Астанадан арнайы подкаст) Жақсылап қолдап жіберіңдерші)) ТАЙМ КОД описаниеде
@fenrir.012 жыл бұрын
Сипаттамада*
@serikpin2 жыл бұрын
Apple Podcast-та барсыздар ма? Кейде ютубта қарап отыруға мүмкіндік жоқ
@Рудный-12 жыл бұрын
халыкка сиз деп сойлерсин мумкин жургузуши
@СалтанатЧингизовна2 жыл бұрын
Яков қа арнайы Респект! Рахмет осылай тілімізді құрметтеп,барынша қазақша сөйлеп,ойын жеткізіп отырғанына!
@gulitastan38792 жыл бұрын
🤦🏻♀️ мемлекеттік тілде сөйлегені үшін неге біз рахмет айтуымыз керек түсінбеймін.Бұл өзімізді өзіміз түсіру емеспа қалай ойлайсыздыр? Бұл негісі осылай болуы керек емеспа еді.Өзбек, Тәжік ұлты азаматтары, азаматшалары қазақша сөйлесе как должное қабылдайсыздарғо, бұл қалай сонда или Словян внешностті адамдардың қазақ тілінде сөйлегені абыройма?
@СалтанатЧингизовна2 жыл бұрын
@@gulitastan3879 просто рахмет айтып үйренгеніміз жөн! Әйтпесе ҚазаҚ болып қазақша сөйлемейтін,сөйлегісі де келмейтін қанша ҚазаҚ бар!!! Так что өзге этонстарға арнайы Респект тілімізді сыйлап,бізді сыйлап ,қазақ жерін сыйлап ең әуелі өзін сыйлап және түсініп Қазақша сөйлеп тұрғанына!!! Мұны да бағалай білу керек! Рахмет айту арқылы ,сыйласу арқылы біз тағы да көптеген этностарды Қазақшаға тарта аламыз! Әйтпесе Заң да жоққой Қазақ жерінде тұрдың Қазақша сөйлейсің деген!
@birtamsy...48452 жыл бұрын
@@gulitastan3879 бірдеңе болса сүйтіп шыға келеді осы жұрт. Неге көрінген жерден кемсіту көресіздер де тұрасыздар осы? Осылай айтқан сайын тіпті бейшара болып? Еңбектеніп, оқып, талпынып жүрген адам ғой. Оның қасында көп қазақ осылай да сөйлей алмайды
@erbolseidazimov32952 жыл бұрын
Гули Тастан өте дұрыс айтасың! Қазақша сөйлейтін өзге ұлттарға алғыс айту өзімізді қорлау сияқты...
@gulitastan38792 жыл бұрын
@@birtamsy...4845 Ондай құлдық санадан арылыңдар, кеш болмай тұрғанда менен кеңес. Россия Федерациясын да орыс тілінде сөйлеп жүрген өзге ұлттың азаматтарына рахмет айтпайды за то что мемлекеттік орыс тілінде сөйлегені үшін.
@yersssainov2 жыл бұрын
Қонақтардың екеуіне де үлкен РЕСПЕКТ. Біраз мотивация болд. Қазақша ӨМІР СҮРЕЙІК)))
@ABYLAIASUBAEV942 жыл бұрын
Айгерім, жасы 35-те, Түрі 25-те Білімі 45-те ❤💋💋💋
@khorlansunkarkyzi13752 жыл бұрын
Не деген комплимент😍
@baqbergenius992 жыл бұрын
Дауысы - 15-те )
@venerajakupova23992 жыл бұрын
Айгерім апай прям 😃 тігісін жатқызып тұрып, майдалап сөйлейді. Тілге күштілеп тұрып жатып алған. Әдемі. Ұнап отыр ) Яков мырза ♡ сізге жүрек. Мен сізді өмірде танимын. Көргеніме қуаныштымын
@isokisok-ul9de2 жыл бұрын
Айгерімді Қызылордадағы 17 жастар телебағдарламасынан білем, кәдімгі дей есейіп өзгерген, өте керемет, әдемі қыз
@jamilanoor92 жыл бұрын
Нұрмахан,сіздің ең аз сөйлеген подкастыңыз сияқты) Яков Фёдоровтың қазақшасы керемет👍🏽👏🏽👏🏽🫶🏽
@СаматСерікбаев-х3ц2 жыл бұрын
Меніңде жыным келеді, интернеттегі порталда, банкоматта барлық жерде мен неге мен қазақ тілін таңдауым керек, мен ашқанда бірден қазақ тілі тұру керек қой, басқа тілді таңдау тұрсын.
