Рет қаралды 981
Адай күйінің шығу тарихы
Қызан ауылының ақсақалы руы Жары Құрым Мұрат (Кешше) Шамыран ақсақалдың айтуы бойынша, ол кісі 1914 жылы Бозашы түбегінің Жиделі жерінде дүниеге келіп, әкесі Исатай бай кісі болғандықтан (Исатайдың атында Жиделі жерінде атақты суы сарқылмайтын құдық бар және Исатай деген жер бар)Совет үкіметінің қуғынына ұшырап, Түрікменстан жеріне кетіп, артынан 1965 жылы Бозашы түбегіндегі Қызан ауылына көшіп келеді. Сол Шамыран ақсақалдың айтуы бойынша :
Құрманғазы бірде келе жатып, 300 адайдың жауынгерлеріне кездеседі. Сол жерде ол адайлардың алда тұрған 2 мыңдай түрікменнің жауынгерлерімен соғысайын деп тұрғанын естіп, бұлар өздерінен бірнеше есе көп жауға қалай шабайын деп тұр? Қалай болар екен деп биікке, тауға шығып ұрыстың бағытын қарап тұрған. Бұл кезде 300 Адай бір қатарға бәрі қатар тұрып, сосын аттарының құйрығына қойдың терісін (тулақ) байлап, қатар тұрған күйінде қаптап тұрған түрікмендерге қарсы шапқан. Түрікмендерге қатар шауып келе жатқан 300 адай, және аттардың сүйреген тулағынан үлкен шаң көтеріліп, оларға өте көп болып көрінген. Түрікмендер сасып, қорқып адайлар жақындағанда кейін қарай бытырай қашқан. Адайлар артынан қуып, жеткендерін құлатып, қырған. Бұны көріп тұрған Құрманғазы адайлардың тапқырлығына, батырлығына таң қалып, қошы келіп сол жерде Адай күйін шығарған екен. Адай күйін тыңдасаң жауға шапқан ержүрек адайлардың айқайы мен аттардың шапқан дүбірі естіледі - дейтін.!
Тамаша естелік.