Ақтауда 2025 жылға дейін 40-тан аса инвестициялық жоба іске асырылады

  Рет қаралды 3,775

Khabar NEWS

Khabar NEWS

4 жыл бұрын

Ақтауда келер жылы бір мезгілде 1 мың адамды қабылдай алатын ірі курорттық кешен ашылады.
Мұндағы аквапарк пен ашық бассейндер арнайы құрылғының көмегімен жылынбақ. Жалпы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда Маңғыстау өңірі көш басында келеді. Биылдың өзінде 550 млрд теңгеден аса инвестиция тартылды. Он шақты кәсіпорын ашылып, тағы бірнеше жобаның құрылысы басталды.
Гүлмира Әбішева, тілші:
- Халықаралық талаптарға сай келетін туристік кешен Ақтаудан 20 шақырым жерде салынып жатыр. Көріп тұрғандарыңыздай, құрылыс қарқынды жүруде. Мұнда 500 бөлмесі бар 5 жұлдызды қонақүй мен еліміздегі ең ірі аквапарк болады. Бассейндердің аумағының өзі 19 мың шаршы метрді құрамақ.
Қонақүй-туристік кешенінің аумағы 130 гектарды алып жатыр. Басым бөлігі түрлі аттракционы бар аквапарк пен бассейндерге бағытталады. Сонымен қатар футбол алаңы, теннис корты салынады. Төрт кезеңнен тұратын жобаның алғашқы кезеңі келер жылы жазда аяқталып, суға түсу маусымында ел игілігіне беру жоспарлануда.
Тархан Алпай, жоба жетекшісі:
- Қазір құрылыс басында 750 адам еңбек етуде. Кешен іске қосылған соң тағы 750 адамға тұрақты жұмыс орны ашылады. Жобаны іске асырушылар кешенде еңбек ететін мамандарды даярлау ісіне орай облыс әкімдігімен келісім жасады. Ақтаудағы туризм колледжінің студенттері Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінде білімдерін шыңдайтын болады.
Биыл шетел қаржысына жүзеге асырылған тағы бір жоба - Ақтаудағы гидрооқшаулағыш материалдарды шығаратын зауыт. Ақпан айында іске қосылған кәсіпорын 9 айдың ішінде 1 мың тоннадан астам өнім шығарған. Оның 65% ел ішіне, қалғаны өзге елдерге экспортталды. Отандық өнім құрылыстың барлық саласына көпір салуға, ғимараттың іргетасы мен шатырын жабуға дейін қолданылады.
Дениз Эроглу, зауыт басшысы:
- Тауарларды Қазақстанның барлық жеріне жібереміз, Әзербайжанға, Ресейге экспорттаймыз. Осы жылы маусым айында Германияға жібердік. 2020 жылы Тәжікстанға, Өзбекстанға жіберуді жоспарлап отырмыз. Қазір келісімшартқа қол қойдық.
Германия компаниясы жобаны жүзеге асыруға 250 млн теңге жұмсапты. Мұнда 25 жергілікті тұрғын еңбек етуде. Барлығы да Түркияда қайта даярлықтан өтіп, жаңа технологияны меңгерген.
Серікбол Тынышбаев, цех басшысы:
- Басында қарапайым жұмысшы болып келдім, қоймашы болдым. Қазір осы зауыттың цех басшысы етіп тағайындады. Жұмысшылардың үстінен қараймын. Бір отбасындай еңбек етеміз. Ең бастысы, біздің мақсатымыз - шыққан өнімдерді бүлдірмей жіберу.
Қазір инвесторлар үшін түрлі жеңілдік қарастырылған Ақтаудағы арнайы экономикалық аймақта 29 жоба жүзеге асуда. Оның 18-і іске қосылып, түрлі өнім өндіруге кіріскен. Тағы 11 зауыттың құрылысы жүріп жатыр.
Тілеген Едігеев, облыстық Инвестиция және туризмді дамыту басқармасы басшысының орынбасары:
- Сонымен қатар басқа облыстағы іске асқан жобалардың қатарынан «БЕСТ-Групп» компаниясының жел электр станциясын құру жобасын атап өтуге болады. Бұл жоба Маңғыстау облысындағы Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылын электр энергиясымен қамтуға бағытталған.
Жалпы аймақта 2025 жылға дейін 1,5 трлн теңгеге 40-тан астам инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр. Бұл 7 мыңнан астам тұрғынның жұмыспен қамтылуына жол ашады.
Авторлары: Гүлмира Әбішева, Ренат Досалиев, Саламат Бекбаев

Пікірлер
Су тасқынынан кейінгі Құлсары
7:17
Qazaqstan TV / Қазақстан Ұлттық Арнасы
Рет қаралды 6 М.
Which one will take more 😉
00:27
Polar
Рет қаралды 20 МЛН
КАРМАНЧИК 2 СЕЗОН 3 СЕРИЯ
23:25
Inter Production
Рет қаралды 662 М.
How to Sneak Make Up Into Class 💄 #shorts
00:30
BubbleBee
Рет қаралды 15 МЛН
Маңғыстаудағы Батыр ауылының жұрты ауаға ақша төлеп отыр
3:32
Жаңалықтар - Новости // КТК
Рет қаралды 2,7 М.
Ақтау тағы да су астында қалды
2:19
Atameken Business News / Атамекен Бизнес Новости
Рет қаралды 4,1 М.
«Жеті күн». 27.04.2024
39:45
Khabar NEWS
Рет қаралды 10 М.
Which one will take more 😉
00:27
Polar
Рет қаралды 20 МЛН