Ақтөбе НЕГЕ күшін аяп қалды? Тобыл ӨТІП тұр ма? Дарбо шайды.

  Рет қаралды 16,622

Соққы және гол!

Соққы және гол!

10 ай бұрын

Бұл - Соққы және гол! #121
Қонақта: Есей Жеңісұлы
Бізді қолдаған: ​⁠​⁠@ParimatchKazakhstan
Instagram - / parimatch_kz
Telegram - t.me/pmkaz
TikTok - / parimatch_kz
Телеграмда күнде жаңалықтар шығып тұрады: t.me/soqqyjanegoal
Бізді іздесеңіздер:
/ alimjanasqar
/ tarazfifa
УЕФА Конференция лигасы үшінші іріктеу кезеңі аясында “Ақтөбе” сырт алаңда румыниялық “Сепсиге” қарсы алғашқы матчын өткізді.
Матчта ақтөбелік клуб Элдер Сантананың соққан голымен есеп ашса, ойынның 89-минутында “Сепси” ойыншысы Роланд Варга таразы басын теңестіріп кетті. Осылайша, матч тең есеппен аяқталды.
Командалардың қарымта кездесуі 17 тамыз күні Ақтөбеде өтеді.
UEFA Конференция лигасы үшінші іріктеу сатысында Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Солтүстік Ирландияның «Дерри Сити» командасын жеңді.
Бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде Роман Асранқұлов сол қапталдан айып алаңының ішіне ентелеп кіріп, аяғының сыртқы жағынан әдемі гол соқты. Әйгілі португалиялық Рикарду Куарежманың стилінде тепті. Қорытынды есеп - 1:0.
«Тобыл» (Қостанай, Қазақстан) - «Дерри Сити» (Дерри, Солтүстік Ирландия) - 1:0
Гол: Асранкулов, 65 (1:0).
Енді қарымта кездесу 17 тамызда болады. Ал «Тобыл» Конференция лигасының алғашқы екі іріктеу сатысында Финляндияның «Хонка» (0:0, 2:1), Швейцарияның «Базель» (3:1, 1:2) клубтарын қапы қалдырды.
Аталған жұптағы жеңімпаз ұжым плей-офф сатысында «Виктория» Пльзень (Чехия) мен «Гзира Юнайтед» (Мальта) жұбының жеңімпазымен жасыл алаңға шығады.

Пікірлер: 136
@soqqy
@soqqy 9 ай бұрын
Біздің серіктесіміз Parimatch Kazakhstan-мен бірге үздік спорт оқиғаларынан жарқын эмоцияларға қол жеткіз және шотты бірінші толықтыруға 300%-ға дейін бонусты ал 💸 Сілтемені бас және 300%-дық бонусыңды ал: clck.ru/354hU4
@nurik5045
@nurik5045 9 ай бұрын
Әлеке осы ұпайлар туралы нақты түсіндірсеңіздер. Қанша ұпай жинады ол ұпай жиналса кімге пайдасы тиеді. Сол туралы бір дұрыстап арнайы толығырақ түсіндірсеңіздер
@nurik5045
@nurik5045 9 ай бұрын
Маған үш команданың ойыны ұнады. Бірақ Ақтөбе мен Тоболға жаным ашиды. Себебі КПЛ басқа командалар ойынды ауыстыруға келіспеді. Ойыншыларға қиын болды. Сұхбаттарының өзінде оларға ренжігені көрініп тұр.
@qazaqfootball5775
@qazaqfootball5775 9 ай бұрын
Есей аға қазақ футболы жағынан өте білікті эксперт. Сөзсіз, талассыз👍🏼🔥
@DamirRakhatuly
@DamirRakhatuly 9 ай бұрын
Һәм шүбәсіз
@nurik5045
@nurik5045 9 ай бұрын
Статистиканы жақсы біледі
@user-gx4xs5gt6u
@user-gx4xs5gt6u 9 ай бұрын
Тек алға жігіттер соққы және гол тооооооп ермаш шакырындар келесиде
@user-eo4on6oj7f
@user-eo4on6oj7f 9 ай бұрын
Есей аға мен әрқашан қызықты 🔥
@erzhan_tanat
@erzhan_tanat 9 ай бұрын
Шомко казак футболынын тири анызы,али де оз ойынын жогалтпаган ойыншы👏
@user-cr2wl2gw7w
@user-cr2wl2gw7w 9 ай бұрын
Есей ага аман болыңыз, қазақ футболының жанашыры! Кутіп журеміз озіңізді!
