Рет қаралды 212
«Бала - біздің болашағымыз!» атты ашық есік күні 29.11.2024 жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымында өткізілді. Іс-шара балабақшаның жұмысымен таныстыруға, ата-аналармен тығыз байланыс орнатуға және олардың балалардың тәрбиесі мен дамуына белсенді қатысуын қамтамасыз етуге бағытталды.
Күннің басы “Күй күмбірі” мен “Қазақстан Республикасының Гимнімен” басталып, атмосфераны қуанышты және мерекелік ете түсті. Іс-шара барысында ата-аналар балалардың тәлім-тәрбиесіне бағытталған әр түрлі іс-шараларға қатысты. Олар таңғы жаттығулар мен таңғы ас процесіне куә болды, сондай-ақ, топтардағы білім беру үдерісіне қатысты. Тәрбиешілер балалармен өткізген сабақтарын, ойындар мен серуендерін көрсетті.
Медбике Гульнар Сматовна “ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу” тақырыбында пайдалы кеңестер берді, ал логопед Айжан Әлімжанқызы балалардың сөйлеу дамуына қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Педагог-психолог Жансулу Киргизбаевна Курамсова “Өнегелілік-15 минут” тренингі арқылы ата-аналарға балалардың мінез-құлқын қалыптастырудың тиімді әдістерін үйретті. Мектепалды топ тәрбиешілері «Ғажайып қазақ ертегілері» театрландырылған қойылымын көрсетті.
Сонымен қатар, әдіскер Айгуль Орынбаевна “Әжелер мектебі”, “Әкелер мектебі”, “Аналар мектебі” және отбасымен өзара ықпалдастықтың қағидалары туралы дөңгелек үстелді өткізді. “Ашық микрофон” сессиясын басшы Гульмира Дабыртаевна жүргізіп, ата-аналарға өз пікірлерін білдіруге және кері байланыс беруге мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, ашық есік күні жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ата-аналардың бөбекжайдың жұмысына деген қызығушылығын арттырды.
@doshkola_kz
@doshkola_ddo_mp_kz
@almatyoblbilim
@oblystyq_adistemelik_ortalygy
@zhambylaudanbilim
@aizaterdauletova
@adamova.manara
@mariyayermanova
@duisemkhanovna
@aizhanahanova8202