АЙШОЛПАН БАЙТҮГЕЛ | Қарыздар мен несиелер,Танымалдылық пен тәуелділік,Махаббаты туралы

  Рет қаралды 294,007

Асхат Садырбай Media

Асхат Садырбай Media

Күн бұрын

Тиктокта 3 минутта макияж жасап отырып әңгіме айтатын және миллиондаған оқырманды қарапайым әрі шынайы әңгімесімен күлдіретін Айшолпан Байтүгелді білесіз бе?
Мамандығы мұғалім, кәсібі блогерлік болса да бүгінде ол бірнеше актерлерді басып озып түрлі фильмдерге және “Келінжан” сериалына түсіп үлгерді.
Қызылордадан шыққан томпақ қыздың танымалдылық пен табысқа жету жолы, блогер болғанға дейінгі жұмысы, несиелер мен қарыздар, күйзеліс, жігіттер мен туыстардан салмағына келе беретін сын, өзін іздеуі және алдағы жоспарлары жайлы эксклюзивті сұхбатта!
Редакторлар:
➤ Жанна Үмбетова: jannakonrat...
➤ Динара Дәуен: dinara_dauy...
Продюсер:
➤ Асхат Садырбай: / askhatsadyrbay
Тайм код:
00:00 Интро/Анонс
00:57 -“Гемморойдың мазін сатпаймын!” Айшолпан неге HAPPINESS?
02:36 -“Блогер болам деп ойлаған жоқпын”
03:38 - 3 минуттық макияж неден басталды?
04:31 -“В-ға тілім келмейді”. Мамандығы, дипломы
05:22 -“Психологияны оқи салуым керек еді”. Оқу, жұмыс.
07:30 -Сатушы, торговый представитель болып істедім
07:58 -Не үшін ақшадан қиналдың?
09:33 -Оны әке-шешем де білмейді…
10:00 -Стрим арқылы ақша тауып, қарыздан құтылам деп ойладым…Депрессия туралы
11:03 -Өзімді сындыру өте қиын болды
12:36 -Алғашқы 10 мың подписчик қалай келді? Қалай танымал болды?
13:00 -Айнұр Тұрсынбаева, Құралай ханым, Гүлнұр Мамасарипованың көзіне түстім
14:54 -Киноға түскің келе ме деген ұсыныс келді
15:15 -18,500 теңге
15:53 -“Келінжан” сериалына өткен сәт
16:52 -Айшолпанның интернет жұлдызы атанғанын ата-анасы қалай қабылдады?
18:36 -Бір рет кекіріп қойдым. Алғашқы стримдегі қызықтар.
19:57 -Табысы туралы. Келінжаннан қанша тг. тапты?
21:15 -Қайырымдылық. Садақа. Дүниетанымы.
22:01 -Несиелерін жапты ма?
22:25 -Кинодағы алғашқы басты рөл. Қиындықтар
24:50 -Гонорары, түскен фильмдері
25:28 -Кинодағы образдары, стереотип
26:50 -Толықтығымнан махабатта да жолым болмады. Комплексі…
28:33 -Өмір сүргім келмейтін…
33:04 -Жігіттермен кездесуден кейін мені блоктап тастайтын
34:46 -Үйде кім толық?
35:30 -Тұрмысқа шыққым келмейді…Жауапсыз махаббат…
37:18 -Әпкем де тұрмысқа шықпады…Қыздарға артылған жүк
40:24 -Үйді ойлап тұрам…Алматыға біржола көшуі.
40:55 -Алғаш рет шетелге саяхат
41:40 -Киноға тағы түсе ме?
42:33 -Кәсіпке бет бұрамын!
43:05-Айшолпанның феномені. Ерекшелігі неде?
46:41 -Кекілін не үшін қырқты?
48:33 -Мен журналистерді жақсы көрмеймін. Неге сұхбат бергісі келмейді?
50:05 -Оқырмандар алдындағы жауапкершілік, аудиторияны ұстап отыру
51:48 -Стример емеспін! Неге стримге шықпайды?
53:55 -Айшолпан толық емес!
54:31 -Блогерлердің қателігі
57:12 -Айшолпанның өмірін не өзгертті?
#асхатсадырбай #айшолпан #айшолпанбайтүгел #Paradox

Пікірлер: 1 300
@user-xd6vo5jf1k
@user-xd6vo5jf1k 24 күн бұрын
Қазақстанның мен деген жігітіне тиеді 😊АЙШОЛПАН бақытты бол
@user-wb6rb3sk3b
@user-wb6rb3sk3b 24 күн бұрын
Тәп тәтті қыз ғой, аузын ашса жүрегі көрінеді❤ Айшолпан Қазақтың мен деген баласына тұрмысқа шығып ең бақытты әйел болады ❤❤❤
@saulemurat6854
@saulemurat6854 21 күн бұрын
Қамшының сабындай-ақ қайран өмір, Мінезінің міні жоқ майда қоңыр. Қарапайым , мықты қыз Айшолпанжан, Бір жымиса кетеді жайнап өмір ❤
@ardaktoktasynova1889
@ardaktoktasynova1889 17 күн бұрын
Вай вай керемет
@zhansayaserikbay6388
@zhansayaserikbay6388 16 күн бұрын
-
@ulzhanmukhtarkyzy
@ulzhanmukhtarkyzy 23 күн бұрын
*Асхат мырзаның бірінші рет подкастын қарап отырмын.Жақсы сұрақтар қойып,жауабын жақсы тыңдайды екен.Айшолпан өте сүйкімді ,ақкөңіл қыз.Басқа үлкен жобаларда көреміз деген ойдамын*
@user-ot1xn2tw1w
@user-ot1xn2tw1w 20 күн бұрын
Дариға Бадықоваға ұқсайды ма
@user-ot1xn2tw1w
@user-ot1xn2tw1w 20 күн бұрын
Аздап
@user-ot1xn2tw1w
@user-ot1xn2tw1w 20 күн бұрын
Сүйкімді даусы жағымды
@user-hw2vr4dl4j
@user-hw2vr4dl4j 24 күн бұрын
Айшолпан ойын анық жеткізеді және білімді екені көрініп тұр. Алға
@user-oq4qk2tu4h
@user-oq4qk2tu4h 24 күн бұрын
Осы сөзге келісем
@user-kd2lw2pq7r
@user-kd2lw2pq7r 24 күн бұрын
Асхат күшті бөлмей күшті мүмкіндік береді екен, күшті подкаст болды, Асхат молодец басқалар сияқты сөзді бөлмей адамға кайф отырып айтуға мүмкіндік береді
@user-ti7lz9pm4g
@user-ti7lz9pm4g 24 күн бұрын
Асхат Садырбай бурыннан бар
@user-fz7pn8ds2i
@user-fz7pn8ds2i 23 күн бұрын
Подкаст емес интервью, Ия айтары бар адамды тоқтатпаған дұрыс
@nurgulissatay9276
@nurgulissatay9276 23 күн бұрын
Ерке Есмаханнын 1ши куйеуигой Асхат деген
@zhibek.adaeva0108
@zhibek.adaeva0108 23 күн бұрын
@@nurgulissatay9276оны мына жерде айтудың қажеті жоқ бүкіл Қазақстан біледі. Оданда Асхатты білімді, сауатты журналист екенін айтсаңызшы!