@user-di3to5mn8b
@user-di3to5mn8b 9 ай бұрын
Керемет жақсы талдау.Барлық командаларға сəттілік
@ers178
@ers178 9 ай бұрын
Есей ағаны күтіп қалыппыз . Әлеке жиі жиі шақырып тұрыңыз😊😊
@Ernur0108
@Ernur0108 9 ай бұрын
Есей ағаның ангмесін тыңдап отыра бергің келедіғой шіркін😂
@DamirRakhatuly
@DamirRakhatuly 9 ай бұрын
Құлақ ұшын қандырады иә, майдай жағады ғой 😁😅
@Ernur0108
@Ernur0108 9 ай бұрын
@@DamirRakhatuly ну👍
@user-bp3nv9pt5j
@user-bp3nv9pt5j 9 ай бұрын
Жарайсындар жигитер аға мен інінң арасындагы калжын Есей ағаға еркелеп отырып керемет шығарылым болды алға
@ernar_nurmaganbet
@ernar_nurmaganbet 9 ай бұрын
Есей ағамен шығарылымды өте асыға күтемін. Аға, красавчик ❤
@user-gp1ji5wc4p
@user-gp1ji5wc4p 9 ай бұрын
Ассалаумағалейкум Әлеке Бекс Есей ағаны шақырып жақсы қылдыңдар.супер.түскі астың уакытында қарап демалып қалдым.кешегі ұйқымда күшті болып еді қазақстандық клубтарының арқасында.Алға баса беріңдер.Жеңісті күндерде жолыққанша.
@soqqy
@soqqy 9 ай бұрын
@user-rz4sg9dq3g
@user-rz4sg9dq3g 9 ай бұрын
121Шығарлым құтты болсын Алға дамый беріңдер керемет 👋👋👋
@qazaqfreefire1426
@qazaqfreefire1426 9 ай бұрын
Негізі расымен де Есей ағаның айтқан ойы өте орынды егер тереңірек түсінсек , бос сөз айтпайды
@abeke917
@abeke917 9 ай бұрын
Керемет подкаст.Токтамандар❤
@clashclasher977
@clashclasher977 9 ай бұрын
Жеңістеріміз алдағы ойындардада еселей берсін ❤🔥😎
@DamirRakhatuly
@DamirRakhatuly 9 ай бұрын
Айтқаның келсін бауырым! Әумин!
@user-kl4kr1bb7d
@user-kl4kr1bb7d 9 ай бұрын
Есей ағамыз аман болсын
@DamirRakhatuly
@DamirRakhatuly 9 ай бұрын
Әумин! 🤲
@altynbekoff6593
@altynbekoff6593 9 ай бұрын
Астана не десек Қазақстандағы ең үздік клуб екенін дәлелдеп отыр тағы да. Конференция Лигасына өтті деп есептей берейік. Динамо Загреб пен Аяксты жеңбедің деп Астанаға ешкім ренжи қоймас Дерри Ситимен сырт алаңдағы ойын енді Тобыл үшін оңайырақ болады. Тобыл өз алаңында көп гол соқпаған себебі ол Қостанайдағы нөсер жауыннан көгал сапасы нашарлап кетті, өздеріңіз шөптің үстінде доп жүрмей жатқанын көрдіңіздер. Ал бұл Тобылдың комбинациялық футбол көрсетуіне кедергі келтірді, содан амал жоқ бей беги болып ойнады. Ал бұл стиль британдық ортаңқол клуб үшін өте ыңғайлы. Енді өз алаңында олар кешегідей жүре алмайды. Себебі Тобыл 1 голға озып тұр. Ал жеңіліп жатқан команда шабуылдайды, зоналарды ашық қалдырады. Тобыл соны қолданып кетсе Тобыл келесі кезеңде Ақтөбе туралы артық ештеңе айтып керек емес. Қобыланды Батырда Сепси тізесі дірілдейтіні түсінікті
@bekos_s
@bekos_s 9 ай бұрын
Есей Жеңісұлын ҚПЛдын басшысы етіп сайлау керекқой
@user-su7th4gz8k
@user-su7th4gz8k 9 ай бұрын
