Адамға түкірме

  Рет қаралды 3,992

Otbasy Hrestomatiasy

Otbasy Hrestomatiasy

Күн бұрын

Аңыз-қиссаларда Ібілістің жаман әдеттерінің бірі түкіру деп айтылады. Әлімсақта аспанға түкіремін деп Тәңірді ренжітеді. Онан кейін, Ұлық Алла Адамды жаратқан кезде, Ібіліс періштелерді ертіп, Адамды тамашалауға келеді. Ібіліс Адамның қарнын ұрады. Сол кезде даңғыр ете қалған дыбыс шығады. Ібіліс:
- Ішің даңғырлақ екен. Сірә, мақтаншақ боларсың. Бүкіл өмірің осы қарныңды тойдырумен өтер, - деп қарынға түкіріп жібереді. Ібілістің түкірігі Адамның кіндік тұсына түскен екен. Ұлық Алла Жебірейілге: «Ібілістің түкірігін алып таста», - деп бұйырады. Жебірейіл түкірік түскен жерді ойып алып тастайды. Ойылған жерден Адамның кіндігі пайда болыпты.
Ұлық Алла кіндіктен ойылып алынған бір шөкім балшықтан итті жаратады. Ит осылайша әлімсақтан адамның серігіне айналады. Ит Адамның кіндік балшығынан жаралған соң, терісі түксіз, жалаңаш болыпты.
Ібілістің бойында қызғаныш оянып, адамға кектенеді. Адамға тиісейін десе, Ұлық Алладан қорқады. Бір күні Адамға қарап тұрып:
- Алла сені несіне жаратқан?! Түрің құрысын! - деп, бетіне түкіріп жібереді. Сол сәтте ит Адамды қорғап, Ібіліске тап береді. Ібіліс итке ашуланып, қаһарын төгеді. Ібілістің қаһарынан ит тоңып өледі.
Алла тағала иттің ерлігіне риза болып, оны қайта тірілтіп, денесін жүні қалың терімен қаптайды. Адамның шаңырағынан мекен береді. Ал Ібіліс адам бетіне түкіргендіктен, адам әр түрлі кеселге шалдығатын болыпты. Әлімсақтан бастап «адамның бетіне түкіруге болмайды» деген ырым қалады.

Пікірлер: 19
@ЖулдызайБакрамова
@ЖулдызайБакрамова 3 жыл бұрын
Түкірудің қиссасын түсіндіргеніңіз үшін Рақмет
@zugu8130
@zugu8130 2 жыл бұрын
Керемет 👍
@mereketore4105
@mereketore4105 3 жыл бұрын
👍🏻 осы адамзат жаратылу туралы қиссаларды тыңдай бергім келеді. Рухқа да азық керек екенін түсіндім: бұл əділдікпен шындыққа негізделген ғажайып оқиғалар.
@user-tn3xq3ff7n
@user-tn3xq3ff7n 3 жыл бұрын
Аллам сізге жар болсын
@Zhansaya_amanbekkyzy
@Zhansaya_amanbekkyzy 3 жыл бұрын
👍👍👍
@AlmazNAN
@AlmazNAN 3 жыл бұрын
Еңбектеріңіз жемісті болсын, Видеоларыңыздың монтажы да, өңделуі де, заман талабына сай көркейе берсін
@tarih.1269
@tarih.1269 3 жыл бұрын
Керемет
@ГульмираСағатбекова
@ГульмираСағатбекова 3 жыл бұрын
Керемет 👍👍🌹🌹
@nargizatattibay
@nargizatattibay 3 жыл бұрын
Мың жасаңыз 😍😍😍
@БекзалМитенов-ч1ъ
@БекзалМитенов-ч1ъ 3 жыл бұрын
4-інші
@aldkz5366
@aldkz5366 3 жыл бұрын
2
@ajiadji4088
@ajiadji4088 3 жыл бұрын
Мен 1ші
@kanagatzhubaev4258
@kanagatzhubaev4258 3 жыл бұрын
Айтып жатқанын шын әңгіме ме әлде ойдан шығарылған әңгіме ме соны айтшы
@БекзалМитенов-ч1ъ
@БекзалМитенов-ч1ъ 3 жыл бұрын
Сену сенбеу өз еркіңізде
@Alatau-08
@Alatau-08 3 жыл бұрын
Ассалямуалейкум Санжархан аға. Сізді қазағым деп жақсы көрем, сыйлаймын. Зікіршімін деп айтқан болатынсыз бір сұхбатыңызда. Ол зікіршілер негізі естен адасқан қуғынбайлау болып келеді ғой. Ал сіз ондай емессіз, яғни олар сияқты қуғынбай емессіз. Білімді, ізденіс үстінде жүресіз, мінез құлқыңыз адамға жағымды, ұлтқа ұрпаққа пайдамды тигізсем деп тұрасыз. Бірақ бір бірақ бар... шынайы сүннеттегі мұсылман сияқты болсаңыз сіз үшін қатты қуанар едім ағасы?! Бір жауабыңызды берсеңіз. Сіздің барлық жақсы қасиеттеріңізге ризамын, бірақ ұстанымыңыз бен сеніміңізге қарап уайымдаймын
@СанжарКерімбай
@СанжарКерімбай 3 жыл бұрын
Еш алаң болма, бауырым! Әбу Ханифа мазхабы, Матруди сенімі, Яссауи силсаласы, Ыбырайым қауымы. Обшым бәрі норма!
@Alatau-08
@Alatau-08 3 жыл бұрын
@@СанжарКерімбай 😊 просто жеке пікірім былай еді да : 1) тақуа болып,білімді болып біреуге, көпшілікке пайда тигізу, 2)білімді болу, ел жұртқа пайда тигізу, жақсылық жасау, бірақ сенімі қисық, 3)тақуа да емес, сенімі түзу, бірақ ешкімге пайдасын тигізе алмаса да, қарапайым мұсылман. Соның ішінде бірінші немесе үшіншісі болсаңыз абзалырақ еді дегенім ғой, ағатай. Мейлі, түсіндім сізді. Түзу жолдан тайып кетпесеңіз болды
@user-jy5ri7sv8h
@user-jy5ri7sv8h 3 жыл бұрын
Керемет 👍👍👍👍
Дежавюдің қиссасы
3:56
Otbasy Hrestomatiasy
Рет қаралды 9 М.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
9:12
Otbasy Hrestomatiasy
Рет қаралды 17 М.
Секрет фокусника! #shorts
00:15
Роман Magic
Рет қаралды 116 МЛН
POV: Your kids ask to play the claw machine
00:20
Hungry FAM
Рет қаралды 17 МЛН
Миғражнама
1:49:06
Otbasy Hrestomatiasy
Рет қаралды 4,1 М.
Баба Түкті Шашты Әзіз
4:53
Дамира
Рет қаралды 26 М.
La ilaha illallah 1000 times - No one is God Except Allâh Tahlil
50:39
Nashid Records
Рет қаралды 3,8 МЛН
Ғалымдарды құтқару
9:09
Otbasy Hrestomatiasy
Рет қаралды 1,6 М.
Секрет фокусника! #shorts
00:15
Роман Magic
Рет қаралды 116 МЛН