@user-yh5ql5jl8x
@user-yh5ql5jl8x 22 күн бұрын
Еркенин куйеуи ма
@AG-pc2tm
@AG-pc2tm 18 күн бұрын
Айшолпан, пишет вам девушка из Атырау. Мне уже 42, вешу и весила всю жизнь не больше 47кг. Сиз толыктыгым мешать етеди,махаббатта жолым болмады дегесин жазып отырмын. Всю жизнь была худышкой и никогда не везло с мужчинами. Сейчас никого нет,хотявроде девушка я симпатичная. Бакытты болыныз! Сиз томпак тартымды кызсыз. Счастье не в кг ,поверьте мне. Не родись красивой,а родись счастливой деп айтып еди орыстар сол дурыс екен!
@user-jj5sb8eb1k
@user-jj5sb8eb1k 2 күн бұрын
Ия өте дұрыс айттыңыз не родись красивой а родись счастливой деп. Сізге сізді бақытты ететін ер азамат жолығуына шын жүрегіммен тілектеспін! 🙏🙏😘😘
@user-en1yf1uw6d
@user-en1yf1uw6d 20 күн бұрын
Ағалы қарындастың арасындағы әдемі әңгімені көріп тұрмын, осындай керемет сұқбат көп болсын! Айшолпан жолың ашық болсын🤲🏻🧿
@user-js1vi4lq3z
@user-js1vi4lq3z 9 күн бұрын
😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊йй😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊😊0😊00йй😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢
@user-sy8to7dr8b
@user-sy8to7dr8b 24 күн бұрын
Прям Аллахтың құдіретін көріп отырмын. Біз асыққанмен Алла асықпайды Ол Әл Уахаб сый беруші ❤
@user-cw7wm7oi5q
@user-cw7wm7oi5q 24 күн бұрын
Мына қыз ұнады маған.Айтқан әнгімесі барлығы чётка,по факту. Ойына жеткізуі мықты екен. Мен камера көрсем миым отключка болып қалады,айтар ойымның барлығын ұмытып
@user-ov5tc3ku4l
@user-ov5tc3ku4l 24 күн бұрын
Иә, молодец
@aigulakhmetova4851
@aigulakhmetova4851 22 күн бұрын
Сұхбаттың жақсы шығуы, ең алдымен, журналистке байланысты. Асхат мырза Айшолпанның өз ойын дұрыс жеткізе алуына толықтай мүмкіндік берді. "Мен кіммін?" (Айшолпан кім?) деген сұраққа толық жауап алғандай болдым. Мен бұл қыздың осындай деңгейде сұхбат бергеніне таң қалдым. Кейбір танымал әншілер мен блогерлерге қарағанда керемет сұқбат берді. Өз мақсаты, өмірге деген көзқарасы, дін, ақша, үлкендерге, ата-ана, бауырға деген құрметі, жігіттерге қатысты айтқандары, адам қиналған сәтте тығырықтан шығу жолдары, бала туу, мамандық, ҰБТ қатысты айтқан ойлары ұнады. Ең алдымен, көрерменге мен не беріп жатырмын, ол қалай беріліп жатыр дегенін де бағаладым. Айшолпанның мектепте жақсы оқығаны көрініп тұр. Бүгінгі жетістігі таза адал еңбегіңнің арқасы деп ойлаймын. Қазіргі таңда халық жасандылықтан шаршаған. Айшолпанның шынайы, мейрімді, тәрбиелі отбасынан екені көрініп тұр. 29 жастағы қызға ұқсамайды, 23-24 жаста ма деп жүргенмін. Бағы ашылсын. Осы ашық- жарқын мінезі мен шынайылығын бағалай алатын ер азамат жолықсын. Асхат мырзаға алғысымыз шексіз. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз. Керемет сұхбат болды❤❤❤.
@kalkazhumagul1656
@kalkazhumagul1656 4 күн бұрын
Өте пайдалы сұхбат. Жастар көбірек тыңдаса. Кредит деген бәлеге көздерін ашпай жатып кіріп жүрген. Рахмет. Шынайы қыз екен.
