ҚАНДАЙ КЕРЕМЕТ АЙТЫЛҒАН СӨЗ !ОСЫНЫ ҰҒАР ЖҮРЕК, ТЫҢДАЙТЫН ҚҰЛАҚ БОЛСА ШІРКІН .АЛЛАМ ЖҮРЕКТЕРГЕ ИМАН ,БЕРЕ ГӨР.
@baxyttohtahunovna53136 жыл бұрын
Абай Атам не Деген Керемет.
@СамсунгСамунг-ж3н6 жыл бұрын
Алтын соз жаксы соз жарым ырыс
@user-bika1233 жыл бұрын
Осы кісі абайға уксайд
@НурайКанапианова2 жыл бұрын
ОН ТӨРТІНШІ СӨЗ Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, езіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық та - жүректің ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады. Қазақтың «жүректісі» мақтауға сыймайды. Айтқанға көнгіш, уағдада тұрғыш, бойын жаманшылықтан тез жиып алғыш, көштің соңынан итше ере бермей, адасқан көптен атының басын бұрып алуға жараған, әділетті ақыл мойындаған нәрсеге, қиын да болса, мойындау, әділетті ақыл мойындамаған нәрсеге, оңай да болса, мойындамау - ерлік, батырлық осы болмаса, қазақтың айтқан батыры - әншейін жүректі емес, қасқыр жүректі деген сөз. Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады. Білімді білсе де, арсыз, қайратсыздығынан ескермей, ұстамай кетеді. Жаманшылыққа бір елігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады. Осы жұрттың көбінің айтып жүрген мықты жігіт, ер жігіт, пысық жігіт деп ат қойып жүрген кісілерінің бәрі - пәлеге, жаманшылыққа еліртпек үшін, бірін-бірі «айда, батырлап!» қыздырып алады да, артын ойлатпай, азғыратұғын сөздері. Әйтпесе құдайға терістіктен, не ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба өзі? 1893
@user-sc5bd7wb8p3 жыл бұрын
👍
@БекзатОспанов-я7я6 жыл бұрын
Абай казахтын улы акыны. Болат Абдилманов жаксы окиды. Жаксы актер жаксы дауыс.
@ШайкызТоғысбаева6 жыл бұрын
Бэ
@ҚазақАлға-м4о6 жыл бұрын
Түсіңдіідерме? Мен түк түсінбедім.
@ДианаОрынбасар-п5н4 жыл бұрын
Жақсылап тыңдасаң түсінікті айтылған
@НурланАмантай-в9д3 жыл бұрын
Жүрек ісі туралы
@МейржанКыдыров-в6г3 жыл бұрын
Сен түсінбедім дейсің, қазақ мектебі 7 класта осы сөз бойынша мазмұндама жазады