Керемет шығарылым
@user-tq7wl1eb2f
@user-tq7wl1eb2f 9 ай бұрын
Моладец Тобыл Актобе Астана
@Ermurat.zhumatursyn
@Ermurat.zhumatursyn 9 ай бұрын
3 командада өтіп турған сияқты
@askhatjanibekov6418
@askhatjanibekov6418 9 ай бұрын
Ақтөбедегі жақын жанкүиерлер Ұжымымызды қолдаиық Мен Маңғыстаудан Қазақтың қай футбол клубына болсын жанкүиермін Мақтаарал болсада😁
@user-oc8pb8bt7g
@user-oc8pb8bt7g 9 ай бұрын
Есей ағаға респект🎉
@user-hr8sp4fu1v
@user-hr8sp4fu1v 9 ай бұрын
Актобе Астана матчтары маган катты унады Тобыл ойын жуйесi А сериядагы Милан футболын корсеттi жарайсындар жiгiтер сатiлiк ❤❤❤
@user-fb1yj9di1b
@user-fb1yj9di1b 9 ай бұрын
Рахмет жигиттер
@darkstart7699
@darkstart7699 9 ай бұрын
Жақсы подкаст болды
@alikurmangali3409
@alikurmangali3409 9 ай бұрын
Есей аға келсе әрбір аңгімесін тыңдаймын ана мақтаншақ МЮ дың фанатыннан басқа шығарлмдарың барі керемет
@user-bp3nv9pt5j
@user-bp3nv9pt5j 9 ай бұрын
Есей аға топ
@user-dc9fk3gc7c
@user-dc9fk3gc7c 9 ай бұрын
Әлімжан менен усыныс болсын орыс тилинде жургизетин коментаторлардан бастандаршы Тобылды сол коментаторлар Тобол деп айтып отырады Тобыл деп айтсын эфирде
@soqqy
@soqqy 9 ай бұрын
Өздерінің санасы жете ме екен деп күтіп жүрмін
@user-dc9fk3gc7c
@user-dc9fk3gc7c 9 ай бұрын
Ай қайдам сендердің қазақша атайық Тобыл деп жүргендеріңді естімей жүрген жоққой олар сонда да Тобол деп оттап отыратындарына жының ұстап кетеді
@serikbol.nakysbek
@serikbol.nakysbek 9 ай бұрын
Қазақша контент ❤
@RakhatAssylbek
@RakhatAssylbek 9 ай бұрын
Есей аға легенда
@user-lq4rp3bn8x
@user-lq4rp3bn8x 9 ай бұрын
Арбир шыгарыдымды узби корем керемет дамтбериндер 🤙
@user-yv2lg2dd6x
@user-yv2lg2dd6x 9 ай бұрын
Өте керемет талдау😊🎉🎉
@elnarsuindikov4695
@elnarsuindikov4695 9 ай бұрын
Әлімжан Асқар 👍
@azamatkenebaev_
@azamatkenebaev_ 9 ай бұрын
Жақсы подкаст
@user-ys3qn8ty4p
@user-ys3qn8ty4p 9 ай бұрын
Керемет🎉
@azatsydyk8281
@azatsydyk8281 9 ай бұрын
Керемет жігіттер
@AktobeKazak
@AktobeKazak 9 ай бұрын
Актобе 🔴 ⚪️
@alicaglar4090
@alicaglar4090 9 ай бұрын
Kazakistan kulüplerine başarılar, kazakça bilmiyorum %20-30 anlıyorum. Videonun başında ki Türkiye konusunu tam anlamadim ama :)
@Kzfoot23
@Kzfoot23 9 ай бұрын
Зор шығарылым болыпты
@oimamaqoo9589
@oimamaqoo9589 9 ай бұрын
Транферлееер кутемз Кейн Баварияга туралы, әлде апл басталды сол туралы тема болама
@xhaka094
@xhaka094 9 ай бұрын
Красавчики🎉
@user-jm6qu2zd9l
@user-jm6qu2zd9l 9 ай бұрын
Базар жоқ
@user-gn7pf5ul5c
@user-gn7pf5ul5c 9 ай бұрын
Есей аға👍🏻
@user-xv5qj3lu9s
@user-xv5qj3lu9s 9 ай бұрын
Астана Ақтөбе Тобыл кулбтары евра кубокта топтық кезең шықса жақсы болар еді?