@user-yj9mz3yz1o
@user-yj9mz3yz1o 24 күн бұрын
Керемет! Журналисттің ең біліктілігі алдында откан конақтың сөзін бөлмей соңына дейін тыңдау😊
@user-fr6mb4mv6k
@user-fr6mb4mv6k 21 күн бұрын
Ияяяя
@kuttykyz_98
@kuttykyz_98 24 күн бұрын
Керемет сұхбат болды, жылап та алдым арасынан кей жерлерде өзімді көрдім. Толықтық, өз өзін жақсы көрмеу, ұялу, туған туыстың сөзі и мектепте ең үздік боп оқу бітірген соң дым істеми қалу бәрі болды менде.Ақымақтығым қиындықтан құтылам деп ерте тұрмыс құрып кеттім толық танып үлгермеген жігітке... Ене мен келін арасындағы келіспеушілік, күйеуден таяқ жеу бәрі болды. Тұңғыш қызым инвалид болды өмірден одан сайын түңілдім, қараңғы қапасқа кіріп кеткендей болдым. Жиын той былай тұрсын далаға шығудан қатты қорықтым елдің сөзінен өзің қабақтай балам инвалид мені бәрі таптап өтіп кететін сияқтанды, сыртқа шықсам ешкім маған сөйлемесе екен, ешкім балаңа не болған деген сұрақ қоймаса екен дейтін едім... Аллаға мың шүкір қазір екі баланың анасымын, қатарынан қалдырмай шамам келгенше асырап бағып жатырмын. Керемет асып тасқан бай емеспін, байдың қызы да емеспін. Өз үйім болмаса да шүкір түнейтін жерім бар далада қалған жоқпын, ішер асым, киер киімім бар Ең бастысы өмірімнің мәні балапандарым жанымда ❤ Ел не десе де өз еркі ауыз олардыкы, Өмір менікі! Алла айтады:«Менен қол жайып сұраған пенденің алақанын бос қайтаруға ұяламын» деген екен. Шын ниетпен тілесең қабыл болмайтын дұға жоқ.
@Username27445
@Username27445 23 күн бұрын
Ел не демейді, қажымаңыз, сізге Құдай қуат берсін! Балапандарыңыз аман болсын, жолыңыз жарқын болсын🌹
@aigerimtauken9758
@aigerimtauken9758 23 күн бұрын
Бəрі жақсы болады. Тек соған сену керек. Балапаныңыз құлан таза айығып кетсін.
@kuttykyz_98
@kuttykyz_98 23 күн бұрын
@@aigerimtauken9758 үлкен рақмет ❤
@kuttykyz_98
@kuttykyz_98 23 күн бұрын
@@Username27445 әумин 🤲айтқаныңыз келсін, рақмет ❤
@dinaraumiralieva8994
@dinaraumiralieva8994 21 күн бұрын
Алла сізге жар болсын!Мойымаңыз!Әлі ақ балапандарыңыз көтереді!Тек алға жүріңіз!!!
@user-yd8qr1ye7r
@user-yd8qr1ye7r 22 күн бұрын
Сұхбатты көріп отырып түсінгенім, балаға ата-ананың қолдауы керек екен. Анасына мың алғыс ешкімді тыңдамай, таныстардың сөзін елемей қызын қолдағанына рахмет. 😍❤🎉
@Cocosbeauty
@Cocosbeauty 23 күн бұрын
Мен көрген подкасттардың ішіндегі құлағыма майдай жаққаны осы болды. Асхат Садырбай тындай біледі екен. Сөзін бөлмей, нақты сұрақтар қойып отырды. Айшолпан, ең жақсыға лайықсың. Тамаша жансын❤
@user-kf2qs8lb8z
@user-kf2qs8lb8z 24 күн бұрын
😍Айшолпанды осындай акылды деп ойламаппын👏👏👏 блогер болып журип котерилип кетти рахат шгар деп журсем🥲 жаным-ау, дуга етип, садака жасап барынша тырыскан екен-ау🙏🙏🙏молодец💕
@Tolkynai73
@Tolkynai73 24 күн бұрын
Ауызын ашса,көмейі көрінеді, солай айтама. Умничка, тап татты,акылды ,тап таза журегі бар қыз
@normalnormal2182
@normalnormal2182 23 күн бұрын
Ауызын ашса жүрегі😅
@user-mr7nw1ue7r
@user-mr7nw1ue7r 24 күн бұрын
Асхат Садырбайды бұрын ұнатпайтынмын, осы сұқбаттан кейін қатты сыйлаймын, керемет сұқбпт болды. Айшолпан керемет қыз! Өмірің жарқын болсын! Асхат мырза еөп өзгергенсіз дақсы жағына, сұқбат өте қаттф ұнады
@user-sb2gn5jo8x
@user-sb2gn5jo8x 23 күн бұрын
Қиналсаң да ешқашан берілмеген нағыз ару қызсың, Айшолпан. Сенен үйрентін нәрсе көп. Енді Алла саған бақытты ететін адамыңды жолықтырсын. Сондай ашық, қарапайым, кез келген адамның жүрегінен орын алатын қызсың! Бағың жансын! 😘😘😘
@bahalek04
@bahalek04 24 күн бұрын
Айшолпаан жаным бақытты бол. Осындай қызды тәрбиелеген ата анасына рахмет. Осы қаоапайымдылығыңнан тайма. Тек жарқырап биіктен көрін. Асхат аға сізге рахмет жақсы аша алдыңыз кейіпкеріңізді❤❤❤
@Aigerimerbolatqyzy
@Aigerimerbolatqyzy 24 күн бұрын
Айшолпан қандай білімді қыз екені шынайы кейіпі осы сұхбатта ашылды.
@user-gg2yw5oc9j
@user-gg2yw5oc9j 22 күн бұрын
Осындай әдемі интервьюды бірінші рет көруім. На одном дыхании. Айшолпан,керемет!!!
@user-yd8gr5cc7w
@user-yd8gr5cc7w 23 күн бұрын
Тегін сабақ өтті. Түсін ген адамға🎉🎉🎉🎉
@ardaktoktasynova1889
@ardaktoktasynova1889 17 күн бұрын
Ия. Шынымен
@Zhalaiyr_
@Zhalaiyr_ 24 күн бұрын
Айшолпан, өте шынайысың, сондықтан бәрімізге ұнайсың! Рахмет саған! Қазіргі заманда көп адамға осы қасиет жетіспейді. Томпақтар жасай берсін! Біз біргеміз😅 Өзіңе жарасып тұр томпақтығың!
