Айран, қаймақ шығаратын кәсіпорын басшылары сүт импортына шектеу қоюды сұрайды

  Рет қаралды 177

Информбюро 31

Информбюро 31

25 күн бұрын

БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Қазақстанда сүт өнімдерінің басым бөлігі сырттан тасымалданады. Мәселен соңғы екі жылда ғана импорт көлемі үш есеге дейін артқан. Ал көрші елдерден келетін өнімдердің бағасы арзан болғандықтан отандық кәсіпкерлер бәсекеге төтеп бере алмай отыр. Сондықтан айран, қаймақ пен ірімшік шығаратын кәсіпорын басшылары сүт импортына шектеу қоюды сұрайды.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
Бүгінгі шығарылымда:
Қарағандыдағы фабриканың өкілдері соңғы екі жылда сүт өндірісі 15 пайызға төмендегенін жасырмайды. Өйткені, Ресей мен Беларусь елінен келетін сүт, айран, қаймақ пен ірімшіктер нарықты жаулаған. Ал, импортталатын бұл өнімдердің бағасы арзан. Тиісінше, оған сұраныс бар дейді кәсіпкерлер.
ДУЛАТ АҚПАР, сүт фабрикасының басшысы:
- Солтүстікте орналасқан қалаларымызда басқа елдердің өнімдері көбейгеннен деп отырмыз. Сондықтан Қазақстандық өндірушілер СҚ-да басқа да шекаралас облыстағы өндірушілер өнімдерін бері қарай Астанаға, Алматыға, Қарағандыға тасуға мәжбүр. Соның салдарынан біздің де өнімге сұраныс азайып жатыр.
Мәселен, Ресей мен Беларусь сүтті тұтыну көлемінен 200 пайызға артық өндіреді. Ал артылғанын экспортқа шығарады. Оған қоса, өнімнің көп бөлігін Қазақстанға тасып жатыр. Тіпті, экспортқа шығарған тауар үшін Қазақстан көлік шығындарын толық субсидиялайды екен. Нәтижесінде олардың өнімі біздікінен де арзан болады дейді сүт өндірушілер.
ВЛАДИМИР КОЖЕВНИКОВ, ҚР сүт өндірушілер одағының төрағасы:
- Көбі дүкенде тұрған кезде арзан өнімді алады. Сондықтан біздің өнімдер өтпей қалады. Ал сырттан келетін өнімдердің сүт өндірісі бірнеше есе көп болғандықтан өзіндік құны да төмендейді. Және шикізат құны да төмен. Бізде 1 литрі 200 теңге тұрса, оларда 160 теңге.
Ал Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов жағдайды дереу қалыпқа келтірмесек кәсіпкерлеріміз шығынға батады деп отыр. Отандық өніммен ішкі нарықтың басым үлесін қамтуға қауқарымыз жетеді дейді халық қалаулысы.
НҰРЖАН ӘШІМБЕТОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты:
- Біздің шаруашылықтар, біздің зауыттар баға түсіріп, біздің азаматтарға сүт сататын болса бәсекеге жарамды болады. Ары қарай да біздің өнімдерді дамыта аламыз. Осы жұмысты жергілікті әкімшіліктер, ауыл шаруашылығы министрлігі, сауда министрлігі бас қатыруы керек. Бірақ біз ешқандай жұмыс жүріп жатқанын байқап отырған жоқпыз.
Ал ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәселеге қатысты әзірге жауап берген жоқ. Сарапшылар сүт импортын шектеуді де ұсынып отыр. Мәселен, аталған тауар кез келген көлік түрімен де кіргізіледі. Ал мамандар теміржол арқылы ғана кіргізуге рұқсат берілсе, импорт көлемі едәуір азаятын болады дейді.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Пікірлер: 2
@gulzhanz944
@gulzhanz944 23 күн бұрын
Озимиздики жаксыгой сапалы бирак биздикин жауып жатырсут заводтарын Ол белгилигой кимнин жумысыекени .аувлда колдан сататын сут табалмай калдык.
Would you like a delicious big mooncake? #shorts#Mooncake #China #Chinesefood
00:30
Climbing to 18M Subscribers 🎉
00:32
Matt Larose
Рет қаралды 22 МЛН
1 класс vs 11 класс  (игрушка)
00:30
БЕРТ
Рет қаралды 3,5 МЛН
Эдуарда сырғалым атанды!
1:24:11
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 254 М.
«Әкімнің туыстары өмірімізді тозаққа айналдырды»
4:18
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 168 М.
Советский мультфильм про нашу жизнь !
13:49
Дедушка Аргентинца
Рет қаралды 2,8 МЛН
Лауазымды тұлғалар заңсыз жер сатқан
4:18
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 59 М.
ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДАН ТҮСКЕН ТАБЫСТЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛА МА?
9:19
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 25 М.
Montek Singh Ahluwalia on Cracking India's Economic Jigsaw
52:23
Shoma Chaudhury
Рет қаралды 14 М.
Жұмысшы топтың отырысы | 13.06.2024
33:46
Фархад Жансұлтан
Рет қаралды 30 М.
Алматы: жизнь в трущобах
19:52
ORDA News
Рет қаралды 1 МЛН
Would you like a delicious big mooncake? #shorts#Mooncake #China #Chinesefood
00:30