Абдуррахман Четин: Баланың несебін ішкендер Түркияға аман жетті

  Рет қаралды 950

Бақытжан Бұқарбай Weekly

Бақытжан Бұқарбай Weekly

Жыл бұрын

Абдуррахман Четин ағамен жазда таныстық. Ақсақал өткен ғасырдың ортасында Шығыс Түркістаннан Түркияға дейін жүріп өткен көште болған. Оспан батырдың тізесінде отырып ойнаған, жеті жасынан намазға жығылған. Бала болғанына қарамастан, бастан кешкендері түгел жадында. Түркияда орныққан соң есейген шағында Германияға жұмыс істеуге барған. Ағамыз 2020 жылы пандемия басталғанда 83 жаста, бастан кешкендерін компьютерде теріп шығып, нағыз ерлік жасады. «Өмір жолымдағы соңғы көш» - деректі туынды, көш туралы беймәлім болған кейбір дүниелер алғаш рет осы кітапта аталса керек. Сосын қазақтардың Түркияда орныққаннан кейінгі тағдыры да баяндалады.
__________
Каналға ризашылығыңызды білдіріңіз | Поддержите канал:
Kaspi Gold 707 828 94 92
Орынгул Н.
__________
Бақытжан Бұқарбайдың парақшалары:
Фейсбук - / bakhytzhan.b.. .
Инстаграм - / bar.korn​​​​
«Меломан» интернет-дүкенінде Бақытжан Бұқарбайдың кітаптарын сатып алыңыз:
«Күміс кітап» - bit.ly/2F67kIv​​​​
«Күнкөрістен кет, байлыққа жет!» - bit.ly/2ENqBiq​​​​
«Қарызсыз Qazaq» - bit.ly/3jHx2SH​​​​
Михаил Саакашвили, "Пробуждение силы" bit.ly/3m6Ybze​​​​
Михаил Саакашвили, "Қайраттану" bit.ly/3tIQEML
Ахмет Кенесарыұлы, "Кенесары хан уа сұлтан Сыдық" bit.ly/3loZviD
#БақытжанБұқарбай​​​​ #АбдуррахманЧетин #ШығысТүркістан​​​​ #көщ #Түркия​ #Германия #Қытай

