Ағылшын тілінен ең үздік курс авторы - Бану Оралбай ауылдан Англияға дейін жеткен жолын айтып берді

  Рет қаралды 1,814

AiKerim Yessenali

AiKerim Yessenali

Күн бұрын

00:00-2:00 Анонс
2:00-3:12 Ашықтыққа дайындық
3:12-4:02 Оқырманға Банудан сыйлық
4:02-12:15 Мұғалім абыройы туралы. "Әр ұстаз өз пәнінің амбассадоры"
12:15-14:45 Жастардың үлкендерді сыйламай кетуіне не себеп? Заман өзгерісі
14:45-19:15 Еркіндік пен жауапкершіліктің тұлға өсіміне әсері. "Бестік ең үлкен жетістік"
19:15-24:20 Гений қалай тәрбиеленеді немесе "Синдром отличницы" қалай пайда болады
24:20-29:10 Адамдар бір-бірінің өсіміне қалай әсер ете алады?
29:10-32:00 Бану: “Отбасы құру - жүрек тыныштығына жету”
32:00-37:00 бизнес бастаудағы бірінші қағида. 1 аптада жабылған сәтсіз бизнес.
37:00-44:15 Бану: “Болашаққа” тапсыруға лайықпын ба?”
44:15-50:15 Британияға оқуға түсу неге қиын болды? Мақсатқа жетудегі нақты қадамдар
50:15-53:10 Бану: “Әлсіз әйелдерге қызығамын”
53:10-56:25 Өмірдегі миссия туралы
56:25-1:01:20 3 тілде еркін сөйлеу принципіһтері
1:01:20-1:05:05 Жаңа трендті мойындамау және жаңа табыс көзін ашу
1:05:05-1:11:20 Тіл үйренудің авторлық методикасы
1:11:20-1:13:00 Ақпараттық фильтр не үшін қажет?
1:13:00-1:15:00 "Жылап қалдым. "Оқушыдан "отзыв" қалай жаңа курс бастауға әсер етті?
1:15:00-1:20:00 Білімге құйған инвестиция ақталды ма?
1:20:00-1:24:25 Бизнес бастаймын дегендерге 5 кеңес

Пікірлер: 35
@AkerkeKulbekova
@AkerkeKulbekova 19 күн бұрын
Басынан аяғына дейін қарап шықтым. Негізі подкаст өте көп қараймын. Бүгінгі көріп,тыңдағаным арқылы ойым айтарлықтай өзгерді. Бірінші мұғалім мамандығына тоқтала кетсек.Расымен талабы күшті қоғамның ағысы қатты. Ал осындай қатты ағысқа қарсы шәкіртті дайындау екі дүниеде де сауабы мол тірлік. Мұғалімдерге деген сыйластығым,махаббатым одан сайын артты. Екінші тіл үйрену. Адам үшін өмірдегі өзіне жасаған ең үлкен жақсылығы дейтін едім. «Бір тіл білген - бір адам, екі тіл білген - екі адам» деген сөз рас. Тіл үйрену арқылы сол мемлекеттің тілін ғана емес жалпы мәдениетін және тарихын білеміз. Сол арқылы өз өзімізді жан-жақты дамытамыз. Үшінші еркіндік. Дәл солай барлық адам еркін болса қазір заман мүлдем басқаша болар ма еді?! Ойыңдағы дүниені іске асыру,соның нәтижесін көріп жетістікке жету… Расымен тіл меңгерген,шет мемлекетте болған адамның ой өрісі ,ойлау деңгейі тіпті армандауының өзі басқаша болады. Қазір ағылшын және түрік тілін меңгеріп жатқан едім. Бүгінгі подкасттан кейін тілге деген махаббатым екі есе өсті. Жалпы, тіл білген адамға мүмкіндік өте көп. Ең бастысы сол мүмкіндікті пайдалана алу. “Тал бесіктен,жер бесікке дейін білім ал”- деген тарих ағайымның айтқан сөзімен қорытындылайын. Подкаст үшін Айкерім Есенәлі мен Бану Оралбайға мың алғыс.❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️
@aikabeauty668
@aikabeauty668 19 күн бұрын
