АЖЫРАСУ ЖАЙЛЫ УАҒЫЗ

  Рет қаралды 14,668

УАҒЫЗДАР ЖИНАҒЫ

УАҒЫЗДАР ЖИНАҒЫ

3 жыл бұрын

#уағыз #уағызқазақша
Жалпы ажырасуға дін тұрғысынан қарасақ, мұсылман құқығы термині бойынша «талақ» деп аталады. Талақ айту - некенің бұзылуы. Әйелінен ажырасу, некелерін бұзу деген сөз.
Талақ - Жаратқан Жаппар Иенің адал еткен істің ішіндегі ең жағымсызы. Сол себепті Құранда Алла тағала мейлінше әйеліңмен тату болуға шақырып: «(Уа, иман келтіргендер!) Жарларыңмен жақсықарым-қатынаста болыңдар. Егер оларды ұнатпай қалсаңдар (сабырлылық танытыңдар), Алла сендер ұнатпаған нәрсеге көп жақсылық жазған болуы да мүмкін», - дейді («Ниса» сүресі, 19-аят). Сонымен қатар: «Егер ол әйелдер сендерге мойынсұнып жатса, (ажырасуға) сылтау іздемеңдер. Күмәнсіз Алла Жоғары мәртебелі әрі Ұлы», - деп («Ниса» сүресі, 34-аят) адамдарға асығыс шешім қабылдамай, ажырасудың алдын алу керектігін ескерткен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Аллаһ тағалаға адал еткен істің ішіндегі ең жағымсызы - ажырасу» (Әбу Дәуіт, Талақ, 3) - деп жөн-жосықсыз ажырасудың дұрыс емес екенін айтқан.
Егер, Құран аяттары мен пайғамбар (с.ғ.с.) хадистері бойынша әрекет етер болсақ, әрбір отбасының іргесі берік болары хақ.
Алайда, статистикалық көрсеткіштер бұл айтылғандарға кереғар. Мысалы ҚР Әділет министрлігінің тіркеу қызметі төрағасының орынбасары Венера Калимова «2012 жылы 166 474 неке қиылған болса 47 598 рет неке бұзылған. 2013 жылы - 167 411 неке қиылса, 51 510 рет неке бұзылған. 2013 жылы тіркелген неке саны 937-ге артқан. Ал ресми неке бұзу саны бір жылда 3 мыңға жеткен», - дейді.
Бұл көрсеткіштер саны соңғы жылдары діни ағымдардың белең алуымен бірге күніміздегі жастар «шариғат жолымен шаңырақ көтереміз» деп Алланың қош көрмеген «талақ» деген жалғыз сөзді емін еркін қолдануымен артқан. Сондай-ақ, «талақ» сөзін әркімнің өз еркінше түсінуі салдарынан әлеуметтік негізгі мәселеге айналып отыр. Алайда дінімізде талақ етуде сөздің мағынасы аса маңызды рөл атқарады. Қалжыңдап айтылған талақ та ескеріліп, талақ ретінде есептелуі ықтимал екенін жастарымыз ескермеуде. Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Үш нәрсенің әзілі де, шыны да шын: үйлену, талақ ету және құлды азат ету» - деген болатын.
Мұсылман құқығы талақ үкімін жанұяны бұзу үшін емес, қайта жанұяның беріктігі үшін қолданады. Яғни, жұбайлардың үйленбестен бұрын жіберген қателігін немесе жанұя болғаннан кейінгі қателікті түзету үшін талақ үкімі жүзеге асырылады. Сонымен бірге, «талақ» үкімі арқылы тараптар кеште болса өздерінің қателіктерін түзетіп, яғни ажырасып, психологиялық немесе материалдық тұрғыда өзіне тең жар табуға мүмкіндік алады. Мұсылман құқығында «талақ» ету құқығы ер адамға берілуінің себебі, ер кісі әйел психологиясынан ерекше салмақтылығы және шешім қабылдауда байсалдылығы негізге алынған. Сондай-ақ, Исламға дейін арабтар әйелдерін қалаған кезде талақ етіп, қалаған уаұытта қайта алатын болған. Отау құруды ойыншыққа айналдырған осы әрекетке Хақ дін тыйым салу мақсатнында үш талақпен шектеген. «Талақ екі рет...»,«егер ер әйелін үшінші мәрте талақ етсе, бұдан кейін оған, ол басқа ерге тимейінше халал болмайды» («Бақара» сүресі, 229-230).
Ер адамның «маған талақ айту құқы берілген» екен деп жөн-жосықсыз талақ айта беруі - қателік, күнә. Осындай қателікке жол бермеу үшін, шариғатта ажырасудың қарастырылған өзіндік жолдары бар.
Талақтың өзіндік рүкіні мен шарттары бар. Талақтың рүкіні әйелін талақ етердегі айтылатын арнайы сөзі мен тәсілі. Шарты - негізгі бөлшектерден тыс бірақ сол негіздердің құралуына арқау болған бөлшектер. Талақтың іске асуы үшін мынадай шарттар қажет. Олар: Талақ ететін ердің ақыл-есі түзу, балиғатқа жеткен болуы. Талақ етілетін әйелдің сол ерге некесі қиылған әйелі немесе «иддат» мерзіміндегі әйелі болуы шарт. Одан қала берді шариғатта талақтың түрлері бар. Олар:
1) Ражиғий талағы. Бұл талақпен идда ішінде қайта табысуға болады.
2) Байн талағы. Бұл талақпен некені қайта қидырмай табысу дұрыс емес.
3) Ғализ талағы. Бұл талақпен қайта табысуға тыйым салынады. Ол әйел басқа күйеуге тиіп, ол күйеуі онымен қосылмай, сол күйеуі өлмей немесе талақ етілгеннен кейін әйел иддасынан шықпай алдыңғы ерімен қайта табысуы мүмкін емес.
Мұсылман құқығында «талақ» етудің ерекше негіздері бар:
1. Құран мен Сүннет тәртібіне қайшы негіздегі талақ ету тыйым салынған.
2. Тәртібі мен іс-әрекетінде кінәрат болмаса да кемшіліксіз әйелді талақ ету мәкрүһ.
3. Ішкілік, құмар сияқты харам істермен шұғылданудан бас тартпаған әйелмен ажырасу сүннет.
4. Отбасылық өмірде харам істерді жасап, дін бойынша парыз болған амалдарды тәрк еткен әйелді талақ ету парыз.
5. Араларында махаббат болмаған жанұялардың ажырасуы тұрғысында әр түрлі көзқарастар бар. Бұл ерлі зайыптылардың өздеріне қалған шешім. («Талақ» сүресі, 6-7).
Айтып кеткеніміздей жастардың қалаған уақытта үйленіп те қалаған уақытта «талақ» деп ажыраса салуы қоғам дерті.
Мақаланың толық нұсқасы: www.muftyat.kz/kk/articles/is...