@whym_2 жыл бұрын
Ма Айкерім сияқты тіл жанашырлары көп болса екен, мықты
@venerajakupova23992 жыл бұрын
Апайымыз журналист десе журналист, жұлқынып тұр. Дік-дік етіп 😃
@АлтынайСалимова-с8э2 жыл бұрын
Айкерімнің сөйлеу мәнері керемет. Қазақ тілін жете біледіБілімді, мәдениеті, парасаты,қарапайым.Сондай жақсы көремін. Тыңдай бергім келеді. Аман жүр. Тіл көзден сақтасын
@ainur49032 жыл бұрын
Әйкерімді қазақ тілі айтқаны үшін 👏👏👏👏👏👏👏
@sadokatturakhanova4492 жыл бұрын
Айгерім білімді, ойын ашық айтатын керемет қыз👍🏻👍🏻
@Симоня-я5п2 жыл бұрын
Жаным ғой, Яков 😍 Нұрмахан, сізге рахмет! Коменттерге осы кісіні шақырыңызшы деп жазып едім. Өзім сұрап, енді көріп отырмын келгенін 😅 Өте керемет подкаст болды
@СалтанатЧингизовна2 жыл бұрын
Әйкерімнің ойын түсіндім және қолдаймын!
@ЖеңісМақсатов2 жыл бұрын
Ассаляму алейкум уа рахматуллахи уа баракатух! Құрметті жамағат, әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж бауырымызға көмек қажет болып тұр! Жалдамалы жұмыс жасайтын бауырымыз қазіргі уақытта денсаулығы сыр беріп, жұмысқа шыға алмай отыр. Өмірлік жары да еңбекке жарамсыз. Ал тұрып жатқан үйлері апатты жағдайда екен! Екінші бір бауырымыз, құрығы ұзын азаматтардың қысымымен, қорқытуымен, айла-шарғысымен қиын жағдайға тап болған. Қазіргі уақытта, ағайын-туысынан және үйін кепілдікке қойып қыруар қаржы алып, қарыздары қысуда. Қазіргі жағдайда, өзіне тиесілі болған 40 шаршы метр үйінен айырылу қаупі туындап отырған көрінеді. Оның үстіне қарыз иелері де қысып жатқаны ақиқат. Күнделікті тапқан табысы, отбасының ас-ауқатынан артпай отыр. Бауырларымызға көмек қолын созу мақсатында шот ашып отырмыз! Ешкімге салық салайын деген ойымыз жоқ, әркім мүмкіндігіне қарай (1000, 500, 200, 100 теңге бола ма әркімнің өз қалауы) қол ұшын созса деген ой біздікі. Каспи Голд: 4400 4301 3841 4682 “Жасырын не ашық түрде көп садақа беріңдер, ризықтарың көбейеді. Көмекке ашық болыңдар, дұғаларың қабыл болады!” ...Ибн Мажә.................... ...........
@Orynbassar082 жыл бұрын
"Қазақ мәдениеті әлемге тауар болуы керек" өте орынды айтылды.Яков(қазақша Жақып😅) жарайсыз👍
@aalikhanov2 жыл бұрын
Ең біріншіден подкастты - тиктоктан Айгеримнің қазақ тілі жайлы сөйлеген видеосын көрген соң ютубқа кіріп, тауып көрдім. Бұл да бір подкастқа жақсы реклама. - Тіл ол ата-бабадан қалған аманаттың бірі. Сондықтан оған құрметпен қарау әрбір қазақтың міндеті деп ойлаймын. - Айгеримнің сұраған идеясы бойынша, халықпен қалай араласу керек. Мысалға жаңа айтқан министрлік квота, жеңілдіктер тағысын тағы - теледидарға қысқа жарнама ретінде шығаруға да болады. Оңай әрі тез жатталады деп ойлаймын. Подкаст өте информативті шыққан 👍
@yersssainov2 жыл бұрын
Яков красавчик! Қазақша өте жақсы сөйлеп отыр)
@kzk29402 жыл бұрын
Яков*
@jyenissyerikmurat19862 жыл бұрын
Делебем қозып денем түршігіп отырып, беріліп көрдім тура ойымдағы ойларымды айтып жатқандай болды. Нұрмахан мырза осындай контеннер көп болсын. Ізденіп көп көремін осындай бағдарлама подкастарды. Моңғолияда болсамда Қазақ тіліне еліне жанашырмын.
