,,Қаракөз" ансамбілі мен Жақсыгелді ағамыз, біздің жастығымыз, махаббатымыз !!
@Temirgali_1. Жыл бұрын
Ассалаумағаләйкүм! Өте керемет сұхбат! 👍 Рахым ағайым студент кезімде маған "Жоғарғы математика" пәнінен сабақ берген өте жақсы сыйлайтын ағайым. Бала кезімде "Қаракөз", "Жез киік" және "Алтын дән" ансамбльдерін естігенмін. Ал, "Балауса" ансамблін өз көзіммен көрдім. Максим ағаны көріп қуанып қалдым. Ұмытпасам 1973-1974 жылдардың шамасында (мен сол кезде 9-10 жастамын) "Балауса" ансамблі біздің ауылға (Ақтөбе облысы, Темір ауданы, "Кеңес туы" совхозына) концерт қойды. "Балауса" ансамблінде сол кезде ұмытпасам ойнаған Ырысман ағамыз (ионика), Марс Құбатаев (соло гитара), Қайрат Насыров (ударник), Бөкенбай (бас гитара). Осы "Балауса" ансамблі, "Арайлы Ақтөбе" ансамблі - Геннадий Шульга баянист ағамыз және "Атырау-Жайық" ансамблі менің өнерге деген құштарлығымды арттыра түсті. Максим аға дұрыс айтты, "Балауса" ағсамблі ашылғаннан кейін тек біздің Темір ауданымыздың өзінде ғана сол 1975-79-шы жылдары ВИА ансамбльдері ашыла бастады: Темірде - "Гүлдариға", Шұбарқұдықта - "Имри", Промысел Шұбарқұдықта - "Ақ гүл", Кеңқияқта - "Черное золото", Кеңесту совхозында - "Ақ қайың", Ленин совхозында - қыздар ансамблі "Гүлдерайым" ансамбльдері ашылды. Мен өзім 1978 жылы 14 жасымда Кеңестуда ашылған "Ақ қайың" ансамблінің алғашқы құрамында соло гитарада 4 жыл армияға дейін ойнап кеттім. Үлкен жігіттердің ішіне мені ансамбльге таңдап қабылдаған біздің "Ақ қайың" ансамбліміздің көркемдік жетекшісі - музыкант-гитарист-баянист Нұртай Қуанышбеков ағамыз еді. Айта берсем әңгіме көп. Осымен доғарайын. Баршаңызға аманшылық тілеймін!
@mariyashkadralina5876 Жыл бұрын
Темірғали! Класстасым менің де есімде, керемет қайтып келмес жылдар ғо! Димаш нағашылары сендерден де алғаны көп болған деп ойлаймын!Жиенді нағашысына қарап баға беретін халықпыз ғо! Бүкіл әлемді бағындырған Димашың аман болсын, өзіңде тілегін тілеп, құшағың шексіз қуанышқа бөлене берсін!Тілекшімін Темірғали-жан! 🤲🤲🤲
@Temirgali_1. Жыл бұрын
Марияш, үлкен рахмет! Димаш жиен-бауырым, Қазағымызды әлемге таныта берсін, аман болсын! 🤲