Пікірлер: 26
@user-tm4en7xz1z
@user-tm4en7xz1z 6 ай бұрын
Ажраскалы жатрм тындап алайн
@user-dp2jb4fk5v
@user-dp2jb4fk5v 3 жыл бұрын
Аллахым оз отаны мен балдарынан теріс айналған еркектерге Алла ынсап, иман, ақыл, мейір шапағат бере гөр, Әумин, Әумин, Әумин. 🤲
@user-mg3wk4rd5w
@user-mg3wk4rd5w 2 жыл бұрын
Машалла Әрбір Жан ұйя Ажыраспасын Ер мен Әйел өз Орнын білсе Мұндай Шайтанға Құл болмаймыз Иншалла ☝️кейде Кешкісін Таксовка жасайым сонда әнгемден әңгіме шығып Ажырасып Алып өкініп жүрген әйелдерді көп екен кейде Кеуім Қадырын түсүнбепіп Кеуім жақсы еді деп отырып қалады Әйелдермізде Артық кетіп Қалады Ажыраспайяық Шайтанға😈 Құл болмайық әмйн 🤲
@user-wp9tq6sl4e
@user-wp9tq6sl4e 4 ай бұрын
Алла жар болсын.
@user-dp2jb4fk5v
@user-dp2jb4fk5v 3 жыл бұрын
Осы уағызды адасып жүрген еркектер көбірек тыңдасын
@user-wp9tq6sl4e
@user-wp9tq6sl4e 4 ай бұрын
Ішкен куйеуіме, разы болдым, өзім тандағасын көндім ол мені алып қашқан. Көндім, басымды жарып тастады, тие берсің жамандағаным емес.
@user-dp2jb4fk5v
@user-dp2jb4fk5v 3 жыл бұрын
Сізге көп рақмет ұстаз. Осы тақырыптағы уағызды әр жұмада еркек қауымына көбірек айтып уағыз етіңіздерші
@user-wp9tq6sl4e
@user-wp9tq6sl4e 4 ай бұрын
Ассалам, ажырасқан көбісі, сыртқы киімсіз қалған екен. О дуниедегі некемен, адалмын шукірмін, ажырасқан жоқпын.
@user-wp9tq6sl4e
@user-wp9tq6sl4e 4 ай бұрын
Ажырасуға жол берме, бауырым келіншектер.
@bakhytzhanbakhytzhan4123
@bakhytzhanbakhytzhan4123 2 жыл бұрын
Амин
@Serik.011
@Serik.011 10 ай бұрын
Мен куйеуимнин 6 айелимин,менин 2куйеуим арамызда бала жок,3ж болды,екеумиз келиспей каламыз талай рет урды шыдадым,мендеде куйеуимдеде 1кыз 1ул бар алдынгы некемизден, ажырасып кетсембе билмим басым катты
@user-cx6bz1qo1m
@user-cx6bz1qo1m Ай бұрын
уағыз айтып жатқан кісі кім
@user-oq8xg1ex5g
@user-oq8xg1ex5g 7 ай бұрын
Егерде айелин кунделикти психологический тыныштык бермесе Ата ананды сыйламаса бир созге 1000 созбен жауап берген жанеде Ата ананмен урысып жумыста журген жеринен кетип калып кешкисин барып алып келуге барганда келмесе жанеде уш кызын болса Арада улкени 6 жаста не истеймиз аке шешенди тастап болек шык деп Жане менин Таркан табысым озим жаратамын бала шаганы асырау еркектин мойында десе не истеймиз
@Vipmamasha1
@Vipmamasha1 Жыл бұрын
Тырнақ астынан кір іздеп отыратын еркекке калай шыдайсың
@user-wz3hh6om8c
@user-wz3hh6om8c 2 жыл бұрын
Неге аз каментария дурысс айтып отыр копнесе еркектер ажырасуга руксат берып отыр