Қазір мен сияқты 21 жастағы, жас қыздарға құнды ақпарат болды. Бірнеше өзекті тақырыптарға қатысты инсайттарға, мотивацияға толы керемет подкаст. Тек осы тіл үйрену мен бизнеске қатысты қана емес, отбасылық кезеңге қатысты кеңестер алдым. Дұрыс айтасыз, бала мектеп жасында ағылшын тілін меңгеріп шыққаны дұрыс, бұйырса болашақта осыны ескеретін боламын. Өзім мектепті ауылда бітірдім, Қызылорда облысының тумасымын, тіл дұрыс үйретілмеді, и пәнді қызықтырмады да. Сөйтіп ауылда оқып жүрген адам үшін, шет елде оқу маған мүмкін емес болып көрінетін. Осы подкасттан кейін, магистратураға шет елге тапсырып көргім келеді:) Жақында бірінші рет шет елге шығып көрдім, шынымды айтайын, қатты самооценкам түсіп кетті.. ағылшын тілінде сөйлей алмағандықтан.. Қасымдағы сөйлесе алатын адамдарға қызықтым, өзімді аянышты күйде сезіндім. Бір сөзбен айтқанда тек көріп, мылқау болып барып келдім. Бану ханым, сіз сияқты менде өмірлік миссиямды тапқым келеді. Ұсыныс, ақша көп табатын жұмыспен емес, өз сүйікті ісіммен айналысып үлкен жетістіктерге жеткім келеді🤍 Айкерім ханым, Бану ханым бүгінгі күн үшін, подкаст үшін рахмет❣️
@JanerkeKoshkinbai
@JanerkeKoshkinbai 18 күн бұрын
Тәуекел ете білу керек. Ең бірінші өзіңе сенуің, өзіңе өзің сенбесең саған ешкім сенбейді.Әр адам өз максатттарына жетуге лайықты. Сенімділік пен қаржы маңызды бұндай жерде. Жауапкершілік ті болу керек. ❤ Қазағым алға деймін тек❤
@aikerimkapparkyzy
@aikerimkapparkyzy 19 күн бұрын
Жарайсыңдар Қызылорданың екі мықты аруы!Мен де ағылшын тілін ұнатамын қазір 37 жастамын әлі де үйренгім келед бірақ сылтау көп😢Бірақ қызымды бердім ағылшынға екеуміз отырып кейде аудармамен айналысамыз!Сендер сияқты өз арманынан бас тартпаған қыздарды көргенде төбем көкке жетед👍🏻Банудың қателігінде мен жұмыс жасағаныма 14 жыл бопты 😤недеген төзімділік недеген зона комфортадан шығалмаушылық десеңші😢Я подкаст көргенді жақсы көрем.Таңғы 6.30 дан бастап көріп 8.25 те аяқтадым.Керемет әңгіме үлгі аларлықтай шешімдер!Көп ойланам соңғы 2-жылда бірақ өзімді жұлып алып сілкіп-сілкіп алатын күштің керек екенін де білем😢Сол баяғы ұяң қазақтың қызы болып әлі отырмын!Бәрі шүкір жақсы бірақ өзімді дамытудың кезі келді ау дегенді түсіндім бүгін!Сол үшін де рахмет сендерге жерлестер!Өзім жетпеген шыңдарға қызым жетсе екен деп тілеймін!🤲🏻Алға Қазақ Әйелдері!✊
@gulnurkulbekova647
@gulnurkulbekova647 19 күн бұрын
Бану ханымның курсын былтыр тамыз айынан бастап оқып бастадым. Қаңтар айында intermediate деңгейін аяқтадым. Шыны керек иә курс интенсивный, бірақ күнде сабақ болғасын, миың соған жаттығып, тез арада сөйлеп бастадым! Ол методика дұрыс екен, қазір курс біткесін, өздігіммен қайталайын десем де, дисциплина жоқ болғасын сылтауратып жүрмін! Курс бітсе де, сол сабақтарды сағынып жүрмін! Зум сабақтардағы тақырыптар қызықты өтетін! Алла қаласа жазғы демалыста Еуропада ағылшынымды сынап қайтпақшымын! Ал бүгінгі подкастқа келсек, Бану ханымның басқа қырлары жақсы ашылды. Платформадағы сабақтарды қайталауға мотивация алдым)))
@aizhanabzhanova6661
@aizhanabzhanova6661 19 күн бұрын
Подкаст өте қызықты, көп инсайт алдым. Подкасттың бір көмегі, өзіме көп жаңа сөздер үйрендім. Тіл байлығым арттырылды.
