Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес. Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады. Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады. Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады. Әкесінің баласы - адамның дұшпаны. Адамның баласы - бауырың. Ер артық сұраса да азға разы болады. Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың. Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол - көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал
@УлжанДилдабекова-ц6и3 жыл бұрын
Керемет сөздер мағыналы❤️😘
@aizere31994 жыл бұрын
Керемет 🥺😍❤
@АйаруБақыт-ц2е4 жыл бұрын
Адамның адамшылдығы істі бастағанына қарай білінеді.
@БотагозА4 жыл бұрын
Кайран Абай атамыз😪
@ҚанатҚыдырбаев-р7с5 жыл бұрын
Тамаша
@ШыңғысханМаратжанұлы5 жыл бұрын
Керемет👍
@МолдирАбилкасымова5 жыл бұрын
саған бірінші болсаң болдыма 😠
@ШыңғысханМаратжанұлы5 жыл бұрын
@@МолдирАбилкасымова кетше
@ГульнараБайжумаева-я9у5 жыл бұрын
Керемет сөздер. !!!!!.
@ЖанарҚалдыбекқызы5 жыл бұрын
Керемет
@rai50705 жыл бұрын
Ия
@ЖанарҚалдыбекқызы5 жыл бұрын
👍👍👍👍
@РусланОразбай-у8и4 жыл бұрын
йя
@РахатБайгабылов-т4л3 жыл бұрын
Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес. Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады. Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады. Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады. Әкесінің баласы - адамның дұшпаны. Адамның баласы - бауырың. Ер артық сұраса да азға разы болады. Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың. Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол - көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал. Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват. Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім. Дүниеде жалғыз қалған адам - адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында. Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды? Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек - қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың, қатты қыстың артынан көгі мол жақсы жаз келмеуші ме еді? Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны. Қуанбақтық пен бақ - мастықтың үлкені, мыңнан бір кісі-ақ к...н ашпайтұғын ақылы бойында қалады. Егер ісім өнсін десең, ретін тап Биік мансап - биік жартас Ерінбей еңбектеп жылан да шығады, Екпіндеп ұшып қыран да шығады; Жікшіл ел жетпей мақтайды, Желөкпелер шын деп ойлайды. Дүние - үлкен көл, Заман - соққан жел, Алдыңғы толқын - ағалар, Артқы толқын - інілер, Кезекпенен өлінер, Баяғыдай көрінер. Бақпен асқан патшадан Мимен асқан қара артық; Сақалын сатқан кәріден Еңбегін сатқан бала артық. Тоқ тіленші - адам сайтаны, Харекетсіз - сопы монтаны. Жаман дос - көлеңке: Басыңды күн шалса, Қашып құтыла алмайсың; Басыңды бұлт алса, Іздеп таба алмайсың. Досы жоқпен сырлас, Досы көппен сыйлас; Қайғысыздан сақ бол, Қайғылыға жақ бол. Қайратсыз ашу - тұл, Тұрлаусыз ғашық - тұл, Шәкіртсіз ғалым - тұл.