Абай - Қазақстанның ұлттық бренді: Ұлы Даланың тарихи зердесі

  Рет қаралды 293

Алматинский областной Русский центр

Алматинский областной Русский центр

3 жыл бұрын

ҚХА-ның көптеген біріктіруші жобалары, оның ішінде тарихи зердені сақтау ұлы Абайдың
мұрасымен байланысты. Абайдың мұрасы - қазақ халқының руханияты. Ұлы Абай өзінің поэтикалық шығармаларында, философиялық трактаттарында адамды жырлайды, адамға жазады, адам туралы айтады. Шын мәнінде, Абай өзінің философиялық көзқарастарымен жаңаша ойлау мен тың дүниетанымның негізін қалады, өзгеше этикалық және эстетикалық құндылықтарды қалыптастырды, қазақтар үшін өмірдің, болмыстың жаңа қағидатының және жаңа арман-мұраттардың қажеттілігін дәлелдеді, олардың арқауы - адам, заманауи тілмен айтқанда - Тұлға.
Ұлы ойшылдың орыс тілін жетік білуі орыстың көрнекті ақыны М.Ю. Лермонтовтың
бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударуға мүмкіндік берді. Абай А.С. Пушкиннің «Евгений
Онегин» поэмасынан үзінділер, Крыловтың көптеген мысалдарын қазақ тіліне аударумен айналысты. Қырғыз даласындағы түрлі уездерде ақындар Абайдың Пушкин мен Лермонтовтан аударған өлеңдерін үйреніп, домбырамен ән шырқады.
Президент Қ. Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Жаңғыру - өткеннен қол үзіп, тек жаңа құндылықтарға жол ашу деген сөз емес. Шын мәнінде, бұл - ұлттық мұраларымызды бүгінгі оң үрдістермен үйлестіре дамытуды көздейтін құбылыс. Бұл ретте, біз Абайды айналып өте алмаймыз. Себебі, ұлы ойшыл осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған» деп атап өтті.
10 тамызда ұлтымыздың ұлы ақыны, ойшыл тұлғасы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толды. Бұдан ширек ғасыр уақыт бұрын Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Абайдың 150 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде өткізілген еді. Бұл торқалы той - сол тамаша дәстүрдің жалғасы. Биылғы мерейтойға орай бірқатар іс-шара жоспарланған болатын. Бірақ әлемді жайлаған індетке байланысты соның көпшілігін онлайн форматқа ауыстырдық. Әрине сан сынақтан сүрінбеген халқымыз бұл дертті де жеңеді. Қиындық өтпелі, ал Абай мұрасы мәңгілік. Менің тапсырмам бойынша Үкімет оныншы тамызды «Абай күні» деп белгілеп, мерекелер тізбесіне енгізді (бірақ жұмыс күні болып қала береді). Ұлы ақынның мұрасын ұлықтауға арналған іс-шаралар жыл сайын өткізіліп тұратын болады. Мәселе мерейтойда емес - тұғырлы тұлғаның туындыларынан терең тәлім алуда. Абайдың рухына тағзым ету - оның қағидатын ұстану, аманатына адал болу. Сонда ғана жас ұрпақтың санасына қастерлі құндылықтарды сіңіреміз. Біз ұлы ойшылдың өнегелі өмірі мен тағылымы туралы айтудан жалықпаймыз. Әсіресе қазіргі Қазақстан қоғамын Абайдың рухани ұстанымына сай дамыту аса маңызды. Мен бұл жөнінде «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаламда кеңінен айттым. Биылғы жыл халықаралық «Абай жылы» болып аталды. Әлемнің көптеген елдері оның шығармашылығына назар аударуда. Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен ұлы ақынымыздың 175 жылдық мерейтойы жаһандық деңгейде аталыпөтуде. Ақынның баға жетпес мұрасын ұғындыру және дәріптеу - азаматтық парызымыз. Өйткені Абай - әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға. Абайтанудың тұғырнамалық негізі де осы болуға тиіс.
Бейне-дәріс ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында «Этномәдени бірлестіктер арасында жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыру және қазақстандық патриотизмді дамыту»
жобасы бойынша әзірленіп, жазылды.
Бейне-дәрісті әзірлеуге және көрсетуге қатысқандар:
Н.П. Калашникова, саяси ғылымдарының докторы, ХАА академигі, ҚХА мүшесі;
Л.А. Гривенная, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент,
ҚР ЖОО ҚХА кафедралары қауымдастығы төрағасының орынбасары;
У.А. Ахметжанова, ҚХА тіл саясаты саласының сарапшысы;
А.Қ. Кахарман, саясаттану магистрі;
Ш.А. Исмаилов, И. Арабаев ат. ҚМУ құрметті профессоры, ҚХА ҒСК мүшесі;
А.Ю. Цыкало, дизайнер-беттеуші.

Пікірлер: 4
@user-nf3ce7on9x
@user-nf3ce7on9x 3 жыл бұрын
Абай - ұлттық мақтанышымыз!
@user-xb9nn1nm4q
@user-xb9nn1nm4q 3 жыл бұрын
Ұлы Абай туралы танымдық материал жақсы дайындалған екен
@user-no1ho5xj8x
@user-no1ho5xj8x 3 жыл бұрын
Абайдың мұрасы мәңгілік!
@gulmirasaidalina4667
@gulmirasaidalina4667 3 жыл бұрын
Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы! Өлмейтұғын артына сөз қалдырған!
О задаче трех тел
18:53
scimuseum
Рет қаралды 136 М.
Buy Feastables, Win Unlimited Money
00:51
MrBeast 2
Рет қаралды 49 МЛН
КИРПИЧ ОБ ГОЛОВУ #shorts
00:24
Паша Осадчий
Рет қаралды 6 МЛН
How to open a can? 🤪 lifehack
00:25
Mr.Clabik - Friends
Рет қаралды 11 МЛН
1-сынып.Ана тілі.86 сабақ
5:59
Аккумис Исагалиева
Рет қаралды 101
Russian Language in 18 Minutes
18:38
Arzamas
Рет қаралды 6 МЛН
The story of the grand conspiracy. Who and how seized control of Russia
1:07:32
Алексей Навальный
Рет қаралды 6 МЛН
Buy Feastables, Win Unlimited Money
00:51
MrBeast 2
Рет қаралды 49 МЛН