын. Аш,жалаңаш,жәйау бірнеше ай жүріп Қытай асқан екен. Күндіз тығылып жатып,түнде жүріп,қасқыр қамағанда жөргектегі қыз баланы қасқырға беріп, ,бір қызын бәрі бірдей аштан өліп қалмас үшін сойып жеп, ұрпақ қалдыру үшін 2ұлын аман алып қалған екен. Қытайға барғанда ұйғыр мен татарларға малай болып,бастарынан неше түрлі қиындықтар өткізген. Кейін 1955-1962 жылдары соғыстан кейін СССР да мал бағатын адам болмаған кезде( ер азаматтар соғыстан қайтпаған, қайтқандары мүгедек,мал баға алмайды) сол кезде келісіммен аман қалған қазақтарды Қытайдан қайтарғанда, елге қайтқан екенбіз😢😢😢😢
@user-ph8yu1qf9f
@user-ph8yu1qf9f Ай бұрын
Қайран елім ай
@user-pf7rw8gz7p
@user-pf7rw8gz7p Ай бұрын
1917ж басталган Казакты куртып жиберу
@user-gg5me4fm7r
@user-gg5me4fm7r Ай бұрын
Шыңғысхан парсының монғол болған ублюдрктары мен арабтардың келген кезінен одан да әрі сол шыңүысханныңтомирис мола үшін соғысып жеңгнгнен кецін қаңғып келген мола қазып байып ақсүйек атанған сақ көсемдерін қырып өздері хан юолған төрелер заманынан басталған деп есептесеңдер кәтелеспейсіңдер
@user-ki2og3cr4j
@user-ki2og3cr4j Ай бұрын
Ата жауымызды біле тұра неге оларға сабынмен барамыз .
@user-fh8sw6yu4d
@user-fh8sw6yu4d Ай бұрын
Өйткені билікте әлі халқымызды қан қақсатқан қызыл кеңестің ұрпақтары отыр
@samsungphone7182
@samsungphone7182 Ай бұрын
Әркім өз ойынан хабар береді. Өзің сабынсыз кіретін шығарсың.
@user-po4cs8il3h
@user-po4cs8il3h Ай бұрын
Құлдар барғо 😂😂😂
@user-ir1mz6yq2f
@user-ir1mz6yq2f Ай бұрын
Ит айнаға қарап өз өзіне үреді, тарихын білмейтін адам да сондай болады
@aizharykecembekov2870
@aizharykecembekov2870 Ай бұрын
Ең жаманы шынайы тарихымыз, Қазаққа қыйанат болғанын біле тұра? Әліде соларға бүйрегі бұрып, тілін сөйлеп, тілін алыуда. Тәуелсіз ел деген атымызғана тұр!
@amanzholzheken3324
@amanzholzheken3324 Ай бұрын
Рахмет
@QazaqAIRAN
@QazaqAIRAN Ай бұрын
Ал сіздің әулетіңізде немесе жақындарыңыздың отбасында ашаршылық құрбандары болды ма? Естеліктеріңізді комментарийге жазыңыз.
@WerTex-qc4qp
@WerTex-qc4qp Ай бұрын
Тохаев та Галошеккининг. Сериги
@user-hs7jx6hj8w
@user-hs7jx6hj8w Ай бұрын
Турар Рыскулов казах из рода Дулат спас всех казахов от голода и от голошекина
@user-hs7jx6hj8w
@user-hs7jx6hj8w Ай бұрын
Турар Рыскулов убрал голошекина Турар Батыр
@bolatkasenbaev7539
@bolatkasenbaev7539 Ай бұрын
Аталарымыз бекер аиытпағн екен ғои орыспен көрші болсаң аи балтаң қасыңда болсын деп.