@Qwertyuioooooooo
@Qwertyuioooooooo 24 күн бұрын
Жасым 24те әлі өмірден өз орнымды таппай жүрмін. Не жұмыс, не жеке өмірімде дұрыс емес. Не істеп жүргенімді де білмей жүрмін, Айшолпанның сұқбатын көріп дұға етіп, және әрекет етсем бір мәнісі болар деп ойлап қоямын
@AkbotaNaregeyeva
@AkbotaNaregeyeva 24 күн бұрын
Тұрмысқа шығуға кеңес бермим😂ол жақтада проблема жетеді қыз кезім жақсы екенғой дейсіз😂Оданда жұмыс жасап жағдай жасау керек үлгересіз шығып
@user-te2hw7xk9k
@user-te2hw7xk9k 24 күн бұрын
😊
@user-im6ky6sd7o
@user-im6ky6sd7o 24 күн бұрын
Өзіңді жақсы көр, өзіңді дамыт, жақсы көретін ісіңмен айналыс
@user-ys7fr8lr5o
@user-ys7fr8lr5o 24 күн бұрын
Журегің калаған жумс жаса❤мыкты бол
@user-yb1rg6ky7b
@user-yb1rg6ky7b 24 күн бұрын
40қа кеп бізде жүрміз нестеп жғргенімізді білмей туғанымыз төрт бала шүкір деп алдап қоямыз. Так что қам жеме. Ниетің түзу болсын. 24 ке кеп ойланғаныңның өзі де жетістік.
@ainurarustanbaeva656
@ainurarustanbaeva656 21 күн бұрын
Жас болса да сондай қарапайым,білімді,ақкөңіл,жасандылық жоқ,қалай бар болса солай өзін көрсететін нағыз танымал қыз.Өзім қалдырмай көрем желіде осы қызды.Қарапайымды,шынайылығымен баурап алады адамды❤😊🎉🎉
@dinaraumiralieva8994
@dinaraumiralieva8994 21 күн бұрын
Ерекшелігі:ашықтық,шынайылық,жүрек тазалығы,қиындықпен өз бетінше күресе алуы.Жарайсың,Айшолпан!Осындай шынайылығың мен қарапайымдылығыңды,ақылдылығыңды жоғалтпа!
@user-sn6vt7mk2y
@user-sn6vt7mk2y 24 күн бұрын
Көңіл күйім болмай, жылап алып едің таңертең. Осы сұхбатты көріп, біраз нәрсені түсіндім. Айшолпан, сәттілік серігің болсын.🩷🫶🏻
@kupzhasar1919
@kupzhasar1919 23 күн бұрын
Асхат ағаның қонақты аша алатыны мен толық тыңдайтыны керемет👍🏻 нағыз маман🎉
@Toqymashy_Farida
@Toqymashy_Farida 22 күн бұрын
Асқат ең мәдениеті жоғары журналист ! Айшолпан ең қарапайым , ақылды қыз ! Сіздерге сәттілік !
@user-ml6ls5vg1e
@user-ml6ls5vg1e 15 күн бұрын
Мен Айшолпанның фанатымын😍 өзім Таңшолпанмен жастымын, өмірдегі ситуациялары кейбіреуі тіпті дәлме дәл келетіні күлкім келеді, менде қазақ тілі әдебиетін таңдап филолог боламын деп биология таңдап мед универге түсем деп биотехнологияға түсіп, дипломымды мамама апарып бергем, өз мамандығыммен жұмыс жасап көрмеппін, тағысын тағы осындай ұқсастық бар екен) өте қарапайым, көңілді, комплексін жеңе білді, молодец, Айшолпан үшін өте қуаныштымын❤
@user-sq4kp1yu3k
@user-sq4kp1yu3k 12 күн бұрын
*Айшолпан
@ozodayusupbayeva7153
@ozodayusupbayeva7153 12 күн бұрын
😊
@dinarautemisova7202
@dinarautemisova7202 24 күн бұрын
Ішімдегі жараларды тырнап жіберген сұхбат болды, өз жолымды көрдім, соңы осындай жақсылықпен аяқталса екен…
@user-wo8xn2gk7f
@user-wo8xn2gk7f 24 күн бұрын
Жаным Айшолпан жолың ашық болсын!