Пікірлер: 11
@user-qp7gg4hz6o
@user-qp7gg4hz6o Жыл бұрын
Абдурахман ағамыз аман болсын! Сіздің кітабыңыз қолыма тигеніне өте қуанып едім. Оқып шықтым. Керемет әсерде болдым.
@seifa.mduisenbaev5074
@seifa.mduisenbaev5074 Жыл бұрын
Жақсы сұқбат, рақмет
@nurislamseiitbayev6991
@nurislamseiitbayev6991 Жыл бұрын
Абдуррахман ағамызға Алла разы болсын! Бақытжан аға еңбегіңіз жанып, елге пайдаңыз еселене берсін! Ұлтымыздың санасын оятар, Ұлтымызды биікке көтерер туындылар көбейе берсін деп тілейміз! Жас буынға бағыт-бағдар болар ақсақал қарияларымыз, ағаларымыз көп болғай!!!!
@Erbol_78
@Erbol_78 Жыл бұрын
Алла Абдуррахман атамызға мықты денсаулық ұзақ ғұмыр берсін!
@andyjohn161
@andyjohn161 Жыл бұрын
Аманбол казагым!!!
@QaryzsyzQazaq
@QaryzsyzQazaq Жыл бұрын
00:00 - Анонс 01:04 - «Аспантау асқан үркін көш» кітабы қандай кітап? 01:48 - Абдуррахман ақсақал кітабын 83 жасында жазды. Ол не туралы? 02:57 - Ақсақал көш кезінде неше болды? 03:24 - Көш кезінде қандай қиындықтар болды? 04:18 - Көшке түрткі болған не? 05:10 - Қазақ қытайға қарсы қалай күресті? 05:28 - Оспан батырдың тізесінде отырдым. Бірге атысып жүрдік 06:03 - «Тибетке жеткенде үшке бөліндік» 06:48 - Қытайлар неге қазақтарды жойғысы келді? 07:44 - «Гималайда ыстан бір түнде 30 адам көз жұмды» 08:19 - «Малға қой сойып, етін жегіздік» 09:06 - «Ыстан жазылу үшін жас баланың несебін ішу керек болды» 11:22 - «Ұлы өз шешесін дәретке бала сияқты тосып отырды» 11:33 - Гималай асқанда неше қазақ қырылды? 12:17 - Бала Абдуррахман Оспан батырды соңғы рет қай жағдайда көрді? 14:14 - Оспан батыр атылды ма әлде дарға асылды ма? 14:21 - Көш туралы көп кітап жарық көрді, ал ақсақалдың кітабын не ерекшелейді? 19:46 - Жастайынан жетім қалып, жеті жастан намазға жығылған ақсақал 21:36 - Ақсақал кітабын неге 83 жасқа дейін жазбай жүрді? 22:22 - «1970-жылдары Түркиядағы қазақтар қатты байыды» 25:15 - «Ұйғыр өлсе, қойнынан нан шығады» 25:55 - Ақсақал пернетақтада жазуды 83 жаста үйренді. Қаншалықты қиын болды? 27:13 - Қытайлардың мұсылмандарға қысы м көрсетуі бұрыннан келе жатыр ма? 27:27 - В Казахстан прилетела стая черных лебедей. Есть ли у Татишева "план Б?" 29:30 - Көштегі қазақтар картасыз, компассыз жолды қалай тапты? 32:21 - Ақсақал жер-су атауларын қалай есінде ұстады? 30:08 - Сможем ли сейчас выйти из Евразийского экономического союза? 33:47 - Ақсақал болған көш Түркияға жеткен алғашқы көш болды ма? 35:18 - Неге қазақтар АҚШ-ты емес, Түркияны таңдады? 37:02 - Қазақтар неге Пәкістанда қалмады? 37:29 - «Пәкістанда балық, жылан жауады екен». 38:30 - Қазақтардың Түркияда орнығуы жеңіл болды ма? 39:28 - «Қазақтар саудамен айналысып, байып кетті» 40:21 - Ақсақал не үшін Германия барды? 41:14 - Абдуррахман ақсақал жарына қалай қосылды? 42:30 - Жеті ата мәселесін сақтау қаншалықты оңай болды? 43:54 - Түркия қазақтарының түріктену процесі қалай жүрді? 45:50 - Ақсақал КСРО-дағы қазақтармен байланысты қалай ұстады? 46:40 - «Кеңес қазақтары бізден қашатын» 46:58 - «1981 жылы Алматыға бірінші рет келдім». Не үшін? 47:43 - «Қазақстаннан шетелге алты домбыра алып кеткем» 50:05 - Қазақ құрылтайлары қалай құрылды? 51:41 - Абдуррахман ақсақал Мұстафа Шоқайдың басын қалай тапты? 59:10 - Шетелдегі қазақтар ұйымының бүгінгі жұмысы қандай? 01:01:45 - Ақсақал атажұрттан Еуропаға келген қазақтарды қалай қарсы алды? 01:04:00 - Абдуррахман ата Қазақстан тәуелсіздігін алғанды алғаш естігенде қандай сезімде болды? 01:04:21 - «Шетелде жүрсек те, Желтоқсан болғанда орыс елшісіне бардық» 01:06:40 - Қазақтың қай тұсы ұнайды, ал қайсысы ұнамайды? 01:11:39 - Ақсақалдың қорытынды сөзі 01:12:38 - Кітап кәсіпкер Бауыржан Оспановтың демеушілігімен жарық көрді 01:14:20 - Абдуррахман атаның көрермендерге берген батасы
@mehmetcagatay9088
@mehmetcagatay9088 11 ай бұрын
Где можно найти эту книгу?
@user-wh4op3wc1c
@user-wh4op3wc1c Жыл бұрын
Ыс деп түтінді айтып отыр ма
@user-os6eq2pu5z
@user-os6eq2pu5z Жыл бұрын
Ыстығы көтерілгенді айтып отырған сияқты
@user-ye4qe3mt9l
@user-ye4qe3mt9l Жыл бұрын
Абдрахман аға қазақ тілін шетте жүрсе де ұмытпай еркін сөйлеп отыр ал шала қазақ ыс деген сөзді түсінбей отыр, ыс деп мұржады от тиген ыдыста жабысқан қара күйен айтады.
«АЙЛАКЕР ДИКТАТОРЛАР» кітабының тұсаукесері
1:29:39
Бақытжан Бұқарбай Weekly
Рет қаралды 331
NO NO NO YES! (40 MLN SUBSCRIBERS CHALLENGE!) #shorts
00:27
PANDA BOI
Рет қаралды 115 МЛН
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 4 СЕРИЯ
24:05
Inter Production
Рет қаралды 615 М.
ОБРАЩЕНИЕ СЕРГЕЯ ГУРИЕВА К КАЗАХСКИМ ЧИТАТЕЛЯМ
14:54
Бақытжан Бұқарбай Weekly
Рет қаралды 25 М.
«МАРҒҰЛАН. БИЗНЕС ПЕН ӨМІР ТУРАЛЫ» кітабының тұсаукесері
23:57
09 мамыр 2024 жыл - 09:00 І жаңалықтар топтамасы
13:47
Телеканал 24kz
Рет қаралды 1,9 М.
Жұмабек Жанықұлов: Барлығымыз өліп қалмауымыз керек | BAS QOSU
1:12:01
Оразақ Смағұлов: Кенесарының басын зерттеуге дайынмын | BAS QOSU
57:20
Назгүл Қожабек: Редактор айына миллион табады | BAS QOSU
43:08
Бақытжан Бұқарбай Weekly
Рет қаралды 2 М.