Рет қаралды 27
Туған күні еді ұлы ақынның,
Дүниеге келдің сол күн, Алтыным.
Қуаныштан бал-бұл жанған атаңның,
Көрсең еді жанарының жарқылын.
Гүл боп өсіп туған жердің төсіне,
Жүрсінші деп қуаныш боп көзіме.
Ақын болсын Бейсенхан әпкесіндей,
Айсәуле деп есім бердім өзіңе.
Айналайын, менің әппәқ, ақ гүлім,
Жырға толы болып келсін әр күнің.
Мұқағали жасын емес, өзіңе,
Берсін деймін жырларының ғұмырын.