@user-oi6rb7tp1z
@user-oi6rb7tp1z Ай бұрын
Иә,совет одағы деген аждаха қарапайым халықтың жағдайын жасаймыз деп алдап соқты. Сөйтіп кезінде байлардың қанауын көрген,надан,түк көрмеген білімсіз халық солардың айтқанына сеніп ,байлардан құтылуға тырысты. Ал ,Москва билігіндегілер қазақтың рушылдығын жақсы пайдаланып,бір біріне қарсы қойып,отты көсеп қойып айтқандарын істетіп отыра бергенде. Одан қала берді мансап қуған шолақ белсенділерде өз халқын аямаған ғой. Өзі әрең күн көріп отырған елді,одан бетер барын тартып алып өздері ісіп,кеуіп ұрлап жырғап қалуға тырысқан. Интернетте неше түрлі әңгімелер айтылып жатыр ғой,соо кездегі оқиғалар жайлы.
@user-fx8ew5qx7m
@user-fx8ew5qx7m Ай бұрын
Бір бірін айыптағаннан гөрі, нақ сабақтар алып, шапшаң қимылдар жасау керек, білім бізді жетелеп шығарады жарыққа
@user-wt9wj9qh2d
@user-wt9wj9qh2d Ай бұрын
Осындай біліп әрі қорып калай өз әскеріңді қүшейтып қаруландырмайсын.
@user-oc4vf8hu9b
@user-oc4vf8hu9b Ай бұрын
Қазақ сонша сорлы болғаны ғой.
@ElenayBaimaganbet
@ElenayBaimaganbet Ай бұрын
Қазақ ты сорлы қылған солақай саясат.Қазақтың білімді ұлтшылдарының көзін құртып, ішінде білімсіздер қалған соң солай бейшара болды да.Дәл солай міне отыз жыл да солай келдік,өйткені өтірік тарих оқыты кеңес кезінде. Халықтың үстінен неше түрлі нәубет жасап жатса да түсінбейсің. Өз қазағыңа сеніп.Бәрі керемет адал,ұлттына деп.
@user-on7cz7ix9y
@user-on7cz7ix9y Ай бұрын
ленин сталин тапсырды оларға Қазақ саны көп болғаны үна ады
@user-sj5ls1ql4v
@user-sj5ls1ql4v Ай бұрын
Осыдан кейін орысша сөйлеңдер
@dosanmomin
@dosanmomin Ай бұрын
@@user-sj5ls1ql4v біз өте жырпылдақпыз, анау аслан,ахметова мая сияқтылар Атам Қазақ тарихын оқып өскенде,ұлтжанды болар еді,аралас қаннан туғандар шала шата,сатылғыштар,өмір куә.☝️
@user-bi8bf8sn8v
@user-bi8bf8sn8v Ай бұрын
Тас төбеден ұрсын
@samsungphone7182
@samsungphone7182 Ай бұрын
Еске алуға ауыр тақырып қой.
@user-go4ru3fq1f
@user-go4ru3fq1f Ай бұрын
жақсы түсірілген көрілім болды себебі жұрттың бәрі тарихты оқи бермейді осындай тарихи құнды деректерді айтып тұру кнрек
@user-st9ib1qb3m
@user-st9ib1qb3m Ай бұрын
Рахмет сізге қарындасым !.Жүз процент шындықты айттыңыз ! Бліміңіз өте кемел екен !. Рахмет тағы
@user-cw7fz6pg5s
@user-cw7fz6pg5s Ай бұрын
Бұйрықты кім бергені маңызды емес, жұртымызды қырып, пайдасын кім көргенін айту керек. Азап шегіп өлгендер мен, жер аударылғандардың жерінде кім қожа болып кіргендерді бәрі біледі. Олар әлі де өздерін әлемдегі ең ұлы халық деп санап, білгендерін істеп жүр емес пе?
@user-gd6xe9pr8w
@user-gd6xe9pr8w Ай бұрын
Алғыс.
@user-cg1je9tg6j
@user-cg1je9tg6j 23 күн бұрын
Сізге алғысым шексіз. Бізге осындай тарих керек.
