Әбіштей асыл ағаларымыздың еңбектері уақыт өткен сайын ірілене, тұлғасы көк тіреген заңғарлардай асқақтай бермек. Өте керемет бейнеролик. Бір әттеген-ай дегізіп тұрғаны, құдық басындағы сюжетте жүргізушіміздің басына бір жапырақ орамал тартқаны дұрыс еді ғой,- деген ой көңіл түпкірінен жылт етеді екен
@lika3857 Жыл бұрын
❤
@М-Р..93 Жыл бұрын
Жазушының тiлiнде де, дiлiнде де мiн жоқ. Қашанда сергек, қашанда сезiмтал, бәйгенiң алдынан ғана келетiн тұлпарларға ұқсатам мен Әбiштi. Ал, аспанға қарасам оның жұлдызын оңай танимын. Оның жұлдызы сол Әуезов, сол Шолохов, сол Айтматов, сол Нұрпейiсов жұлдыздарымен қатар тұр. Ол да жарық жұлдыз, мәңгi жанатын жұлдыз. Тұманбай Молдағалиев P.S Толқынның хабарлары адамға жан бітіреді. Рахмет сізге. Әр хабарыңызды асыға күтіп жүреміз. ❤
@tolkynkabylsha Жыл бұрын
Рахмет бағалауыңызға! Ұлтқа қызмет етіп өткен қаламгердің ғұмырының бір үзігін, бір туындысы арқылы жеткізе алсақ, біздің бақыт!