1) Баста өлең, ойда (да) өлең, қырда (да) өлең бір ақын Өлсе талай қырылды өлең охо-ей, Тұсында әділ заман бағаландым арманда Кеткен екен бұрыңғы өлең охо-ей Қ-сы: Балыққа саяз судан терең ондай Ақынға қара сөзден өлен оңай Отанға адал қызмет етпесеңіз Абырай атақпенен келе ме онай охо-ей 2) Ай туса олда тартар жарығына Су ақса ол да тартар арығына охо-ей Атасы кімнің тектілердің тұғыры асыл Тұқымы бір тартады қалыбына охо-ей Қ-сы: Су шығар жалбызы көп, Шиелі жерден сөз шығар естімеген үлгі елден Бай болғың, батыр болғың, патша болғың Түбінде құтылмайсың қара жерден охо-ей 3)Амалың күллі әлемнен ассан дағы Жан үшін алтын, күміс шашсаң дағы охо-ей Ауылға ат шаппайтын бір барармыз Жел мініп, жеткізбейтін қашсаң дағы охо-ей Қ-сы: Жалынып жан қысылса құдай дейміз Жай кезде анау дейміз, мынау дейміз Өмірге әкеледі, әкетеді жалғанын Мұнысына қалай дейміз охо-ей