@user-yd8qr1ye7r
@user-yd8qr1ye7r 22 күн бұрын
Керемет сұхбат болды. 🔥🔥🔥 Рахмет Асхат мырза. Айшолпанды аша білдіңіз. Біздің қоғамда солай қалыптасып қалған, қыз баласын кішкентайынан үйдің жұмысына жегеді, ертең күйеуге шыққанда қолыңнан ештеңе келмесе "шешеңе сөз келтіресің" деп. Ер баланы еркелетіп өсіреді. Маминкын сыноктар осыдан пайда болып жатыр. Оның бəрі тарихта болған соғыс, ашаршылықтың салдарынан, ер баланы ұрпақ жалғастырушы ретінде аналар бұтының астына тығып өсірген. Қыздарымыз үйдегі еркектің орнына өздері еркек болып кеткен. Мен де сондай болдым. Үйдің проблемасы, інімнің басына іс түссе оны да шешетін мен, ремонт жасау керек болса, қонақ шақыру керек болса менсіз іс басталмайды. Хоть мен үйдің екіншісімін. Өзіме киім де алмайтын болдым. Енді қазір сол стереотипті бұзу үшін жоқ деп айтуды үйрене бастадым. Бірақ оны үйдегілер қабылдай алмауда. Әсіресе мамам мен апам. Соның кесірінен арамыз алшақтап кетті, жиі ұрсысып қаламыз. Сол үшін де қазір ауылға барғым келмейді , өзім қалада жұмыс жасаймын. Оқу оқығаннан бері қаладамын. Өз оқуымның ақшасын өзім төледім, жұмыс жасадым оқып жүріп. Айшолпанның ойымен келісемін, қазіргі заманда, әсіресе Салтанаттың оқиғасынан кейін көп қыздар күйеуге шығудан айнып қалды, одан да жұмыс жасап ақша тапқан дұрыс. Асықпау керек. Біреу айтты екен деп күйеуге шыға салу дұрыс емес . Менде де сол жағдай, ауылға барсаң ағайындар, қүрдастармен кездессең қоятын 1 сұрақ : күйеуге қашан шығасың?". Ол сөздердің қыз баласына ауыр тиетінін ойламайды. Мен де сол жұрт не айтады деген қысымның әсерінен жақсы көрмейтін жанға тұрмысқа шығуға сəл қалдым. Бишимбаевтың оқиғасы мені тоқтатты, абьюзер болды жігітім. Қазір менде де выгорание . Рахмет саған Айшолпан. ТАҢДА ТҰРЫП АЛЛАДАН ТІЛЕДІМ ДЕГЕНІ ЖҮРЕГІМЕ СЕНІМ , ҮМІТ БЕРДІ. ӘРБІР ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ ӨЗ ТЕҢІН ТАУЫП БАҚЫТТЫ БОЛҒЫСЫ КЕЛЕДІ. ЖАСЫМ 40-ТА. АЛЛАДАН ЖАҚСЫ ЖАНДЫ ЖОЛЫҚТЫРУЫН ТІЛЕЙМІН. ШЫН МАХАББАТТЫ СЕЗІНГІМ КЕЛЕДІ . ӨТКІНШІ СЕЗІММЕН КЕЛЕТІН ЖІГІТТЕР КӨП, ОНДАЙЛАРДАН ШАРШАДЫМ. АЙШОЛПАН СІЗГЕ ДЕ АДАЛ МАХАББАТ ПЕН БАҚЫТ ТІЛЕЙМІН. БАР ЖАҚСЫҒА ЛАЙЫҚСЫЗ. ❤❤❤❤
@user-wh3ml7xi9f
@user-wh3ml7xi9f 21 күн бұрын
Ананың қолдауы деген біраз жерге апарады деген осы шығар. Анаңыз 100 жасасын! Ойын анық, әдемі жеткізеді. Молодец!
@user-lg5pn2hj1l
@user-lg5pn2hj1l 24 күн бұрын
До конца узбей корип шыктым. Оте адеми сукпат болды. Айшолпан молодец. Коптеген жастардын ойында журген сурактарга жауап берди. Бул подкасттын ураганы мулде узбей тындаганы, ощгертпегени керекмет
@alibekmuratovich8882
@alibekmuratovich8882 24 күн бұрын
Мен негізі өзім тұрмыс-болмыста, жұмыста орысша сөйлейтін адаммын. Бірақ Айшолпанды бірінші рет инстрамнан көргелі бері әр видеосын көріп, қарап отырамын. Ең түсінгенім, маған Айшолпанның қарапайым, жалпақ тілмен сөйлегені ұнайды. Басқа “блогер” сымақтарға қарағанда, сөздері түсінікті, жағымды естіледі. Және айтқан сөздері мен беретін эмоциялары шынайы. Еш арам ойсыз.
@user-bm3xl6kk9f
@user-bm3xl6kk9f 19 күн бұрын
Алғашқы рет соңына дейін көрген ең қызықты әрі ашық сұхбат болды. Біз сияқты қарапайым отбасыдан шыққан адамдардың осындай жетістікке жете алатыны мені қуантты және мотивация берді. Өзіме біраз нәрсе түйіп алдым. Айшолпан егер осыны оқып отырсаңыз, сізге алғысымды білдіремін. Әр бастамаңызды қолдауға дайынмын. Тек қана алға! ❤❤❤
@aigera66
@aigera66 14 күн бұрын
Керемет сұқбат болды Айшолпан👏. Талай жанның қазіргі мәселесі, редке тамақ алу, қарызға батып өмір сүрген жандар. Алланың құдіреті, дұғаның соншалықты қасиетін айтып кеттің. Талай жанға ой саларлық әсерлі әңгімелер айтылды. Толықтық жайлы да точкасын айттың😘
@aidanoks
@aidanoks 24 күн бұрын
ауызын ашса журеги коринетн кыз, Айшолпаннын видеоларын корген жаксы корем, Айшолпанга саттилик тилеймин, жумысынын жемисин кор, мы тебя любим❤️
@user-im8im3rl3w
@user-im8im3rl3w 24 күн бұрын
МЫ ТЕБЯ ЛЮБИМ АЙШОЛПАН❤️
@sugakim2779
@sugakim2779 24 күн бұрын
Көзі ашық қыз ғой. Алла разы болсыншы. Психологияға, білімге, жаңа ақпаратқа деген ынтасы мощный екен.
@user-gr1il2ds3p
@user-gr1il2ds3p 11 күн бұрын
Жаным Айшолпан тәп-тәтті қыз екенғой, сөйлегені керемет, өте әсерлі әңгіме болды, жастар сабақ алуға! Керемет сәттілік саған Айшолпан! Бармақтай бағың болсын!
@Kipshaktar666.
@Kipshaktar666. 24 күн бұрын
Асхат мырза рахмеет!Колдау корсетип Айшолпанды котермелеп.Толык емессин деп поддержка берип отырганынызга!и созди болмей тындап .сойлетип отырганынызга❤❤❤
@user-sb1cu3dm9w
@user-sb1cu3dm9w 19 күн бұрын
Ия, маған да сонысы ұнады. Толық емессің деп қолдау көрсеткені.