@mycomp2348
@mycomp2348 2 жыл бұрын
Ассалаумағалейкум баршаңызға! Үәде де тұрмайды
@user-wz3hh6om8c
@user-wz3hh6om8c 2 жыл бұрын
Неге аз каменария
@user-pt9mv1oo5x
@user-pt9mv1oo5x 3 ай бұрын
Күйеуім продукты акелмейді, бес бала туып үйде отырмын, оның өзінде торт пісіріп ақша тауып отырмын, күйеуім үйден шығармайды, ешқайда жібермейді, туыстарыммен араластырмайды
@user-wo4oi5xc7h
@user-wo4oi5xc7h 2 жыл бұрын
Ушак себеп ажырасуга бар дейсиз. Сонда куйеуы асырамаса жатпайма себепке? Сол куйеуын бала шагасын асырап журе беру керекпа? Айтынызшы
@IslamUagyz
@IslamUagyz 2 жыл бұрын
Сіздің сұрағыңызға бұл жауап болар: islam.kz/kk/questions/januya/talaq/dinde-kuieuinen-zabir-korgen-aieldin-ajyrasuga-sotqa-aryz-berui-kuna-ma-1012/#gsc.tab=0
@user-ii2je8dw9z
@user-ii2je8dw9z Жыл бұрын
Салеметсызбе жолдасым ышымдыке салынды бес балам бар он жыл болды алысып келемын тук койатын туры жок не ыстейын осындай жагдайда
@diyanaqudaybergenova9217
@diyanaqudaybergenova9217 9 ай бұрын
Ассалаума алейкум мен куйеуим мен жажарканима 3 жыл Болат Себепши Енем Болат Мени унатпайди бирак куйеуим жаксы корип уйденди мен Енеме ренжип уйден шигип кеттим Енди куйеуим мен жараским келип жур куйеуим талпинбай атир не истесем Болат маслахат беретинлер барма
@KarlygashMyrzahmet-km5xd
@KarlygashMyrzahmet-km5xd 4 ай бұрын
Күйеуін анасына қалағанын алып берсін сосын отырсын
@KarlygashMyrzahmet-km5xd
@KarlygashMyrzahmet-km5xd 4 ай бұрын
Сен олсызда күн көресің ғой
@user-vr5lq6fy3o
@user-vr5lq6fy3o 3 жыл бұрын
Сәлеметсіздер ме, "ажырасам"-деген сөз талақ сөзімен бірдей ма?
@IslamUagyz
@IslamUagyz 3 жыл бұрын
Діни сұрақтарды Fatua.kz Islam.kz сияқты сайттардан және инстаграмдағы instagram.com/almaty_fatua?igshid=1ioxkrd5ze5bh парақшасына қоя аласыз. Және android-қа осы программаны жазып сұрақ қойсаңыз болады: play.google.com/store/apps/details
ТАЛАҚ. ҚАБЫЛБЕК ӘЛІПБАЙҰЛЫ
25:42
Қабылбек Әліпбайұлы
Рет қаралды 43 М.
Аллаға тапсыра білу /уағыз 2023
22:24
УАҒЫЗ
Рет қаралды 251 М.
Не пей газировку у мамы в машине
00:28
Даша Боровик
Рет қаралды 4,4 МЛН
ПЕЙ МОЛОКО КАК ФОКУСНИК
00:37
Masomka
Рет қаралды 4,8 МЛН
Каха с волосами
01:00
К-Media
Рет қаралды 6 МЛН
Адамдардың Сөздері Мен Мінездерін
1:53:40
Ұстаз Ерлан Ақатаев
Рет қаралды 276 М.
Ажырасуға кім кінәлі? | #неке #отбасы
28:33
Отбасылық қарым-қатынасты жақсартудың жолдары|16.10.2020
53:56
Yerzhan Myrzabayev | Ержан Мырзабаев
Рет қаралды 8 М.