@user-ee3us6xt2i
@user-ee3us6xt2i 19 күн бұрын
«Тәуекел түбі желқайық, Мінесің де өтесің. Уайым түбі тұңғиық, Батасың да кетесің» Тусингеним кандай жагдай болмасан тауекел етсен ешбир киындыкка сагын сынбайды екен❤❤❤❤
@Kdn.1998
@Kdn.1998 19 күн бұрын
Осы подкаст өміріме сәл ерте кіргенде,еркіндікті алар едім,ешкімді тыңдамай😝 Даму процесінде ,білім іздену жолында қызығушылығым жоғары. Орамалды болғалы басылып ,ойымды ашық айта алмай,аңыз әңгімелерін тыңдап көңіл босап енді ес кіргенде кеш емес деп қайта көтерілу үстіндемін! Сіздер айтпақшы, үлкендердікі дұрыс болмасада қабылдап уақыт өлтіргенімнен ұтылдым! Подкаст үшін ,рақмет!
@user-sd9fu6gc3o
@user-sd9fu6gc3o 19 күн бұрын
Дәл қазір осы подкастты көргеніме қуаныштымын. Маған шынымен қатты ұнады..Пайдалыда, мотивацияға толы подкаст болды есептеймін... Мұғалім өз пәнінің амбассадоры дегенге келісемін. Әр мұғалім өзін дамытпайынша, оқушыларды пәнге қызықтырады деп ойламаймын. Сонымен қатар мұғалімде заман талабына қарай, жаңа талаптарға сай алға жылжып отыруы міндетті. Тіл білу жайлы айтылған ақпараттарда пайдалы болды деп есептеймін. Тіл білсең ой өрісің кеңейеді, тіл білсең адамдармен қарым қатынасың, мәдениетің қалыптасады.Жалпы көзқарасың өзгеше болады👍 Осындай подкасттар көп болсын деп тілеймін Рахмет сізге құрметті подкаст жүргізушісі Айкерім ханым🫶❤️сізге тек шығармышылық табыстар тілеймін!
@user-ij6mt7qx5m
@user-ij6mt7qx5m 19 күн бұрын
Бұл подкаст басқа подкасттардан ӨЗГЕРЕК! Өте керемет подкаст болды. Жастарымызға осындай ақпараттарды беру, бөлісу өте маңызды. Жұмыстарыңызға сәттілік🙌🏻🤩
@user-hm4rc7ju4c
@user-hm4rc7ju4c 19 күн бұрын
Өте жақсы айтылған пікір ол жеңіл ақша табуға емес, сол саланың мықты маманы болуға тырысу керек. Сол кезде табыста, жақсы бизнесте, алға жылжуда болады.
@user-gn8hg4jg2m
@user-gn8hg4jg2m 17 күн бұрын
🎉❤
@user-js7yl1eg9x
@user-js7yl1eg9x 19 күн бұрын
Кім тәуекел етпейді. Сол мақсатқа жетпейді. Тәуекел жасағанды жақсы көрем соңы жақсы болатынына сенемін және ниет етемін. Бастысы жақсы болсын жаман болсын сабақ ала білу. Біздің өмірімізде ештеңе жайдан-жай болмайды. Әрбір сабақ, сынақ бізді өсіріп жетілдіру үшін.
