Казагымнын ханшайымы жаса Сендердей кыздар коп болсын Сендердей дастурл! энш!лер казак т!л!н олт!рмейд! Не деген терме журекке жетт! Козге жас уй!рд! Айналайын даусыннан коп жаса
@rozakojaniazova1159 Жыл бұрын
Халық әндерінен рухани азық аламын
@ТолегенУмбеталиев Жыл бұрын
Ай сау Айгүл ! Арал ауданы , Мырзас Аманөткелден жыраулардың көрнекті өкілі Жаңаберген жыраудың жыр бастауы ! Керемет !
@ДӘУЛЕТНҰРЖАНұлы-ч9п Жыл бұрын
Жаңабергеннің жыр бастауы текст: Құлақ салса маңайым, Жыр бастайын ағайын. Ықыласын қойса аға-інім, Сөйлемей қалай қалайын. Баурымды жазып барынша, Ойқастатып ойнатып - Жүйрік аттай шабайын. Әкеміз жазған Бітімбай, Орақ-Мамай, Қарабек Қалауыңша тыңдасаң, Бұрынға өткен батырдан, Алдыңа айдап салайын. Жүзден жүйрік атанып, «Алты Әлімнің ішінде» Қайтпап еді талайым. Жүргенімде жыр жырлап, Менменсінген нешеудің Сүріндірдім талайын. Ер азамат елде бар. Үйрек пен аққу, дуадақ, Қоғалы қамыс көлде бар. Ел ішінде нелер жоқ? Жыраумен қас болатын, Неше алуан пенде бар. Тыңдасаң мейірім қанатын, Жастарың ғибрат алатын, Құдіреті сөздің менде бар. Орамал шаршы жабатын. Сақина сырға салатын, Құралай көзді жеңге бар. Жырауың барын аямас, Ықыласы үшін елімнің. Осы бүгін сендерге, Жырлағаным жөн болар. Тіршілікте қызық қой, Өлгеннен соң жігіттер Жақсы мен жаман тең болар. Жамандықтың белгісі, Несібесінен кем болар. Сөйтіп жүріп ақыры, Көрінгенге жем болар. Неғылайын көп айтып, Зейін қойып, құлақ сал. Сөзім шырын, тілім бал Жырдан шашу шашамын, Керегіңді теріп ал.