@user-cr5ho8zc7e
@user-cr5ho8zc7e Ай бұрын
Мына. Кыргынды. Бызге. Окытпады. Осы. Деректы. Сумдыкты. Тарих. Окулыгыгына. Кыргызу. Керек.. Ар. Казак. Блуге. Тиыс. Голощекин. Кыргынын. Блу. Жене. Казак. Зиялыарын. Енбектерыне. Туснктеме. Берген. Дурыс. Казыргы. Заманда. Зулым. Голощекин. Урпагы. Казак. Жернын. Байлыгынбаскарып. Отырган. Мащкеевич. Казак. Байлыгын. Иемденып. Отыр. Оны. Акелген. Жер. Байлыгн. Саткан.. Назарбаев. Н.
@igikudaibergenov8148
@igikudaibergenov8148 Ай бұрын
Осындаиды көтеген қазағым билмидиәли орыс жақсы сталин жақсы деп отырады осындаи көбирек таратып көсетсе солардын санасына жеткизсе елим журтым дегенди билдирсе қазақ тилинде соилеуге тырысса үлкен жетистик болармеде Елим ЖУРТЫМ ДЕГЕН ОСЫНДАИ АЗАМАТАРДЫН АЛЛАМ ЖОЛЫН БОЛДЫРСЫ АУМИН
@user-pm8hp9ur4p
@user-pm8hp9ur4p 7 күн бұрын
Айналайын Қазағым. Қандай қиын замандар өтті-ау басыңнан. Аллаhым, қазағымды енді ондай нәубеттен бір өзің сақтай гөр. Бала кезде 70-ші жылдары әжеміз болатын, сөйтсем ол нағашы әжеміз екен ғой. Колхоздастыру кезінде бүкіл малдарын тартып алып, күйеуін, екі баласын итжеккенге айдатып жіберген екен. Кейін тұрмыстағы қызының қолына келіп тұрған. Жердегі нанның қоқымын көрсе отыра қалып теріп алатын. Үй-іші нен айрылған, ашаршылықты басынан өткізген сол кісілер о дүниелік болғанша қаншалықты уайымын-қайғыны арқалап жүрді-ау.
@user-wj3nt3xq4f
@user-wj3nt3xq4f Ай бұрын
Қай жерде,қай кезде,кімнің кесіріннен, қанша қазақ өлгенін жазып қойыу керек ,тасқа қашап сол жерлерге ,сонда ұрпағымыз тарихымызды біліп жүреді.
@user-ub9ob4ce7j
@user-ub9ob4ce7j Ай бұрын
Ия. Дурыс..аитасың. буған кім кіналі. Қазақтар. Тозып кеткен Көп жас кәрлер өлды
@maketake9235
@maketake9235 Ай бұрын
Сәкен Сейфуллин алаштықтарға жатпайды Меңдешов екеуі
@nurgalikarabaev8953
@nurgalikarabaev8953 Ай бұрын
😢😢😢
@user-pb4fg3wk8o
@user-pb4fg3wk8o Ай бұрын
Рахмет қызым өте әдемі оқиды екенсің, әлі тарихтың айтылмай жатқаны көп қой,. Менің өз атам 1929 жылғы қараша қозғалысының басшысы болған екен, бірақ соны өкімет әлі ақтамай жатыр. Атам Алаш партиясының мүшесі болған ғой, ұрпағының көрмеген қиындығы жоқ
@ArlanShaiman
@ArlanShaiman Ай бұрын
5:02 ҚазАКСР-ін басқаруды Сейітқали Меңдешев, Әліби Жангелдин, Сәкен Сейфуллин деген Алашордалықтарға ұсынды дейсіз, қателесесіз, бұл қызыл қырандар керісінше алаштықтарға қарсы күресті
@user-yy2th6mw8y
@user-yy2th6mw8y 18 күн бұрын
Тарату керек халықтың санасын ояу үшін.
@altinaybaibosinova5246
@altinaybaibosinova5246 Ай бұрын
Ах-оһ дегенше қазақтың ХХ ғ. көрген қорлығының әлеуметтік, психологиялық, экономикалық тұрғыдан тәптіштеп салыстыра зерттей отырып бүгінгі салдарын жоюды - жаншылған рухты көтеру, саяси сауатты жетілдіру, өндірістің кілтін қолға алу үшін технологияны меңгеруді ойлау керек қой...