@user-kk1jd7lm7l
@user-kk1jd7lm7l 24 күн бұрын
Айшолпан мен Асхаттың қасында отырып әңгіме айтқым келіп кетті👍👍👍👍
@Leylazhaks
@Leylazhaks 23 күн бұрын
Ағалы-қарындасты диалог болды👏 жарайсыздар!
@gulnurjamalbekovna3551
@gulnurjamalbekovna3551 2 күн бұрын
Ауылдан шыққан,ақ жүректі Айшолпан қыз аман бол жаным ау. Алла қаласа алдағы әрбір армандарыңа жете бер! Өз бақытыңды табуыңа шын жүректен тілектеспін. Бақытты бол!
@user-ev5bu9ck9d
@user-ev5bu9ck9d 24 күн бұрын
Керемет басынан аянына дейин тындай алдым, адамды жалыктырмай ойын анык жеткизе алды. Асхат журналистке коз карасым баскаша еди. Ойым ойгерди, болмей ойын анык жеткизуине мумкиндик берди❤
@gufa.07
@gufa.07 24 күн бұрын
Жаныыым, күшті-ақ өзі, сондай қарапайым, шынайы 🥰 күшті сұхбат болды
@dalelbekter8855
@dalelbekter8855 23 күн бұрын
Жанымммм қандай ашық қыз❤ Мен үшін ең сұлу қыз!!!! Бақытқа әбден лайық!!! Мамаңмен келісемін, сен әлі жарып шығасың!
@user-369muslim
@user-369muslim 19 күн бұрын
жаныым жаныым Айшолпан қандай шынайы едің машАллах!Алла жолыңды ашық етсін,ниетіңе жарқын болашақ,хайырлы жар,салихалы ұрпақ нәсіп етсін!Және Айшолпан айтқан біреудің проблемасын құнсыздандыратын жағымсыз адамдардың бары осы өмірде.Сіздің жаныңызға батып жүрген проблемаңызды айналаңыздағылар обесценивать етіп жүрсе мән бермейікші,жұрттың ойының қауырсындай болсын салмағы болмауы керек!Алла сынақта жүрген әрбірімізге жеңілдігін берсін🫂🤍
@user-ji3mk2kf8b
@user-ji3mk2kf8b 24 күн бұрын
Жаныыым жерлесім менің бағың ашылсын! Бағана қатты өмірден түңіліп жылап едім,Айшолпанды көріп көңіл-күйім көтеріліп қалды!
@user-cg6oz2fu1h
@user-cg6oz2fu1h 24 күн бұрын
Молодец, өте қарапайым, алған ақшасына дейін шынайы айтып отыр. Өсе бер! Жақсы оқығаны, сауаттылығы көрініп тұр
@user-jg9ri9ci4p
@user-jg9ri9ci4p 18 күн бұрын
Бир деммен кордим.Куандым,Жыладым,ишимнен бакыт тилеп отырдым.Жолын ашылсын синилим,жерлесим❤🎉❤
@user-ge1xg9pk2g
@user-ge1xg9pk2g 21 күн бұрын
Сұхбат өте керемет шығыпты.Ішкі дүниең таза ,шынайы болмысың халыққа өтімді ❤.Қазір халық жасандылықтан шаршаған.Армандарың орындала берсін Алтын қыз 💋💋👍👍👍👍💐💐💐
@gulzirakenzhegul7865
@gulzirakenzhegul7865 24 күн бұрын
Өте сауатты, ойын анық,нық жеткізеді. Таза қазақша сөйлейді ❤жаным бағың ашылсын
@user-oq4qk2tu4h
@user-oq4qk2tu4h 24 күн бұрын
Жақсы подкаст болды.Айшолпанның халыққа ұнауы ойын анық, дәл, таза жеткізеді.Көп адамда кездесе бермейтін сөз саптауы тамаша!❤
@user-se4fu1ju8s
@user-se4fu1ju8s 9 күн бұрын
Томпақ қыз кереметсің❤ Ниетің де пейілің де кең Алла сенің осы қасиетіңе қарай әлі талай жетістіктерге жеткізеді бұйыртса. Бақытты бол сүйкімді қыз❤
@user-td2rf7ur8e
@user-td2rf7ur8e 22 күн бұрын
АСХАТ МЫРЗА🙏👍✊ көп РАХМЕТ 🧿 АЙШОЛПАН ды сұхбатқа шақырғаныңызға БІЗ ге өте ұнайды АЙШОЛПАН ның әзілдері шынайы,күлкілі жақсы көңіл- күй сыйлайды
@user-rh6iw4dx7c
@user-rh6iw4dx7c 24 күн бұрын
Сондай ақылды қыз, өзім инстадан бір видеосын көріп ішім түйіліп күліп, подписаться еткен едім, но өзі мотивацияны да күшті береді 👍🏻😍өнері өрлей берсін🫶🏻🫶🏻🫶🏻
@gumi96
@gumi96 24 күн бұрын
По душам адемі әңгіме болды, Айшолпан молодец😍 жүргізуші ұнады, адемі сұқбат болды, болмей тыңдап
@user-pi5xt6uk9u
@user-pi5xt6uk9u 18 күн бұрын
Жаным Айшолпан саған осындай тәрбие берген ата анаңа рахмет. Сені одан сайын жақсы көріп кеттім. Өте қарапайым, тәрбиелі, ақкөңіл қыз екенсің. Еш өтірік қоспай, шынайы жауап беріп отырсың. Бұлай ешкімнің интервьюын қарамайды екенмін, ал Айшолпанды бастан аяқ, үзбей қарап шықтым. Саған Алла тағала жақсы адамды маңдайыңа жазып қойған шығар, сол адамға қызығам, маңдайына осындай қызды жазған ол жігіттің арманы жоқ шығар. Сенімен кездесіп, блокка салған жігіттер қазір өкінетін шығар.😃 Бағын ашылсын, аман жүр жаным.
@Nurgali8800
@Nurgali8800 19 күн бұрын
Айшолпанды жақсы көретіндер, біз біргеміз!
