“Ақ Жайық” ор. Ғарифолла Құрманғалиев

  Рет қаралды 5,160

DombyraFM

DombyraFM

Күн бұрын

Ғарифолла Құрманғалиев (1 қаңтар 1909, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы - 1993, Алматы) - ҚР мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, әнші (тенор), Қазақ КСР халық әртісі.
Өмірбаяны
Байұлы тайпасының Алаша руынан шыққан.
* Әншілік өнерге бейімділігі бала кезінен байқалды. Ұлы Мұхиттың шәкірттері Шынтас пен Шайқыдан дәріс алды.
* 1934 жылы Алматыда өткен халық көркемөнерпаздарының бірінші Бүкіл Қазақстандық слетіне қатысты.
* Сол жылы Қазақтың музыкалық драма театрының (қазір Қазақтың опера және балет театры аталады) құрамына қабылданды.
* 1967 жылдан бастап Республикалық өнер және цирк студиясында сабақ берді.
Шығармашылығы
Құрманғалиев Е.Брусиловскийдің "Ер Тарғын", "Айман-Шолпан", "Қыз Жібек", Мұқан Төлебаевтың "Біржан-Сара", А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абай" операларында күрделі партиялар мен рөлдерді ойнады. Оның орындауында халық әндері асқақ та әсем әуезімен аспан астын толтыра сорғалай шырқады. Ол әрбір әуенді әуелете салған сайын оған жан мен жүрек бітіріп, дауыс сазына даланың ұланғайыр дарқандығын өз көңіл толқынысымен ұштастыра сиғызып жіберетін. Ғарифолла аңыратып, жамыратып ән төкпелеткен кезде тыңдаушының көз алдына арқыраған арғымақтар мен аса киелі аруаналар даласының кескін-келбеті келеді. Ақтарыла тасыған ақ жарма өзендер мен ағын сулар әуені қыран қүстардың қанат қағысы, алып таулар асқақтығы, ақиық ақын Махамбет жырының атойы бар бояуымен, ішкі рух нәр-нақышымен Ғарекеңнің өз жүрек түкпірінен шығып жатарды. Ол өзі негізін салып кеткен әншілік мектептің осындай өзгеше орындаушылық шеберлікті қажет ететін дара қасиеттері бар. Оның кемеліне келтіре орындаған «Айнамкөз», «Үлкен айдай», «Ақ кербез», «Ісмет», «Боз жорға», «Он алты кыз» т. б. халық әндері жұртшылық көңілінен берік орын алды. Ол орындаушылық өнерімен катар, өзі де көптеген әндер («Ақ Жайық», «Сүйген жар», «Нұржамал», «Жан еркем», «Аққу», «Сүйемін туған өлкемді») шығарды.[4]
Ғ.Құрманғалиев ән сапарымен төрткүл дүниенің талай елдерінде болып, сан-сан сахналардан ұлттық музыкалық салт-дәстүріміздің байлығын паш етті. Оның отандық мәдениетке сіңірген орасан зор еңбегі әлденеше мәртемемлекеттік марапаттармен бағаланды.

Пікірлер: 5
@АлтайБатыров-х1р
@АлтайБатыров-х1р 8 ай бұрын
Тамаша ❤
@sakhansari4617
@sakhansari4617 Жыл бұрын
УАА ! ШЫРКЫН - АЙ ! ! ! КАНДАЙ ТАМАША ! ГАРЕКЕНге КЫМ ЖЕТСЫН ? АРУАГЫ АР КАШАНДА СЫЙЛЫ БОЛСЫН. КАЗЫРГЫ ЖАСТАР КОБЫ БИЛЬМЕЙДЫ ГАРИФОЛЛА КУМАНГАЛИЕВ, МАНАРБЕК ЕРЖАНОВ ТАГЫДА БАСКА ( Маркум болып кеткен аншылерды). БАБАЛАРЫМЫЗДЫН ЕНБЕГЫН, ДАСТУРЫН БЫЛЮМЫЗ КЕРЕК.
@ЕркебайЖалгасов-р7б
@ЕркебайЖалгасов-р7б 11 ай бұрын
Не деген орындау ан
@ЕльдарСағынов
@ЕльдарСағынов 6 ай бұрын
БКО тумасымын казирги танда Алматыда журмин Ак жайыкты сагыным
@Hit8c
@Hit8c 7 ай бұрын
🎉🎉🎉🎉🎉🎉🎉
халық әндері.Ғарифолла Құрманғалиев.
8:58
Әзімхан Адай
Рет қаралды 10 М.
🍉😋 #shorts
00:24
Денис Кукояка
Рет қаралды 3,6 МЛН
БЕЛКА СЬЕЛА КОТЕНКА?#cat
00:13
Лайки Like
Рет қаралды 2,6 МЛН
ӘБІЛАХАТТЫҢ ӘНДЕРІ-АЙ/ФИЛАРМОНИЯ ЗКО ( ӘБІЛАХАТ ЕСПАЕВ 95 ЖЫЛ)
36:12
Ғарифолла Құрманғалиев атындағы ФИЛАРМОНИЯ
Рет қаралды 18 М.
СЫРЛЫ САЗ. Батыс ән мектебі
20:15
Abai TV / Абай TV
Рет қаралды 2 М.
Мекес Торешов
4:43
Kairat Kakimov
Рет қаралды 68 М.
🍉😋 #shorts
00:24
Денис Кукояка
Рет қаралды 3,6 МЛН