Ақжол Түменбай - «ХАҚЫҢ БАР ӨМІР СҮРУГЕ» (Тоқаш досыма)

  Рет қаралды 122

Akzhol Tumenbai

Akzhol Tumenbai

Күн бұрын

«ХАҚЫҢ БАР ӨМІР СҮРУГЕ» (Тоқаш досыма)
✍️ Ақжол Түменбай
🎼 Жандос Қаржаубай
🎤 Әбдіжаппар Әлқожа, Жандос Қаржаубай
Тілдеме досым тіршілігіңді,
Күндеме мәнін ғұмырдың.
Сезеді Құдай құлшылығыңды,
Сезбесе неге жығылдың?
Жұттың ба жұпар тылсым деміңді,
Барсың ғой барсың тірісің.
Естиді Құдай күрсінгеніңді,
Айқайлай берме құрысын.
Шыр еткен шақтан шапағат берді,
Жөнің жоқ еді алаңдар.
Мөп-мөлдір таза махаббат берді,
Былғады оны адамдар.
Қара басымды қаңтарып кетті,
Махаббатыма сеніп ем.
Көп достар менен жалтарып кетті,
Жалғыздық қалды менімен.
Көп достар менен жалтарып кетті,
Жалғыздық қалды менімен.
Ар, намыс берді, арпалыс берді,
Талауда талай қалғанмын.
Жеңдіріп мұңға арқа күштерді,
Жағасын алдық жалғанның.
Жаныңмен сүйші жұмыр ғаламды,
Кім үшін бірақ кім үшін...?
Естиді Құдай сыбырлағанды,
Айқайлай берме құрысын...
Жүзі мақтаса, мыңы тілдейді,
Тағдырдан кінә көрме сен.
Күдік сейілер, үміт өлмейді,
Өлімнен бұрын өлме сен.
Шуақ түспейді көңілге кектен,
Ит қана туған үруге.
Ақың жоқ сенің өмірде кеткен,
Хақың бар, бірақ сүруге.
Ақың жоқ сенің өмірде кеткен,
Хақың бар, бірақ сүруге.
Жүзі мақтаса, мыңы тілдейді,
Тағдырдан кінә көрме сен.
Күдік сейілер, үміт өлмейді,
Өлімнен бұрын өлме сен.
Шуақ түспейді көңілге кектен,
Ит қана туған үруге.
Ақың жоқ сенің өмірде кеткен,
Хақың бар, бірақ сүруге.
Ақың жоқ сенің өмірде кеткен,
Хақың бар, бірақ сүруге.
Хақың бар өмір сүруге.

Пікірлер: 4
Ақжол Түменбай “СЕНІҢ ЖАНЫҢДА”
1:20
Every team from the Bracket Buster! Who ya got? 😏
0:53
FailArmy Shorts
Рет қаралды 13 МЛН
Andro, ELMAN, TONI, MONA - Зари (Official Music Video)
2:50
RAAVA MUSIC
Рет қаралды 2 МЛН
Ақжол ТҮМЕНБАЙ - АПА...
2:08
Эксклюзив арна
Рет қаралды 4,3 М.
Трамп пен Путин, Мәсімовтің үйі, С1 визасы - AzatNEWS | 10.02.2025
25:56
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 35 М.
Тұрсынбек Қабатов
2:34
Қазақ жұлдыздары
Рет қаралды 372
ЕНЕМНІҢ АШУЫН БАСУДЫҢ ЖОЛЫН ТАПТЫМ
5:06
ТӨРЕ ГҮЛШАТ
Рет қаралды 38 М.
Информбюро 10.02.2025 ТОЛЫҚ ШЫҒАРЫЛЫМ!
27:33
Информбюро 31
Рет қаралды 23 М.