@user-jp9ip9wz1y
@user-jp9ip9wz1y 24 күн бұрын
Ойландыратын сұхбат👍 Өзіме біраз дүние түйдім.Айшолпан тек алға❤️
@user-bf5oq2vv6m
@user-bf5oq2vv6m 23 күн бұрын
Айшолпанның берген сұхбаты қатты ұнады. Жарайсың! Сені жақсы көреміз. Барлық бағдарламда берген сұхбаттарыңды көріп келе жатырмын. Қарапвйымдылық, шынайлығыңнан тайма❤
@user-ce3zl6tc8b
@user-ce3zl6tc8b 19 күн бұрын
Молодец, жігіттер таласатындай қызғой мынау
@BalnurAlimkul
@BalnurAlimkul 15 күн бұрын
Айшолпанның анасына қолдауы үшін респект❤.Айшолпан өте өнерлі табанды қыз екен.Молодец.Өзіңді өнеріңді ұштай бер.Әлі де жаңалықтар күтеміз
@aidamaldibai6627
@aidamaldibai6627 24 күн бұрын
Айшолпанның өмірі ,қазірге дейінгі жолы ДАЙЫН ТҰРҒАН СЦЕНАРИЙ ҒОЙ!!! Түсінген киногерлерге бұл “проблема”меніңше қызығушылыққа ие болатын еді! Жанр да комедия ғана емес томпақ қыздардың сезімі жайлы болса
@Zheksenbekova
@Zheksenbekova 24 күн бұрын
Тура осы создер маган керек болып журген еди Рахмет саган Айшолпан❤Бакытты бол
@user-bh5tv1zk5h
@user-bh5tv1zk5h 23 күн бұрын
Айшолпан Жаным , менин жолдасым Кызылордадан окинишке орай араласпаймыз! Бирак сени барине менин кайынсинлим деп ❤ саган озиме не тилесем барин тилеймин 😘❤️ сен мактынышсын, тек биктерден Корин , кезинде озим 82 кг 167 см тигем агана уайымдама 🙏🏻❤️ турмыска шыгатын кезде айт жасауынды котерип аламыз 🙏🏻🙏🏻🙏🏻🙏🏻
@madinaabdimanapova5219
@madinaabdimanapova5219 23 күн бұрын
Керемет сұхбат болды👏🏻 Шынайы адамдарды жақсы көремін. Айшолпан құрдасым рақмет саған , әдемі әзіл аралас сапалы әңгіме болды🙌🏻 Асхат мырза бір сөзін бөлмей , келген қонақты жеке личность ретінде жақсы ашты👏🏻
@user-ve8oe5vn9l
@user-ve8oe5vn9l 24 күн бұрын
Айшолпан сен кереметсің❤ең басынан бастап көріп келемін сенің әр жетістігіңе қуаныштымын❤тек алға әрдайым таза,ниетіңнен арылмай жүре бер❤❤❤
@user-fu6yu6ey9t
@user-fu6yu6ey9t 24 күн бұрын
Маған мотивация болд мынау подкаст мен биреуден калып жаткан сияқтымын деп ойлайтын бұрын. Ойым озгерди. Рахмет 😘Айшолпан 😊
@yameius
@yameius 15 күн бұрын
Жаныммм,Айшолпаннн ханыммм🫶 Аллаһым бағыңызды еселей берсін,жайнап жүре беріңіз әрқашан❤️
@user-fq7lv5dg5n
@user-fq7lv5dg5n 19 күн бұрын
Айшолпанды осыдан кейін жақсы таныдым, әлі ақ бақытыңды табасың, осындай қайсар қыздарымыз көп болсын, расымен алдымен өзіміз қандай болсақ та жақсы көріуміз керек, сосын ғана басқалары қабылдайды✊🏼👏🏼👏🏼
@Nurdanabigali
@Nurdanabigali 24 күн бұрын
Әрқашан жолың ашық болсын, қаншама адамға күлкі сыйлап жүрсің өзіңнің өмірің мың есе құлпырып жайнасын жаным😘
@user-yg6ts9vy5v
@user-yg6ts9vy5v 22 күн бұрын
Жаным иманы бар қыз екен, рекламаның өзін таңдап дұрыстап ойланып жасайтыны білініп тұр, ойындарды рекламировать етпеймін дегенің өзі ❤ жүрек қой
@shynarisataeva8591
@shynarisataeva8591 19 күн бұрын
керемет сұхбат болды. Сөзін, ойын бөлмей көбірек тыңдайтын тілшіні бірінші рет көрген сияқтымын. Айшолпан жарайсың ❤ Мотивацияға толы сұхбат болды. Қарапайым қазақтың томпақ сүйкімді қызы комплексты, негативты, нәпсіні, жалқаулықты барін жеңіп осындай сұхбат беріп отырғаны таза жеңіс. Сұхбат беретіндей ешкім емеспін деме, қарапайым өміріңді жеңілістеріңді айтып бөлісуде ерлік 🎉 Рақмет ❤❤❤❤
@Zhulbiz
@Zhulbiz 6 күн бұрын
Риза болдым осы подкасты тындап Рахмет ❤❤❤❤
@Aimanova
@Aimanova 19 күн бұрын
Бақытты бол жаным 🫶🏻🫶🏻🫶🏻🫶🏻 кішкентай қыз деп жүрсем құрдас қыз екенғой 👍🏻 Молодец так держать 🫶🏻 ешкашан ешнарсеге мойыма ❤
@abuhankyzy
@abuhankyzy 23 күн бұрын
Жүрегің аппақ қызсың ғой. Алла бар тілеген тілектеріңді қабыл етсін. Аман бол, бар бол, бай бол! Алланың сүйікті құлы бол!