@saltanatbaratova3748
@saltanatbaratova3748 18 күн бұрын
Әркім өз ісінің жұлдызы бола алады демекші, сұхбаттан - Бану ханымның өзіміз секілді қарапайым отбасыдан шығып, әке-шешеден үлкен қолдаудың арқасында, талмай еңбектің арқасында, тиянақтылықтың арқасында осы деңгейге жетуге болатынына мысал болып отыр. Тамсана қарай бермей, түрткі алып, кеттім ағылшынға деу керек қой бізге!
@Nurgasyr.B
@Nurgasyr.B 19 күн бұрын
Сұхбат бойынша түйгенім📌 Бану Оралбай ханымның сұхбат барысындағы айтқан пікірлерінен қазіргі қоғамның жағдайына шынайы баға бере алатын көзқарасты көре алдым. Сұрақтар өте жақсы әрі терең зерттеумен әзірленген. Түрлі актуалды тақырыптар бойынша сөз қозғалғаны көптің ойында сұрақ болып жүрген жағдайларына жауап болады деп есептеймін. Маған ұнаған бөлімі -қазіргі жастар мен үлкендер арасындағы қарым-қатынас жайлы айтылған пікір. Шындығына келгенде, қазіргі жастардың үлкендерді сыйламау, қадіріне жетпеу деген секілді әлеуметтік мәселелер бар екендігі баршамызға мәлім. Үлкендер ақыл айтқанда «Өзім білемін», «Бұл менің өмірім” - деп үлкендердің тілін алмайтындар да бар. Расыменде жастардың қазіргі қоғамда жаңашыл дүниелермен тығыз байланысты болуы, ескіліктің қадірін кетіруде. Бірақ көбі сол ескіліктің қаншалықты құнды екендігіне мән бермейді. Байырғыдан келе жатқан ұрпақтар сабақтастығы келешек ұрпақтың жарқын болашағы. Бану ханым айтқандай үлкендерді “авторитет” санау, ол деген үлкен құрметтің белгісі. Үлкенді құрметтемей, жеткен жетістігіміздің пайдасы не? тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, көп білім алдым деп, үлкендерге қарсы келіп, өзіңді жоғары қойсаң, өз болашағыңа балта шапқаның.
@user-my4hf7uu2l
@user-my4hf7uu2l 19 күн бұрын
Оте керемет подкаст, казирги заманга керек информация.
@user-gd2cn4fz8w
@user-gd2cn4fz8w 19 күн бұрын
Маған ең қатты әсер еткені, шыны керек қазір көбіміз актер, блогер, әнші немесе тағы басқа сол сияқты өнер адамы болып оңай жолмен ақша тапқымыз келеді, әрине өнер жолыда оңай емес, бірақ бізге солай көрінеді, ал бұл кісіге қарап еркек болсамда әлі күнге дейін ештеме бітіре алмағанымды көріп жаман ұялып отырмын 😢
@user-jk9de2uc2s
@user-jk9de2uc2s 19 күн бұрын
Келін ретінде суық болу - тәкәппарлық. Қандай боосаң да, өз тірлігіңді істе, кішіпейіл болған жөн деп ойлаймын. Негізі дұрыс айтады адамдармен қарым-қатынас орнату үшін әрине адамдарды таңдау керек. Осындай пасық қыз-келіншектер жастарға мотивация берелі. Әйтсе де синдром отличницаның зиянф басымырақ. Өзіне де, отбасына да, айналасына да. Сосвн менің ойымша, синдром отличника кішкене психологиялық нагрузка, егер ол синдром тереңдей берсе, өзін де, айналасын да шаршатып, психологиялық ауытқушылыққа әкелуі әбден мүмкін.
