Ақтөбе облысында жол салып жатқан жұмысшылар 4 айдан бері жалақыларын ала алмай жатыр

  Рет қаралды 1,752

Информбюро 31

Информбюро 31

14 күн бұрын

БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Ақтөбе облысында «Шалқар-Бозой» тас жолын салып жатқан жұмысшылар наразылыққа шықты. Төрт айдан бері жалақыға қол жеткізе алмай жүрген жұрт қосалқы мердігердің компанияның кеңсесіне келіп, шу шығарды. Төзіміміз таусылды деген атпалдай азаматтар Шалқар көлінің табанын да тазарттық деп отыр. Бірақ еңбек ақыға келгенде басшылық сан түрлі сылтау айтып, созбалаңға салды дейді шағымданушылар. Айлық алмағандардың қатарында күзетшілер мен аспаздар да бар.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бұл жұмысшылар 400 шақырымды артқа тастап, Шалқар ауданынан Ақтөбеге амалдың жоқтығынан келген. Қосалқы мердігердің қаладағы кеңсесіне жиналғандар таңның атысы кештің батысы күре жолды салып жатыр. Одан бөлек, көлдің түбін тазартқан. Бірақ ауа райының қолайсыздығына қарамастан тер төккен тепсе темір үзетін жігіттер төрт айдан бері жалақы көрмепті.
МҰХТАР ДОСАНОВ, жүргізуші:
- 23 жылдың ноябрь айынан бастап 2024-тің март айына дейін айлығымызды алған жоқпыз. Бәріміздің кредитіміз бар. Осы келіп тұрмыз бермеген соң. Он сағат жұмыс істейміз. Беріледі, беріледі дейді. Мен үшінші топ мүгедекпін. Қант диабетімен учетта тұрамын. Төрт балам бар. Жағдайым қиындап кетті.
50-ден астам жұмысшының арасында күзетші, жүргізуші мен аспаздар да бар. Отбасымызды қалай асыраймыз деп ашынған көпшіліктің тауы шағылған. Ал, мердігердің кеңсесі жабық тұр. Облыс орталығына келу үшін қарыз алдық деген наразы топ еңбек инспекциясына да шағым түсіріпті. Ең қызығы, айлықты бермей жүрген компания ай сайын зейнетақы қорына ақша аударып тұрады екен.
АЙГҮЛ БЕКМАҒАМБЕТОВА, аспаз:
- Еңбек инспекторына да бердік. Нәтиже жоқ болып жатыр. Ауылдық жерде тұрамыз. Осы жерге келу үшін көршілерімізден қарыз сұрап алып келдік. Шалқардың ар жағында 100 километр жерде тұрамыз. Бала мектепте оқиды. Осында университетте оқиды балам. Бұлардың бастары қатты істейді. Пенсионканы төлейді. Айлығымызды бермейді.
Қосалқы мердігер компанияның басшысымен тек телефон арқылы тілдестік. Айтуынша, қаражатты тендерді ұтқан бас мердігерден ала алмай отыр екен. Ал, еңбек инспекциясы тексеріс жүргізіп, жұмысшыларға маңдай тер ақысын бермеген серіктестікке айыппұл салыпты.
ТАЛҒАТ ИСКАРИН, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Біздерге бірнеше рет арыз-шағым түсті. Оның ішінде топтық, ұжым болып жазды. Сол бойынша біздерде тексеріс жүргіздік. Енді қорытындысы бойынша берешегі анықталып отыр. Нұсқама бердік. Айыппұл салдық. Бүгінгі таңда осы материалдардың бәрін жеке сот орындаушыларына жіберілді. Не себепті орындалмай отырғанын айта алмаймын. Жақын арада шешуге тырысамыз деп міндеттеме алды мойындарына.
Ал, шалқарлықтар жалақы бермесе жұмысты тоқтатуға бекінген. Мардымды жауап та, айлық та ала алмаған жұмысшылар көңілдері түсіп, ауылдарына тағы көк тиынсыз қайтты.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Пікірлер: 4
@user-op6jw5qp9m
@user-op6jw5qp9m 13 күн бұрын
Жемкорлар желкелеринен шыксын
@user-xp2vy3tm1b
@user-xp2vy3tm1b 12 күн бұрын
Ақ адал еңбекті беру керек қой
@user-em3mp7ur4y
@user-em3mp7ur4y 12 күн бұрын
Осы тендер алушыларды қатаң бақылайтын жемқор емес ұйым керек, 4ай жалақысыз қалай күн көреді, айыппұл емес тексеру жазалау керек
@user-bp8ql4no5k
@user-bp8ql4no5k 9 күн бұрын
Береді ғой шыдаңыздар ақша үшін емес ел үшін жұмыс жасаңыз дар. Жолдан өткен әр адам рақмет айтады
Атырау мен Оралдағы су, Бишімбаев пен Собчак - AzatNEWS | 23.04.2024
15:01
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 99 М.
SUPER tasty dinner for my husband #shorts by Tsuriki Show
00:16
Tsuriki Show
Рет қаралды 3,2 МЛН
He FOUND MYSTERY inside the GUMMY BEAR 😱🧸😂 #shorts
00:26
BROTHERS VLOG
Рет қаралды 55 МЛН
skibidi toilet 73 (part 1)
04:46
DaFuq!?Boom!
Рет қаралды 32 МЛН
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 4 СЕРИЯ
24:05
Inter Production
Рет қаралды 487 М.
Әкім І Ембі
10:04
Телеканал 24kz
Рет қаралды 70 М.
"Біз біргеміз" телемарафоны //Информбюро 30.04.2024
10:14
Қазақстан жаңалықтары | 30.04.2024
7:07
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 39 М.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУІ
2:59
Ерболат Ержанбаев / Yerbolat Erzhanbaev
Рет қаралды 7 М.
ОРАЛ МАҢЫНДАҒЫ АУЫЛДАР ТОЛЫҒЫМЕН СУҒА КЕТІП ЖАТЫР😱😱
10:10
Ерболат Ержанбаев / Yerbolat Erzhanbaev
Рет қаралды 243 М.
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІККЕ МІНГЕН ӘКІМ
7:30
QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
Рет қаралды 71 М.
SUPER tasty dinner for my husband #shorts by Tsuriki Show
00:16
Tsuriki Show
Рет қаралды 3,2 МЛН