@КУБИКРУБИК-ю3в2 жыл бұрын
Мына кыздын казакша сойлегенине карап казакшага кызыгушылыгым катты ашылып кетти
@ЖанатОтеген-е5м2 жыл бұрын
Нурмахан жарайсыз ,пикир калдырып әр кашан лайк басып колдаймын,сол себепті подкаст жасауды токтатпаныз .
@АлтынайАлиханқызы2 жыл бұрын
Ана тілім Қазақ тілім барым жаным Әлемдегі ең адеми тіл Аллаға шүкір 🇰🇿✊
@mukhanbetalinbaubek2 жыл бұрын
Яков пен Өркенді шақырып саяхат жайлы подкаст жасауды сұраймыз
@balzhan98982 жыл бұрын
Ияяяя😍😍😍
@zhaynasatybay38212 жыл бұрын
Ияяяя
@zhaynasatybay38212 жыл бұрын
Жақып аға, сізді Жаңаөзендегі кездесуден бері жаныма жақын тартамын:) Ғұмырлы болыңыз🤍
@kuralaikaldybaeva34702 жыл бұрын
Бұйырса чиновниктер келетін подкаст болсын 😁👍
@khorlansunkarkyzi13752 жыл бұрын
Күшті подкаст болды😌♥ Әйгерім, Яков сіздерге рахмет қазақ тілінің жанашырлары болып жүргендеріңізге. Нурмахан барлық респект өзіңізге арналады 👏🏻👍🏻
@ASNMoigod2 жыл бұрын
Айкеріммен толық келісемін және қолдаймын. Жарайсың Айкерім!!!
@Gulbarshyn262 жыл бұрын
Әр нәрсені өзің еңбектеніп, ізденіп ешкімге ештеңені міндеттеме деген түйін қалыптастырған подкаст болды! Екі тұлғаны басқаша қырынан көріп риза болдым! Рақмет!!!
@НурайКемелов2 жыл бұрын
Осындай тақырыптар көп болса аға ! Рахмет сізге ендігіде кітап , тағы пайдалы ақпараттар болса . Пайдалы ақпарат тар өте көп және көбейе берсін .
@aidaalenova12892 жыл бұрын
Осы Нұрмахан ағаның подкастарынан пайдалы дүние көп алдым дами беріңіз ағатай 👏👏👏
@sourcenviron2 жыл бұрын
✊🇰🇿✌️Дұрыс айтасыздар барша азаматтар «қазақстандықтар» емес, «Қазақтар» деп аталынуы қажет, себебі Қазақелі бұл басқа елдерге бөлінбейтін УНИТАРЛЫ ел, бір халқы бар, бір тілі де болуы керек! Мысалы, АҚШ Штаттардан құрылған, ал РФ Республикалардан құрылған ФЕДЕРАТИВТІ ел, сондықтан сол жақта бүкіл жерде тек орыс емес, сонымен бірге өзге ұлттардың да тілі болуы керек, және де азаматтардың барлығы «орыстар» емес, «ресейліктер» делінуі қажет...
@ЖанарТузелова-д3я2 жыл бұрын
Керемет жоба Тақырып актуальный тақырып екен Соңғы секундтарына дейін көріп шықтым Және кішігірім өз ойымды айтып кетейін Қазақ тілінде немесе орыс тілінде қате сөйлеп қойсам елдер күледі, қоғамның дискриминациясына ұшыраймын деген ой әр адамның басындағы өз ойы. Дәл қазіргі заманда сен қате айттың деп күліп, келемеждеп кетпейді Тұшымды ой айтылса, астарлы сөз болса қай тілде болсада тыңдалады
@venerajakupova23992 жыл бұрын
29 минутқа дейін жақсы болып келе жатыыыыып. Ары қарай таза по чиновничьи болып кетті ғоооой ((( Ешкіді қолдап отырған жоқпын дей отырып. Жағдай жаман емес, жағдай ХАБАР дағыдай дегендей 😀
@venerajakupova23992 жыл бұрын
Яков мырза, методика жоқ дегенге, келіспеймін. Шеттен келген біз үйрендік қой, бас аяғы бір жарым жыл ішінде, ешқандай қазақ ортасында өспесек те. Бізге қарағанда, сіздерге анағұрлым жеңіл болуы керек қой . Өмірі естіп жүрген тіл. Айта кетсем, мен қазақшаны Семейде үйрендім 💙
@TarlanT2 жыл бұрын
Әй жарайсың! Сендей азаматтарымыз көп болсын. 👍
@almazkydyrmin25622 жыл бұрын
Өте қызықты подпаст, рахмет сізге ✌️
@ЖанарТузелова-д3я2 жыл бұрын
Әйгерім ханым, жарайсыз Керемет журналист 👍 Әр қазақ сіз сияқты өз ісінің маманы болса БҰЙЫРТСА біз де ҚАЗАҚ ЭМИРАТЫ боламыз
@MsBambi9992 жыл бұрын
Айкерім қандай сұлу, қандай білімді! In and out 😍 Екі қонақ та ұнады негізі. Осындай талқылаулар күшті ұнайды
@talapova_nur2 жыл бұрын
Өте күшті болды😍 1 сағаттың өзі аз болып қалды ғой) Өзекті мәселелер қозғалды. Жақсы олйар мен тың идеялар айтылды. Қонақтарға респект! Мың алғыс! 🙌
@footballkazakhboy2 жыл бұрын
Біздің маңызды проблемалардың бірі дәл осы - тіл мәселесі! Және осыны барынша көтеру қажет.