@user-ic7zp7go9e
@user-ic7zp7go9e 19 күн бұрын
Өте жақсы әңгіме болды. Маған ұнады👍🏻
@saltanatbaratova3748
@saltanatbaratova3748 18 күн бұрын
Осы подкаст арқылы Бану ханыммен таныстым. Ағылшын тілі қай саладағы маман болсаң да маңызды ғой. Сосын, білім алуда да контактқа түсесің. Тек маман ретінде емес, тұлғалық жағынан да таныстым деуге болады. Әр адамның жеке жетістікке түсу жолы бар дегендей. Бану ханымның дара жолын тыңдай отырып, еш кедергіге қарамай, ағылшынды ертеңге қалдырмай, қолға аламын деген түйінге келдім. Әйгерім ханымға интервьюер ретінде кәсібилігіне алғыс. Бану ханымның алдына түсіп алдына түсіп алмай, керісінше, ашық сұхбатқа икемділік білдірді. Бану ханымның қолындағы нақты қазақша-ағылшынша сөздікті көріп жүрегіммен қуандым. Ол әрбір ұрпағымыздың қолында болуы керек еңбек екен. Мен мектепте оқығанда осындай құнды дүниелер болған жоқ. Бану ханымға өз саласының жұлдызы екен деп тамсандым. Өміріңіздің барлық сферасында толағай табысты болыңыз деймін💫💫💫💫💫💫💫
@Nazerke-no7lm
@Nazerke-no7lm 19 күн бұрын
Бану ханым жақсы мативатсия беретын кысы екен маған қатты ұнады ❤
@banu_diyar
@banu_diyar 19 күн бұрын
Не деген керемет сұқбат
@user-ld7kt9hz1g
@user-ld7kt9hz1g 19 күн бұрын
Менің ойымша адамның кім болатыны мектеп кезінен-ақ көрінеді. Бала кездегі отбасының да саған жасаған қарым қатынасы да бұған үлкен әсер етеді деп тұр ғой. Адам өзіне нақты не керек екенін біледі және өмірде ешқандай запайной вариант дегені болмауы керек. Иә, әрине, жан-жақты старховка жасаған дұрыс. Бірақ максимально фокусты өз арманыңа қою керек. Соған байланысты мақсат қойсаң міне жетістік деп түсіндім өзім подкастан. Өз жұмысының негізгі нәтижесін білетін, соған жеткенше талпынған. Кез-келген салаға қатысты бұл жағдай. Тек мұғалім ғана емес.
@user-ic7zp7go9e
@user-ic7zp7go9e 19 күн бұрын
👍🏻👍🏻👍🏻
@aizhanabzhanova6661
@aizhanabzhanova6661 19 күн бұрын
Подкасты көрмес бұрын инстаграмнан Бану ханымды көретіңмін, бірақ курс бағасын сұрауға дәтім бармайтын. Подкаст арқылы қарапайым, халыққа жақын, біздің бастан өткен қиындықтарды көріпсіз.
@user-js7yl1eg9x
@user-js7yl1eg9x 19 күн бұрын
Қазақ десең өзіңе тиеді бірақ айтпасқа болмай тұр. Неге біз өте тез құбылмалы келеміз. Өзіміздің ыңғайымызға қарап бәрін дұрыс қылып аламыз. Басқаның пікірімен санасу деген жоқ. Егер кішкентай қыз тақылдап өлең айтып, пікірін ашық айтса жақсы. Қандай күшті тілі ап-анық деп тамсанып мақтап болашағы бар деп қоямыз. Дәл сол қыз бой жетіп жұмысқа тұрып, пікірін білдірсе ұят үлкенге ақыл үйретіп жатыр, үлкенді сыйлауды білмейді дейміз. Тұрмыс құрып енесіне не үйіндегілерге өз ойын айтса бітті катастрофа. Келін көргенсіз бола қалады. Мүмкін бізге кейбір стереотиптерді жойған дұрыс шығар. Заманға қарай төселіп, әрбір адамның қалауы болатынын ұғынатын кез келді📌
@user-ug9cd3sg1b
@user-ug9cd3sg1b 19 күн бұрын
100% қосылам
@user-co7cr3nv2b
@user-co7cr3nv2b 19 күн бұрын
Бану ханым 😍😍😍
@Kazakhovedaliya
@Kazakhovedaliya 19 күн бұрын
