Ақтөбеде Ырғыз ауданының күндері басталды

  Рет қаралды 2,055

РИКА ТВ

РИКА ТВ

Күн бұрын

Қалада Ырғыз ауданының күндері басталды. Ырғыз жерінде алғаш мектеп ашқан қазақтың тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсарин атындағы көшеде бүгін көше мерекесі өтті. Зеңбірек ескерткішінің жанынан киіз үй тігілген. Ырғыздықтарды қала әкімі құттықтап келді. Ал, аудан әкімі Мәди Елеусізов қала тұрғындарына ақша сертификаттарын табыс етті. Атап айтсақ, көктемгі су тасқынынан зардап шеккен бес отбасыға 15 мың теңге, №11 және №22 мектепте оқитын, тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленіп жатқан 10 балаға 10 мың теңгенің сертификаты берілді. Алтынсарин көшесінде тұратын Ұлы Отан соғысының екі ардагеріне, алтын және күміс алқа алған көп балалы екі анаға алғыс хат пен бағалы сыйлық тарту етілді. "Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің" иегерлері - үш ұстазға құрмет көрсетілді. Ырғыздық үздік студенттер Жайнагүл Төлепбергенова мен Еркебұлан Абатұлы да әкімнің алғысын алды. Көше мерекесіне жиналғандар кейін ашық аспан астында жайылған, Ырғыздың балығы, құрт-ірімшігі қойылған дастарханнан дәм татты. Аудан күндері ертең жалғасады. Таңертең "Табыс" базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі, кешке орталық саябақта Ырғыз өнерпаздарының концерті өтеді.
Сайт телеканала www.rikatv.kz/
Twitter / rika_kz
Вконтакте rikatv

Пікірлер
Ақорда маңы неге қоршалып жатыр?
12:16
Azattyq TV - Азаттық - Азаттык
Рет қаралды 89 М.
OYUNCAK MİKROFON İLE TRAFİK LAMBASINI DEĞİŞTİRDİ 😱
00:17
Melih Taşçı
Рет қаралды 12 МЛН
Nastya and balloon challenge
00:23
Nastya
Рет қаралды 62 МЛН
Факт (Рика ТВ) от 25 сентября 2024 года
29:01
Тәулік (Рика ТВ) 23 қыркүйек 2024 жыл
27:56
Жаңалықтар.Күндізгі шығарылым 26.09.2024
13:28
Главные новости Казахстана / Басты жаңалықтар
Рет қаралды 25 М.