@xhaka094
@xhaka094 9 ай бұрын
Есей аға👍👍👍
@user-ci4ti2ov6o
@user-ci4ti2ov6o 9 ай бұрын
Қазақша мықты
@alishernurolla828
@alishernurolla828 9 ай бұрын
алға
@user-of8kt1yr6s
@user-of8kt1yr6s 9 ай бұрын
Астана тобыл женис сенимын
@theaidyn50-42
@theaidyn50-42 9 ай бұрын
Екибастузды да ойлайтын кез болады екенгой 😅
@EskaSalik-oz9ng
@EskaSalik-oz9ng 9 ай бұрын
Есей братан саган коментатор болган жараспаит шыным айтаин тек осындай аналетик жасаган унайды подскаст тож
@user-pk2fx9ci5w
@user-pk2fx9ci5w 9 ай бұрын
Қалайсың
@heisgooood8
@heisgooood8 9 ай бұрын
Ұлы Әлеке❤
@user-fg2yv9rg9p
@user-fg2yv9rg9p 9 ай бұрын
❤😊
@bekos_s
@bekos_s 9 ай бұрын
Тобылдың деңгейі бөлек еврокубоктарда
@user-qw5sq8cb7n
@user-qw5sq8cb7n 9 ай бұрын
❤ А Қ Т Ө Б Е ❤ ❤ А Қ Т Ө Б Е ❤
@neueka5409
@neueka5409 9 ай бұрын
@Kayrat_Erbota
@Kayrat_Erbota 9 ай бұрын
Жігіттер бәрі жақсы! Бірақ букмекерлік контораларды жарнамалауды қойсаңыздар, спонсор табылар басқа. Жастарымыз табылмас. Осы пәледен қанша жастар, от басы құрбан болып жатыр гой.
@altynbekoff6593
@altynbekoff6593 9 ай бұрын
Бұл кісілер өз проектін ары қарай дамыту үшін жарнамалайды. Ал ставка қоя ма, қоймай ма ол адамның өз таңдауы. Сол отбасы құрбан болып жатқан адамдар өз басын өзі алып жүре алмайтын сорлы деңгейде болып тұр, егер соншама лудоман болып кетсе
@user-wx6ic1cn6x
@user-wx6ic1cn6x 9 ай бұрын
Актөбе уже чимпион
@user-su7th4gz8k
@user-su7th4gz8k 9 ай бұрын
Алға Астана
@caliber9895
@caliber9895 9 ай бұрын
Бексұлтан айналайын сөзді бөлмесең екен. Бірақ талдауларың жақсы. Жалпы шығарылым қызықты. Тобыл ойыны ұнады. Жеңіп келеді. қарсыластары да аса мықты емес. Базельді айтпағанда. Ақтөбенің Сепсимен текетіресі қатты ұнады. Себебі басым түскен команда болмады бұл жұпта. Өз алаңымызда бұйырса есесін қайтарамыз.
@user-km8td4ju5o
@user-km8td4ju5o 9 ай бұрын
🎉
@kuatnaukenov4962
@kuatnaukenov4962 9 ай бұрын
Әдемі
@Ernur0108
@Ernur0108 9 ай бұрын
Әлеке димда кезінде кл пайда болған кезде көп комен-р да футбол мамандары да не керегі бар осы турнирдің ешкім көрмейді дегендер қазір барлығы осы турнирді талқылап жүр. Иа түсінікті қазақ командалары ойнағаны үшінғой барлығы менің ойымша осы турнирдан кейін тағы бір европалық турнир пайда болсада көріп кетеміз себебі біздің командалардың денгейіне келер турнирлар осы. Сауд Арабиясыныңда лигасын тіпті МЛС ті де көріп кетеміз уақыты келгенде уақыт орнына қояды бәрін. Өз ойымғой Әлеке дұрысынан түсініңдер. Ал Соққы және Гол топ әнгме жоқ.👍👍☝️
@soqqy
@soqqy 9 ай бұрын
Қазақ командалары ұшып кеткен соң, ешкім көрмейді. Ары кетсе финалды көреді
@Ernur0108
@Ernur0108 9 ай бұрын
@@soqqy тусінбедің ау Әлеке всё ладно.
