Ақтөбеде Сазды, Жіңішке өзендерінің деңгейі көтеріліп, саяжайларға тағы су кірді

  Рет қаралды 3,361

Информбюро 31

Информбюро 31

Ай бұрын

БІЗДІҢ KZbin АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
---------------------------------------------
Ақтөбе қаласында да тасқынның қаупі әлі сейілген жоқ. Сазды, Жіңішке өзендерінің деңгейі көтеріліп, саяжайларға тағы су кірді. Ал бір аптадан бері мектепте жатқан мыңнан астам тұрғынды "алдағы күніміз не болады" деген ой мазалайды. Олар эвакуация орталығынан шыққаннан кейін далада қалудан қорқады. Себебі, су басқан баспанада тұру мүмкін емес деп отыр. Толығырақ саяжай жұртының жанайқайын әріптесім Кәмшат Қопаева тыңдап қайтты.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
Бүгінгі шығарылымда:
Қаланың іргесіндегі «Ақтөбе рентген», «Зеленстрой» саяжайларына тағы су жайылды. Тасқының екінші толқынынан кейін тұрғындардың уайымы да күшейген. Бір аптадан бері мектепте жатқан жұрт баспанамыз жарамсыз болып қалды деп қорқады. Эвакуация орталығынан шыққанда «қайда баратынымызды білмейміз» деген бұқара әкімдіктен көмек сұрады.
САМАЛ БАЛМАҒАМБЕТОВА, «ЗЕЛЕНСТРОЙ» саяжайының тұрғыны:
- Менің алты балам бар. Мен үй кезегінде тұрмын. Ол жерде жылда су қаупімен отырамыз. Тап електің жағасында тұрамыз. Үй сұраймын. Үйімізге төбемізге дейін кірді су. Дүние-мүлік дым қалған жоқ. Тек өзіміз бала-шағамызбен осында отырмыз. Қайда барамыз?! Мен ешқандай қымбат квартираға бара алмаймын. Менің жағдайым келмейді.
ИНДИРА ҚАЛДЫБАЕВА, «АҚТӨБЕ РЕНТГЕН» саяжайының тұрғыны:
- Мен көп балалы анамын. Бес балам бар. Бір балам учетта тұрады. Мектепке орналастырдық. Осы жақта жатырмыз. Бізге баспана керек. Үйіміз жарамсыз. Суға кетіп қалды. Кеше барды комиссия. Комиссия барғанмен кіре алмай кетті. Кеше тағы екінші рет қайталанып келді. Мына жақта ертең сабақ басталады деп жатыр. Сабақ басталғанда қайда барып тұрамыз.
Осылай деп шыр-пыр болған қараша су басқан үйлердің ішінде бүлінбеген дүние-мүлік қалмағанын жеткізді. Ауланы балшық басқан. Тұрғындар су сіңіп, сыз тартқан үйлердің оңайшылықпен кеппейтінін айтады.
ҚҰРАЛАЙ ЖАҚСЫЛЫҚОВА, «АҚТӨБЕ РЕНТГЕН» саяжайының тұрғыны:
- Үйіміз мынадай жағдайда. 28 күні 11-ден 15 кеткенде су лап етті. Соңында машинамен шығып үлгердік. Еш нәрсе іске аспайды. Техника бәрі, жатын орнымыз. Төсек орнымыз, киімдеріміз. Ешқандай ештеңе жоқ. Міне кептіріп кептіріп киіп жүрміз. Ертеңгі күні мектептен шығарғанда қайда барамыз? Сол бізге мәселе, ыждағаттап бізге шешіп берсе.
Ал әкімдіктегілер тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың барлығы назардан тыс қалмайды деп сендірді. Арнайы құрылған комиссияға 946 арыз түскен. Оның 90 пайызын саяжай тұрғындары жазыпты.
АСЛАНБЕК ШҮЙІНШАЛИЕВ, Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының әкімі:
- Техник пен оценщик шығып, тиісті есебін ұсынады. Бұзылып қалған үйге, тұруға келмейтін авариялық деңгейдегі үйге барып орнына уақытша қалай қоныстанымын, қай жерге барамын деген мәселе штабпен қосымша зерттеліп жатыр. Оны да жақын арада тұрғындардың назарына жеткіземіз.
Саяжай халқы атқамінерлер баспана мәселесін тезірек шешіп берсін деп отыр. Себебі, мектеп бәрібір үй болмайды. Ақтөбе облысында тасқынмен күрес әлі жүріп жатыр. Аймақтағы «Щербаковское» бөгетінің бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Осы бөгеттің кесірінен өңірде мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшіріліп, жүздеген баспана су астында қалған болатын.
---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31 / @informburo31kanal
Informburo kz / @informburokz2022
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Пікірлер: 4
@user-nc7kf6jh8r
@user-nc7kf6jh8r Ай бұрын
Құдай жар бола гөр халыққа
@user-xs5bi6pw9j
@user-xs5bi6pw9j 28 күн бұрын
Козогистон халки сизларга оллохимдан яхшликлар сурайман сог омон булинглар
@user-rs8iv3bm1q
@user-rs8iv3bm1q Ай бұрын
Ең бірінші зардап шеккен аудан ауылдарға көмек көрсету керек,ал қаладығылар ауылға көшсін.
@user-qq6uj8nf6r
@user-qq6uj8nf6r 14 күн бұрын
Уй берилсин тургундарга кочуп кирбегиле кирип алсанар кийин Мамлекет карабайт силерди
Информбюро 06.05.2024 Толық шығарылым!
24:27
Информбюро 31
Рет қаралды 33 М.
Who enjoyed seeing the solar eclipse
00:13
Zach King
Рет қаралды 100 МЛН
小路飞第二集:小路飞很听话#海贼王  #路飞
00:48
路飞与唐舞桐
Рет қаралды 5 МЛН
АВДА КЕДАВРАААААА😂
00:11
Romanov BY
Рет қаралды 10 МЛН
Ақтөбе облысында аудан орталығын су басты. Құлаған үй-жай бар
2:52
Мұсаның анасы Розаны қалай қабылдады?😍 Бір Болайық! 06.05.24
25:53
Бір болайық / Бир Болайык / Bir Bolayiq
Рет қаралды 133 М.
Ауа райы. Ел бойынша ескерту жарияланды
8:45
Телеканал 24kz
Рет қаралды 59 М.
“Менің бір қанатым жоқ”
19:40
QosLike / ҚосЛайк / Косылайық
Рет қаралды 62 М.
Қоянды халқы қарғын судан қалай құтыларын білмей дал
5:53
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 27 М.
Who enjoyed seeing the solar eclipse
00:13
Zach King
Рет қаралды 100 МЛН