@user-ou2bt6hy3g
@user-ou2bt6hy3g Ай бұрын
Алланың Лағанаты жаусын жауыздарға,бір ғасырға жуық уақытта қолдан жасалған геннаситті әлемге ашық дәлелдеуге болар еді ғой.
@Qazaqia_
@Qazaqia_ Ай бұрын
Шыңғыс ханның ұрпағы,болғанымыз үшін қырған,
@user-yl3uu6oc2o
@user-yl3uu6oc2o Ай бұрын
елимызде зан шыгару керек таза казак тлмен сойлеукерек министрлердын бары , коше , аул , кала , райондарды казакша болу тиес сонда дурыс болады, а казакша сойлемейтын министрлерды орнынан алып тастаукерек энергетика мен корганыс министрлер казакша сойлеу былмейды , телевизорды ашсан орша жауап береде депутатарга бул уят болды
@user-wd5ss8lu3g
@user-wd5ss8lu3g Ай бұрын
Олар, Алтай тауының әр жағындағы моңғолдар емеспе будистер. Шыңғыс хан отаны Каракорымды, Турар Рыскүлов Моңғолия астанасын атын койган Улан Батор ( яғни Кызыл Батыр) деген сөз бар.
@Qazaqia_
@Qazaqia_ Ай бұрын
@@user-wd5ss8lu3g ешқандай да моңғол болмаған, Шыңғыс хан қазақ, түркі Қарақорым Қазақстан ның территориясында,Бұқтырманың астында қалды суға,батырып жіберген, ешкім білмеу үшін,
@user-bs9id4tv1h
@user-bs9id4tv1h Ай бұрын
Қазағым мың өліп мың тірілген.Сол үшін жүзге руға бөлінбеу кк.
@user-mg1jw3qq1c
@user-mg1jw3qq1c Ай бұрын
Бұл тек біздің арман мен болжам ғана бәрібір ұлы Отан соғысынан азаматтарымызды көптеп алып совет үкіметі бізді азайтар еді
@user-ur1id9kh2u
@user-ur1id9kh2u Ай бұрын
Мың өліп мың тірілген қайран қазақ.
@kalenarman781
@kalenarman781 Ай бұрын
👍👍👍👍👍👍👍👍
@user-io8fp7tg3i
@user-io8fp7tg3i Ай бұрын
Сталин канишер болган .
@user-we6ox7kw6y
@user-we6ox7kw6y 20 күн бұрын
Атаңа нәлет Сталин мен Голощокин деге бәлелерге көріңде өкірлірлер Алла жазаларыңды берсін
@user-we8uz4gi2c
@user-we8uz4gi2c Ай бұрын
Кіші қазан қазақтардың қолымен жасалғаны рас.
@user-nt3jc6hm8j
@user-nt3jc6hm8j Ай бұрын
Ашаршылықты неге бергі жақтан қозғай бересіңдер, неге оның ұрығы қашан әрі қалай себілгенін айтайсыңдар - 1731 жылы басымызға құлдықтың қамытын киген күннен басталды, оның шарықтаған кезі Кеңес үкіметі тұсында өзінің ең биігіне жетті, осыны қоса айту керек
@user-cu5os6td3q
@user-cu5os6td3q Ай бұрын
Казактар бирин бирин устап корсетип берген.мактамай ак кой казакты
@Azamat_yesbolsyn
@Azamat_yesbolsyn Ай бұрын
Алты минут бастапқы үзіндісін тыңдадым. Екі қате ақпарат естідім. 1-шіден, Кіші Қазан саясаты Голощекин атымен атайтынымыз бар, түсіну керек ол жай ғана қолшоқпар, саяси шешімдер орталықтан қабылданады. Ол орындаушы, әрі өз ісін шебер орындаушы. Бұл тұтас жүйенің, кеңестік өкіметінің қылмысы екенін ашық айту қажет. 2-шіден, Әліби Жангелдин Алаш Ордалық емес. Ол әуелден шоқынды қазақ болған, әрі алашордашыларға қастық көп қылған. Репресияға тікелей қатысы барлардың бірі. Сондықтан, Сәкен, Тұрар, Әлібилерді Алаш Орда сапында атау үлкен қателік.