@Zhanerkee_02
@Zhanerkee_02 6 күн бұрын
Айшолпанды бірінші шыққанынан көремін жаным сондай кушти позитив береді 🤗Прямойларын күтіп көретін едік қызық әнгімелері сөйлегені мен үшін сондай қуаныштымын Айшолпан үшін 🙂💞
@akgulabiyeva53
@akgulabiyeva53 9 күн бұрын
Айшолпан жарайсың. Сенің осы сұхбатыңды тыңдап,кішкене болса да ойым өзгерді. Себебі,менің де комплексім толықтығым. Мен де өз өзімді қабылдай алмай жүрмін. Өтірік күліп жүрмін. Ендігі жерде мен сондаймын,осылай қабылдаңдар деп тик токқа шықтым. Мақсатыңа жет ,Айшолпан. Люлю тебя😘😘😘
@user-qg9sc4kd2x
@user-qg9sc4kd2x 22 күн бұрын
Мынау бир керемет сұхбат болды. Тек Айшолпанды тындап. Алдын шыгып журген сухбаттарда касындагы еки кыз унамайтын еди. Жанеде Асхат Садырбайда осы сухбатта унады, кызды болмей тындап, жеке шекарадан аспай, колдау корсетип отырды.
@user-jf5ug5gs2f
@user-jf5ug5gs2f 24 күн бұрын
Өте дұрыс айтты кыз баласына коп жук артпау керек
@user-ci3xy3hx4n
@user-ci3xy3hx4n 22 күн бұрын
Молодец, өте қарапайым қыз. Өзінің жүректен шыққан таза бояусыз әңгімесі біраз жастарға ақыл ой салатынына сенімдімін. Ең бастысы бақытты болсын! ❤
@Moonlight20034
@Moonlight20034 22 күн бұрын
Молодец ырза болдым, керемет сөйлеп, ойы ұшқыр екен. Болашағың жарқын болсын
@dautenashshalhar3328
@dautenashshalhar3328 24 күн бұрын
Асхатжан тағыда профессионалды интервью👍🏻👍🏻👍🏻,Айшолпан жарайсың !!! 😍😍😍
@user-je5vt5yx9j
@user-je5vt5yx9j 23 күн бұрын
Карапайымдылык пен шынайылык керемет касиет кой! Тамаша сухбат болыпты.Ардайым жолын болсын Айшолпан кыз!
@user-qs8xd1xk9f
@user-qs8xd1xk9f 19 күн бұрын
Мен негизи ешбир подкастты сонына дейін узбей коре алмайтын едим. Кызыксыз болып кетеди жартысынан. Айшолпанмен болган сухбат шынайы, керемет шыгыпты👏👍. Толык сонына дейін кордим. Кулетин жерде кулип алдым😅. Озиме ой туйдим👍
@balnurtazhibek3241
@balnurtazhibek3241 15 күн бұрын
❤❤❤ Қааатты ұнады Айшолпанның осы бір сұхбаты. А то инстада аз ғана көріп қаламын да. Жаныым, құрдасым, көп нарсені еске салып, әдемі ой айтқаның үшін алғыс айтамын.
@user-bs8oh5bh6z
@user-bs8oh5bh6z 22 күн бұрын
Айшолпан таетральный курсқа жазылып, бір оқып алшы, қазір көп қой. Дарының мен қабілетін дамытып біліміңді жетелеп ары дами бер. Сен ушін қуанып жылап отырмын. Тілекшімін!!!
@XANSHA_2022
@XANSHA_2022 24 күн бұрын
Асхатқа рахмет білімді жургізуші. Адамды бөлмей ойын анық жеткізуге мүмкіндік берді. Айшолпан сенімен біргеміз жаным.❤❤❤❤
@meryertsizdikova6329
@meryertsizdikova6329 11 күн бұрын
Молодец акылды кыз екен Алла багынды ашсын👏🤗
@NaziraAbzelbek
@NaziraAbzelbek 22 күн бұрын
Аузын ашса жүрегі көрінетін , қарапайым қыз екен❤️бақытты болыңыз❤
@gulimalibekova1539
@gulimalibekova1539 24 күн бұрын
Жанм жанм Айшолпан көңілі таза ақ жүректі қыз өзі 😍😍😍 Сәттілік жолың ашық болсын! Бақытты бол 😘Сүйгеніңе қосыл ❤
@user-wy5oe2jh5y
@user-wy5oe2jh5y 24 күн бұрын
Бакыты бол суигенынды кезыктыр❤❤❤
@user-rf3ll7py5q
@user-rf3ll7py5q 22 күн бұрын
Жанееем томпагым али ак журегиндеги Асхат айтпакшы Ак бозаттагы жарыңды кездестиресин бакытты бол Әмин 🤲🤲🤲
@user-uu6nb7rf4v
@user-uu6nb7rf4v 23 күн бұрын
Айшолпан мына интервьюди корип, коп ой туйдим, жасым 25 ке келди али ештенеге жетпедим деп озимди жей беретин едим, кушти инсайттар алдым , Асхат мырза оте керемет жургизуши екенсиз , жаксы сурак койып , тындай биледи екенсиз ❤
@gansterbagdat
@gansterbagdat 22 күн бұрын
Тик токтан келіп көріп отырық Гонарарын білеміз деп қызық сұхпат болғансоң дәкәнсә көріп тастадым керемет шығарылым болды
Do you have a friend like this? 🤣#shorts
00:12
dednahype
Рет қаралды 55 МЛН
❤️QosLike Live / ҚосЛайк Лайф / Косылайық Лайв! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР! 5 МАУСЫМ! 07.06.2024
QosLike Live / ҚосЛайк Лайф / Косылайық Лайв
Рет қаралды 37 М.
100 миллион теңге қарызым бір сәтте жабылды
1:25:22
Жахан Утаргалиев
Рет қаралды 367 М.
ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ / Ақша туралы Ащы Шындық | Роза Аширбаева
1:21:24
Зу-зу Күлпәш. Тайм аут. (3-бөлім)
43:54
ASTANATV Movie
Рет қаралды 1 МЛН