Рет қаралды 968,756
#Мыңбіртүн#Айтылмағанәңгімелер#Шахерезада#Өмірағашы
Бөлім 26 - Өмір ағашы
Кәрім мен Шахризада ғибадатхананың астындағы үңгірден Өмір ағашын табады. Кәрім қарғысты кетіру үшін жемісті қолданайын деп жатқанда, Дуньязада келіп қалады. Ол ағаштың қураған тамырларының астынан жын-перілерді шығарып, ағаштың күл-талқанын шығарып, өзі алып күшке ие болады. Шайқаста Шахризада ауыр жарақат алып, өлейін деп жатады, сол кезде Кәрім ағаштан қалған соңғы жемісті оны құтқару үшін қолданады, осылайша өзі мәңгілік құбыжық кейпінде қалады. Бұл әрекетін көрген Шахризада көзіне жас алады. Көз жасы ағаштың түбіне тамғанда ағаш тіріледі. Оған шынайы махаббаттың сиқыры күш берді. Өмір ағашының жаңа күші жындарды да, Дуньязаданы да жұтып қояды. Кәрімге өз келбеті қайта оралып, сұлтан болады. Алтын қала жаңа дәуірдің басталуын атап өтеді.
Шахризада есімді ержүрек бикештің мақсаты - досы Кәрімге өзіне тиесілі тақты қайтарып алуға көмектесу.
Кәрімді тақтан туған ағасы түсіріп, зұлым сиқыр күшімен көк құбыжыққа айналдырып тастаған екен. Шахризада мен оның досы енді Алтын қаладан кетіп, шахзадаға адам кейпін қайтарып бере алатын сиқырлы Тіршілік ағашын іздеп табуға мәжбүр. Екі достың жолдары сұлтандар, жындар және басқа да мифтік тіршілік иелері мекендейтін ғажайып елдер мен тылсым аралдардан өтеді. Жолай Шахризада мен Кәрім араб ертегілерінің кейіпкерлері Аладдинді, Синдбад пен Али-бабаны кездестіреді.
Осы қиын саяхатта Халіл есімді жынмен танысып, достасады. Ол балаларға сенімді серік болып, кейде ақыл да айтып тұрады.
Сілтеме арқылы көре аласыздар: • Шахерезада. Мың бір тү...
Біздің арнаға жазылыңыздар: / @multplanetakz2604