@user-uh1xh1tl82
@user-uh1xh1tl82 Ай бұрын
Дұрыс айтасыз. Хроника великого джута деген кітапта айтылған. Уже к 1919 году число погибших в республике исчислялось сотнями тысяч. А преимущественно говорят о голоде начала 1930-х и репрессиях 1937 -го
@user-sg4id6wl3i
@user-sg4id6wl3i Ай бұрын
осыдан туйгеним алиде егемендик алмаган екенбизго казак кормеген кыйыншылык калмаган екенго😢😢😢😢
@CobraEd1ts
@CobraEd1ts Ай бұрын
😢😢😢😢😢😢😢
@ayan-70miras
@ayan-70miras Ай бұрын
Колчак жеңгенде неістер еді тағы патша үкіметі құрыладығо.
@user-uh1xh1tl82
@user-uh1xh1tl82 Ай бұрын
Қү жақ ( голощекин) атылды дейды жүргізуші. Ал " Хроника великого джута " кітапта кейін де құ жақты көрген адам бар деген. Архив құжаттар дан жасылған кітап. Ашаршылық тан қырылған қазақтардың саны да басқаша келтірілген. Осы жерден айтылған нан көп.
@user-dv4iv7tj4o
@user-dv4iv7tj4o Ай бұрын
кандастарды монголиядагы кайтару керек
@user-fp6gk3gj1w
@user-fp6gk3gj1w Ай бұрын
Кезінде аш қылып қырды, халық жауы деп атты.Ал енді қазір бізді менсінбеуде,елімізде отырып алып,тілімізді мойындамайды.Үкіметіміз олардан өлердей қорқады
@user-oi6rb7tp1z
@user-oi6rb7tp1z Ай бұрын
Жаман көңіліңіңді түсіретін оқиғалар екен. Қаншама жерден естіп жүрсекте,мына қыз бәрін анықта,қанық қылып айтып шықты. Сол уақытта жағаласқан халық әлі жағаласып келеді орыс сілімтіктерімен. Әлі содан бері ештеңе өзгермеген сияқты көрінеді маған. Неге осы орыстар біздің соңымыздан қалмайды. Бізде қандай шаруасы бар.
@user-hk3hv3if8g
@user-hk3hv3if8g Ай бұрын
Сол ашаршылықты, ұмытқан мәңгүрт қазақтар бар.
@animetops100
@animetops100 2 күн бұрын
Ата бабамызға күнде құран оқындар!
@suleimenveliki5017
@suleimenveliki5017 16 күн бұрын
Урулық жуздык жуие тубымызге жетеды ау әлі солаи 😢
@user-fx8ew5qx7m
@user-fx8ew5qx7m Ай бұрын
Алла Тағала Өзі пана болсын, барлығы осылай болмаған шығар. Мұсылман бір жіберген қателікті қайталамайды, - деген Пайғамбарымыз Мухаммед саллаллаһу алайһи уасаллам. Қазақ болып бірігуміз өте қажет.
@user-zc6do7kf5p
@user-zc6do7kf5p Ай бұрын
Неге басқадан көруге құштармыз, о бастан руға, жүзге бөлініп ел басқаратын адам табылмағаны осы күнге дейін жетті, сонда деймін ау, қазақта әділетті, жоғарғы ойлы, еліне шын ниетімен қызмет ететін , ие болатын басшы неге жоқ
@user-sg4id6wl3i
@user-sg4id6wl3i Ай бұрын
сол жагдай алиде жалгасып жатыр
когда одна дома // EVA mash
00:51
EVA mash
Рет қаралды 7 МЛН
Do you like a chocolate surprise egg?🥚🍫🥰 #demariki
00:32
ONE MORE SUBSCRIBER FOR 4 MILLION!
00:28
Horror Skunx
Рет қаралды 59 МЛН
когда одна дома // EVA mash
00:51
EVA mash
Рет қаралды 7 МЛН