@kuandyk15012 жыл бұрын
Жаксы сұқпатқа тап болдық.. қазақ халқымыз өкпелі и өтпелі кезендерден өтіп келе жатырған секілді.
@Assylzat_Isatai2 жыл бұрын
Әйгерім өте мықты персонаж... Жарайсыз! Аяғына дейін қарадым, жарайсыңдар үшеуіңіз де өте сауатты пікірлер жеткіздіңіздер! Қолым акрил бояу-бояу, бірақ арнай пікір жазыайыншы дегенім ғой...) Достар қазақ тіліне жанашырлар Өлең өндірісі атты каналына шақырамын, қаралым аз, адам тірлкелмегендіктен өлең оқып салуға да ұялыңқырап қалдым....)))) 🙏🙏🙏
@jamilanoor92 жыл бұрын
Керемет тақырыптар көтерілді. Білмейтін нәрселер көп екееен…
@АликМедет2 жыл бұрын
Жақсы әңгіме болды . Нұрмахан жарайсың
@nurzhamal_kasimova2 жыл бұрын
Осы тілді жастар қолға алу керек жарайсыңдаррр. Тек алғаааа тіл білмейтіндерді жоғарыға жолатпау керек🤔
@aknurspanova39932 жыл бұрын
Керемет! 😍😍
@АлашОрда-д8п2 жыл бұрын
Осы кыз унайды...Айкерим нагыз казаки минезди кыз адеми билимди стильный.... Осындай болу керек казактын кыздары
@uljanaitbai6032 жыл бұрын
Керемет ұнады
@НаргизаЕрес2 жыл бұрын
Керемет сұхбат болды. Тұлға ретінде ұлтқа, тілге деген жауапкершілікті түсіндік. Осындай контенттерді қолдаймыз
@darigasakenova54592 жыл бұрын
Яков жарайсың👏🏻👏🏻👏🏻
@АлтынайЫрзаева2 жыл бұрын
Дебат болдығой😍 Респект өте керемет жоғарғы деңгейдегі пікір талас👏🏻. Жәй әңгімеден қарағанда осындай форматтағы әңгімелер әлдеқайда пайдалылырақ. Өте жеңіл.
@Ayazhan_Akhmet2 жыл бұрын
Яковв ағаай жарайсыыз😍👏👏👏
@ЕламанБауыржанулы2 жыл бұрын
Ассаламалейкум Мына подкаст жаксы әрі нақты тусініеті ойға қонымды болды) Улкен рахмет конақтарға, рахмет Нуреке ! Улкен Мотивация болды ! Осындай подкасттар жиі жиі болса Нуреке!
