#айтыс

  Рет қаралды 1,850

Nurbeibit Auhadenuly

Nurbeibit Auhadenuly

Күн бұрын

#айтыс Осыдан бес жыл бұрын өмірден өткен айтыскер ақын Салауат Исахаевты жылыойлықтар ерекше құрметпен еске алды. Туған ауылы Шоқпартоғайда шәкірттері мен достарының ұйтқы болуымен «Елі сүйген Салауат» атты Батыс аймақтық ақындар айтысын ұйымдастырды.
Сөз сайысына Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облыстарынан барлығы 12 айтыскер қатысып, бақ сынады. Олардың арасында тұлпардың тұяғындай, асылдың сынығындай болған жалғыз ұлы Ернұр Салауатұлы да бар еді. Ал қазылар алқасында досы, інісі Бауыржан Халиолланың төрағалығымен айтыскер ақын Мүтиғолла Ғани, кәсіпкер, руханият пен өнер жанашыры Нұрлан Қайреденов, «Асыл домбыра» иегері, шәкірті Сырымбек Сәрсембаев, ақын Бүркіт Базарбаевтар айтысқа төрелік етті.
Ақындар жұбы көпшілік көрерменің алдында жеребе суыру арқылы белгіленіп, аяқ алысын аңдау үшін алғашқыда әрқайсысына 15-20 минуттан уақыт берілді. Алғашқы айналымнан кейін қазылар алқасының ұйғаруымен төрт ақын додадан шығып қалды. Үздік деп танылған сегіз ақын қайтара сөз сайысына түсіп, шап па шап, жекпе жек айтыста «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарлар» шашасына шаң жұқтырмай алға суырылып шыға бастады.
Бес сағатқа тарта уақытқа созылған жыр додасының нәтижесін жариялайтын кез де келіп жетті. Жұрт іштен тына қалып қазылар алқасы төрағасының қорытынды сөзіне құлақ түрді. Бауыржан Халиолла сахнада өнер көрсеткен әрбір жұпқа жеке-жеке тоқталып, сөз сайысын саралап өтті. Жүлдегерлерді жариялайтын сәт те келіп жетті. Алғашқы айналымнан шығып қалған айтыскерлерге Алғысхаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Өнерімен көзге түскен атыраулық Амангелді Панабердиев пен Жәнібек Садыров, ақтөбелік Айболат Көшкінбай ақын ағаларының тағайындаған арнайы жүлдесіне ие болды.
Қазылар алқасының төрелігімен Атырау облысының жас ақыны Бимырза Әбілқайыр және маңғыстаулық Ердаулет Сардар үшінші орынды жеңіп алды. Екінші орын талантымен талайды тамсандырған даладай дауылпаз жас ақын, ақтөбелік Нұрбол Жауынбаевқа бұйырды. Ал жүлделі бірінші орын тұлпардың тұяғына жолы мен ағалық ақ батасын берген оралдық Бауыржан Ширмеденұлына табысталды.
Бас жүлдені және оған тағайындалған 500 мың теңге байрақты өрен өнерімен көзге түскен жас ақын, асылдың сынығы Ернұр Исахаев қанжығасына байлады. Өзге жүлдегерлер де ақшалай марапатқа ие болды.
Көзі тірісінде елін-жерін құлай сүйген арқалы ақын Салауат Исахаевты еске алуға арналған «Елі сүйген Салауат» атты аймақтық ақындар айтысы осылайша өз мәресіне жетті.
Ербол Бисекенұлы
#айтыс2023 #елісүйгенсалауат #салауатисахаев #аймақтықақындарайтысы #шаппашап #жеребеайтыс #суырыпсалма

Пікірлер: 4
@asyl55005
@asyl55005 Жыл бұрын
Телевизордан көріп бір қуанып едім.Өте жақсы айттыс болды .Бірақ Айтыскер орг парақшасына қортындысын шығарады деп ойлап едім.Салауат ағаның айтысқа көп тері сіңген ақын ғой.Өкінішке орай шығармады.Еұрнұрды қолдаған ақын ағаларыма қуандым.
@ФархадМусаев-ц3ы
@ФархадМусаев-ц3ы Жыл бұрын
@ФархадМусаев-ц3ы
@ФархадМусаев-ц3ы Жыл бұрын
Айтыс Сырымбекке арналмаған дейді 😅 Шалқарбай. Аяқтағы төплиім бапымдікі дегенді папаңның төплиіне арналған айтыста айтып па едңң😅
@ХадишаНурганова-з7ы
@ХадишаНурганова-з7ы Жыл бұрын
Осы айтысқа барып қатысудың сәті түспеді. Бірақ ФБ- арқылы көріп Ернұр баламыздың І ОРЫН алғаны құтты болсын! Менің оқушым Салауаттың есімі өшпей, осылай ұрпақтар санасында жаңарып, жасай берсін! Ернұр баламыздың ақындық жолдағы сәтті қадамдарына қуанушы, қолдаушы тараптың біріміз. Әке жолын қуған ізбасары деп сүйсініп, әр қадамына сәттілік тілейміз! 👍👍👍💝💝💝👏👏👏
СУ ЖАҢА АЙТЫС. ДИДАР ҚАМИ мен МЕЙІРБЕК СҰЛТАНХАН
56:36
отомстил?
00:56
История одного вокалиста
Рет қаралды 7 МЛН
GIANT Gummy Worm Pt.6 #shorts
00:46
Mr DegrEE
Рет қаралды 91 МЛН
Салауат Исахаев пен Еркін Садықұлы жалғасы
37:31
Абзал Кабдраш
Рет қаралды 34 М.
Мұрадым МИРЛАНОВ VS Естеміс МҰХАМБЕТОВ
30:21
JANAIDAR BOLATBEKULY
Рет қаралды 28 М.
Республикалық ақындар айтысы.Атырау
3:57:34
Alibek Yerzhanov
Рет қаралды 319 М.
отомстил?
00:56
История одного вокалиста
Рет қаралды 7 МЛН