@user-jm6qu2zd9l
@user-jm6qu2zd9l 9 ай бұрын
🎉🎉🎉🎉🎉
@user-gw3xd3em5g
@user-gw3xd3em5g 9 ай бұрын
0:09
@user-pk2fx9ci5w
@user-pk2fx9ci5w 9 ай бұрын
😅😅😊😊Футбол
@YerkebulanUtepbergenov
@YerkebulanUtepbergenov 9 ай бұрын
Анадай форамен ойнаса ордабасыда лига конференция группасына шығатын еді
@aktobetazy2269
@aktobetazy2269 9 ай бұрын
Алға ақтөбе
@user-uu7gs7wt4t
@user-uu7gs7wt4t 9 ай бұрын
Тайм кодтар койсаңыз дұрыс болар еді
@sarautepova8799
@sarautepova8799 9 ай бұрын
Ақтөбеге Логвиненко келсе бәрі жақсы болады басшылыққа команда ға алда сәттілік
@nurik5045
@nurik5045 9 ай бұрын
Алайда ол өз мансабын аяқтады.
@sarautepova8799
@sarautepova8799 9 ай бұрын
@@nurik5045 мен басшылыққа Куленконың орнына дедім
@user-wk6zx6nx6c
@user-wk6zx6nx6c 9 ай бұрын
Автоголда барибир айыбы болады позиция тандауда
@user-go1zy6vw5y
@user-go1zy6vw5y 9 ай бұрын
Брат лайк басшы
@user-ji9sl6rh7m
@user-ji9sl6rh7m 9 ай бұрын
Тобылдың ойыны қорқынышты болды, Ақтөбе келіп тұрған жеңістен айырылып қалды, Астана-Лудогорецты өтетін сияқты көрінеді, Ондада егер дәл Астанада өткен ойындағыдай настрой мен построениемен шықса алаңға....)
@user-jg3km2jw3p
@user-jg3km2jw3p 9 ай бұрын
Меніңше үшеуіде ұшып кетеді.
@user-jm6qu2zd9l
@user-jm6qu2zd9l 9 ай бұрын
😂😂😂
@user-km8td4ju5o
@user-km8td4ju5o 9 ай бұрын
😂
@user-tc3re1sg4y
@user-tc3re1sg4y 9 ай бұрын
Аллах жазса биздин жасыл Аланда 11 ойншы тек озимиздин казак жигитеринен куралсын мынаотырган сендерде соган атсалысындар
@asylbek_kosai748
@asylbek_kosai748 9 ай бұрын
1
@damnazwehnazyas9569
@damnazwehnazyas9569 9 ай бұрын
Бул жолы Айымбетов шайды,,,,
@askhatjanibekov6418
@askhatjanibekov6418 9 ай бұрын
Қазақ Ұжымдарының әр таңбасында Әртүрлі әріпте жазылған неге Латынша ауыстырмаиды екен
@Batys.06Batys-cb2im
@Batys.06Batys-cb2im 9 ай бұрын
АБАЙДЫҢ КІТАБЫНЫҢ ЖАНЫНА ПАРИМАТЧТЫ ҚОЙҒАН ҚАЛАЙ КЕТТІ
@soqqy
@soqqy 9 ай бұрын
Зор жарасып тұр
@aktobetazy2269
@aktobetazy2269 9 ай бұрын
Жақсы сұхбат Нурсултан подкастында Астана Ордабасы деп қрлат бр брлерн жамандап
@Ruslan.2023
@Ruslan.2023 9 ай бұрын
3 милион устагандар биргемиз адеми адеми бугин пример лиги жыртып айырып бездирп кетемиз футбол бугин. Мени кут Исландия ✊️✊️👍👍
@rustem447
@rustem447 9 ай бұрын
Әлімжанның жанына бір камера қойып қою керек екен. Бексұлтан үнемі Әлімжанға қарап сөйлеп отырады.