Менің соңғы кезде көп байқағаным 😢 жас ата-аналар өз ара қазақша сөйлейді, ал балаларымен орысша сөйлейді. Өзімнің қызым қазақ тілді. Орыс тілі керек болса өзі үшін үйренеді деп қазақ тілді мектепке бердім. Бұл менің 13 жыл бұрын жасаған таңдауым. Ал менің сол кездегі таныстарым “біз орыс тілін дұрыс білмеген соң қинылдық” деп балаларын орыс мектебіне берді ( сол баяғы 10 жыл бұрын болған жағдай). Ал қазір неге олай? Неге жастар олай ойлайды екен? Қазақ тілінің болашағы бар ма? Қазақ тілі мемлекеттік, халықаралық тіл бола алады ма? Болашақта орыс тілінің жағдайы мүшкіл! Қазірдің өзінде шетелде орыс тілді адамдарға өте нашар көзбен қарайды, осыны қазақстандықтар біледі ма? Әлде “я не интересуюсь политикой» деп жүр ма екееееен? Өте орынды және уақытылы қозғалған тақырып 👍🏻👍🏻👍🏻
@АлиманКауаша2 жыл бұрын
өте керемет подкаст болды. арасын ұзатпай жиі жиі осындай пайдалы ақпараттар беріп отырсаңыздар өте жақсы болар еді。👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏👏 айтарым жоқ тек қана супер 💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪💪 деп мақтағым келеді
@ngmtvaw2 жыл бұрын
Мен сабақ барысымен практикада жүрген кезімде, орысша білмегенім үшін пациенттен ұрыс естігенмін. Комплекс пайда болды осы жағдайдан кейін. (Орыс тілінде сөйлейтін клиент келсе не істеймін деген сияқты) Жұмыс жасайын десемде осы тіл кедергі. Қазіргі ортам орыс тілінде сөйлеседі. Осы жаздағы мақсатым орыс тілін меңгеру болып отыр...
@galiyamedia2 жыл бұрын
Сол ортаны қазақша сөйлетуге әрекет етіп көрмедіңіз бе?
@zhansayabaikonyrova8392 жыл бұрын
Подкастты конактар оздери ак алып шыкты , жаксы такырып👍
@АсемШарипбаева2 жыл бұрын
өте жақсы подкаст
@kumbatbolat28162 жыл бұрын
Күшті керемет 👏👏👏👍👍👍
@msaltanat832 жыл бұрын
Яков мырзаға ризамын.
@moldir1232 жыл бұрын
Мотивация оте керемет. Сөздік қоры өте дамыған
@aidass48082 жыл бұрын
Нұрмахан сіздің әр сұхбатыңыз ерекше,ойы бар 👍🏾👍🏾👍🏾
@АйымПиу2 жыл бұрын
Соңына дейін сондай қызығушылықпен тыңдап шықтым, соңында көңілім босап кетті🥹 Сондай керемет жандармен керемет подкаст болып шығыпты, Нұрмахан сізге рахмет, талмай осылай еңбектеніп әртүрлі темадағы подкасттарды шығарып жатқаныңызға!😮💨🔥
@СалтанатМамутова-ъ1ъ2 жыл бұрын
Ұнады. Рақмет
@ГүлжазТукушова-ш2ш2 жыл бұрын
Әйгерім ханым 43минутта күшті айтты. Өте орынды.
@aiymgulkuandykkyzy3562 жыл бұрын
Керемет өте қатты ұнады😍
@zhansayabaikonyrova8392 жыл бұрын
Осндай адемы подкастты 6,7 мын гана адам коргени окиништи ак, когда кур ойын сауык миллиондап просмотр жинап жаткан кезде
@dinazhenisova112 жыл бұрын
вау, подкаст тамаша өтті!!!!👍🏿
@sabalaq14652 жыл бұрын
Яков Фёдоровпен саяхат жайлы шықса!
@guldana_husbatdinqyzyz2 жыл бұрын
Айгерім Есенәлі 🔥
@msaltanat832 жыл бұрын
Солтүстікте қазақ мектептерінде қазақ тілін сынып боп өтеді , 25-35 бала болып; ал орыс тілін топқа бөліп өткізеді. Қазақ мектебінде орыс тілі бағдарламасы онсыз да оңай, балалар онсыз да орыс тілді. Ал ұлттық мектептегі қазақ тілі бағдарламасы қиын, және балалар орыс тілді, оларға қазақ тілін БӨЛІП өту керек
@СалтанатЧингизовна2 жыл бұрын
Нұрмұханға да рахмет!
@ЖанелАлихан2 жыл бұрын
керемет!