Менің пікірім, өңірлердің, әсіресе солтүстіктің оңтүстікті менсінбеуге қатысты болмақ. Ол әлі де бар өкінішке орай. Өзім соған куә болдым көп рет. Мегаполистер - Астана мен Алматыда Шымкент және оның аудандарының тұрғындарын жек көреді, не жалға пәтерге тұрғызбайды, қонақшылсыңдар деп, жұмысқа да алмауға тырысады. Осы үрдісті доғару керек деп есептеймін. Өйткені, Шымкенттіктер ешқашан ешқандай өңірді бөліп жармаған, бөлмейді де. Әр адамды құшақ жая қарсы алады, аяғын жерге тигізбей. Оны да күдікпен қарайды екен Астаналықтар іс-сапарға барғанда. Ал мен айттым, біз Шымкенттіктер жай, ешқандай жаман, теріс ойсыз жасаймыз, ештеңе күтпестен. Адам демалып, рахаттанып қайтсын деп. Екінші мәселе, орысшаны білмегені үшін қазақ тілді маманды кемсіту. Әрине, қазіргі таңда үш тілді жетік меңгеру маңызды. Тағы, бір мысалым бар. Бұрынғы әріптесім мемлекеттік қызметте істейді Астанада орталық органда және өзге мемлекеттік органдарға бесеуіне қазақша жіберсе, орысша нұсқасын сұраған түсінбеген соң. Бұл, Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне тест алса, бұл үрдісті мемлекеттік қызметшілердің барлығынан мемлекеттік тілді меңгеруін тексеру керек деп есептеймін. Тек өз ісінің маманы болмай, қазақ тілін білуін де талап ету керек болашақ үшін. Білмесе не өз деңгейінде білмесе, уақыт беру. Онда да меңгермесе, атқарып отырған лауазымынан босату маңызды. Талап қатал және тең болуы шарт. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында қазақ тілді мәтіндерін, ой-пікірлерін дұрыс, сөздерді қалдырып кетпей жазуын қадағалау керек. Кейіпкер өте қайратты, белсенді тұлға екен. Екінің бірі жасай алмас, бұл арудың жасағанын. Бәрекелді! Жарайсыз! Айгерім ханым, сұхбаттарыңыз ерекше жанды, достар секілді әңгімелесіп отырған сезіледі. Жеңіл қабылданады. Алғыс білдіремін ақпаратқа, керемет сұхбатқа! ❤❤❤
@Elma483
@Elma483 13 күн бұрын
Мен былтыр алғанбыз Бану ханымның курсын. Интенсивный болғасын тапсырма өте көп, үлгеру өте қиын. Сабақтары қызықты әрине, бірақ олай тіл үйрену үшін таңнан кешке дейін қолың бос, еще ерекше дарынды болмасаң қиындау 😊Шынымды айтсам пайдалы болды деп айта алмаймын.
@user-cs8jh8wv5p
@user-cs8jh8wv5p 8 күн бұрын
Мен Бану ханымның курсын алдым жақында, екі деңгейді екі айда меңгеріп, барлық сөздерді жаттап ала алмасам да, бұрын игере алмаған грамматиканы лезде үйреніп, барьерден арылып, сөйлеу деңгейіне жеттім❤. Кураторым Дильназ ханымға осындай деңгейге жетуіме ат салысқаны үшін және менің қалауым бойынша керемет кураторды тағайындап берген Бану ханымға алғысым шексіз🌷
@gaukharkalmurzaeva4344
@gaukharkalmurzaeva4344 19 күн бұрын
Осы сыйлық берілмейтін сияқты негізі.
World’s Deadliest Obstacle Course!
28:25
MrBeast
Рет қаралды 132 МЛН
Increíble final 😱
00:37
Juan De Dios Pantoja 2
Рет қаралды 107 МЛН
Children deceived dad #comedy
00:19
yuzvikii_family
Рет қаралды 5 МЛН
Please be kind🙏
00:34
ISSEI / いっせい
Рет қаралды 173 МЛН
Бұны көріп ағылшын тілін үйренбеу ұят!
5:57
Қалау ағай
Рет қаралды 2,8 М.
Интимді гимнастика қазіргі таңда
1:03:40
World’s Deadliest Obstacle Course!
28:25
MrBeast
Рет қаралды 132 МЛН