@user-cp3kj7tp8h
@user-cp3kj7tp8h 9 ай бұрын
Актобе физически алсиз болды сонында )! Брак ойын жаксы
@zondshram7170
@zondshram7170 9 ай бұрын
Актобе слив матчей...
@EskaSalik-oz9ng
@EskaSalik-oz9ng 9 ай бұрын
13сектор келема енди аууууу 13 сектор
@maratibraimov4206
@maratibraimov4206 9 ай бұрын
Тобыл Виктория плзенге утлад
@maratibraimov4206
@maratibraimov4206 9 ай бұрын
Актобе Бодо глимттен аяктайд
@user-hu8vx4dd5l
@user-hu8vx4dd5l 9 ай бұрын
Тек Гадрани емес ана жерде Магуаир болсада гол жеберетін еді
@aliaskaharman7276
@aliaskaharman7276 9 ай бұрын
Гол сәтсіздік емес, защитниктерге үйрету керек баспен выбивать еткенде тура перед штрафной площадью под удар нападающиге ТЕП деп допты ұсынбасын!
@realAdilet
@realAdilet 9 ай бұрын
Бәрі бір-бір канал ашып алған ба футбол туралы 😂😂😂
@soqqy
@soqqy 9 ай бұрын
Бізде екі-үшеуден
@user-ju7hz4kh4y
@user-ju7hz4kh4y 9 ай бұрын
Міне Лепси командасы красно белый ма сол красно белыймен ойнайы, ал біздің ақтөбе аты красно белый ғана. Ойынға таза қызыл леверпул, таза ақ реал немесе кешегі таза қара форма. неге олай?? Мысалы ман ю. спартак москва ақ қызыл формасын тастамайды. Журналист мырзалар айтыңдаршы, командаға, өтініш
@YerkebulanUtepbergenov
@YerkebulanUtepbergenov 9 ай бұрын
Кеше енді қонақта ойнадығо
@user-hc5eo2mr5y
@user-hc5eo2mr5y 9 ай бұрын
Таразын тыға береді екен бексультән
@Fannerynd
@Fannerynd 9 ай бұрын
Алімжанның көзі ісіп кетіп жүрғой соңғы видеоларда.Ұйқы жоқ ау дим
@soqqy
@soqqy 9 ай бұрын
Айтпа
@user-kh3pq6jl1q
@user-kh3pq6jl1q 9 ай бұрын
Тобыл халқына айтыңдаршы, Тобол емес, Тобыл
@Ebashim24
@Ebashim24 9 ай бұрын
Бет ала мактай беред екен корнип тұр коркып отырғаның
@user-cp3kj7tp8h
@user-cp3kj7tp8h 9 ай бұрын
Астананы чемпион деп айтпандар шшс
Вселенная и Специальная теория относительности.
3:51:36
ЗЛОЙ АНАЛИТИК ВСЕЛЕННОЙ.
Рет қаралды 7 МЛН
Китайка и Пчелка 4 серия😂😆
00:19
KITAYKA
Рет қаралды 1,1 МЛН
Why You Should Always Help Others ❤️
00:40
Alan Chikin Chow
Рет қаралды 8 МЛН
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 6 СЕРИЯ
21:57
Inter Production
Рет қаралды 475 М.
Запросы в 1С за 3 часа. Часть 2
3:17:01
IRONSKILLS - Курсы по 1С
Рет қаралды 273 М.
Мадина мәһрге не сұрайды?
30:15
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 91 М.
Young Lingard vs Ronaldo 🥶#shorts #capcut #trending
0:20
LeoRono
Рет қаралды 4,4 МЛН
The Reaction 🤩🥰 #football #talent #wonderkid
0:18
Alex and Deme
Рет қаралды 3,5 МЛН
Whatever You Land On, Take The Penalty!⚽️😱
0:38
Joris
Рет қаралды 19 МЛН
Cristiano Ronaldo jr 🔥😍 #football
0:19
Unstoppable Football
Рет қаралды 8 МЛН
Гонщики Формула 1 🚘
0:57
EpicShortsRussia
Рет қаралды 587 М.