@abdullausenov88972 жыл бұрын
👏👏👏
@АқботаР2 жыл бұрын
ҚАЗАҚ ТІЛІН КЕҢІНЕН ҚОЛДАП ДАМЫТУДЫҢ БАСПАЛДАҒЫ БОЛДЫ!ТЕК КӨРЕР КӨЗ БОЛСА ЕКЕН ДЕЙМІН! РАХМЕТ КЕРЕМЕТ СҰХБАТ БОЛДЫ!🤗
@timurqosibaev84512 жыл бұрын
Яков Фёдоров👍👍
@zhaynasatybay38212 жыл бұрын
Қазақша контент үшін көп рақмет🤍
@kzk29402 жыл бұрын
Жақсы подкаст болды негізі. Кішкене болсын ой түйдік. Бірақ бір қатты ұнамаған жері Яков ағамызға көп сөз берілмеді. Айтатын нәрсесі көп сияқты ағамыздың. Егер де мүмкіндік болса жеке бір подкаст шығарсаныз Яков ағамызбен Нұрмахан аға. Менде Семейден болған соң Яков ағаның айтқан нәрселерін жақсы түсініп отырмын.
@ЕресоваДана2 жыл бұрын
Кушті подкаст
@ЖенисгулЖанжигитова2 жыл бұрын
подкаст өте жақсы👍🏻
@trueboltrue2 жыл бұрын
Нұрмахан подкастта аз сөйлесе - жақсы шығарылым шыққанының нышаны. Не болса да респект бразэ🌠
@NurmakhanMukanuly2 жыл бұрын
Басты мақсатым сөйлету ғой)) Сөйлемей отырса қиналып кетем)
@КуанышУзакбаев-ь6о2 жыл бұрын
Кушті
@yerkejanzhakypbekova66812 жыл бұрын
Жақсы подкаст болды
@Qwerty-canal2 жыл бұрын
Яков красавчик
@nurdauletserketay14872 жыл бұрын
Әйкерім Есенәлінің тіл туралы көтерген мәселелері қазіргі таңда өзекті және келісемін. Қазақстанда мемлекеттік тілдің құзыреттілігі болуы керек, қазақ тілін үйренуде ыңғайлы, қолжетімді методикалар жарнамалануы тиіс. Қазақ халқына келер болсақ, әдеби-академиялық қазақ тілін де қосымша меңгерген, тілдік сауатты арттырып, толлеранттылыққа ұмытылуға тырысу артық болмас
@qazaq3988 Жыл бұрын
Мен,халықтың арасында қайнап жүрген азамат бола тұра,Әйгерімнің Халық атынан сөйлеуіне рұқсат етемін,Яков мырза!Қазақ тілі басты мәселе!Қазақстанда тек қазақ тілі болу керек,ал өзге тілдерді әрқайссысы өздері үйрене береді,қажеттілігі болса.
@aizhanalseitova2 жыл бұрын
🔥🔥🔥 керемет подкаст болды
@Zhanabektinkyzy2 жыл бұрын
Саяси сауатты болғым келеді. 😍
@AltayChina2 жыл бұрын
Айгерімнің қазақ тіліне қатыстысы айтқаны ұнайды!
@UssenAzhibay-nu1pz2 жыл бұрын
Ұнады соңына дейін тыңдап жаңа сөздер үйрендім
@qstan38202 жыл бұрын
Тамаша бәрі. Бірақ деген зат бар. Иә аналитика жасау керек. Ұрысай жан жақты ақпаратты талдау керек. Алайда сіздердегі білім мен жалпы халық айырмасын ұмытып кетесіздер. Аспандамай жерге түсіп ауылдағы халықты көріңіз ші. Ақпаратты алу тұрмақ интернеті мүлде жоқ ауылдар бар. Тек хабар мен Қазақстан басқа ештеме көрсетпейтін. Тіпті қазір заман дамып жатқанымен шаруасы жоқ. Ауылда клиника турмак дәрігер жоқ жерлер толып жатыр. Ал кей аудандарда болса да халық сана деңгейі тым төмен. Сананы тұрмыс билеген заманда халықты кіналамай екі араға көпір болып халық тілінде жеткізе салуға басшылар мен сіздер секілді блогерлер иіліп қызмет етсе болмай ма? . Кезінде Алаштықтар Нобельге татитын кітаптар жазып, бірақ оны окыйтын әріп танитын халқы жоқ болғанда төменге түсіп мектеп салып өздері сабак берді емес пе. Неге халық пен билик екі әлемде? Қайта сіздерде көп құралдар бар ғой халықты сауаттандыратын және халыққа жақын дайын. Ниет болса бәрі дамыған заман ғой. Халықты кінәлау қойыңдар шы
@ast2792 жыл бұрын
Мемлекеттік тіл түгел жерде кең қолданылу керек бүкіл елімізде, кез-келген сайт, қосымша мемлекеттік тілде автоматты тұрды ашыла керек.